Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген?



бет4/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166
1. Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген?
2. Оларға толық анықтама беріңіз.
3. Жалпы нозологияның тағы қандай ұғымдарын білесіз? Мысалдарды келтіріңіз
Жауабы:
  1. Келтірілген мысалда патологиялық реакциялар аталған. Атап айтқанда, іштің ауыруы, тоқтаусыз нәжіс, құсық пайда болуы, дене температурасының көтерілуі.


Оған қоса, тамақтану режимі сақталмағандықтан, перитонит, яғни қабыну процессі (патологиялық процесс) дамыған


  1. Патологиялық реакция (гр. pathos-ауру, re- керi+ actio- әсер, ықпал) –патогендік факторлардың әсеріне жауап ретiнде дамитын биологиялық мәнсіз, сәйкессіз, қыска мерзiмдi, элементарлы, әдеттегiдей емес реакция.


  2. Патологиялық процесс– ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне, заңды түрде пайда болатын реакциялардың жиынтығы


  3. Жалпы нозогиядағы ұғымдар: денсаулық, ауру, патологиялық серпіліс, патологиялық үрдіс және жағдай, резидив, ремиссия, асқыну, сауығу және тб.


Қарапайым мысал ретінде, қабыну әсерінен тыртықтың пайда болуын алуға болады. Қабыну бізде патологиялық процесс болса, тыртықтың қалуы патологиялық жағдай болып табылады.


I.1-6 жағдаяттық тапсырма
Науқас 48 жаста, «Жіңішке ішектің жедел бітелуі» диагнозымен хирургиялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Науқасқа операция жасалынды. Операциядан кейінгі кезең ерекшеліксіз өтті. Бірақ, операциядан кейінгі 5-ші тәулікте науқастың хал-жағдайы нашарлады: ішінің қатты ауыруы, тоқтаусыз нәжіс құсық пайда болды, дененің температурасы көтерілді. Дәрігер перитониттің дамығанына тұжырым жасады. Сұрастырғанда науқастың тамақтану ережесін бұзғаны анықталды (көп мөлшерде ұн және ет тағамдарын қабылдаған).
1. Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген?
2. Оларға толық анықтама беріңіз.
3. Жалпы нозологияның тағы қандай ұғымдарын білесіз? Мысалдарды келтіріңіз
Жауабы:
  1. Келтірілген мысалда патологиялық процесстер аталған. Атап айтқанда, іштің ауыруы, тоқтаусыз нәжіс, құсық пайда болуы, дене температурасының көтерілуі.


Оған қоса, тамақтану режимі сақталмағандықтан, перитонит, яғни ауру дамыған


  1. Ауру – қоршаған орта ықпалдарына корғаныс-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі, дерт туындатын ықпалдардан дамиды. Ағзалар мен тіндердің құрылымдық, зат алмасулық, функциялық өзгерістерімен көрініс береді.


  2. Жалпы нозогиядағы ұғымдар: денсаулық, ауру, патологиялық серпіліс, патологиялық үрдіс және жағдай, резидив, ремиссия, асқыну, сауығу және тб.


Қарапайым мысал ретінде, қабыну әсерінен тыртықтың пайда болуын алуға болады. Қабыну бізде патологиялық процесс болса, тыртықтың қалуы патологиялық жағдай болып табылады.


I.3-4 жағдаяттық тапсырма
Науқас Ш., 45 жаста, психиатриялық диспансерде емделуде. Науқастың орталық жүйке жүйесінде қозымдылық басым, жөнсіз қызбалығы, өз жағдайын дұрыс бағалай алмаушылығы, есте сақтау қабілеті мен назар аударудың нашарлығы байқалады. Бас миына электроэнцефалография және компьютерлік томография жасағанда ешқандай патология анықталмады. Сондай-ақ, қан және несеп талдамалары да қалыпты.
1.Науқастағы аурудың қызметтік және морфологиялық белгілерін көрсетіңіз.
2. Ауру дамуындағы «аурудың түрі мен функциясының» арасындағы өзара арақатынас қандай?
3.Тек қана қызметтік аурулар болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
  1. Науқастағы аурудың қызметтік белгілері - орталық жүйке жүйесінде қозымдылық басым, жөнсіз қызбалығы, өз жағдайын дұрыс бағалай алмаушылығы, есте сақтау қабілеті мен назар аударудың нашарлығы.


Науқастағы аурудың морфологиялық белгілерін анықтау үшін электроэнцефалография және компьютерлік томография ешқандай патологияны анықтамаған


  1. Бұл науқас психиатриялық ауруға жататыдықтан, ОЖЖ бұзылыстары айқын білініп тұр. Және бұл бұзылысқа ОЖЖ құрылысының бұзылыстары мен немесе биологиялық ауытқу емес, әлеуметтік әсердік себебіннен келіп тұр. Сондықтан аурудың морфологиялық формасы және функцияның өзгерістерінің бір-біріне түрткі болуы байқалмайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет