Жаңартылған білім мазмұнындағы


Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің құрылымын сипаттаңыз және еңбектің кемшілігі болуы хақ дейді автор. Неге?



бет17/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

33.Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің құрылымын сипаттаңыз және еңбектің кемшілігі болуы хақ дейді автор. Неге?
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі -оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады.
Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Бұл кітаптың құрлымын мыналан торт тарауға болінді:
1) балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрсстоматияларынан, кобінесе Паульсонның хрестоматиясынан алынды; мысалдар мен халық әдебиеті; балалардың туғаншарына жазған хаттар;
2) әр түрлі жастардағы адамдарлың өмірінен алынған әңгімелер:
3) қазақ ақындарының ең жақсы өлең-жырларынан үзінді;
4) казақтың мақал-мәтелдері.
Осы уакытқа дейін қазақ халқытып таза қазақ тіліңде басылған бірде-бір кітабы болған жоқ. Сондықтан, оку орындарының мүғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан, казак тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр; сол себепті шәкірттерге ана тілін тастап, татар тілің үйренуге тура келеді.Екінші жағынан, татарлардын кітаби тілі. бүл тілді татарлардан шыккан оқымыстылардың өздері де менсінбегендіктен, араб, парсы сөздеріне лық толған;қазақтарға түсініксіз.Осылармен қабат, бір ескертетін нәрсе -- қазақ халқы азбаған, табиғаты таза Халык. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің кыспағына сыя алмайды: ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы онерді үйрену керек болып отыр. Ал, осы айтылған мақсаттарға жету жолында. Мен білсем, осы күнге дейін ешқандай жетекті қүрал жок. Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін. пайдалы мәліметтер: беретін ғылыми, күрделі оку күралларына жол салыпvберетіндігін, ал мүнай, жаллы білім беретін кітаптардың Азия халыктарынын ешбірінде жоқ екенін еске алып,біз мұндай жетекші оқу кұралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық. Сондыктан, бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми жоне жалпы пайдады кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп. біз осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды колайлы леп таптық.
Ақын өз еңбегін тұңғыш рет шықалы отыраған бұл жинақта қателіктер болуы хақ деп осылай келтіреді.


34.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегіндегі «Жас жеткіншекке қандай білім беріліп, не үйретілсе де ол қысқа, қызықты және тиянақты болсын», «Оңайдан қиынға қарай» деген , пікірін қазіргі білім ісімен сабақтастырып жазыңыз
"Көп нәрсенің басын шалып, көп білемін деуден асқан бекершілік жоқ" деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Себебі көп білемін деген аздан құр қалады. Сол сияқты:"Көп білген данышпан емес, пайдалыны білген - данышпан"! деген сөз де бар. Осыған сай оқу жұмысын жеңілдетіп, ықшамдап жүргізу қажет. Айтылмай, қалдырып кететін мәселелер мыналар:
1. Қажеті жоқ нәрселерді айтпау.
2. Баланың табиғатына жат нәрседен қашу.
3. Өзгеше арнаулы мәні бар нәрселерден қашу (терең
кетемін деп көп мағлұмат келтіріп, баланың ақыл-есін
ауырлатпау )
Сонымен білімді мектеп үшін емес, өмір үшін оқып үйрену керек. Болмаса мектептен шыққанда білгеніңнің бәрі жел болып ұшып кетеді. Жат нәрсе дегенімз әр баланың табиғатына(түсінігіне) үйлесімсіз мағлұматтар. Мұғалім табиғаттың қожасы емес, соның жәрдемшісі,жасаушысы емес, өңдеушісі. Егер шәкірттердің кейбіреуі өзінің қайымы, дайындығы жоқ іске ерте ұмтылса, мұғалім оны асықтырып, әуре болмасын,өйткені әдетте пәннің бір саласында кемшілік, жіберген баланың олқысы басқа пәндермен толығады. Бұған кәміл сену керек.
Әуелі оңайдан бастаймыз. Табиғат оңайдан қиынға қарай дамиды.
Олай болса оқуды белгіліден бастап, сол арқылы белгісізге келемін деген мектептер болса, олар жұмысты қиындатады. Оның мысалдары мынадай болып келеді: 1. Латын тілін оқытқанда, оның ережесі латын тілінде беріледі. Мұның өзі еврей тілін оқытып, соны еврей тіліндегі ережелермен түсіндіру, ал араб тілін сол араб тіліндегі ережелер бойынша оқытуға ұқсайды. 2. Тілді жаңа үйрене бастағандарға сөздік латын тілінен ана тіліне аударылды. Шынында ол керісінше болуға тиіс еді. Дұрысы олар латын тілі арқылы ана тілін емес, ана тілі арқылы латын тілін үйренсе керек еді, себебі ана тілі оларға танысырақ мұның үйлесімсіздігі ХХП тарауда әңгімеленді. 3. Мұғалімдер балаға шет елдерден шақырылды, олар баланың ана тілін білмеді. Олар бірінің айтқанын бірі түсінбесе, ымдасып, жұмбақ-жорамал бойынша тілдесетін болса, Бабыл мұнарасын соғу дегеннің сорақысы осы емеспе? 4. Дұрыс білім беруге кесір болған қателіктің бірі –
барлық елдің жас буыны (француз, неміс, чех, поляк немесе венгер) бір ғана грамматикалық ереже (мысалы,Мелахтон яки Рамус грамматикасы) бойынша оқытылды. Дұрысына келсек, әрбір тілдің латын тілдеріне ұқсамайтын, кейбір жайда сол тілдердің өзіне ғана тән ерекшеліктері болатыны хақ. Латын тілінің негізгі сипаттарын шәкірт оңай игерсін десек, бұл ерекшеліктің сырын ашпай, соған икемделмей болмайды.
Мұны қалай түзетеміз? Егер төмендегілерді орындасаң, бұл қателіктер түзетіледі:
1.Мұғалім де, шәкірт те бір тілде сөйлеп, бір- бірін түсінуі қажет.
2.Барлық түсініктемелер таныс тілде берілуге тиіс.
3.Грамматика мен сөздік баланың сөйлейтін тіліне икемделуге тиіс, сол арқылы ол бөтен тілдерді
үйренеді (латын тілін ана тілі, грек тілін латын тілі арқылы оқып үйренеді).
4.Жаңа тілді бала бірте-бірте оқып үйренеді, атап айтқанда, эуелі шәкірт сол тілдің сөздігін түсінетін
болсын (бұл ең оңай жолы), содан соң жазып үйренеді (жат Жазу алдында ойланып алуға жол беріледі), ең
аяғында, сөйлеп үйренеді. Бұл ең қиыны, өйткені бала оны алдын-ала дайындықсыз орындайды.
5.Латын және ана тілі бірдей өтілетін болса,соңғысы балаға таныс тіл болғандықтан бұрын, алатын тілі соңынан үйретіледі.
6.Оқу материалының берілу тәртібі мынадай болуғаттиіс: алдымен ұғынуға ең жақын дегені үйретіледі,одан соң соған тетесі, кейін алысырақ тұрғаны,аяғында ең қашық дегені үйретіледі. Сондықтан шәкірттерге алғашқы рет берген ережелерді (логика,риторика ережелері, т.б.) солардың ұғымына сай келеді-ау деген мысалдармен (оның қатарына дін,саясат, т.б. кіреді) дәлелдеу қажет және олар күнделікті өмірден алынған мысалдар болуға тиіс.Әйтпесе шәкірттер ережені де, оның қолданылу жолын да түсінбейді.
7. Шәкірттердің ең алдымен сыртқы сезімдері (бұл бәрінен оңай), одан соң есте сақтауы, жүре-жүре түсінігі, ең аяғында топшылау қабілеті оянады. Бұлар бірінен соң бірі тек осы ізде дамиды. Себебі білім сезімдік түйсіктен туып, қиялдау арқылы еске өтеді,содан соң жалқыны жинақтау арқылы жалқыны түсіну пайда болады, ең ақырында, әбден түсінікті болған заттар жайындағы білімді дәлірек айқындау негізінде олардың топшылау (ойлау) қабілеті орнығады.
Демек,шәкірттердің жүгін ауырлатпау керек.Табиғатта артық-аспай нәрсе жоқ. Ол азбен қанағат етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет