Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Науқаста заттек алмасуының қандай типтік бұзылыстары дамыған? Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректерін пайдалана отырып, дәлелді қорытынды беріңіз



бет100/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   166
1. Науқаста заттек алмасуының қандай типтік бұзылыстары дамыған? Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректерін пайдалана отырып, дәлелді қорытынды беріңіз.
2. Науқастың дене салмағының индексін есептеңіз және түсіндіріңіз. Науқаста азоттық баланс бұзылады ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз. Көрсетілген клиникалық-зертханалық симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
3. Бұл жағдайда науқаста ашығу туралы айтуға бола ма? Егер жауабыңыз иә болса, онда науқаста ашығудың қандай түрі дамыған? Жауаптарды дәлелдеңіз.
Жауабы
1) Зат алмасуының бұзылыстарынан гипопротеинемия дамыған, асқазанда тұз қышқылы болмағандықтан нәруыз қорытылмайды.
Гемоглобин қалыптыдан төмен оның нормасы:130-160г/л,
эритроциттердің саны азайған нормасы: 3,8-5*1012/л бұл қандағы гемоглобиннің оттегінің қанығуының қатты төмендегенінің факторы.
Плазмадаға нәруыз мөлшері нормада 65-85 г/л
альбуминдер нормада 38-50 г/л қалыптыдан аз, сол себептен пациентте гипопротеинемия дамыған.
Асқазан сөлінде тұз қышқылының болмауы нәруыздардың дұрыс қорытылмауына және Fe, Mg, кальций иондарының дұрыс емес сіңірілмеуіне алып келген.
Сау кезде лактат асқазан сөлінде кездеспейді. Ол асқазан сөлінің қышқылдығы жойылғандықтан пайда болады және асқазанда ісіктің бар екендігінін көрсеткіші болып табылады.Ісіктің дамуына атрофиялық гастрит те әсер еткен.


2) Науқастың дене салмағының индексі ДСИ тең дене салмағы/бойына (м2)
ДСИ = 50/(1,8*1,8) =15 Бұл 19-дан төмен болып табылады. Науқастың бойы салмағына сәйкес келмейді.Салмағы өте төмен.
Науқаста азоттық балансы бұзылған.Ағзаға түскен нәруыздан сыртқа шығарылатын азот мөлшері көп.Науқастың аузынан жағымсыз иістің шығуы асқазанда тұз қышқылы болмағандықтан дұрыс қорытылмауынан шығады.
Әлсіздік бұлшық еттердің семуіне және онда гликоген қорының азаюына байланысты, яғни энергия түзуге ағза липид пен гликогенді қолданады.
Кофе тәрізді құсықтың пайда болуы атрофиялық гастритке байланысты, яғни асқазанға түскен тамақты қорыта алмайды, жасушалары афункцияланған болып келеді


3) Ашығудын 3-ші түрі дамыған яғни сапасыз қоректену болып келеді.
Құрамында калорийі аз нәрлі компоненттері жеткіліксіз тағам жегенде байқалады.Науқаста алиментарлық маразм дамыған, бұл жағдайда энергия түзу үшін бұлшықет нәруыздары мен май тінің қолданады.Сондықтан науқаста бұлшықеттердің семуі және қатты жүдеп кетуі байқалады.
Мейіржан Гулмариям

316ом
«Астана медицина университеті» КеАҚ

В. Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
Коллоквиум № 1 «Жалпы нозология» бөлімі
Билет № 8а

Тапсырма 1. Рене Лериш (1879-1955) – көрнекті француз хирургі мен физиологы былай деп жазған: "ауру-бұл екі актыда жүретін драма, олардың біріншісі тіндердің тыныштық жағдайында үнсіз өтеді. Әсер авансцена тұғырына шыққан кезде-бұл әдетте екінші және соңғы акт болып табылады».

1. Ауру туралы қазіргі көзқарастарды ескере отырып, Р. Лериштің жоғарыда айтылған тұжырымдамасын қалай түсінесіз? Лериш бойынша «драманың алғашқы актісі», бұл ауру алды жағдай деп санауға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет