Жағдайдың көрсеткіштерін тұрақты нақтылау


Ұрысты ұйымдастыру бойынша бөлімше командирінің жұмысы



бет6/9
Дата01.03.2023
өлшемі39,93 Kb.
#70755
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шпор

Ұрысты ұйымдастыру бойынша бөлімше командирінің жұмысы..бөлімше командирінің бөлімшенің ұрысқа дайындығын сай ұстау жөніндегінысаналы жұмыс жүргізуге, оның ұрысқа дайындалуына және жүктелген міндеттерді орындау кезінде оны басқаруына саяды. Басқарудың негізі командирдің шешімі болып табылады.
Бөлімше командирі бөлімшенің жауынгерлік дайындығы үшін, қару-жарақ пен техниканың
ұрысқа әзірлігі, жауынгерлік міндеттің белгіленген мерзімде ойдағыдай орындалуы үшін, сондай-ақ жеке құрамның тәрбиесі, әскери тәртібі мен саяси-моральдық жағдайы үшін толық жауап береді. Ол өзін бағынышты сарбаздардың қайда және қандай міндеті орындап жатқанын, мұқтажын және саяси-моральдық жағдайын әр кезде білуге тиіс.
Ұрыста бөлімше командирі ұрыс алаңын бақылауға, қарсыласқа барлау жүргізуге, бағыныштыларына дер кезінде міндет қоюға, атыс құралдарының бәрін, сондай-ақ қарсыласқа атыспен берілген соққының нәтижелерін білікті пайдалануға міндетті.
Ұрысты бөлімше командирі әдетте ұрыс орында ұйымдастырады, ал ондай мүмкіндік боламағанда сызба бойынша, жергілікті жер нобайында бастапқы ауданда ұйымдастырады. Соңғы жағдайда шабуылға көшу шебіне келген кезде ұрыстық міндеттер нақтыланады Ұрыс тапсырмасын алған соң бөлімше командирі оны ұйымдастыруға кіріседі. Ол жұмыстар:
- міндетті ұғып алу;
- жағдайды бағалау;
- шешім қабылдау;
- ұрыс бұйрығын беру;
- ЖҰМ-ның (БТР) және атыс қарулардың дайындығын тексеру;
- Взводтың дайындығы туралы взвод командиріне баяндау;
Берілген тапсырманы ұғу кезінде бөлімше командирі түсінуі керек:
- взводпен бөлімшенің міндеттерін;
- көршілердің міндеттерін;
- тапсырманы орындауға дайындық уақытын және орындауға берілген мезгілі мен ретін;
13. Ұрысты ұйымдастыру. Жеке құрамға міндеттер жүктеген кезде бөлімше командирі әрбір адамының ұрыстық реттегі (позициядағы) орнын көрсетіп, бақылау және атыс жүргізу ретін белгілеуікерек. Әскери бұйрықты бергеннен кейін бөлімше командирі бөлімшені міндеттерді орындауға даярлауды ұйымдастырады: ракеталарды, оқ-дәріні толықтыру, жаяу әскердің ұрыс машинасына (бронетранспортерлерге) техникалық күтім жасау, инженерлік қамтамасыз ету жөнінде белгіленген жұмыстарды орындау ұйымдастырылады, одан соң жеке құрамның міндеттерді білуін, олардың ұрыс үшін қажетінің бәрімен қамтамасыз етілуін тексереді де, взвод командиріне бөлімшенің ұрысқа дайын екенін баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет