2.Осы мысалда жалпы нозологияның қандай түсініктері берілген? Оларды атаңыз.Науқастағы альбинизмнің патогенезін түсіндіріңіз.
3. Жасушалардың зақымдануының негізгі түрлерін атаңыз және жасушаның зақымдануға тұрақтылығын анықтайтын факторларды сипаттаңыз.
Эндоплазмалық торшалардың, рибосомалардың, голдж кешенінің қызметтері артуы ауру туындататын инфекциялық, химиялық заттарды ыдырататын ферменттердің, нәруыздардың, гормондардың, вирустарға қарсы интерферондардың түзілуін күшейтеді; осы патологияға байланыстырсақ болады.
Мысалы: Миохондрияның бұзылысы энергияның жеткіліксіздігіне әкеледі. Жасушаның мембранасының бұзылыстары осмостық қысымның төмендеуіне, жасуша ішілік заттар бүліністеріне әкеледі.
Жалпы нозологияның түсініктері:
Ауру - деп тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңсапалы жағдайын айтады. Ауру түсінігі дерттік серпіліс (патологиялық реакция), дерттік үрдіс (патологиялық процесс), дерттік жағдай (патологиялық жағдай) деген түсініктерге жақын түрады. Дерттік серпіліс - организмнің немесе оның кейбір жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауап қайтаруы. мәселен, көпшілік адамдар елей бермейтін, назар аудармайтын шаң, өсімдік тозаңдарына т. б. заттарға кейбір адамдар түшкіріп, көзінен жас ағып жауап қайтарады. кейбір адамдарда дәрілердің әсерінен анафилаксиялық сілейме (шок) дамиды. Дерттік үрдіс - деп ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне, заңды түрде пайда болатын, тіндер мен ағзалардағы әрі зақымдану, әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің жиынтығын айтады.
Альбинизмнің патогенезі жануарлар мен адамдар өмірінде маңызды рөл атқаратын пигмент — меланин алмасуының бұзылуынан тұрады. Терінің, шаштың, Көздің түсі меланинге ғана байланысты емес. Бұл пигмент ультракүлгін сәулелерден қорғайды: оның жетіспеушілігімен науқас бірден күн сәулесінде күйіп кетеді, жасына байланысты тері қатерлі ісігінің даму қаупі күрт артады. Сонымен қатар, альбинизмнің барлық дерлік формалары рефакцияның ауытқуларына әкеледі — көздің тор қабығындағы кескін фокусының бұзылуымен байланысты көру қабілетінің бұзылуы. Кейбір мутациялар тек меланоциттердің (меланин өндіретін жасушалар) ғана емес, сонымен қатар басқа жасушалардың жұмысында да бұзылуды тудырады — содан кейін альбинизм ауыр патологиялардың дамуына әкеледі.
Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары мына бұзылыстардан байланысты болады: энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстарына; жасуша мембраналарының бұзылыстарына; гендік құрылымдарының бұзылыстарына; жасушада иондар мен сұйықтардың алмасуы бұзылыстарына; жасуша қызметтерінің реттелулерінің бұзылыстарына - байланысты дамиды.
Жасушаның зақымдануға төзімділігін, анықтайтын жайыттар • Жасушалардын түрлері (Бүлініске төзімді жоғары арнайылдырған (жүйкелік және бұлшық еттік) жасушалар жасуша ішілік қалпына келу үрдістері мен) • Гликокалекстін жағдайы • Жасушалардың микроорталығы (дәнекер тіннің жағдайы) • Жүйке және эндокрин жүйелерінің реттелу жағдайы • Организмнің жағдайы • Жасуша өмір оралымының фазасы.
Жасушаның бүлінген бөлшектері фагоциттерді өзіне тартатын заттар шығарады. фагоциттер бүлінген бөлшектерді жеп қояды. жасуша ішіндегі құрылымдардың гиперплазиясы дамып, жойылған жасуша бөлшектерінің орны толтырылады. гиперплазия молекулалардың деңгейінде (гендердің саны артуы, жаңа молекулалардың түзілуі күшеюі), жасуша ішілік құрылымдарда (митохондрийларда, рибосомаларда, лизосомаларда т.б.) және жасушалық деңгейлерде байқалады. көрсетілген икемделістік тетіктер жеткіліксіз болғанда жасушаның тіршілігі қайтымсыз жоғалады. Жасушаның төзімділігі осылайша қалыптасады.
Коллоквиум №2 «Типтік патологиялық процестер» бөлімі
Билет № 6
Тапсырма 1. Науқас К., 17 жаста, артериялық қысымының жоғарылауына шағымданып кардиологиялық бөлімшеге түсті.
Объективті: бұлшық еттерінің дамуында сәйкессіздік бар – қолдарының, иығының бұлшық еттерінің гипертрофиясы, аяқтарының бұлшық еттерінің гипотрофиясы. Беті гиперемияланған. Қолдарының АҚ 190/100 мм сын.бағ., аяқтарының – 100/60 мм сын.бағ.
Аортограмма нәтижелері: төменгі сол жақ бұғана асты артерияның бөлінуінен төмен орналасқан аорта мойнағының тарылуы. Қорытынды: туа біткен ақау — аорта коарктациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |