Ұрысты жүргізу кезіндегі бөлімді басқару Шабуыл жаяу ретпен жүзеге асырылатын жағдайларда взвод командирінің белгісі бойынша бөлімше жаяулап, шабуылды жалғастырады. Жаяулану үшін жерге түсетін орын тағайындалады. Ол жер қарсыластың қорғанысының алғы шебіне мүмкіндігінше жақын тұстан таңдалады және қарсыластың пулеметтерінің, танкке қарсы, жақыннан ату құралдарының атысынан тасаланған болуы тиіс. Жаяулайтын жерге жақындағанда бөлімше командирі механик-жүргізушіге “Жүрісті жылдамдат” деп, ал бөлімшеге “Бөлімше жаяулануға әзірлен” деп пәрмен береді. Бұл пәрмен бойынша ЖҰМ (БТР) танктерді қуып жетеді, жеке құрам қаруын сақтандырғышқа қойып, атыс саңылауларынан суырып алады да, жаяулануға әзірленеді. Взвод командирінің “Взвод машиналардан” деген пәрмені бойынша механик-жүргізуші машинаның жүрісін баяулатады, жолда таса болған жағдайда, кідіреді. Бөлімше командирінің “Машинадан” деген пәрмені бойынша жеке құрам машинадан қарғып түседі (жаяулайды), ал “Бөлімше, менің соңымнан- ұрысқа” деген пәрмен бойынша тізбекке жазылып жүре атыс жүргізіп, шабуылды жалғастырады. 19. Бақылаушы сарбаз. Бақылаушы болып тағайындалған сарбаздың іс-қимылдары: бағдарлар және жергілікті заттардың шартты аталымдары: бақылау секторы (жолағы, бағыты, ауданы, объекті); қарсылас туралы және өз бөлімшелері туралы мәліметтер, бақылайтын орынды қай жерден таңдау керек және неге ерекше назар аудару керек; бақылау нәтижелері туралы баяндау тәртібі және әуе қарсыласы туралы хабарлау сигналы. Бақылаушы сарбазда бақылау аспаптары, компас, сағат, фонарь, бақылау журналы және хабарлау сигналдарының құралдары болуы тиіс. Заттардың бұрыштық мөлшері бойынша қашықтықты анықтау Бақылауды төңіректі егжей-тегжейлі бақылаудан және бекітілген сектордағы бағдарлар мен тән жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты анықтаудан бастайды. Сектор әдетте аймақтарға бөлінеді: Жақыны – 400 метр тереңдікке дейін, орташа – 800 метрге дейін және алыстағы көріну тереңдігіне дейін. Төңіректі қарап шығу, аймақтар бойынша біртіндеп жүзеге асырылады. Төңіректің ашық тұстарын тез қарап шығады. Қарсыластың атыс құралдары жасырынуы мүмкін жерлер (жоталардың беткейі, сайлар, бұталар, құрылыстар және т.б) мұқият қаралады Заттардың бұрыштық көлемі арқылы қашықтық айқындалады: дүрбінің бұрыш өлшеу торымен және қолда бар құралдардың мыңдық бұрыштық көлемін өлшеу. заттың анықталған метрлік көлемін 1000-ға көбейтіп бұрыштық (мыңдықтың) санға Қ- затқа дейінгі қашықтық; Б- заттың метрлік көлемі, (биіктігі); 1000- тұрақты сан; Бұрыш- мыңдық бұрыш; Дүрбінің кіші кеспесі 5 мыңдық (0-05). Тордың үлкен кеспесі-10 мыңдық (0-10). Қашықтықты анықтау үшін кейбір заттардың көлемін білу керек. күкірттің қалыңдығы 0-02; күкірт қорабының ұзындығы 0-90, ені 0-60, биіктігі 0-30. Сызғыштың 1мм 0-02 мыңдық. 23. Қорғаныстағы сарбаз.
Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай – ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет. Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді. Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады. Шабуылдағы сарбаз. Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс. Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамдылығын тексереді. Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді. «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіҚарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді. Барлаудагы сарбазБарлау – әскери құрамалардың, бөлімдердің, штабтары мен командирлерінің бұйрығымен алдын ала және ұрыс кезінде қарсыластың қару-жарағы, әскери күші, оның орналасуы мен шоғырлануы, мақсаты, жер мен жол жағдайы, ауа райы т.б. туралы мәліметтерді жинау және ұрыс қимылдарының нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылатын соғыс өнерінің қажетті бір саласы. Жүру жолында жергілікті жердің бедері мен жергілікті заттар, әсіресе қарсылас жасырын жайғасуы ықтимал және кенеттен тап беруі мүмкін жерлер мұқият зерттейді Жаяу шолғыншы объектіні қараған кезде аға шолғыншыдан 20-30 метр қашықтыққа қимыл жасайды, жергілікті жер мен жергілікті заттарды, әсіресе қарсылас жасырын жайғасып, торуылдарын кенеттен тап беруі мүмкін тұстарды мұқият қарайды.Барлау-әскери құрамалардың, бөлімдердің штабтары мен командирлерінің бұйрығымен алдын ала және ұрыс кезінде қарсыластың қару-жарағы, әскери күші, оның орналасуы мен шоғырлануы, мақсаты, жер мен жол жадайы, ауа райы т.б. туралы мәліметтерді жинау мен ұрыс қимылдарының нәтижелі болуын сарбаздың ұрыс даласында іс әрекеті Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті.Қазіргі заманғы ұрыста жауынгер қарсылас оғының(атысының)астында кез келген жерде және жасырын қозғалып және сол кезде қарсыласты үздіксіз бақылап,өз қаруынан атыс жүргізе отырып, оны жоюға қабілетті болуға тиіс.Ұрыста жергілікті жер мен қарсылас атысының әсер ету смпатына байланысты жауынгер ЖҰМ-да(БТР-да).танкіде жылжи алады, ал жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым немесе жүгіріспен(толық боймен немесе еңкейіп)жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжиды.Жаяу ретпен қимылдау кезінде қарсылас бақылауынан жасырын және оның атысынан тыс жер учаскелерінен өту жеделдетілген адым немесе жүгіру арқылы жүзеге асырылады.Осы тәсілмен жауынгер шабуыл барысында да алға жылжиды.Бұл кезде ол қаруын оқ ата бастау(атысты бастау)жағдайында,яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.Ашық жерде қарсыласқа жасырын жақындау үшін жүшіре өте әдісі қолданылады.Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін,жауынгер әуелі қозғалыс жолын,жасырын демалатын жерді белгілеп,»ТҰР» пәрменін орындаған сияқты тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре өтіп жетуі тиіс. Жүгіріп, жылжып жер бауырлап Сарбаз ұрыс алаңында жедел адымдап, не жүріп, жүгіріп өтіп, не жер бауырлай жылжып ілгерілей алады. Жылжу тәсілі жердің бедеріне қарсыластың атысының ықпалына және басқа жағдайларға байланысты болады. Қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап не жүгіріп өтеді. Жедел адыммен жүріп өтіп жылдамдығы минутына 130-150 қадам болады, ал жүгіріп өту жылдамдығы минутына 165-180 қадамды құрайды. Қарсыласты атып жатқан ашық жерлерінен өту, жүгіріп өтумен іске асырылады. Тасадан тасаға жылдам жүгіріп өту ұзақтығы 5-7 секундтан аспауға тиіс, себебі қарсылас тура атуға үлгірмеуі керек. Тыныстайтын аялдамалар арасындағы жүгіріп өтетін аралықтық ұзындығы жердің жағдайымен қарсыластың атысына байланысты орта есеппен 20-40 адым болуға тиіс. Қарсылас жақ атқылап, жатқан жердің аздаған бөлігін жер бауырлап жылжуға болады. Жер жағдайына байланысты, өскіндердің биіктігімен және шамасы тасаларды пайдаланып жер бауырлап жартылай төрт тағандап, жата қалып бір жағына қарай еңбектеп жылжиды. Ұрыс алаңында жылжу барысында әртүрлі кедергілер, инженерлік тосқауылдар және жердің уланған бөліктері кездесуі мүмкін. Бөгеттен өту барысында аздаған кідіріс болса, онда қарсылас тура атумен шабуылдаушыға біршама шығын әкеледі. Осының бәрін есепке алып, бөгеттен жылдам, ептілікпен өтуі керек. Жорықта бөлімше Взвод жорықта. Шерудің жорық реті – лек. Ол жоғары жылдамдықпен жүру және ұрыс алдындағы ретке тез өтуге мүмкіншілік береді.Жоғары деңгейдегі басқаруды, тәртіптілікті және ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету үшін, бастапқы реттеу, демалу нүктелері тағайындалады. Бастапқы нүктелер мен реттеу нүктелері шеруге уақытылы шығып және жүру жылдамдығын реттеу үшін тағайындалады.жүрудің 3-4 сағатынан кейін 1 сағатқа, ал тәуліктің екінші бөлімінде 2 сағатқа дейін уақыт беріледі. Шалғай қашықтыққа шеру жасағанда, күндізгі (түнгі) тәуліктік жүрістің соңында демалыс беріледі.