Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет141/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   169
V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
Түркілерді біріктіретін Түркі ынтымақтастығының идеологиясы туралы 
айтқанымызда, дұшпандық пиғылдағы күштердің қисынға сыймайтын, 
адамзатқа қарсы ниеттегі істеріне көңіл аударғанымыз дұрыс.Түркілер 
идеологиясы екіжүзділік пен зұлымдыққа емес, ерлік пен жалпы адамзатқа деген 
махаббатқа негізделген. Біздің жеңімпаз-көшбасышымыз дұшпанның туына да 
құрметпен қарауға үндесе, дұшпандарымыз идеологиямызға қарғыс жаудырып, 
туымызды аяқтарының астына басқысы келеді. Біздің идеологиямыздың 
маңызды мақсаттарының бірі де бүгінгі заманғы Монтескеьлерге де осынау 
айырмашылықты ұқтыру. Сондықтан, одақтастықты табысты дамытудың да 
бір шарты осы.


VI ТАРАУ
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ 
ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ 
СТРАТЕГИЯСЫ


244
21. ЖАЛПЫ ТҮРІКТІК ГЕОСАЯСИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ 
ЫРҒАҚТЫ ДАМУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Жер бетінде өркениет пайда болғанда немесе оның ерте дәуірінде мемлекет- 
тер тым аз болды да, олар соғыс пен саясат стратегиясын ғана білді. Мысалға, 
көне гректерге антикалық Грекиядағы мемлекет-қалалардың қалыптасуының 
алғашқы кезеңінде бұл қосарланған атқарымдылық стратегиясы өз 
нәтижелерін берді. Неге десеңіз, Грекияның әскери стратегтері алдағы 
шайқастарының тактикалық жолдарын ертерек белгілеп, сарбаздар шептерін 
белгілеп, өз жоспарларының іске асуларының барша ендіктерін белгілейтін 
болғандықтан, үнемі жеңіске жетіп отырған. Антикалық дәуір гректері 
сонымен бірге, саяси стратегияларды да шеберлікпен пайдалана білген. 
Грекиядағы одақтас қалалардың қалыптасуы тек қана дұрыс саяси стратегияны 
қолдана білгендіктерінен еді. Осы тұрғыдан алғанда Еуропаны жаулап алған 
түріктерді әскери және саяси стратегияның патриархтары деп айтуға болады. 
Осынау терең стратегиялық талантты француз тарихшысы Рене Груссе ойдың 
өткірлігінен деп бағалайды. Бұған қоса ол түріктердің уақыт координаттары 
мен кеңістіктеріндегі көзқарастарының сұңғылалығынан дейді. Расында да 
олар бүгінде өз болашақтарын сезініп, сол түйсіктерін кеңейте түсіп, өте-мөте 
икемді қимылдар жасауда (241.148-151 бет). 
Ғұндар дәуірінен бастап түркілер Еуразия жүрегінде әбден жан-жақты 
ойластырылған әскери және саяси стратегияларды қолдана отырып, Еуразияның 
жүрегінде ғана өз мемлекеттері мен империясының пантеондарын құра алды. 
Бүгінгі замандағы түркі көрегендігі мүлдем жаңа тарихи миссияда, яғни 
ынтымақтастық қызметін айғақтайтын Одақты құруымен көрінуі керек.
Сонымен бүгінде:
– Тәуелсіз түркі мемлекеттері өздерінің Одақ құруға деген ынталарын 
интеграциялық қызметтерімен айғақтауда.
– Бұл интеграцияның негізіне жетекші бағыт ретінде саяси-экономикалық 
ықпалдастық алынуда;
– Гуманитарлық-идеологиялық негізгі беталыс үрдістері біртіндеп барған 
сайын тұжырымдамалық сапаға көшуде;
– Осынау негізгі беталыстар мен тәуелсіз идеялар мен бастамалар ойдағыдай 
үйлесуде;
Өз мемлекеттерінің Одақты құрудағы нақты жолындағы қолдары жеткен 
табыстарын түркі халықтары қолдауда. Бұл-Түркі Мемлекеттері Одағы – 
түркілердің саяси дегдарлары ғана емес, сонымен қатар жалпытүркілердің де 
қалауы екенін көрсетуде;


245
Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері
Сайып келгенде, бұл Түркі мемлекеттері одағының стратегиялық келешегін 
айқындайтын белгілер үшін керек. Яғни бұл тұста стратегия тәтті қиял немесе
ізгі арман ретінде емес, Еуразияда бағзы замандардан бері тұрып келе жатқан 
түркі халықтарының шынайы мақсаттарының бағдары ретінде көрініс беріп, 
жалпы түркілік ерік пен ТМО-ның түбегейлі стратегиясы ретінде бірлік 
тәжірибесінің негізінде қол жеткен берік стратегиялық параметр қалпында 
басты мақсатқа айналып, келешектің теориялық-прагматикалық құрылымын 
білдіруде. ТМО-ның түбегейлі стратегиясы түркі мемлекеттерінің жуықтама 
стратегиясында үйлесімді мазмұнға ие болып, негізгі мақсаттарды біріктіруі 
керек. Түркі Мемлекеттері Одағының стратегиясын, таяудағы және болашақтағы 
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын себептерді айқындау Еуразиядағы 
геосаяси факторларды сараптау мен терең зерттеу арқылы ғана мүмкін. 
Анығы сол, геосаяси себептер геосаяси стратегияны туындатып, өз кезегінде 
геостратегия саяси стратегияны мазмұнға толтырады және оның жолдарының 
баспалдақтарын айқындайды. Сонымен қатар әрекетерге қарсылық ретінде 
міндетті қызметінің сапасына көшкен саяси стратегия геостратегиялық 
параметрлерді түрлендіріп, алдыңғы қатарға геосаясттың тың үрдістері мен 
оған қатысушылардың жаңа үйлесімін шығарады. 
Егер түркі аумағының жаңа геосаяси өңірінің дамуына көз жүгіртсек, онда 
тұрақтылық пен ырғақтылықты қатар сақтаған маңызды үрдістердің жүріп 
жатқанына куә боламыз. Еуразиядағы геосаясаттың тарихи түрленуі түркілік 
геосаяси өңір шеңберіндегі орталық организмнің тұрақты бекуінің себебі болып 
отырғанын байқаймыз.Тіпті түркі этносының геолингвистикалық жіктелуінің 
өзі түркі әлемінің шашыраңқы субьектілерінің арасында тілдердегі туысқандық 
тамырлары үзіліп, жоғалардай жарықшақ тудыра алған жоқ. Замандардың сұрқия 
желі қаншама сілкілесе де түркі ұлттары арасын байланыстырып тұрған түркі 
тілдеріндегі ортақ тінді туыстықтың нәзік жібі үзілген жоқ. Осынау байланысты 
түркілердің ұлы тарихы жасады. Оның бабалар өсиетінен құрылатын қисыны 
да қуатты. Бұл өсиеттер түркі тілдері туыстығының мызғымас тұғыры – Орхон-
Енисей жазбаларындағы ескерткіштерде баян етілген.
Бүгінде жер көлемі Еуразиядағы Қазақстан Республикасынан Түрік рес- 
публикасына дейін созылып жатқан түркі әлемінің полифониясы өзінің алуан 
түстілігімен бірегей жүйені құрап тұр.Түрік геосаясатының аймағы өзінің үндесу 
табиғатында ең жоғарғы танымдық стратегиялық биікке жеткені соншалық, 
өз болмысы мен айналадағы әлемді өзі жете танып, осыған орай келешегінің 
де көкжиектерін айқын көріп отыр. Түркі геосаяси аймағының қалыптасуы 
стратегиялық тұрғыдан қарағанда табиғи және үш кезеңге сабақтасады, Түркі 
геосаяси аймағына кірігіп, түркі геосаяси құбылып, Түркі геосаяси жүйесі 
Түркі мемлекеттерінің одағына айналады. Түрік этножағрапиясының барша 
мемлекеттері мен халықтары ұзақ мерзімдік тарихи кезеңнің өне бойғы 
жолында түркі геосаяси өңірін қалыптастырды.Тіпті түрлі империялардың 


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет