Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет142/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
құрамында Түркиядан басқа жерлерде өмір сүрген басқа да түркі халықтары 
бұл өлкелердің түркі әлеміне қарайтындықтарына күмән келтірмеген. Әлбетте, 
аталған өңірлерді бөлшектеуге жасалған әрекеттер аз болмаған. Дегенмен 
бұл қадамдар еш нәтиже бермеген. Алайда, түркі мемлекеттерінің тәуелсіздік 
алулары түркі әлемінің геосаяси жүйе ретінде қалыптаса бастауына жол ашты.
Бұл жолғы үрдістер егеменді түркі мемлекеттерінің еркімен оның геосаяси 
өңірін бірегей саяси-экономикалық алаңдағы ахуалға жеткізіп, оны заңға сәйкес 
жүйелік жағдайға жеткізуге қызметтер жасауда. Осынау тарихи үрдістер Түркі 
Мемлекеттері Одағын жүзеге асыруға қажетті кезеңнің тарихи белесін бастан 
кешуде. Түркі геосаяси өңірінің түркі геосаяси жүйеге ауысуы, Түркі геосаяси 
жүйесінің Түркі Мемлекеттері Одағына ауысуы – бұл соңғы және шешуші кезең. 
Бұл онымен қатар әлемде барған сайын кең құлашпен жүріп жатқан дүниежүзілік 
ықпалдасу үрдістерінің маңызды бөлігі. Бұл өзгеру заңдылығының маңызына 
одақтың құрылуы кезеңіндегі ғаламдық интеграция шарттарының бірлікке 
қажетті ережелерінің дұрыс орындалуында жатыр. Әмбебаптық пен бірлесудің 
үндестігі құрылып, жеке меншіктен жалпыға ортақтыққа көшу ырғақты геосяси 
байланыстардың үш деңгейінде-Ұлттық (Түркі Ұлттық Мемлекеті), жалпы 
түріктік
 
(Түркі Мемлекеттерінің Одағы) және әлемдік
 
(халықаралық одақ) өтеді. 
Егемендік субьектілері бекітетін жүйелер халықаралық құқықтарда одақтың 
мәртебесін алады. Ұлттық заңдардың халықаралық заңдармен себептес болуы 
және олардың күшімен халықаралық ашық жүйелер құру (212.383 бет), доктрина 
секілді бұйрықтылыққа жету, мемлекеттер мен ұлттың еркіндігін ғаламдық 
саясат пен оның ұлттың мәртебесінде қабылдау-бұлар халықаралық құқық пен 
халықаралық саясаттың ережелері мен тәртіптерінің түбегейлі ұстанымдары 
(228.230-234 беттер). Неге десеңіз, ұлттық мемлекеттер халықтың ең жоғары 
деңгейдегі мұраты мен еркіне және белгілі бір аядағы этнотарихи жағрапия 
арқылы өз болмысына әлеуметтік-мәдени дамуды, дербес шаруашылығының 
жетілуі мен материалдық- экономикалық өмір сүру салтын, дүниетаным мен 
ұлттың идеологиясын тартады, сонымен бірге тұрақты түрде ұлттық энергиясын 
таратады (236.57,91 беттер). Ұлт әлсірегенде, мемлекет те жоғалады, мемлекет 
әлсіресе, ұлт та жоғалады. Бірін-бірі толықтырып, құрап тұратын мемлекет пен 
ұлт мыңдаған жылдардан бері тарихтың саяси-мәдени атрибуттарының бастысы 
болып келеді. Сондықтан да, тіпті көп ұлтты мемлекеттердің өздері де бүгінгі 
заманда ұлттық сәйкестікті сақтап, дамытуға ерекше көңіл бөледі (262:242). 
Халықаралық жүйенің геосаяси тәртібі ұлттық мемлекеттер субьектілерінің 
қақтығысулары мен жарасуларынан туындайтын тарихи-саяси үрдістердің 
барысында ерекше күйге түсетін өзара мүдделілік саласының негізінде 
қалыптасады. Алайда ұлттық мемлекет қанша күшті болғанымен, ол 
халықаралық жүйенің геосаяси пішім үйлесіміне сәйкес келетін тұсынан өзге 
мемлекеттермен одақтаса отырып, өзара мүдделілік негізінде өз орнын алуға 


247
Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері
тырысады. Түрік зерттеушісі Назми Чора атап өткендей: «Бүгінгі әлемде ұлттық 
үкіметтерінің мүдделерін қорғай отыра, мемлекеттер халықаралық аренада 
топтасу жолы арқылы Әлемдік саясатта салмақты рөль ойнауға тырысады...» 
(101.138 бет). Интеграцияның табиғи және қажетті осынау уәжі бүгінгі заманғы 
мемлекеттер одағы саясатының тұғырында тұр. Олар қаншалықты күшті болса 
да, жеке өздерінің одақтас елдермен бәсекеде жеңе алмайтынын жақсы біледі. 
Сондықтан да батыс өркениетіндегі мемлекеттер өздерінің геосаяси салаларында 
өздеріне керекті одақтастық тіректі құрады. Осындай қажеттіліктен Солтүстік 
атлантикалық альянс /НАТО/ пен Еуропалық Одақ /ЕУРОО/ құрылған болатын. 
Егер, АҚШ пен Еуропа елдері секілді аса күшті дамыған мемлекеттердің 
өздері де одақтастыққа мұқтаж болса, геояси қарым-қатынастар аса күрделі 
де шиеленіскен жағдайдағы аймақтардағы одан әрі дамуға қажетті егемендікті 
сақтауға керекті одақтастық маңызға ие бола түсері анық. Сондай-ақ, үлкен 
әскери-саяси мүдделер қақтығысқан Еуразия аймағында да жағдай осындай. Бұл 
жердегі, яғни түркі геосаяси аймағында жас та егемен ұлттық субьектілердің 
одақтасуы олардың өмір сүру қажеттіктерінен туындауда. Мұндағы геосаяси 
байланыстардың үш сатылы ырғақты жүйесі (ұлттық, жалпы түркілік, әлемдік) 
тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық бірлікке бағытталған интеграциялық 
қатынастарын, түркі ұлттық мемлекеттерінің жалпы түріктік одағын құруды 
(бірінші деңгей), жалпы түркілік одақты жасауды (екінші деңгей), халықаралық 
қауымдастыққа кірігу мұраттарын (үшінші деңгей) дамыта түсуде. 
Енді Еуроодақтың мысалында тәуелсіз еуропалық мемлекетер мен Еуро- 
одақтың халықаралық ынтымақтастықтағы халықаралық істерге қатысуларын 
талдайық. Демек, түркі геосаяси аймағының өзгеруі қаншалықты заңды деген 
сауалға жауап іздеп көрелік. Ал түркі геосаяси жүйесінің – Түркі Мемлекетері 
Одағының заңдылығы соншалық, оның үш деңгейлі даму жүйесі (ұлттық, 
жалпы түркілік және әлемдік) халықаралық саяси жүйені нығайтудың құрамдас 
бөлігі ретінде қарастырылады да, осынау диалектикалық заңдылықта ұлттық 
деген ұғым геосаяси аймақта жаңа мазмұнды иеленеді. Еуропалықтар еуропа 
геосаяси аймағында, ал түріктер түркі геосаяси аймағында ұлттық деген 
ұғымды аса кең ауқымда түсінеді. Мысалға, Қырғызстан Проезиденті Алмазбек 
Атамбаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапармен келгендегі 
сөзін келтіре кетелік: «Біздің елдерімізді тарихи тамырлар біріктіріп тұр. 
Біздер, түріктер (59) осы тұрғыдан қабылдануымыз керек. Қырғыз (болмаса, 
кез келген түркі тілдес елдің өкілі) өзін түрікпін деп таныстыратын болса
ол өз болмысынан түркі дүниесін көріп тұрса, ол осынау әмбебаптығын 
таныта алады. Туысқандық тамырлары ортақ ұлттар нақты айтқанда, (Түркі 
мемлекеттерінің одағы) өз одақтарын құрса, ұлттық одақтардың арасындағы 
біртектектілік мына мемлекеттердің (түрік, әзербайжан, түрікмен, қазақ, өзбек, 
қырғыз) шекараларын қамтып, жалпытүркілік ұлттың ортақ болмысын қалар 
еді...» Түркі мемлекеттерінің одағын құру үрдістері кезінде ұлттық түркілік 


248


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет