Балададамыған жағдай қалай аталады? Осы дамыған жағдайда вирусты инфекция мен ацетилсалицил қышқылын қолданудың арасында байланыс бар ма?
Осы жағдайдың дамуының негізінде не жатыр?
Осы жағдайда дене температурасын төмендету үшін денені салқындатып сүртуге болады ма? Жауабыңыздынегіздеңіз.
Жауаптары: 1.Балада дамыған жағдай Рейе/Рея синдромы деп аталады. Оны науқастағы АЛТ,АСТ,аммиактың деңгейінің жоғарылауынан байқасақ болады. Яғни бұл патологиялық процестің қалыптасуы түрлі вирусты этиологиялы жұқпалы ауруларды емдегенде аспирин қолдану арқылы болады. Рей синдромының патогенезі толық анықталмағанына қарамастан, вирустық қызбасы бар науқастарда ацетилсалицил қышқылын қабылдауымен сөзсіз байланыс бар. Вирустық инфекция мен ацетилсалицил қышқылы қосарласқан кезде баланың бауыры зақымдалып, Рейе синдромы туындауы мүмкін. Сонымен қатар Рейе синдромы 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
2. Бұл синдромның патогенезі әлі толық зерттелмеген.Дегенмен барлық процестер митохондрияның зақымдалуына және олардың функциясының бұзылуына, дәлірек айтқанда, жасушалар үшін негізгі энергия көзі болып табылатын және дененің барлық метаболитикалық процестерін қамтамасыз ететін АТФ қосылысының синтезінің бұзылуына негізделген деп саналады. Митохондрияның ақауына көптеген сыртқы және ішкі себептер әкелуі мүмкін: дәрі-дәрмектер, инфекциялар, токсиндер, туа біткен ауытқулар және т.б. митохондрияның зақымдануы барлық органдар мен тіндерде, әсіресе бауыр мен ми жасушаларында байқалады.
3.Яғни бұл жағдайда яғни температураны түсіру үшін аспирин қолдануға болмайды. Және дене температурасын төмендету үшін денені салқындатып сүртуге болады. Ол үшін сүлгіні салқын суға сулап, денені, бетті, аяқтарын ақырын сүрту керек.Балаларды бөлме температурасында сумен сүрткен дұрысӘйтпесе процедура қан тамырларының спазмынан туындаған шок пен фебрильді судорогты тудыруы мүмкін.
Тапсырма 2.Науқас С., 49 жаста, сатушы болып жұмыс істеген, келесі шағымдармен ангиохирургке қаралды: кешке қарай аяғының ауырлап, ісінетіндігіне, әсіресе, түнгі уақытта балтыр бұлшық етінің тартылып қалатындығына.
Объективті: аяғының тері асты веналары варикозды кеңіген, балтырының төменгі үшінші бөлігінің түсі көкшіл, пигменттелген әсіресе тобығының ішкі аймағы, терісі құрғақ, жылтыр, тері асты шелмайымен тығыз жабысқан. Тырнақтарының түсі сарғылт, қалың қабықталған. аяқтары салқын, балтырының жоғарғы үшінші бөлігіне дейін ісінген, басқан кезде 40-60 секунд аралығында қалпына келетін шұңқыр пайда болады.