Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет36/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   169
османдық, 
исламдық және түркизм секілді 
үш тұғырнаманың алдында тұрды, дегенмен 
мемлекетті құтқару жолын түркизм деп таныған олар, осы жолға таңдау жа-
сады. Шындығына келер болсақ, османдық немесе исламдық идеяларды емес, 
нақ осы 
түркизм саясатын мемлекеттік саясат мәртебесіне дейін 
көтеруді 
алғаш ұсынып, түркизмнің негізінің қалануына жол салған да нақ осы Юсуф 
Ақшора болатын. Түркизм саясаты туралы сөз қозғала қалғанда, оның алды-
мен айтары Ресей мен Осман империясында тұратын түркілердің түбі бір ұлт 
екендігін мойындау және бірыңғай мемлекет құру идеясын қорғау мәселелері 
болатын. Түркілердің бірін-бірі тани түсуі мен олардың мәдени мәселелерде 
бірігуі Юсуф Ақшораның көкейіндегі асыл арманына айналды... Ақиқатында, 
ол ұсынған түркизм идеясының астарында келешекте жеке-жеке түркі мем-
лекеттерін құру және олардың тәуелсіздіктерін қамтамасыз ету мақсаты жат-
ты (53, 13 бет).1928 жылғы «Түркизм тарихы» аталатын еңбегін жұртшылық 
оның шығармашылық деңгейінің шыңына бағалайды. Түркілер мен әлемнің 
басқа да халықтары үшін түркизмнің ұлттық, жалпыадамзаттық маңызы ту-
ралы жазылған еңбегінде, ол идеологиялық жүйелер арасында түркілердің 
өзгелермен салыстыруға жатпайтын ұстанымын көрсетеді және оның тарихи-
теориялық негіздерін анықтайды. Түркия мен Ресейде, Әзербайжанда және Кав-
казда, Орталық Азия мен Қырымда, сондай-ақ Қазанда түркизм қозғалысының 
қалай дамып, қай бағытта жылжып келе жатқандығын кезек-кезек зерттеген 
Юсуф Ақшора, түркизмнің қалыптасуы жайында әңгімелейді. Ал, ең бастысы 
түркизмнің қайнар бастауында тұрған сол дәуірдің ойшылдары туралы ол кере-
меттей энциклопедиялық дәлдікпен айна-қатесіз етіп айтып береді. Олар: Ши-
наси мен Зия Паша, Ахмед Вефиг Паша, Мұстафа Джалаладдин Паша, венгр 
Вамбери, бұхаралық Шейх Сүлеймен Әпенді, Ахмед Мидхад Әпенді, Сүлеймен 
Паша, Ахмед Джевдет Паша, Мирза Фатали Ахундзаде, Шейх Джамаладдин 


70
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
Афгани, Гасан бек Зардаби, Исмаил бек Гаспыралы, Шахабеддин Марджани, 
Шамсаддин Сами, Наджиб Асим, Велед Челеби, Амруллах Әпенді, Таир Бурса-
лы, Рауф Фуад, Ахмед Хикмет Мюфтюоглу; саяси түркизмнің өкілдері – Юсуф 
Акчура өзі, Али бек Гусейнзаде, Ахмед бек Агаоглу, Хилми Туналы, түркизм 
ұйымын құрушылар – Хамдуллах Субхи, Зия Гёкалп және де басқалар (92

еді. 
Осынау беделді топ тізімі арасынан Әзербайжанның жаңа кезеңінің 
мәдениетін қалыптастырушының да есімін көріп отырмыз. Демек, мұны 
түркі әлемі ұлттық мәдениетінің таңдаулы өкілдерінің бір-біріне жақын да, 
солай бола тұрғанымен алыста орналасқан түрлі елдерінде тұрып жатты. 
Соған қарамастан, олар өздерінің табиғи дауыстарын керемет бір қуатты да 
үйлесімді үнге айналдыра алған тарихи сәтте, сондай жауапты уақыттарда 
өмір сүрді деп айтсақ жарасады. Олар өздерін жалпы түркизм идеясы атала-
тын алып «шатырдың» астынан көріп, жасаған қызметтерін де аталған идея-
мен жалғастыру жолында барлық мүмкіншіліктерін сарқа жұмсап бақты. Түркі 
әлемінің әр түкпіріндегі, планетаның әр бұрышындағы ұлттық рухтың оянуы 
өзінің жүру жолдарын анықтады
Түркизм Күнінің 
орбитасымен бір бағытта 
жылжуға келіп қосылды. Юсуф Ақшора, әзербайжандық қоғамдық-саяси және 
әдеби-мәдени ойлардың тарихын зерттеушілер, сондай-ақ түркітанушылар 
мен әзербайжантанушылардың барлығы да «түркизм идеясын қалыптастыруға 
атсалысқсан бірден-бір ел Әзербайжан болды» деген ұстаныммен бірауыздан 
келісіп, осыны қолдайтындықтарын білдіріседі.
Юсуф Ақшора «Экинчи» газетін Ресей империясындағы түркілердің алғашқы 
басылымы деп есептеді (92, 87 бет). «Экинчи» газетінің дәстүрін жалғастырушы 
- «Зия-и Кавказий» ( Кавказ жарығы), «Кешкюль», «Хаят» (Өмір) газеттері, «Фи-
юзат», «Молла Насреддин» журналдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет