Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Жүргізілген эксперименттің мақсатын атаңыз. Үш жануарлардың қайсысында бірінші болып мінез-құлықтың бұзылулары, құрысулар пайда болатынын түсіндіріңіз



бет103/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   166
Жүргізілген эксперименттің мақсатын атаңыз. Үш жануарлардың қайсысында бірінші болып мінез-құлықтың бұзылулары, құрысулар пайда болатынын түсіндіріңіз.

Мақсаты: ішкі ортаның аурудың туындауы мен дамуына әсері. Үш жануардың ішіндегі тәжірибелік-1 егеуқұйрықта бірінші болып мінез құлықтың бұзылуы байқалады, өйткені кофеин есірткінің бір тұрі болып табылады, псиосоматиканың бұзылыстарына алып келеді.





  1. Жануарлардың реактивтілігі мен резистенттілігін бағалаңыз. Бұл жағдайда реактивтіліктің қандай түрлері туралы айтуға болады? Реактивтіліктің тағы қандай түрлері бар? Организмнің реактивтілігіне әсер ететін факторларды көрсетіңіз.

Жануарлардың ішінде егеуқұйрық гипоксияға төзімді болып табылады. Бұл жағдайда реактивтіліктің топтық түрін айтуымызға болады. Негізі реактивтіліктің 3 түрі болады: түрлік, топтық және даралық. Организм реактивтілігіне сыртқы ортаның әсері ( механикалық ықпалдар, барометрлік қысымның әсері, жоғарғы және төменгі температура, ультракүлгін сәулелердің әсері, радиация, есірткі, маскүнемдік және дәрі-дәрмектер) маңызды.


3. Бұл экспериментте жануарларға қандай патогенді факторлар әсер етті? Жануарлардың жалпы жай-күйінің өзгеруін тудырған себептерді атаңыз. Пайда болған бұзылыстардың патогенезін ұсыныңыз, басты тізбекті атаңыз. Жануарлардың тіндерінде зат алмасудың қандай бұзылыстары болуы мүмкін?
Төмен барометрлік қысымның гипобария гипоксия әсері болды. Барометрлік қысым төмендеген сайын денедегі газдардың еруі азайып, олар газ күйіне айналады. Патогенезі: ингаляциялық ауадағы О2 қысымы мен алвеолярлы ауадағы О2 қысымы төмендейді, нәтижесінде гипоксемия дамиды. Ол тіндердің гипоксиясының бұзылуына алып келеді. Сосын митохондриядағы биологиялық тотығудың бұзылысына алып келеді және анаэробты гликолизді ынталандырады. Содан метаболитикалық ацидоз дамиды. Сонымен қатар митохондриялардағы биологиялық тотығудың бұзылысынан жасушаларда АТФ түзілуі төмендейді.


Тапсырма 2. Науқас К., 65 жаста, бірнеше сағат бойы күн сәулесінің астында бас киімсіз жұмыс істеген, ауруханаға ес-түссіз жағдайда жеткізілді. Ауа температурасы – 350С, ауаның ылғалдығы – 83%.
Объективті: терісі ашық қызыл түсті, ұстағанда ыстық, I II дәрежелі күйіктер бар, құрысулар байқалады. Дене температурасы - 40,3ºС. Тыныс алуы беткейлік жиілігі минутына 32,ЖЖЖ — минутына 120 соққы. Анамнезінде – жүректің ишемиялық ауруы.


  1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Жауапты негіздеңіз. Науқаста осы жағдайдың дамуына не себеп болды және қандай жағдайдар ықпал етті? Адам ауруларының этиологиялық факторларының жіктелуін келтіріңіз және осы жағдайды тудырған фактор қандай топқа жататынын көрсетіңіз.

Науқаста күн соққысы дамыды. Себебі, науқас бірнеше сағат күн сәулесінің астында бас киімсіз жүрген. Науқаста бұл жағдайды күн сәулесі тудырды, яғни негізгі себеп – ультракүлгін сәуле. Ал, жағдайдың дамуына жүректің ишемиялық ауруы қолайлы ықпал жасады. Адамда әртүрлі аурулар тудыратын этиологиялық факторлар эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Эндогенді факторларға тұқымқуалаушылық, конституция, реактивтілік, эндокриндік және зат алмасу бұзылыстары, т.б. жатады. Ал, экзогенді факторлар механикалық (соғылу, жаншылу, т.б.), физикалық (күн сәулесі, температура, қысым), химиялық (улы заттар), биологиялық (инфекциялар, құрттар, жәндіктер), әлеуметтік болып бөлінеді. Бұл жағдайды тудырған этиологиялық фактор экзогенді факторлардың ішінде физикалық түріне жатады.




  1. Даму механизмдері қандай және осы жағдайда организмнен жылу шығарылуы қандай процестер есебінен жүзеге асырылады? Науқастағы жүрек ырғағының өзгеруін түсіндіріңіз. Осы жағдайдың дамуы кезінде қандай бейімделу реакциялары іске қосылады? Осы жағдайдың гипертермиядан айырмашылығын атаңыз.

Күн соққысының гипертермиядан айырмашылығы – тікелей күн сәулесінің әсерінен болады, ол үшін жоғары температураның қажеті жоқ, тіпті, 35 С-температурада да дамуы мүмкін. Ал, гипертермия жоғары температура әсерінен немесе жылулық тепе-теңдік механизмдерінің бұзылыстарына, сыртқа жылу шығарудың қиындауына алып келетін басқа да факторлардың салдарынан болатын дененің асқын қызуы.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет