79
5. ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
ТАРИХЫНДАҒЫ ТҮРКІЛЕР
Әлемдік мәдениетті түркі мәдениетінсіз көз алдыңызға елестетудің мүмкін
еместігі секілді, әлемдік тарихты да түркі тарихынсыз көз алдыңызға елестетіп
көру мүмкін емес. Егер де әлемдік мәдениеттің сонау көне заманнан осы күнге
дейінгі дамуын зерттейтін болсақ, онда түркі мәдениетінің де өзіндік алар оны бар
екендігін айқын аңғаруға болады. Жалпытүркілік мәдениетті бірыңғай өркениет
үлгісі ретінде қарастырған тарихи-географиялық жағдай, ең басынан-ақ аталған
мәдениетті қалыптасқан жағдайда мезгіл-мезгілімен
дамыту және оны одан
әрі де жетілдіре түсу үшін түркілік этностың
шығармашылық-пассионарлық
мақсаттағы күш-қуаты мейлінше жеткілікті болды. Түркі
мәдениеті дамыған
тарихи кезеңі аралығында өркениеттің сапасы мен өлшемін бойына жинақтады.
Дегенмен, түркілік өркениет қаншалықты ұлғайып дамығанымен де, байлығы
арта түсіп, бойына жаңа сапалар жинағанымен де, ол өзінің өзегінде сақталған
мәдениеттің мемлекеттік түпнұсқасын еш уақытта да жоғалтпады.
Түркі суперэтносының тарихи саралануы, яғни суперэтнос қатарына жата-
тын халықтардың пайда болуы мен суперэтносқа кіретін мәдениеттің қалыптаса
бастауы, сөз жоқ, Еуразия аймағы жүйесіндегі әмбебап этномәдениеттің тұрақ-
ты эволюциялық үдерісіне айналды. Жекелеген ұлттық түркілік
мәдениеттер
өздерінің этногенетикалық жалпытүркілік мәдениетінің
өзегін өз іштерінде
сақтап қана қоймай, оны одан әрі де дамыта түсті. Соның арқасында түркілер
сондай ептілік және жылдамдықпен империялар құра білді және оларды бір-
біріне сәйкес түрлендіре алу ісін де түркілік ұқсастықтың болуы мүмкіндігінің
нәтижесінде қол жетті. Бір-біріне етене жақын мемлекеттерді, олардың тілдері
мен мәдениеттерін бір қолдың астына жинастырып, бұдан да тиімдірек конфи-
гурация ұйымдастыра қою сол кездегі көшбасшылар үшін соншалықты қиын
емес еді. Алайда олардың бөлінуі мен тәуелсіздіктер алуы, бірігулері сол кезде-
гі нақты тарихи-саяси ахуалдарға байланысты, табиғи жолмен жүзеге асырыл-
ды. Сондықтан да түркі империялары мен мемлекеттері
аумақтарын кеңейте
түскенімен де, өздерінің ұқсастығы мен мәдениетін
көздің қарашығындай
сақтай отырып, бөлшектенуге де немесе бірігуге де дайын болды. Біз осы арада
түркі өркениетінің іргетасы да түркі империясы мен мемлекетін құрушылардың
қолымен қаланды деп толық айта аламыз. Түркі мемлекеті, анығырақ айтқанда
– Түркі мемлекеттігі, – бұл тарихи сынақтардың барлығынан да сүрінбей өткен,
түркі өркениетінің ішіндегі ең күшті ұстын.
Түркі мемлекеттігі дегеніміз –
бұл түркі өркениетінің жұлыны іспетті нәрсе.
Әлемдік мәдениеттің дамуы тарихындағы түркілердің
алар орны,
алдымен
олардың өздерінің мемлекеттік дәстүрлерінде жатыр десе болады. Түркілермен