Жаңартылған білім мазмұнындағы


Жалпы білім беретін мектептерде оқылатын эпикалық шығармалар, олардың тақырыптық, идеялық қырларын сипаттап жазыңыз



бет15/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
30.Жалпы білім беретін мектептерде оқылатын эпикалық шығармалар, олардың тақырыптық, идеялық қырларын сипаттап жазыңыз.
Эпикалық шығарма дегеніміз - автор кейіпкерлерді немесе оқиғаларды сипаттау кезінде оны өз пікірімен суреттейтін баяндау жанры.Эпикалық шығармаға эпопея, роман,повесть,әңгіме, новелла, очерк жатады.
Эпикалык шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

  1. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.

  2. Көркем образдары, образдар галереясы.

  3. Автор-көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.

Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы,жасына қарай).Мысалы, 5-7-сыныптарда сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол тереңдей түседі,авторлық тұрғыға,оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді,ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады.
Мектеп оқытылатын эпикалық шығармалар: С.Мұратбеков «Жусан иісі», М.Дулатов «Бақытсыз Жамал», Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», М.Әуезов «Абай жолы» т.б.
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқыту.Мектепте 4-томдық эпопеяны оқытудың ерекше маңызды, әрі қиын мәселе екендігі түсінікті.Ең алдымен, эпопеяның өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып, пайдалану.Оның тиімділігі: төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету,естеріне түсіру,әсіресе,кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.


31.Жаңартылған білім беру мазмұнындағы прозалық шығармаларды оқыту, оны талдаудағы құрамды элементтерді мысал негізінде сипаттап жазыңыз.
Проза (лат.prōsa) - әдеби жанр,қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме,повесть,роман).Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер.
Жалпы прозалық шығармаларға нысан болатын талдау бағыттары ретінде мына мәселелерді атауға болады:
1.Шығармадағы басты және қосалқы тақырыптарын анықтау;
Басты тақырып-«Күй аңызы»,қосалқы тақырып -өнер құдіреті.Күйші Естемес тағдыры.
2.Шығармадағы күрделі сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оларға
түсіндірме сөздіктен анықтама жаздыру;
Шығарманың тілі жеңіл,оқиғасы қызғылықты.Шығарма оқылғаннын
кейін әңгімедегі кейбір түсініксіз қазақтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, төрт түлік малға қатысты пассив қолданыстағы сөздермен жұмыс жүргізу керек. Мысалы, «түндік» - киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз; «мүсәпір» -бейшара,байқұс; «нар» - бір өркешті түйе т.б.
3.Шығарманың образдар жүйесіне талдау. Образдарды дербес талдау,
салыстыра талдау, топтай талдау түрлерін жүргізу;
Естемес - жасы егде тартса да жанұя құруды ойлайды.Түсінігі мол,есті, Оразымбетке жолын берген қамқор жан.
Оразымбет - өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт.Үлкенді құрмет тұтады,ұғымтал.
Жаңыл - жігерлі жан, өз бақытын табуда өжеттік таныта білді.Сонымен қатар кішіпейіл,ибалы.
Қарт - жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан. Көпті көрген, қонақжай, есті кісі.
4.Шығарманың тілі бойынша жасалатын жұмыс түрлері (тұрақты сөз
тіркестері, мақал-мәтелдер, көп мағыналы сөздерді, фразеологиялық сөз
оралымдарына түсініктеме жасау);
эпитет- «өткір қоңыр көзді», «мүсәпір бейнесі», «жалаңаш тау» т.б;
теңеулер -«жібектей майысып»,«балшықтан құйғандай»,«сүйріктей саусақ», «балапандай».
Тұрақты сөз тіркесі: «Секем алды, төбе құйқаңды шымырлатып»;
5.Шығарманың композициялық құрылымына талдау:
а) Сюжеттік композиция;
Оқиғаның басталуы:Екі салт аттының жолға шығуы.Күйшілердің әңгімесі.
Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген
аруананың зары.Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың
жалғыз қараша үйге келуі.
Оқиғаның шиеленісуі:Қыздың «екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар», - деп қолқа салуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері,«Нар идірген» күйінің дүниеге келуі.
ә)Образ композициясымен жұмыс;
б) Баяндау композициясы; пейзаж композициясы т.б.
6.Шығарма идеясын айқындау мақсатындағы жұмыс түрлері.
Идеясы -Күй өнерінің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет