Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет5/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169
Гурбангулы БЕРДІМҰХАМЕДОВ, 
Түрікменстан Президенті
Бүгінде түркі дүниесінің тереңнен тамыр тартқан ортақ мәдениеті, 
тілі жақындастыруға күш салуды қажет етпейді, бұл халықтар онсызда 
ежелден жақын. Бізге әлеуметтік-экономикалық және саяси кедергілер-
ді жою керек.
Ислам КӘРІМОВ,
Өзбекстан Президенті


7
ЕУРАЗИЯНЫҢ КЕЛЕШЕГІНЕ КЕМЕЛДЕНГЕН 
ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС
Джаваншир Фейзиевтің «Түркі мемлекеттерінің одағы: 
Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі» 
монографиясына кіріспе сөз
Біздің танымал ғалымымыз, философия докторы Джаваншир Фейзиев 
өзінің ұзақ жылдарғы ғылыми ізденістерінің нәтижесі болып саналатын «Түркі 
мемлекеттерінің одағы: жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі» атты 
монографиясын жазып бітірді.
Мен осы монографияның қолжазбасын бірнеше қайтара оқып шықтым, әр 
оқыған сайын өзім көп уақыттан бері жақсы білетін сыралғы да зиялы досымның 
кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі соғысының өткені, бүгінгісі мен келешегі бар 
түркі әлемі секілді қасиетті әлем үшін алаңдаулы екендігіне сене түстім! 
Джаваншир Фейзиевтің түркі әлемінің жаңа жаңғыруға қол жеткізгенімен, 
кездесіп үлгерген немесе келешекте кездесуі мүмкін қиындықтары туралы 
ойлары, оның кедергілерден алып шығатын жолдар мен ұсынып отырған 
моделдері маған қатты әсер етті. 
…Негізінде біз бүгінгі күндері шұғыл өзгермелі, күтпеген тұстан бой 
көрсетер қатерлерге толы әлемде өмір сүріп жатырмыз. Оның үстіне Батыстың 
саяси билік дәлізінде жасақталған «жаhандану», «ықпалдастық», «адам 
құқығы», «демократия», «халықаралық құқықтық нормалар» деген секілді сөз 
тіркестерінен құлақ тұнады.
Әскери-экономикалық әлеуеті қуатты емес елдер мықтының айтқанынан 
шыға алмайды, яғни күшті мемлекеттердің белгілі мақсаттағы саяси 
талаптарын орындауға мәжбүр. Өмір сүріп жатқан планетамыздың, оның ішін- 
де Шығыстың да байлығын бөліске салған алпауыт мемлекеттер «жаhандану» 
және «ықпалдастық» деген секілді саяси ұғымдарды өз пайдаларына жаратып 
қалуға тырысады. Олар қашанда бұл ойларын жүзеге асыруға тырысады. «Адам 
құқығы», «демократия», «халықаралық құқықтық нормалар» секілді ұғымдар 
әлемдегі алып мемлекеттер үшін түрлі аймақтарға өз ықпалдарын жүргізудің 
аса тиімді құралы ғана. 
Шынтуайтында, әлемді әділеттіліктің халықаралық құқықтық нормалары 
емес, керісінше әділетсіздіктен құралған күш басқарады.
Өзге халықтар, оның ішінде тәуелсіздігін енді ғана алған түркі мемлекеттері 
үшін де аталған кедергілерден қалай аттап өтуге болады? Осы тұрғыдан келгенде, 
мен Джаваншир Фейзиевті зор ықыласпен оқып шықтым және өзім алғы сөзін 
жазып отырған оның монографиясын айтылып отырған тақырыптарға қатысты 
құнды зерттеу деп бағалаймын.


8
Монографияның ғылыми редакторы Әзербайжанның философия ғылы- 
мында танымал туындыларымен аталы сөздерін айтып жүрген философия 
ғылымының докторы, профессор Фарман Исмайлов. Кітаптың қазақша нұсқа- 
сын орыс тілінен аударып дайындаған – қазақ жазушысы, белгілі аудармашы 
Смағұл Рахымбек және басылымның редакторы – қазақ журналисі Берден 
Қабылов. 
Бүгінгі күндері Әзербайжанның қоғамдық-саяси және ғылыми гуманитар- 
лық салалары да өзге бағыттардағы секілді маңызды жетістіктермен жіктеле 
дамып келеді. Мұны бірінші кезекте Әзербайжанның өркениетаралық диалогтар 
жүргізу алаңы ретінде танылуынан және әлем жұртшылығы елімізді саяси, 
мәдени діни төзімділіктің үлгісі ретінде қабылдауларынан байқауға болады. 
Қазіргі кезеңде біздің ғылымымыз бен мәдениетіміз әлемдік өркениетті 
алға жылжытуға қабілетті үдерістерге өз үлесін қосып келеді, сонымен қатар 
біздің еліміз өзінің қуатты әлеуетін жұмсау арқылы да жаңа мәселелер көтеріп, 
жаңа амалдар мен технологиялар қолдану үстінде. Біздің ұлттық ғылыми-
гуманитарлық ой-өрісіміз Әзербайжанды түркі әлемінің бір бөлшегі ретінде, 
ал түркі әлемін ұлы қозғалтқыш күшке ие ғаламдық деңгейдің құрамы ретінде 
көруге жетелейді, өзара қарым-қатынасты жандандырып, олардың мәртебесін 
құндылықтар биігінен орын алуды жүктейді.
Бүгінгі күні біздер үшін де, әлем жұртшылығы үшін де «жалпыадамзаттық 
тізбектің», өркениетаралық қарым-қатынастың мызғымас бөлігі болып 
табылушы, «түркі тізбегі арқылы» іргесі бекітіле түсетін жаңа әдістемелік 
мәнмәтінді алдыңғы қатарға алынып шығуы өте маңызды. Әзірге «ой-өрістің 
көнерген әдістемесімен» әрекет ете тұруды артық санайтын бірқатар батыстық 
технологиялар құрлықтағы барлық өркениет түрлерін тек «Батыс планетасын» 
айналып жүретін «ғарыштық серіктер» ретінде ғана танығылары келеді. ХХ 
ғасырдан бастап, қазіргі ХХІ ғасырда да Азияның Еуропаға, тіпті Батыс әле- 
міне тәуелділігінің кеми түсуі ендігі жерде жаңа кезеңге – абсолютті кемуге 
және тепе-теңдік сатысына алып келді. Осы аталған түбегейлі өзгерулердің 
халықаралық қоғамдық-саяси өмірі гуманитарлық ғылымдарда көзге 
менмұндалап көрініп тұр.
Батыстың құрлықтағы басқа елдерден басымдығы мақұлданбаған жағдайда, 
қоғамдық, саяси-экономикалық және мәдени өлшемдер бойынша қазіргі 
заманғы гуманитарлық дүниетаным батыстың ғылыми технологиясын 
жалпыадамзаттық құндылықтар ұстанымынан жоғары тұр деп есептемейді. 
Сонымен қатар, Еуропа мен Азияны қосатын алып кеңістік – Еуразияда бастау 
алып, осында дамып келе жатқан гуманитарлық мәдениет бұған дейін айтылып 
келген «көнерген таптаурынды» жойып, бөтен елдің ойлау үлгісінен толық бас 
тартқызатын, аймақ халқының (бірінші кезекте түркілер) тарихи тағдыры мен 
қазіргі заманғы өмір сүруін жаңа ғылыми әдістемеліктер арқылы анықтайтын 
жаңа ұстанымды адыңғы қатарға шығарады. Өз кезегінде Әзербайжанның 
саяси-гуманитарлық ғылымы Еуразияның өзін-өзі тану үдерісін зерттеу 


9
шарасына қосыла отырып, түркі әлемінің ұлттық, аймақтық және жаhандық 
көрсеткіштері бойынша даму диалектикасына заңды сәйкестігін зерттеуді, 
осы тұрғыдағы орасан зор тарихты бүгінгі күнге дейінгі бұрмалаушыларды 
анықтауды, шындықты жеткізуді қолға алуды бастады.
Солардың бірі ретінде түрлі журналдар мен баспаларда өзінің ғылыми-
публицистикалық мақалаларымен үлкен қызығушылық туғызып келе 
жатқан философия ғылымының докторы Джаваншир Фейзиевтің «Түркі 
мемлекеттерінің одағы: жаhандық ықпалдастықтың еуразиялық үлгісі» 
аталатын ғылыми-публицистикалық еңбегін жатқызуға әбден болады. Түркі 
әлемі мәселелеріне арналған көптеген еңбектердің маңыздылығын ескере келе, 
мен осы еңбектің ерекше құндылығын көре отырып, алғысөз жазуға келістім, 
өйткені Түркі Мемлекеттерінің Одағы идеясы тереңдетілген зерттеу негізінде, 
тұжырымдалған үлгі ретінде алғаш рет жүйелі түрде берілді.
Бұл кітапта түркі әлемі, оның саясаттан гөрі этникалық географиясы 
анағұрлым кең болатын жаhандық ықпалдастық үдерісіне жеті тәуелсіз 
мемлекеттің белсенділікпен қосылып отырғандығы туралы жан-жақты да терең 
баяндалады. Мұнда Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, 
Қырғызстан, Солтүстік Кипрдің Түркия Республикасы әрқайсысы және олардың 
қазіргі заманғы дамуы, сондай-ақ басқа да мемлекеттер аумағында өмір сүріп 
жатқан түрлі мәртебеге ие түркілер туралы мол мағұлматтар беріледі. Жалпы 
халықаралық өмірдің өзекті мәселесіне айналған Түркі Мемлекеттері одағы 
қажет ыңғайда мейлінше кеңейтілген мәнмәтінде ұсынылады.
Менің пікірім бойынша, автор еш талассыз негізге алып отырған басты 
негіздер мыналар: Еуразияның геосаяси тарихын жасаушылар – түркілер, 
бүгінгі күні ол түркілердің күш жұмсауымен тіршілік етуде және алдағы уақытта 
да осылай бола беруі тиіс. Түркі Мемлекеттері Одағы идеясы түркі әлеміне 
негізсіз енгізіліп отырған жоқ. Бұл идея түркі әлемінің тарихи-саяси дамуының 
қисынды қорытындысы ретінде ұсынылып отыр. Түркі Мемлекеттерінің Одағы 
түркі өркениетінің ғасырлар бойғы күшейе түсуінің, ал бүгінгі күні – тәуелсіз 
түркі мемлекеттерінің саяси одақтастыққа айналуының қорытындысы ретінде 
бейнеленеді. Шынтуайтына келер болсақ, түркі әлемі өзінің бастапқы Отаны 
саналатын Еуразияның кіндігінде өркениеттің қайталанбас алып та ғажайып 
тарихи негізін қалады, сондықтан да ғасырлар бойына іргетасы бір-бір кірпіштен 
қаланып келген құрылыс нысанын аяқтау секілді, Түркі Мемлекеттері Ода- 
ғын құруды да соңына дейін жеткізу шүбә келтірмейтін шындық. Бүгінгі 
күннің жаhандық тарихы биігінен көз салар болсақ: бірде айырылып, енді бірде 
қайта қосылған түркі әлемінің кедергілерге толы болған жолы ендігі жерде зор 
жеңіске, яғни Түркі Мемлекеттері Одағын құру идеясын жүзеге асыруға алып 
келеді.
Автордың талдауға негізделген түсініктемелері түркі әлемінің дамуын оның 
ең қажетті деректері мен ерекшеліктерінен толықтай мағұлматтар келтіре 
отырып, оқырманға ұсынады. Джаваншир Фейзиевтің зерттеулері, шын 


10
мәнінде, Еуразияның – жасампаздықтың шынайы сәулетшісі екендігін тағы 
да растап береді. Түркі өркениетінің сарқылмас әлеуеті тарихтың әр кезеңінде 
өзінің жарқын қырларынан көрініс береді. Түркілердің панасынан қалған 
естеліктер түрлі тарихи кезеңдердің біртұтастығын қалыптастырды. Автор 
түркілерді өз мемлекетімін, бір этнос ретінде қатар жаралғандай деп әдейі атап 
өтеді, ал шындығына келер болсақ олардың тарихы мемлекеттіктің генетикалық 
рухынан және мемлекеттік тарихтан басталады. 
Түркі мемлекеттігінің генезисін мұқият зерделеген зерттеуші ұлт пен 
мемлекеттің сәйкестендірілуін тарихта тұңғыш рет түркілердің қолымен 
жасалғаны мүмкін екендігін көрсетеді. Ежелгі мемлекеттің әлеуметтік-саяси 
дүниетанымы жүйесіндегі осы Мемлекеттік сағана құдды бір «ұлт-әскерден» 
жапсырып жасалған секілді. Сондықтан да, Еуразияда жаратылған түркі 
мемлекеті өздері бастан өткерген тарихтың барлық уақытында тұрмысы 
мен тіршілігі тұрғысынан әртүрлі де әркелкі болуы мүмкін десек те, олар 
архетұрпаты жағынан өте ұқсас болған. Түркілік пассионаризмнің тарихи-
саяси өзара қарым-қатынасының дамуы барысында, этникалық жүйенің көп 
тармақтылығы мен жан-жақтылығын сақтай отырып, осы этносты мемлекет 
орнатудың доминантына айналдырды. 
Аталынып өткен үдерістер барысында мемлекет орнатудың мейлінше 
маңызды шарты болып табылатын, мемлекеттік ойлау мен дүниетаным үрдісі 
қалыптасты. Автор түркі мемлекетінің бірегей классикалық сапасын ерекше 
қадағалай отырып, осы заманға үлгі болуға өте лайық бірқатар меритократиялық 
қағидаттарға назар аударады: айталық, классикалық түркі мемлекетінде төменгі 
қауым арасындағы қабілетті адамдардың, негізінен жастардың мемлекеттік 
істерге тартылуы мүмкін болып қана қоймағанын, мұны тіпті биліктің өзі 
де ынталандырып отырғанын алға тартады. Бірде-бір түркі мемлекетінде 
«байлардың» қоғамдағы «кедейлерге» деген құлдық көзқарасы, адамдар 
арасында олардың тегіне қатысты бөлушілік әдеті болмаған!
Түркі өркениетінің орасан қуаты Еуразия кеңістігіндегі алдыңғының 
кейінгісіне этносаяси мұрагерлігінен, үлкен империяға (әлемдік мемлекет) 
генеалогиялық қатысы бар мемлекеттің қайта жасалу үдерістерінен көрініс береді. 
Джаваншир Фейзиев аталған тарихи эволюциялар мен өтпелі кезеңдердің бағыт-
бағдарын жан-жақты талдай отырып, Еуразияда түркілік этногеографияның 
бірте-бірте дамуы түркі халықтары және олардың тілдерінің жіктелу үдерісінің 
болмай қалмайтындығын және нақ империялық мемлекеттіктің базасындағы 
немесе тәуелсіз түркілік мемлекеттікке қатысты жақындық негізінде қайтадан 
ықпалдастық жаққа қарай бетбұрыстың, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет