Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет19/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   169
Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы
мәселелерді талқыласты, пікірлерін ортаға салды және нақты шешімдер 
қабылдау үшін билеуші Әмір Темірге ақыл қосып, кеңестерін берді. Жағдай 
жан-жақты сараланып, талданып болған соң, қабылданған шешімдердің 
сөзсіз орындалуынан кейін ғана жеңіске қол жететін болған. Түркі қоғамында 
қордаланып қалған мемлекеттік не болмаса азаматтардың басындағы маңызды 
мәселелерін шешуде Құрылтайдың (съезд) алар орны да ерекше еді. Осы 
айтылғандардың барлығы да, 
түркілерден тарихи жолмен алынған мемлекеттік 
тәжірибелердің, 
шын мәнінде де, маңызы өте жоғары екендігін айғақтайды. 
Осы тәжірибелер негізінде, бірінші кезекте мемлекет құрудың ең басты шарты 
болып саналатын, соның деңгейінде ойлау парасаты қалыптасты. Тарихи 
кезеңдердің әр заманындағы уақыттардың қатаң талаптарына орай әрекет етіп, 
ең озық әдіс-тәсілдерді ғана айыра білген, оларды дұрыс таңдай алған мемлекет 
басқарушылары, сол кездің өзінде бюрократиялық тұтастықты және жергілікті 
халықпен байланыс жасаудың жолдарын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, 
қолдарынан іс келетін кәсіби шенеуніктерді, бақарушыларды, сондай-ақ әскери 
әрекеттерде өздеріне жауапкершілік жүгін алуға қабілетті стратегтерді және 
әскер басшыларын өсірді. Ұйымдасқан халық пен содан жасақталған әскер өз 
мемлекеті мен Отанына адалдықтың шынайы үлгісі бола алды. Тұрғындардың 
ұлттық және исламдық құндылықтарға негізделген мемлекеттік, азаматтық және 
мүліктік құқықтары сақталды және сол заманның иерархиялық басқару жүйесі 
де халықтың өмірлік маңызы зор мүдделерін толық қамтамасыз етуге ұмтылды. 
Түркі мемлекеттеріндегі және бірегей ерекшелік зерттеушілердің назарынан 
тыс қалмады: бұл мемлекеттерде төменгі әлеуметтік топ ішінен, әсіресе жастар 
арасынан мемлекеттік істерді сауатты жүргізуге қабілеті барларды іріктеп алу 
мүмкін болып қана қойған жоқ, аталған әдіс үнемі бақылауда ұсталып, мемлекет 
тарапынан үлкен қолдауға ие болды және жүзеге асырылып отырды (189, 199 
бет).
Мұндай жылжымалы жүйе мемлекеттік қызметкерлердің төменнен жоға- 
рыға қарай өсіп немесе жоғарыдан төменге қарай түсіп қалу тәжірибесінің үнемі 
қозғалыста болуына мүмкіндік берді. Бұл басқару жүйесі қандай да бір құрал 
ретінде қабілетсіздердің қолында қалып, салдарынан қоғамның тығырыққа 
тірелуінің алдын алу, халық пен мемлекет арасындағы сенім мен байланыстың 
үзілмеуін үнемі қамтамасыз етіп отыру үшін қажет болды. Назарға алынар 
болса, мұндай меритократияның бүгінгі кезең үшін де тамаша үлгі болары анық 
еді. 
Классикалық түркі мемлекеттеріндегі сыртқы және ішкі саясаттардың 
келістілігін, көршілес елдермен қарым-қатынас түрлерінің икемді және сындарлы 
стратегияларға негізделуін, олардың қол жеткізе алған жетістіктерінің ең басты 
шарттары деп бағалаған орынды болады. Дегенмен, түркілердің дамығанын 
іштарлықпен көре алмайтын, дұшпандық ниеттегі мемлекеттердің саяси 
тарихшылары мен шежірешілері, бәрімізге де белгілі себептерге сәйкес, бір 


40
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
кезеңде өмір сүргендіктен көп нәрсені көріп-біліп отырса да өз зерттеулерінде, 
түркі мемлекеттерінің дүниеге салиқалы көзқарастары мен игілікті танымдары 
туралы емес, керісінше «тырнақ астынан кір іздегендей» кейіп танытып, 
олардың арасындағы кикілжіңдер туралы айтып қалуға тырысып бақты.
Түркілерді ешуақытта да соғыстан көз ашпаған, бейбітшіліктің, тыныштық 
пен қауіпсіздіктің не екендігін білмейтін сияқты етіп көрсетуге ұмтылды. 
Бір жерден екінші орынға көшіп барған жерінде қару қақтығыстыра беретін 
соғысқұмар ретінде суреттеп қалуға құмарлық танытты. Барлық уақытта 
да көршілес мемлекеттердің, тіпті бауырлас саналатын барша түркі тектес 
елдер мен ондағы халықтардың да бастарына тек пәле әкелген деп үн қатып 
қалуға тыраштанды. Алайда, «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демекші, түркі 
мемлекеттігінің шынайы зерттелуі нәтижесінде (128, 100 бет) бұған дейінгі 
айтылып келгендердің шындыққа еш жанаспайтыны әшкереленіп, тек «жел 
сөзді» ескен екі елі ауыздарға төрт елі қақпақ қойылды. Сондай-ақ, желдей ескен 
желпіме сөздердің барлығы да нақты дәлелдерге төтеп бере алмағандықтан 
жоққа шығарылды.
Түркі саясаткерлері бейбіт уақыттарда соғыстың жағдайын, ал соғыс 
уақытында – бейбітшіліктің түрлі нұсқаларын қарастырып отырды. Әрине, түркі 
мемлекеттерінің өзге де көршілес басқа елдермен, сонымен қатар бір-бірімен 
жаға жыртысып, өз ара соғысқанын да әсте естен шығармау керек шығар. Бұл 
соғыстар оларды қаншалықты әлсіретіп жіберді десек те, бұл ұрыстар оларды 
соншалықты шынықтырды да шыңдай түсті және күшті етті. Соның арқасында 
түркілер басынан сөз асырмайтын мықтылығын, әскери және де жеңімпаздық 
рухын сақтай алды. Түркі мемлекеттері жеке басының қауіпсіздін қамтамасыз 
ету мақсатында қолдағы мүмкіндіктерді толығымен сарқа пайдаланып қалуға 
тырысты. Ал, егер де жоғарыда айтылып өткендей саяси тарихшылар мен 
шежірешілердің түркі мемлекеттері көз ашқалы бір-бірінің тайпасын жойып 
жіберу үшін соғыса берген деген шатпақтарына сене берер болсақ, онда бүгінгі 
күндері Жер бетінде бірде-бір түркі мемлекеті қалмаған болар еді ғой. Бірақ 
олар қалды, бар және бола да бермек! Міне, шындық қайда?! Жан беріп, жан 
алысқан аяусыз қырғындарда түркілер тек өз ұлтын ғана емес, сонымен қатар 
көршілес қоныстанған елдерді де, халқымен қатар олардың мәдениетін, тілін, 
тарихи ескерткіштерін, әдет-ғұрпы мен қолөнерін де сақтап қалды. Егер біз 
түркі мемлекеттерінің эволюциялық үдерісінің жалпы көрінісін қадағалап 
қарайтын болсақ, онда біз 
солардың ішіндегі тарихи-саяси қатынастардың 
динамикасы аталған мемлекеттерде тұрақтылық пен аймақтық-геосаяси 
конфигурацияның орнығуы мен беки түсуін қамтамасыз еткенін көреміз.Тікелей 
қарым-қатынас түрлері 
мемлекеттіктің көнеден бастап бүгінгі күнге дейінгі 
тарихи дәстүрлерінің жеткізілуіне ықпал етті. Ал, 
көлденең қарым-қатынас 
түрлері болса
мемлекет үшін түрлі деңгейдегі ортақ бір уақыттың байланысы 
және мемлекеттің өз мүмкіндігі шегіндегі өзара мүдделердің сақталуының 


41
Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы
негізін қалады. Түркі мемлекеттерінің түп тамырының қаншалықты тереңде 
екендігіне көз жеткізу, олардың сол уақыттағы үлкен саясаттан еш жаққа да 
ауытқымай, туыстық-бауырластық негіздерді басшылыққа алып келуінің 
қарапайым қисынын түсіну үшін, олардың арасындағы күні бүгінге дейін 
жалғасып келе жатқан өте жақын да тым ыстық қарым-қатынастарға қарап 
отырып, көз жеткізу қиын емес. 
Осы бір бұлтартпас шындықтың бар болмысын дер кезінде көре және мұны 
жаңа кезеңдегі түркілердің санасына сіңіретін уақыттың жеткендігін өзгелерден 
бұрын түсіне алған дана Мұстафа Кемел Ататүрік: «Біздің түркі ұлты – көне 
де даңқты ұлт. Шындығында да, Алтай тауының бөктерінде жетілген ол, 
қыранның бойындағы жетістіктерді – яғни қиядағыны қалт жібермей көре 
білу, көкке самғай ұшу мен күшті денеге ие болу, рухты байытуға қабілеттілік 
секілді қасиеттерді жас күнінен бойына жинай білді. Іс жүзінде, құқықтық-
моральдық немесе материалдық шектеу дегенді білмей өскен олар, отан-анадан 
алыс жатқан әлемдерге көз тігіп, оларға қарсы бой көтерді. Яғни сол уақыттарда 
біздің ежелгі ата-бабаларымыз батыс пен шығысқа тарады. Сондықтан да біздер, 
бүгінгі түркілер ежелгі ержүрек бабаларымызбен тікелей байланыстымыз... 
Қытайға елшілерін аттандырған және Византияның елшілерін қабылдаған Түркі 
мемлекеті – бұл біздің түркі-бабаларымыздың қолымен тұрғызылған мемлекет... 
Біздерді Азия мен Еуропа, тіпті Африка жақсы білетін ұлтпыз. Біздің әскерміз 
бен сауда кемелеріміз мұхиттар толқынын «май кескен пышақтай» тілгілеп 
өтіп, туымызды Үндістанға да тіккен» (96, 166-168-170 беттер). 
Ұлы Ататүріктің осыдан ондаған жылдар бұрынғы айтып кеткен шындығы 
аясында түркі мемлекеттерінің осы ғасырдағы келешегінің кемелі анық көрініп 
тұр. Осылардың барлығы да түркі мемлекеттері генезисінің әлемдік саяси 
көріністердің шын мәніндегі жаңа феномені деп айтуға толықтай мүмкіндік 
береді; аталған феномен Батыс пен Шығыстың мемлекеттігінің дәстүріне жаңа 
реңк беріп, тың сипат әкелгені тарихи дәлелденді, сол арқылы әлемдік саяси 
ойлау жүйесінің дамуына да өз үлесін қосты. 
Түркілердің саяси рухы қашанда тынымыз күйде болды – бұл күш, тіршілік 
пен жасампаздық жолында бір сәт те тыныштық көрмей, шарқ ұрды. Бұл рух 
саяси шынайылықтың үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталды, 
сондықтан да ол саяси ландшафттың қозғаушы күші болып табылды және әлі 
күнге дейін солай. Бұл әлемдік тарихи тәжірибе құптаған, мақұлданған шындық.


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет