Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Операциядан кейінгі кезеңде науқаста ісіктің қатерлі түрі анықталды ма, әлде қатерсіз түрі ме



бет48/169
Дата28.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#70515
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   169
Байланысты:
100 балл алайк ауминь есеп

1.Операциядан кейінгі кезеңде науқаста ісіктің қатерлі түрі анықталды ма, әлде қатерсіз түрі ме? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Бауырда ісік өсуінің дамуында алкогольді шамадан тыс қолданудың маңызы бар ма? Онкоген концепциясы тұрғысынан ісік дамуының патогенезін ұсыныңыз.
3. Патогенездік көзқарас бойынша науқастың бауырындағы ісікке пункциялық цитобиопсия жасаудың қажеттілігі бар ма?



  1. Науқаста қатерлі ісік байқалады. Өйткені, хирургиялық операциядан кейін де өспе өсуінің қайталануы яғни рецидиві байқалып тұр Мендегі ситуациялық жағдайда бастапқы канцероген әсері тоқтамағаннан кейін қатерлі өспе дамыған секілді. Себебі: этанол және оның метаболиті ацетальдегид (алкоголь компоненттері) канцерогендердің 1 тобына жатадысол себепті науқаста қатерлі өспе болып саналады себебі, ота жасалғаннан кейін 9 айдан кейін жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының азаюына, жүрегі айнып, құсуға, оң жақ қабырға астының тоқтаусыз ауырсынуына шағымданады осы симптомдарға сүйене отырып обырдың қатерлі екені және де оның метастаз бергеніне болжам жасай алмасыз немесе оның әр түрлі себептермен өспені алғанда жасушалары сау жасуша арасында сақталып қалуынан; өспе жасушалары сау тінге жасуша аралық сұйықпен түсуінен немесе науқас адамда өспені алған күннің өзінде зат алмасу өзгерістері сақталып қалуы мүмкін, өспе туындатқан ол өспе туындататын заттар түзілуіне әкелуі мүмкін.

Қатерлі ісіктің ерекшелі айтып кеткеніміздей ол метастаз беруі болып саналады, метастаз экзосомалді май қабықшасымен қоршалған және де тамыр, лимфа арқылы бір жерден екінші жерге тасымалдануы, ол мысалы тамыр құрамына енген кезде өзіне тромбациттерді жабыстырып алу арқасында иммунитетке танымсыз болып оңай басқа аймаққа қозғалады. Асқазан қатерлі обыры метастаз беріп ол көбінесе бауырға, өкпеге, миға қарай метастаз береді. Ал бұл науқаста бауырға қарай метастаз бергенің байқай аламыз.

  1. Бауырда ісік өсуінің дамуында алкогольді шамадан тыс қолданудың маңызы бар. Себебі алкоголь ісік жасушасының одан әрі өсуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Бауырдың өлшемінің де ұлғаюы осы алкогольді көп мөлшерде тұтынудан болуы мүмкін. Денедегі алкоголь алкогольдегидрогеназа ферментінің әсерінен ацетальдегидке дейін ыдырайды (бұл зат улы және канцерогенді), ол тотығу жүретін мүшелердің жасушаларының ДНҚ-ны зақымдайды және жасушалардағы ақуыз мутациясына әкеледі. Бұл жасушалар тез өсе бастайды, олардың құрылымы мен қызметі өзгереді.

Онкоген концепциясы тұрғысынан ісік дамуының патогенезіне тоқталар болсақ, қалыпты жасушаның трансформацияланған жасушаға айналу процесі онкогенез немесе канцерогенез деп аталады. Ісіктің трансформациясы - қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналу процесі. Жасушалардың қатерлі трансформациясын іске асыратын нақты гендер тобын онкогендер деп атайды. Толық қалыптасқан онкогендік бағдарлама белгілі уақытқа дейін тежелген жағдайда болады. Оның іске асуы үшін клеткаға қосымша әсерлер болуы қажет. Бұл бағдарламаның тежелуден шығуы реттеуші геннің мутациясымен және оның активтілігінің эпигеномдық механизмі қосылуымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Міне, осыдан өзара байланысты емес көптеген әртүрлі факторлар сау клетканы ісікке айналдыруы ықтимал.Сонымен, өспе өсу патогенезінде 3 кезеңді ажыратады:
1.Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы яғни трансформация немесе инициация кезеңі
2.Өспе жасушаларының қарқынды өсіп көбеюі және алғашқы өспе түйінінің пайда болуы яғни промоция кезеңі
3.өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгерістері пайда болуы прогрессия кезеңі



  1. Патогенездік көзқарас бойынша науқастың бауырындағы ісікке пункциялық цитобиопсия жасаудың қажеттілігі бар деп ойлаймын. Цитобиопсия (Сіtоbіорsia - шұғыл биопсия) - клиницисттер мен морфологтардың практикасында қолданылатын әдіс. Мысалы, операция кезінде немесе процестің мәнін түсіну үшін шұғыл операция кезінде іске асырылатын әдіс. Цитобиопсия жасау - бауырдағы обырлы-эмбриондық антигеннің көбейгені байқалған. Бұл ісік жасушаларының пайда болғанын білдіреді. Ісік жасушалары неліктен қайта дамығанын және қалай пайда болғанының мәнін түсіну үшін, диагнозды нақты айқындау үшін, қолданылу керек.



Билет № 4


Тапсырма 1.Бала 3 жаста, реанимациялық бөлімшеге келіп түсті. Есінен айырылған, дене температурасы 40,20 С. Анасының айтуы бойынша 5 күн бұрын баланың дене температурасының 39,30С-қа дейін жылдам көтерілгенін, мұрынының бітеліп, дірілдеп, түшкіргенін байқаған. Үйге шақырған дәрігер грипп диагнозын қойып, дене температурасын түсіру үшін балаға парацетамолды тағайындаған. Бірақ, үйінде парацетамол болмағандықтан, анасы баласына ацетилсалицил қышқылын (аспирин) күніне 2-3 рет беріп отырған. Баланың жағдайы жақсарған, бірақ, емдегеннен кейін 5 күн өткен соң бала бірден құсып, тыныс алуы нашарлап,
денесі құрысып, дене температурасы тағы да көтерілген.
Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тынысы жиі, беткейлік, ЖЖЖ–минутына 112 рет, бауыры ұлғайған.
Қанның биохимиялық анализі: аланинаминотрансфераза (АЛТ) – 198 Бірл/л (норма < 29 Бірл/л), аспартатаминотрансфераза (АСТ) - 130 Бірл/л (норма < 59 Бірл/л), аммиак - 78,6 мкмоль/л (норма 11,0-32,0 мкмоль/л).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет