Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет125/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   169
V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
ісінің тарих үшін маңызын айқындап берді. Осынау ұлы Көшбасшымыз түркі 
халықтарының қоғамдық-саяси өмірінде бұл үрдістердің қаншалықты маңызға 
ие болатынын көрегендікпен болжай алды. Түркі әлемінің мақтанышы Гейдар 
Алиев түркі халықтарының достық, туысқандық және ықпалдастық сьезіне 
қатысушыларға жолдаған хатында: «өз дәуірінің жаңа кезеңін басынан кешіріп 
отырған бүгінгі заманғы түркі әлемі адамзаттың өркениетіне теңдесі жоқ 
үлгілер бере алады. Бүгінде егемендігін алған түркі республикалары түркі 
әлемінің жарқын болашағына деген үкілі үмітті орнықтырады. Экономикалық, 
саяси және мәдени өмірлердің тарқамас түйіндерімен байланған көптеген түркі 
республикалары жаңа әлемнің маңызды факторына айналуда /34.25. 427-428 б/. 
Гейдар Алиевтің саяси ойлай білу үлгісінің жарқын мысалына айналған 
бұл сөздері түркі әлемінің қазіргі дамуындағы жолынан, оның халықаралық 
аренадағы арнасынан және әрбір түркі мемлекетінің әлемдік және жалпытүркілік 
саяси ахуалдармен үндескен шеңберінен өзінің оптимистік және ақиқи орынын 
тапты. Ұлы ойшыл осынау тұжырымдаманың ғана жағдайында, бүкіл түркі 
әлемін қанағаттандыратын барша саяси шараларды барлық саяси бағыттарға 
арнағанда ғана түркі дүниесі өз еркін білдіріп, жалпы адамзаттың мұраттары мен 
өз мақсаттарына, ұлттың саясатына қызмет етудің алғы мұраттарын орындап, 
блашақта әлемнің ғаламдық дамуына, әсіресе Еуразияның өркендеуіне игі 
ықпалын тигізе алатынын болжай алды. Бұдан бұрындары да атап өткеніміздей, 
түркі дүниесінің ынтымағы Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастарының 
деңгейлеріне байланысты. Сондықтан, жалпы ұлттық көшбасшымыз Гейдар 
Әлиев бағыттап берген сыртқы саясаттағы осы стратегияда атап көрсетілген 
өзге де елдермен қарым-қатынастарды тұрақты бекіте беру басым бағытымыз 
болады. Сондықтан, 2002 жылы Әзербайжан мен Түркияның арасындағы қа- 
рым-қатынастардың орнағанына 10 жыл толуына арналған мерекеге орай 
жолдаған үкіметтік құттықтауында Гейдар Әлиев Түркия Президенті 
Ахмет Неджет Сезерге былай деп мәлімді: «Біздің елдеріміздің арасындағы 
көне заманнан бері қалыптасқан достық пен ықпалдастық соңғы ондаған 
жылдардан бері одан әрі беки түсіп, дамуда. Біздің елдеріміздің арасындағы 
осынау стратегиялық достық пен одақтастық алда да кеңейе береді және 
халықтарымыздың әл-аухаттарының арта берулеріне қызметтер жасайды деп 
сенемін! Түркияның елшісі Ахмед Унал Чевикоздан сенім грамотасын қабылдап 
тұрып Гейдар Алиев былай деп ерекше атап өткен болатын: Біздер Түркияда 
да, Әзербайжанда да мақтанышпен былай дейміз. Біздер екі мемлекеттің бір 
ғана ұлтымыз. Түркия-Әзербайжан үшін ең жақын ел. Біздің халықтарымыздың 
арасындағы байланыстар тамаша да үлкен тарихқа ие. Ондаған жылдардан 
бері бұл байланыстар дамып келеді. Олар Түркияда ерекше дамуда. Біздің 
саяси, экономикалық және мәдени, ғылыми және гуманитарлық салалардағы 
байланыстарымыз әр қашанда да кеңейіп, дамуда. Бұл екі халықтың, екі 
мемлекеттің де шын ықыласынан туған жағдайлар. Ататүріктің ұлы дәстүрлері 


213
Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы
Түркиядағы халықтың, ұлттың, қоғам мен мемлекеттің де жадында. Мұны 
мен бүгінгі күннің ең басты шарты деп ойлаймын.Түркия мен елі үшін 
Әзербайжаннан жақын ел жоқ. Әзербайжан мен Түркия қатынастарының түрлі 
көкейтесті мәселелерін талқылағанда Гейдар Әлиев айқындап берген осынау 
стратегияны айқын көреміз және екі елдің арасындағы үнемі тереңдей түсетін 
байланыстардың осы кешенді тұтас тұғырын аңғарамыз. 
Жалпы ұлттың көшбасшысы Гейдар Алиев түркі әлемінің бірлігін нығайтып, 
бекіте түсудегі Түркияның рөлін қай кездеде жоғары бағалаумен болды. Ол 
бірнеше рет Түркия мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің 
тарихи рөлін жоғары бағалады. Оны жиырмасыншы ғасырдың ұлы ойшылы 
деп бағалап, оның тұлғасымен тарихи еңбектері және идеяларына бауырлас 
Әзербайжан халқының аса үлкен құрметпен қарайтынын талай атап өтті. 
Ататүріктің кемеңгерлігі мен даналығы біздер үшін тарихи күш беретін қайнар-
деп атап көрсетті ол /15.т.22с.441/. Гейдар Әлиевтің Түркия мен Әзербайжан 
жайындағы ұстанымдарының, пікірлері мен ойларының серпіндеріне қарап 
отрсақ, осынау ұлы стратег-көшбасшының болып жақтан оқиғалар мен 
үрдістерді дұрыс бағалап, екі ел үшін де пайлаы болар шешімдерге келіп, қимыл-
әректетер үшін ең оңтайлы жолдарды таңдай білгенін көреміз. Осынау екі ел 
үшін ғана емес, жалпы түркі мемлекеттері үшін де жоғарыдағыдай өте дұрыс 
стратегиялық шешімдер негізінен мызғымас ынтымақтастықтың іргетасына 
сүйенеді. 1999 жылдың 1 қарашасында Әзербайжан Республикасының 
Президенті Гейдар Әлиевке Ататүрік атындағы халықаралық бейбітшілік 
сыйлығын табыстау барша түркі әлемі үшін, әсіресе түрік-Әзербайжан қарым-
қатынастары үшін ерекше маңызды оқиға болды. Бұл оқиғаны жалпыұлттық 
көшбасшы Гейдар Әлиевтің өзі былай деп бағалады: «Маған Ұлы Ататүріктің 
атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығы табыс етілді. Мен мұны мақтан 
етемін. Ататүріктің тұлғасы мен оның құрған мемлекеті Түркияның мен үшін 
үлгі, өнеге болып табылады» /35.т.22.441б/. Гейдар Әлиевке Ататүрік атындағы 
халықаралық сыйлықтың тапсырылуы Түркия мен Әзербайжан арасындағы 
өзара тиімді ықпалдастықтың тереңдей түсуіне жол ашып, кейбір белгіленген 
идеялар мен жобалардың жүзеге асуын жеделдетті.
Әзербайжан мен Түркия қарым-қатынастарының жаңа беттерін ашып 
берген өзінің саяси бағыттарымен Гейдар Алиев осы екі мемлекет арасындағы 
ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін белгілеп, жалпы түркі әлемі үшін де 
бірлесе дамитын өркениеттің жаңа мүмкіндіктерін жасап берді. Бұл стратегия 
барша түркі мемлекеттері үшін, әсіресе осы заманғы Түркия үшін де ерекше 
маңызға ие. Түркиядағы саяси ахуалдар алуандығы мен бағыттары қанша- 
лықты өзгергенімен, осынау ұлы түркілік мемлекеттің алған бағытынан және 
Ататүріктің белгілеп берген жолынан таймайтынына деген сенім күшті. 
Гейдар Алиев өзінің саяси бағыттарымен Әзербайжан мен Түркия қарым-
қатынастарының одан әрі өркендеуінің жаңа көкжиектерін ашып, түркі әлемінің 


214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет