Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет6/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169
«бытыраңқы ұлттардан» 
бас 
тартып, 
«біріккен ұлттар» 
болып ұйымдасудың қажеттігін көрсетіп береді. 
Автор түркі өркениеті архитектоникасының жай-жапсарын егжей-тегжейіне 
дейін зерттеу жұмысын жалғастыра отырып, жүйелік тұтастыққа ие түркі 
өркениетінің архитектоникасын диахроникалық, болмаса синхрондық тұрғыдан 


11
алынса да, оның барлық құрамдас бөлігі бірыңғай органикадан тұратынына 
назар аударады.
Сондықтан да байырғы дәстүрі бар материалдық және өнегелік мәдениет 
тарих үдерісінде қолдан қолға өту арқылы дамыды. Бұған мысал ретінде Орхон-
Енисей ескерткіштерін жатқызуға әбден болар еді. «Ұлттық өсиетхат» деген 
жазуы бар осы тас ескерткіштер мемлекеттіктің жеңімпаз рухы мен Көктүріктер 
империясының (552-745 жылдар) ұлттық кемелденуінің берік ұлылығын 
бейнелейді. Еуразияның ең шалғай аймақтарын біріктіріп, «түркі» деген атауды 
тарихта тұңғыш рет мемлекеттік деңгейге дейін көтере алған Көктүріктер 
империясы Қытай, Сасанид, Византия империялары секілді алып та қуатты 
мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды жөнге келтірді.
Ұзақ уақыт бойына өзінің атқамдық сапасын тұрақты түрде жетілдіріп келген 
түркінің саяси мәдениеті, мемлекеттік және имперлік құрылым орнату дәстүрін 
одан әрі шыңдай келе, түркілік идеология ретінде аса маңызды дүниетаным 
жүйесін жасады.
Монографияда осы идеология, сондай-ақ оның өкілдерінің қызметі 
мен шығармашылығы негізінде жасақталған түркілік қозғалыс жан-жақты 
қаралады. Юсуф Акчура, Мирза Фатали Ахундзаде, Шейх Джамаладдин 
Афгани, Гасан бек Зардаби, Исмаил бек Гаспыралы, Али бек Гусейнзаде, 
Ахмед бек Ағаоғлы, Мамед Эмин Расулзаде, Зия Гёкалп, Заки Валиди Тоған, 
Аяз Исхаки және басқалар секілді түркінің ұлы идеологтары аталған қозғалыс 
барысында қоғамдық-философиялық және идеялық-саяси ағымдарды қалай 
дамытқандары да зерттеледі. Идеологиясының негізін кемелді түркі бірлігі мен 
түркі халықтарының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы қайтпас күрес құрайтын 
саяси-гуманитарлық мәндегі түркі қозғалысы, әсіресе ХХ ғасырдың бірінші 
жартысында жарқын көрініс берді.
Батыстың кейбір философтары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет