Жаңартылған білім мазмұнындағы


​Көркем шығарманы қабылдауды ұйымдастыру жолдарын (мәнерлеп оқу), мәнерлеп оқудың негізгі шарттарын, әдіс-тәсілдерін мысалдар негізінде дәйектеңіз



бет22/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
43.Көркем шығарманы қабылдауды ұйымдастыру жолдарын (мәнерлеп оқу), мәнерлеп оқудың негізгі шарттарын, әдіс-тәсілдерін мысалдар негізінде дәйектеңіз.
Мәтінді мәнерлеп оқу мәселесін сөз еткенде екі жақты жұмыс түрін анықтаған орынды. Оның бірі, мәтінді оқушының алғаш қабылдауын ұйымдастыру мақсатында мұғалімнің оқуы. Екіншісі, әдебиет пәні аясында оқушылардың мәнерлеп оқу дағды, машығын қалыптастыру. Мектеп практикасында тек лирикалық шығармалар ғана мәнерлеп оқуға ұсынылады деген бір жақты пікір қалыптасқан. Негізінде прозалық шығарманың үзіндісі де, шығармадағы пейзаж, монолог, кейде диалог, драмалық шығарма бөлігі де мәнерлеп оқылады. Басты мақсат шығарманы мәнерлеп оқуға дағдыландыру болмақ. Мәтінді жатқа оқу мәнерлеп оқудың тиімділігін арттыратын бір амал. 
Мәнерлеп оқуға дағдаландыру 5-7 сыныптарда міндеттеледі әрі ол үздіксіз жүргізілуі тиіс жұмыстың бірі. Аталған сыныптарда кездесетін қиындықтың бірі мәтінді жүргізіп шапшаң оқу дағдыларының әр оқушыда әр дәрежеде болуы. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. 
Мәнерлеп оқудың негізгі шарттары, әдіс-тәсілдері
Біріншіден, оқуға байланысты әрекет болғандықтан мәнерлеп оқу үшін оқушының тыныс алу, ауаны жұту және сыртқа шығару, еркін дем алу дағдыларын қадағалағаны жөн. Сөйлеу, оқу, ән салу сияқты вербальды әрекеттерде демді алу мен сыртқа шығару ұзақтығындағы тепе-теңдік өзгереді. 
Екіншіден, мәтін графикалық белгілерден құралғандықтан орфографиялық заңдылықтармен таңбаланады. Ал мәтінді оқу орфоэпиялық қалыптарға сәйкестендірілуі керек. 
Үшіншіден, сөзге дұрыс екпін түсіре білуге дағдыландыру керек. Мәтіндегі әр сөздің өзіндік логикалық, грамматикалық синтаксистік, дискурстық қызметі, мағыналық салмағы болады. 
Төртіншіден, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруда әр жанрдағы мәтіндер қолданылады. Мәнерлеп оқуға төселдіру үшін поэзия жанрындағы шығармалар тұтас күйінде, ал проза мен драмалық шығармалардан үзінділер пайдаланылады. 
Бесіншіден, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыру үшін шығарма композициясы, ойдың мағыналық жіктері ескерілуі керек. Мәтіндегі ойдың мағыналық бөліктері дауыс кідірістерімен беріледі. 
Дауыс логикалы кідірістер, грамматикалық кідірістер, психологиялық кідірістерге ажыратылады. 
Логикалық кідіріс кезінде сөздің мағыналық салмағы рөл атқарады. Оқылатын мәтіндегі сөздің мағыналық жүгі өзгелерге қарағанда салмақты болған жағдайда, оған екпін түсіре оқу қажет болады. 
Грамматикалық кідірістер көбіне тыныс белгілермен беріледі. 
Психологиялық кідіріс мәтіндегі көңіл-күй өзгерістеріне қатысты болады. Мәтіндерде алуан түрлі көңіл-күй болуы заңды: сүйсіну, қуану, шаттану, ашулану, сыздану, тістену, ызалану, ызғарлану, күйіну, таңырқау, таңдану, кекесін, жағыну, жарамсақтану, мысқыл, ажуалау, сенімсіздік, өксік үні, түңілу, дандайсу, самарқаулық, т.б. 
Алтыншыдан, мәтіндегі дауыс толқынының дұрыс қойылуы мәтінді тыңдап қабылдауда үлкен рөл атқарады. Егер мәтін бірсыдырғы оқылса, тыңдаушыны тез жалықтырады. Дауыс ырғағын, сазын, дыбыс толқынын өзгертіп отыру тыңдаушыға жағымды әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет