Жағдайдың көрсеткіштерін тұрақты нақтылау


-сұрақ Қазіргі ұрыстың күштері



бет2/9
Дата01.03.2023
өлшемі39,93 Kb.
#70755
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3-сұрақ Қазіргі ұрыстың күштері . Құралдары
Қазіргі ұрыстың күші мен құралдары – бұл жеке құрама және бөлімшелер, бөлімдердің және құрамалардың ұрыс жүргізуге, оны қамтамасыз етуге арналған қаруы. 
Ұрыс жүргізудің мәні мен тәсілі басты жағдайда оның материалдық негізіне, яғни қарулы күресте қолданылатын қаруға, әскери техникаға және адамдарға байланысты. 
Ұрыс жүргізудің мәніне және тәсіліне, ұрыстың екінші материалдық негізі – бұл адамдар «сарбаздық материал», олардың моральдық рухы, үлкен әсерін тигізіп өзгеріс әкеледі. Жаңа күрес құралдары, олардың орасан күші мен мүмкіндігіне қарамастан, адам оның бірінші негізі болып қалады. Онсыз кез келген жоюшы құралдар пайдаға аспайды. Онда қарулы күрес жүргізудің ешбір мәні болмайды .Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге, олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы Қазіргі жағдайда, бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300 км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны – 40 км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60 км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды – 200 км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300 км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі. Жаңа қарудың пайда болуына байланысты, командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т.б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі. 

  1.  Қазіргі жалпыәскери ұрыс

Қазіргі заманғы жалпыәскерлік ұрыс әскерден барлық атыс құралдарды тиімді қолдануды, жедел қозғалысты және ұйымдастырушылықты, моральдық және дене күшінің бәрін салуға, жеңіске деген темірдей тәртіптілікті және ұрыс бірлестігін талап етіп отыр.
 Қазіргі заманғы жалпыәскерлік ұрыс жүргізілуі мүмкін: қарсылас ядролық немесе әдеттегі, қаруларды қолданған жағдайда.
 Қарсыластың ядролық, химиялық және биологиялық қару қолдану жөнінде үнемі қатер төндіруі әскерлерден оны қолда бар барлық құралдармен дереу жоюды, жаппай қырып-жою құралдарына қарсы шараларды толық көлемде жүзеге асыруды, мұндай қару қолданылған жағдайда ұрыс жүргізе білуді талап етеді.
Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластың танктерін, жаяу әскердің ұрыс машиналарын, бронетранспортерлерін, танкке қарсы құралдарын, ұшақтарын, тікұшақтары мен әуе десанттарын құртудың зор маңызы бар.
 Ядролық қару-қарсыласты жоюдың неғұрлым жойқын құралы болып табылады. Ол қысқа мерзімде қарсыластың әскери топтарын барынша пәрменді және сенімді түрде жоюға, жаппай қиратуға, радиоактивтік зақымдалған аймақ құруға мүмкіндік береді. Ядролық қаруға ядролық оқ-дәрінің барлық түрлері және оларды нысанаға жеткізу құралдары кіреді.
 Әдеттегі қаруға артиллериялық, зениттік, авиациялық, атыстық және инженерлік оқ-дәрілер мен қоспалар жатады. Әдеттегі қару ғана қолданылатын ұрыста артиллерияның, танктердің, жаяу әскер ұрыс машиналарының, бронетранспортерлердің, зенит құралдары мен атыс қаруының атқылауы, авиациясының соққыларымен ұштасып қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады.
 Жауынгерлік қарудың неғұрлым басқарылуы жоғары болса, соғұрлым дәлдігі жоғары болады;
 Жарылатын оқ-дәрілер мен қоспалар қарсыластың ашық жерде орналасқан немесе фортификациялық құрылғыларда тұрған адам күші мен атыс құралдарын, сондай-ақ техникасы мен басқа да объектілерін жою үшін қолданылады.
 Ұрыс сипатының жүргізу әдістеріне, ұрыстың материалдық негізі болып адам факторы әсер етеді.
 Жаңадан пайда болған үлкен күші бар қарулардың мүмкіншілігіне қарамастан ұрыстың негізі болып адам саналады. Адам болмаса қарулардың, техниканың ұрыс кезінде мәнісі кетеді, жеңіс болмайды.
Соғыстың сипатын анықтайтын негізгі ерекшеліктерді, белгілерді, ұрыстың сипаттамасы деп түсіну керек. Ұрыстың ерекшелігінің анықтамасы, сол ұрыстың жалпы көріністерінің жиынтығы, ұрыстың сипаты болып келеді. Ұрысқа қатысушы әскерлердің барлығының бірлескен күш-жігерімен, танктер, жаяу әскер ұрыс машиналары (бронетранспортерлер) артиллерия, әуе шабуылынан қорғаныс құралдары, ұшақтар, тікұшақтар және басқа да ұрыстық техника мен қарулар қолданып жүргізіледі. Оған тән сипаттар: батылдық, жоғары маневрлік, қауырттық пен қарбаластық, жағдайдың шапшаң және күрт алмасуы, сан түрлі амалдар қолданылатыны, ұрыс қимылдарының жерде, әуеде, кең майданда, зор аумақта және жоғары қарқынмен жүргізілетіні.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет