Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет9/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   169
Ягуб МАХМУДОВ 
Ғылымға еңбек сіңірген қызметкер
Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, 
Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 


17
КІРІСПЕ
Түркі мемлекеттерінің бірігуі секілді орасан зор идея қалыптасуы жолында 
негізгі сатысы аяқталып, ең қиын саналатын бастапқы кезеңінен өтті: 
Еуразияның көптеген түркі тектес халқы Еуразияның ең соңғы әрі ең ірі 
империясы – Ресейдің құрамынан шығып, әрқайсысы өз мемлекеттерінің 
тәуелсізігін қалпына келтірді. 
Осылайша, болашақта қазіргі Еуразия кеңістігінде орналасқан тәуелсіз 
түркі тілдес ұлттық мемлекеттерді мызғымас одақтастыққа алып келетін жаңа 
геосаяси ахуал 
қалыптасады.
Ал бұл өз кезегінде, түркі халықтарының еншісіне бұған дейін болып 
көрмеген жаңа тарихи мүмкіндіктер ашады. Егер де тағдыр мен тарих беріп 
отырған осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алмаса, онда тәуелсіз түркі ұлттық 
мемлекеттері қайсыбірінің, сөз жоқ, әлемдегі қазіргі алып мемлекеттердің 
қолбаласына айналуы немесе солардың ықпалында қалып қоятыны анық. 
Сондықтан да, мемлекеттілік тәжірибесі өте зор, солай бола тұра шамамен 
соңғы 200 жылдай уақыт «саяси құбылнамасын» жоғалтып алған, соның 
салдарынан ІІ мыңжылдықтың соңы мен ІІІ мыңжылдықтың басындағы түркі 
халықтарының бағын байлаған тарихи ащы кезеңдер, ендігі жерде үлкен саяси 
кеңістікке тек қана бірігіп кірісудің, сондай-ақ жоғары деңгейдегі геосаяси және 
саяси қатынастарды орнатудың өте дұрыс бағыт екендігін дәлелдейді.
Барлық саладағы мәдени-экономикалық ынтымақтастықты дамыта отырып, 
олар нақты бірлікке қарай жылжып келеді. Кезінде империя атанған, уақытында 
тәуелсіз мемлекеттер болған (тіпті, ұйғырларды да айтуға болады) түркі 
халықтары, бүгінде басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүріп, өздерінің 
ұлттық қауымдастықтары мен автономиялық құрылымдарын жасаумен 
шектеліп келсе, ендігі жерде олар аталған үдеріске түрлі деңгейлерде қосылу 
мүмкіндіктеріне ие болды.
Бүгінгі күндері 
түркі мемлекеттері идеясы мен 
олардың одақтастық құру 
мүмкіндігінің шынайы екендігіне ешкімнің де күмән келтіре алмасы анық, 
Сол секілді бұл үдерісті кері бағытқа бұру, оны тежеу, бұзу, өзгерту секілді 
қисынсыздықтарға жол беру еш мүмкін емес. 
Еуразияның саяси дамуы 
оны өзінің байырғы қайта жаңғыруына Әзербайжан, 
Түркия, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Солтүстік Кипрдегі 
Түркі Республикалары арасында мызғымас бірліктің орнауына алып келеді. 
Аталған мемлекеттер осы кеңістікте мықты тәуелсіз саясат жүргізіп, үстемдік 
етушілерді өздерінің бұрынғы орындарына оралуларына мәжбүрлейді және 
Еуразия кеңістігін бейбітшілікке, қауіпсіздікке, баянды және тұрақты дамудың 
құтты мекеніне айналдырады. 


18
Соңғы онжылдықтарда, яғни Тәуелсіздік Кезеңдерінде түркілер өмір 
сүріп жатқан осы бір дархан далалы георграфиялық кеңістікте қай мағынада 
алып қарамасақ та, империалдық пиғылды көксейтін саясатты орнатуға күш 
жұмсалғаны бүгінде ешкімге де жасырын емес. Тек осы халықтар тұрып жатқан 
аумақтарға ғана емес, сонымен қатар олардың мәдениеті мен ақыл-парасаты 
және ой-өрісіне дейін қожалық жасаудың белгілері көрініс берді; барлық 
материалдық және өнегелілік ресурстарына дейін аталған саясат мүддесіне 
қызмет етті. 
Дегенмен, тәуелсіздіктен бастау алған жаңа геосаяси жағдай, оларға өздерінің 
ерік-қалауларын білдіру мүмкіндігіне ие болған түркі республикаларын бұрын- 
ғы саясаттан бас тартып, 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет