Жаңартылған білім мазмұнындағы


Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» еңбегінің құрылымына талдау жасап, еңбектегі «Конструкторлық жобалау технологиясы» тарауының мазмұнын сипаттап жазыңыз



бет2/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
1. Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» еңбегінің құрылымына талдау жасап, еңбектегі «Конструкторлық жобалау технологиясы» тарауының мазмұнын сипаттап жазыңыз.
Қанипа Бітібаева бұл оқу құралында әдебиетті тереңдетіп оқытудың әдістері мен технологиясын кеңінен қарастырған. Оқу құралында бағдарлама үлгісі, көркем мәтінді талдау, шәкірттерді шығармашылыққа, ғылыми ізденіске баулитын тапсырмалар,икем-дағдысына қойылатын талаптар сараланып берілген.Жаңа білімді меңгерту технологиясын 6 кезеңге бөледі.
1.Жаңа тақырып бойынша берілетін алдын-ала тапсырмалар жүйесі
2.Тапсырмалар негізіндегі сұхбат-әңгіме,пікірлесу
3.Мұғалім түсінігі
4.Қосымша материалдар, ғылыми еңбектермен жұмыс
5.Оқулықпен жұмыс
Модель (модельдеу) тиімділігі – берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуде.Ал бұл модель мұғалімнің оқытуда конструкциялық жобалау технологиясына арқа сүйейтінін көрсетеді.Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады.Ең бастысы – өз бетімен білім алуға өнімді көмек жасайды.Сызба жұмыс мұғалім жұмысын да жеңілдетеді. Оның әр тармағы бойынша жеке, топтық жұмыстар беріп, оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге,түсініктен анализ, синтез бағаға дейін көтеруге болады.Мұғалім басқа тапсырмалар орындатпай-ақ сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп болжауға болады.


2. М.Дулатовтың «Қирағат» хрестоматиялық еңбегінің құрылымын және «Өзі білу мен өзгелерге білдіру екі басқа» деген пікірінің маңызыдылығын талдап жазыңыз.
М.Дулатов баланың кітапты көп оқуы мақсат емес, ең негізгісі – оқыған кітаптарын еске сақтап, өнеге, білімнен ғибрат алуында деп, білім мен тәрбиеге аса зор мән береді.Кітап бастауыш басқыш балаларға арнап жазылған.Қирағат еңбегінде қысқа әңгіме, өлең, мақалды, араластырып қолданған. Қысқа шығармалардан бірте-бірте ұзағырақ шығармаларға ауысады. Кейбір мысал әңгімелердің соңына қорытынды ойға дәл келетін мақалдарды келтірген. Кітаптың соңында 35 мақал берілген. Мұғалімнің басты міндеті – өзінің білгенін оқушыларға білгізу. Баяндап оқытудың мақсатын түсінбеген адам мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды. Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге үйретпек керек.Әр оқушының қабылдауы, таным-түйсігі әртүрлі – соған байланысты мұғалім бейімделгіш болуы тиіс. Өзіннің біліп, түсініп тұрған нәрсенді, басқа адамға түсіндіру өнерді, ғылымды талап етеді.
3.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегіндегі «Тәртіп заттың жаны», «Жас буынға күдік тудыратын мәселелерді айтуға болмайды» деген пікірін қазіргі білім беру ісімен сабақастырып жазыңыз.Сұрақтар/тапсырма.


Білімнің тірегі – тәртіп. Тәртіп бар жерде ынта мен ыждаһаттылық бар. Оқушыларын тәртіпке бағындыра білген оқытушы, білімді де береді, тәрбиені де береді.


Оқулықтарда нақты нақтыланбаған, екіұшты ақпараттарды беруге болмайды. Бала нақты ақпараттарды, білімді оқуы тиіс. Күрделі ақпаратты бала ғылым ізіне түсіп, кәсіби маман болар жолында-ақ өзі оқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет