Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


I.1-13 жағдаяттық тапсырма



бет8/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

I.1-13 жағдаяттық тапсырма
Науқас А., 27 жаста, асқазаннан көп қан кетуден дамыған ауыр жағдайда ауруханаға-1жеткізілді. АҚ 70/40 мм сынап бағанасы бойынша, пульс – 140 мин , кернеулігі және толуы әлсіз.Тыныс алуы жиі, үстіртін. Тері жамылғысы дақ тәріздес (мәрмәр түсті) боялған. Жүргізілген емдеу шараларына қарамай, науқастың жағдайы нашарлай берді: рефлекстері жойылып, ақтық үзіліс байқалды. Қысқа уақыт ішінде науқастың жағдайы жақсарды – науқас есіне жинады, рефлекстері пайда болды. Бірақ, осыдан кейін тыныс және қан айналымның тоқтағаны байқалды. Реанимациялық шаралар тиімсіз болды.
1.Науқаста қандай жағдай дамыды? Оған толық анықтама беріңіз.
2.Науқастың терісінің «мәрмәр түсті» болуында қандай бұзылыстар жатыр?
3.«Ақтық үзіліс» дегеніміз не?
Жауабым:
1)Науқаста жан тәсілім алды кезінде өліп бара жатқан адам есінен айыралады.Рефлекстері жоғарылады,науқастың жүрек соғуы жиілеп,әлсірейді,артынан сирейді тынысы үзілісті тыныстарға ауысады.
2)Науқастардың терісінің Мәрмәр түсті болуына қандай бұзылыстар жатады?
-дененің мұздауы
-оның сіресіп қалуы
-өліктік дақтар мен жолақтардың пайда болуы есептелінеді
3«Ақтық үзіліс» дегеніміз-тыныстық қозғалыс және жүрек қызметі мүлде тоқтайды.Қан қысымы,тамыр соғуы анықталмайды.

I.1-15 жағдаяттық тапсырма
Науқас В., 28 жаста, электр тоғынан жарақат алғандықтан ауруханаға жеткізілді. Науқас тоқтан қорғалмаған беткейде тұрып, байқаусызда электр сымын ұстап қалған, содан қолының саусақтары мен білек бұлшық еттері дірілдеп, жиырыла бастады. Нәтижесінде ток көзімен байланыс ұзақ болуғандықтан, тыныс бұлшықеттерінің тетаниялық жиырылуы және ларингоспазм дамыды.Жедел жәрдем көрсететін дәрігерлер науқасты ессіз, тынысы тоқтаған, АҚ, ұйқы артериясының пульсі байқалмайтын, қарашықтары ұлғайған және жарыққа реакциясы жоқ болған жағдайда тапты. Дәрігерлер өмірін сақтау үшін нәтижелі көмек көрсетті.
1.Науқаста ақтық күйдің қай түрі дамыды?
Науқаста клиникалық өлім дамыды.Клиникалық өлім — қан айналысының тоқтауынан басталады.Қан айналысы тоқтауының алғашқы 10-15 сек ішінде пайда болатын алғашқы белгілері: ұйқы артериясында пульстің жоғалуы, естен тану, қалшылдау.Қан айналысы тоқтауының алғашқы 20-60 сек ішінде пайда болатын кейінгі белгілері: зардап шегушілердің жарықты бағдарлай алмауы, көзінде қарашықтардың кеңеюі, тыныс алудың жоғалуы немесе қалшылдай тыныс алу пайда болады.
2.Берілген ақтық күй дамығанда организмнің өмір сүруін қолдау үшін қандай негізгі әдістерді қолдану керек?
Науқастың ағзасы 4-6 мин бойы өмірге қабілетті болады. Өз уақытында қабылданған жан сақтау шаралары науқасты мұндай жай-күйден құтқаруы мүмкін.Клиникалық өлім белгілері пайда болғаннан кейін зардап шегушіні бірден арқасынан аударып, жүрек тұсына соққы жасау қажет. Мұндай соққының мақсаты — кеуде қуысын мүмкіндігінше қаттырақ сілку, Бұл тоқтап қалған жүректің қайта соғуына түрткі қызметін атқаруы тиіс.Соққыны жұмылған жұдырықтың қырымен қабырғалар түйісетін, кеуде сүйегі аяқталатын өскіннен 2-3 см биігірек нүктеге жасайды.. Алайда бұл әрекет іске аспаса, онда жүрекке тікелей емес массаж бен жасанды тыныс алдыру жасауға кіріседі, олар зардап шегушінің жандану белгілері пайда болғанға дейін жүргізіледі: ұйқы артериясында тамыр соғуының жақсаруы сезіледі, қарашықтар біртіндеп тарылады, жоғарғы еріннің терісі алқызылданады.
3.Берілген терминальдік күй дамыған жағдайда заттек алмасу процестері жалғаса береді ме?
Ия жалғаса береді.Науқас клиникалық өлім күйінде қан айналысының тоқтауы, ұйқы артериясында пульстің жоғалуы, естен тану, қалшылдау. зардап шегушілердің жарықты бағдарлай алмауы, көзінде қарашықтардың кеңеюі, тыныс алудың жоғалуы немесе қалшылдай тыныс алу пайда болғанымен тіндердің және жасушалардың қызметі бұзылмайды,яғни тоқтамайды сондықтан заттек алмасу процестері жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет