Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


К. Бернар ұсынған бақылау эксперименттерін жүргізу керек пе? Экспериментті жүргізу шарттарын атаңыз



бет89/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

2. К. Бернар ұсынған бақылау эксперименттерін жүргізу керек пе? Экспериментті жүргізу шарттарын атаңыз.
3. К. Бернар организмдегі гомеостаздық процестерді ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін процестер ретінде алғашқы болып қарастырды. Жасушаішілік гомеостаздың патологиясы кезіндегі бұзылыстардың негізгі механизмдерін сипаттаңыз және себептерін атаңыз.


Жауабы:
1)Келісемін, себебі қазіргі ғылым мен медицина жануарларға эксперимент жасаусыздами алмайды, өйткені онсыз жаңа дәрі-дәрмектерді алу және олардың әсерін тексеру, жаңа медициналық технологияларды дамыту мүмкін болмайды.. Жүз мыңдаған адамдардың жануарларға эксперимент жасамай ақ, жазылмайтын аурулардан өлуіне мүмкіндік бергеннен гөрі, мың эксперименттік жануарлардың өлімін қабылдаған дұрыс деп ойлаймын. Бірақ, жануарларда патологияны модельдеудің белгілі бір шектеулері болуы тиіс: Заң экспериментті тиісті жағдайларда және арнайы рұқсаты бар адамдарға ғана өткізуді қадағалауы тиіс және физиолог жануарларға қатыгездікке қарсы бағытталған заңға жүгіну керек.
Жануарларға арналған экспериментті реттеу үшін қабылданған медициналық заңда келтірілген шарттар:
1. Қаңғыбас, иесіз жануарларды пайдалануға тыйым салынады.
2. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне жануарларды жеткізу схемалары болады, соған жүгіну қажет
3. Әрбір экспериментальды ірі жануардың (ит, мысық, маймыл) жеке тіркеу картасы болуы керек
4. Ауырсынуды басатын дәрілерді тағайындау әсіресе қатаң талап етілген
5. Жануарлармен жұмыс істеудің лицензиялау жүйесі енгізілген
2) Модельдеу шарттары:

1)Гипотеза жасау


2)Модельдеудің мақсаты мен міндетін анықтау
3)Жеке әдістемені таңдау, яғни эксперимент қандай әдіс арқылы жүргізіледі: сөндіру, тітіркендіру, тіндік дақылдар немесе салыстырмалы патология
4)Тәжірибені жүргізу:
-бақылау
-патологияны модельдеу
-бұзылған қызметті қалпына келтіру
5)Алынған деректерді бекіту және статистикалық талдау
6)Аалқылау, қорытынды жасау
7)Нәтижені практикада тексеру
3)Жасуша бүліністері мына бұзылыстардан пайда болады:

-жасуша мембранасының бұзылуы


-энергиямен қамтамасыз ету бұзылысы
-гендік құрылым бұзылысы
-ион және электролит алмасу бұзылысы
-нейрогуморальдық реттелу бұзылыстары
Энергиямен қамтамасыз ету жасушада оттегі жетіспеушілігі, қоректік заттын аздығы, тотығу тотықсыздану ферменттері жетіспеушілігі, митохондрия бұзылғанда АТФ түзілуі бүлінеді.Жасуша мембранасы майлардың асқын тотығуынан бос радикалдардың көбейіп кетуінен, антиоксиданттардың жетіспеушілігінен, кальций иондары жасушаға кіріп, фосфолипаза протеаза ферменттері әсерінің күшеюінен, мембрананың осмостық қысымы өзгеруінен, иондық дисбаланс т.б. нәтижесінде бұзылады.Иондық дисбаланс болатын болса, гиперкалиемия , гиперферментемия дамиды. Кальцийдің клетка цитоплазмасына көп түсуінен фосфолипаза ,липаза, протеаза ферменттері әсерленеді, ал егер бұлшық ет жасушаларына түссе, бұлшықет жиырылып , сіресіп қалуы байқалады.

Тапсырма 2. Ұл бала, 6 жаста, ауыз қуысына санация жасалуда. Анамнезінде: қыз бала шала туылған, физикалық және психикалық дамуы артта қалған. Туғаннан бастап қыздың жұмсақ және қатты таңдайында алдыңғы тістеріне дейін созылатын тіндердің ақауы бар. Анасының айтуынша, жүктіліктің бірінші триместрінде ол химиялық зауыттың күкірт қышқылын өндіретін цехында жұмыс істеген, өйткені ол кезде жүкті екенін білмеген. Басқа екі баласы мен жұбайының денсаулығы жақсы.


1.Балада анықталған жұмсақ және қатты таңдайдың жарығын тұқым қуалайтын түрге жатқызуға бола ма? Бұл жағдайда кариотип өзгере ме? Бұл патологияның этиологиясы қандай? Жауабыңызды түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет