Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет143/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
деген ұғым азаматтық инабаттылықтың жаңа сапасына айналуы керек. Жүйенің 
қалыптасуы жолында болатын өзгерістердің бір талассыз ақиқаты бар, мысалға 
оның қалыптасуы барысында неғұрлым кедергілер көп болса, солғұрлым оның 
қарсыласу әлеуеттері де арта түседі.
Соңғы жүз жылдықтарда түркі әлемінде болған жайттар осыған айқын 
дәлел. Мысалға, өзге империялардың құрамында болған түркі елдерінде ұлт-
азаттық қозғалыстар мен ұлттық идеология қалыптасты. Кейіннен олар табиғи 
түрде жалпы түркілік тарихи-саяси алаңға – түркизмге айналды.Түркі әлемінің 
геосаяси аумағы Отан мағынасына ие болып, моральдық аумағы- түркизм 
идеясына бағыт ұстанды. Өз кезінде Наполеон: Елдердің жағрапиясы-олардың 
тағдырларын айқындайды-деген болатын (283.362 бет). Жағрапиялық кеңдігі 
мен түркі әлемі үшін Отан ұғымын орнықтырып, жер аумағының алуан 
түрлілігі мен ландшафтық полифониясы түркі мінезінің саясатын анықтады.
Түркінің жағрапиялық аумағы түрлі себептермен бөлшектеліп қалған кездерде 
жалпы түркілік Отан ұзақ уақыттардан бергі үнсіздіктен соң, генетикалық 
сананың тереңдерінен оянып, тіл қатып, түркілік ұлттық рухтың бар болмысын 
таныта бастады. Оның соқпақтары көмескілене бастаса да, түркілік рухтың 
ізі қалды. Бұл түркілік ұлы жолдың сорабы еді. Сол сорап қайта табылды. 
Бұл түркілердің үлкен жолы. Сондықтан да, түркі мемлекеттері мен оның 
халықтары тәуелсіздіктерінің алғашқы күнінен-ақ, осынау үлкен жолда бірігуге 
бет алысты. Бұл жолдағы жұмыс үрдістеріне түркі геосаяи өңірі түркі геосаяси 
өңірін бетке ұстап жетекшілік етуде. Егер Наполеонның жоғарыдағы сөзін 
өзімізше тұжырымдар болсақ, Түркі Мемлекеттері Одағын құру түркі әлемінің 
жағрапиялығы арқылы оның тағдырын айқындайтын болады. 
Еуразияда жүріп жатқан ырғақты үш тұғырлы жүйедегі (ұлттық, жалпы 
түріктік, әлемдік) геосаяси үрдістердің негізінде алғашқы сыртқы және ішкі 
саясатты ұйымдастыруды тұңғыш рет мемлекеттің құрылысында Әзербайжан 
Республикасы пайдаланды.
Мұны біз тарихи жетістік ретінде мақтан етеміз. Республиканы құрушы- 
лар мемлекеттіліктің ұлттық дәстүрлеріне сүйеніп, түркі әлемімен тарихи 
байланыстарды жаңғырту және халықаралық қауымдастықпен қарым-
қатынастар орнату қызметтерін жинақтай отыра, ғаламдық өркениет дамуының 
арнасына түсуге бағыт ұсады. Әзербайжан Халық Республикасы Ұлттық 
Кеңесінің Төрағасы Мамед Эмин Расулзаде еліміз парламентінің бірінші 
отырысында туған түркі тілінде сөйлеп, былай деп мәлімдеді: «Бір ұлт тәуелсіз 
және еркін болуы керек. Сосын тәуелсіз болғаннан кейін өзге ұлттарға да 
өздерінің көңіл қалаулары таңдаған осындай одақты ұсынуы тиіс. Әлемнің 
барлық ұлттарын халықаралық бірлікке әкелу-бұл біздердің ең құнды да, 
қасиетті мұраттарымыз» (2). М.Э.Расулзаде мен өзге де республикашылдар 
Әзербайжанды үлкен гүл шоғындағы бір тал гүл есебінде санап, өз күштерімен 
Әзербайжан мен Түркияның арасындағы байланыстарды одан әрі ең биік 


249
Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері
деңгейлерге көтеруге мүдделілік танытып, сайып келгенде әзербайжан жалпы 
түркілік және әлемдік қарым-қатынастардың квинтэссенциясын бөліп көрсетті. 
Соңғы жүз жылдағы осындай қуаттардың өсе түсуінің жалғасуы, оның ішіндегі 
бүгінгі егеменді ұлттық субьектілерді ғаламдық ынтымақтасу үрдістермен 
қатар халықаралық бірлікке бастауы бірегей интегралдық жүйедегі Түркі 
Мемлекеттері Одағының өз дербестігінің жолдарын табуына жол ашуда. 
Егер түркі геосаяси өңірінің, оның Түркі Мемлекеттері Одағына өзгеруі
үстірт те болса, көз салсақ,бұндай мүлдем қарама қарсы сценарийлер Еуразияның 
тарихи дамуының қисынымен қабыспайды. Неге десеңіз, геостратегиялық 
тұрғыдан қарағанда ең алдымен Түрік Республикасынан Қазақстан 
Республикасына дейінгі оның геосяси жер бедерінде түркі мемлекеттері 
одақ құра алмайды, қайта ол одақты Еуразияда құрады. Бұл тұста үлкен 
мүмкіндіктерге Ресей мен АҚШ ие де, Қытайдың мүмкіндігі оларға қарағанда 
аздау болса да, олар өзге мемлекеттермен одақ құрудың әлеуетті орталықтарына 
айналуы ғажап емес. Өңірлік мемлекеттер болса, екінші дәрежедегі елдер 
ретінде болса да, Еуроодақтың құшағына енуге құмар. Еуразиялық Одақтың
 
шығысқа қарай кеңеюінің (егер, бұған Ресей мүмкіндік беріп, АҚШ пен Қытай 
бөгет жасамаса) барынша жұмсақтау
 
үлгісіне өңірлік мемлекеттердің ЕО-ның 
құшағына екінші дәрежедегі елдер ретінде енуін, болмаса, ең нашар деген жолы 
– демократиясы әлі қалыптаспаған елдердегі радикалды теократиялық күш- 
терді топтастырып, үшінші санаттағы субьектілер ретінде Еуроодаққа енуі дер 
едік (298.127-150 бет)

Бір немесе бірнеше түркі мемлекеттері мен елдері түркілердің геосаяси 
жүйесін ыдырату мақсатында өте бір әдемі декларациямен түркілерге қарсы 
жауыққан альянстарға тартылуы мүмкін. Осы жағдайда батыс (Кавказ 
бен Кіші Азия) және шығыс арасында (Орталық Азия), Каспий бассейіні 
өңірлерінің, дәлірек айтар болсақ, Батыс және Шығыс түркілік өңірлердің 
арасында жік пайда болуы мүмкін. Осы нұсқалардың баршасын жобалау 
мен оларды жүзеге асырудың мақсатында түркілердің өздерінің атақоныс 
жерлеріне қатысты сенімді сөздерінен бас тартуы керектігінің емеуріндері 
жатыр. Шындығында да, егер түркілердің жерлері Еуразияда болса, онда 
түркі мемлекеттері өз одақтарын құру ісін созбаққа салып немесе осы жолда 
батылсыздық танытып, ынтымақтарын ыдыратуға, өзге одақтарға кіруге бет 
алар еді де, қауіпті бағыттарынан кенеттен айнып, бас тартар еді. Еуразияда 
болған түрік мемлекеттері орта ғасырларда осы себептермен де өздерінің 
басымдықтарын жойып алған еді. Феодалдық соғыстардан шаршап, қажыраған 
түріктер өз араларында тұрған таулар мен өзендерді шекара есебінде көре 
бастаған. Ол замандарғы мемлекеттерді біздер аталған оқиғалар тізбегінде 
Еуразияның тарихи дамуыныа кереғар қалыпта байқаймыз. Геостратегиялық 
тұрғыдан алғанда мұндай халде егер жер аумақтары Түрік Республикасынан 
Қазақстан Республикасына дейінгі өңірлер ретінде мойындалса, онда түркі 


250


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет