Шашыраңқылықтың біртұтастығы
зында тәуелсіздігін алған Өзбекстан Республикасы өзінің саяси, әлеуметтік,
экономикалық және мәдени әлеуетін бір арнаға жұмылдыра отырып, оны мем-
лекет құрылысына арнады және дами бастады. Әлем елдерінің ішінде 56-шы
орнында тұрған Өзбекстан аумағы 447400 шаршы шақырым құрайды, 45-ші
орынға табан тіреген осы елдің халқы 29599100 адамға жетті. ІЖӨ жылдық
деңгейі – 45 млрд 353 млн доллар, ал халықтың тұтыну көрсеткіші – 1 572 дол-
лар деңгейінде (255). Осы аталған түркі республикасы бүгінгі күндері өзінің
ұлттық экономикасын дамыту мақсатындағы қажетті шараларды толықтай
қамтып келе жатыр.
Әзербайжандар мен түріктер секілді оғыздар тобына жататын түрікмендер
де ХІІІ ғасырда Салжұқтар мемлекетінің құрамында өмір сүрсе, ал ХVІ ғасыр-
да өзбектермен бірге Хиуа хандығы және Бұхара әмірлігінің қол астында бо-
лып, 1921 жылы үлкен Түркістанның бір бөлігін құрады. ХХ ғасырдың басын-
да түрікмендер де түбі түркілерден тараған Орта Азияның басқа халықтары
секілді КСРО-ның құрамында қалып қойды. 1991 жылы өздерінің мемлекет-
тік тәуелсіздігін жариялаған Түрікменстан, қойнауында көмірсутегінің үлкен
қоры бар республика ретінде, оны ұлттық экономиканы дамытуға жұмсай
бастайды. Каспий табанындағы кен орындарына байланысты Әзербайжан
мен Түрікменстан арасында бірқатар келіспеушіліктердің орын алуларына
қарамастан, Каспий теңізінің мәртебесін белгілеу барысында, сөз жоқ, аталған
түсінбестіктер өз шешімін табады. Қазіргі уақытта Каспий табаны бойынша та-
сымал құбырларын тарту мен бұдан да өзге коммуникацияларды жүзге асыру
барысында екі ел тарапынан да ортақ іске оң қабақ көрсетіліп, екі жақты терең
түсіністік тамырын жая бастады. Түрікменстан Республикасының жалпы жер
көлемі 491120 мың шаршы шақырым, ал халқы – 5 125 693 адамды құрайды.
ІЖӨ жылдық көлемі 25 млрд 742 мың, ал халықтың тұтыну көрсеткіші – 4
658 АҚШ долларын құрайды. Түрікменстан парламентінің 2003 жылдың 14
тамызындағы шешімі негізінде, алдағы 2030 жылға дейін халық тұтынатын
электр энергиясы, газ, су және тұз өнімі мемлекет тарапынан субсидиялана-
ды (254). Көмірсутегінің үлкен қорына ие Түрікменстан Республикасы аталған
жер асты байлығын өздері үшін өте тиімді бағамен шет елдерге тасымалдау
мақсатында, бүгінгі күндері Каспий – Әзербайжан бағыты бойынша үлкен
дипломатиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қырғыздардың жалпы түркі мемлекеттері қалыптаса бастаған кезеңнен бас-
тап оның алып түркі суперэтносы ретінде дамуына ықпалы зор болды. Олар
түркі мемлекеттері мен империясының шекаралас аймақтарында тіршілік
етті. Қырғызстан Орталық Азиядан бастап Қытайға дейінгі аралықты мекен-
деген елдердің ішіндегі ең соңғысы болып, 1876 жылы ғана Ресейге қосылды,
ал одақтас республика ретінде 1936 жылы КСРО құрамына өтті. 1991 жылдың
31 тамызында өз тәуелсіздігін жария еткен Қырғызстан Республикасының жер
көлемі – 199900 шаршы шақырым құраса, халқы 5362800 адамға жетті. ІЖӨ
жылдық көлемі 5 млрд 920 млн, халқының тұтыну көрсеткіші – 1 070 АҚШ
62
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
долларын құрайды (248). Қырғызстан негізінен аграрлық ел болып есептелгені-
мен, олардың көмір, алтын, уран секілді жер асты қазба байлықтарын өндіруге,
сондай-ақ электр знергиясы мен металлургия секілді салаларды да қоса дамытуға
деген мүмкіндіктері мол. 2005 жылғы экономикалық дағдарыстың салдарын
еңсеріп жатқан Қырғыз Республикасы, бүгінгі таңда ұлттық экономикасының
негізін бекітуді одан әрі жетілдіре түсуде. Егер де, Түркия, Әзербайжан,
Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипрдегі Түркі
Республикасы секілді түркі тілдес халықтардың өз алдына дербестігі мен
мемлекеттік мәртебесі бар болса, бұдан да басқа көптеген бауырлас халықтар
өзге мемлекеттердің құрамында автономиялық деңгейде өмір сүріп жатыр.
Мәселен: Татарстан Республикасы (жерінің көлемі 63 000 шаршы шақырым,
халқы 4 млн адам), Башқұртстан Республикасы (жерінің көлемі 143000 шар-
шы шақырым, халқы 4 120000 адам), Чуваш Республикасы (жерінің көлемі
183000 шаршы шақырым, халқы 1 400 000 адам), Хакас Республикасы (жерінің
көлемі 61 900 шаршы шақырым, халқы 580 000 адам), Саха-Якут Республикасы
(жерінің көлемі 3 103 200 шаршы шақырым, халқы 1 млн адам), Алтай Рес-
публикасы (жерінің көлемі 92 600 шаршы шақырым, халқының саны 205 000
адам), Тува Республикасы (жерінің көлемі 170 500 шаршы шақырым, халқының
саны 320 000 адам) Ресей Федерацияның құрамында болса, Қырым Республи-
касы (жерінің көлемі 26 081 шаршы шақырым, халқының саны 2 млн адам) рес-
ми түрде Украина Республикасына бағынады (138). Көп ұлтты елдердің бұдан
басқа да республикалары мен облыстарында (соның ішінде, Солтүстік Кав-
каз бен Дағыстанда, Қытай мен Моңғолияға жақын аймақтарда) түбі түркіден
тарайтын татарлар, башқұрттар, чуваштар, хакастар, якуттар, алтайлықтар,
тувалықтар, қырым татарлары, ұйғырлар, гагауыздар, қарашайлар,балкарлар,
ноғайлар, құмықтар, шорлар және қарайымдар секілді көптеген бауырлас ұлттар
өз отандарын тапты... Ресей патшалығы, одан кейінгі КСРО кезінде, соның ішін-
де сталиндік қуғын-сүргін барысында, әсіресе түркі халықтары адам айтқысыз
кемсітушілікке ұшырады. Мәселен, қырым татарлары Сібірге, ал қазан татарла-
ры Манчжурияға өз еріктерінен тыс өрескел күш қолдану арқылы көшірілді (62,
11-12 беттер), ал әзербайжандық түркілерді де Арменияның қазіргі аумағынан
Орталық Азияға қарай қоныс аударуға мәжбүрледі.
Ресей империясы мен оның мұрагері атанған кеңес одағының «құдайы»
орыстардың күні-түні мазасын кетіріп, олардың «жегенін желім, ішкенін
ірің» еткен бір мәселе болды. Ол тығыз орналасқан түркі халықтарының
жақындасып кетуіне ешқандай да жол бермеу еді. Осыдан қатты қорыққан
олар Алтайдан бастап Балқанға дейін құлашын жайып жатқан кеңістіктегі
туыс халықты бір-біріне айдап салып, араларын ажыратып тастау саясатын
жүргізді. Түркілердің атам заманнан тиесілі жеріне 1918 жылы алғаш рет Ар-
мения мемлекетін құрып, содан кейін оның белгілі бөлігін Зангезур облысы-
на күштеп қосулары, большевиктердің түркі бірлігін бөлшектеуге бағыттала
жасаған тиянақты жоспарларының бірі еді. Дегенмен, олар бұл ойларын жүзеге
|