Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет8/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   169
«Қарым-қатынас мәселесіндегі біздің көзқарасымыз Еуропамен
ірі мемлекеттермен сәйкес келеді, бұл біздің бірігуіміз, ортақ әрекеттің 
жалпы жоспарының болуы үшін үлкен маңызға ие».
Әзербайжан мен Түркия 
арасындағы көпқырлы қарым-қатынас пен бүгінгі одақтастықты – бұл 
«дамып 
келе жатқан түркі әлемі қарым-қатынасының тартымды орталығы»,
деп бағалаған автордың бұл пікірі өте орынды. Бұл бауырластыққа ешқашан 
ешқандай да сызат түспейді, өйткені мұның бастауында Әзербайжан мен 
Түркия мемлекеттерін біріктіретін аса маңызды саяси ұстанымның ұйытқылары 
Мұстафа Кемел Ататүрік пен Гейдар Әлиевтер тұр.
Джаваншир Фейзиев Түркі Мемлекеттері Одағын құру үдерісін 
табысты аяқтау үшін іс-әрекеттердің басты бағыттарын сараптама 


15
түріндегі зерттеулерінде де, сондай-ақ жалпы мәнмәтінде де тәуелсіз түркі 
республикаларының бірыңғай тәуелсіз саясатын өмірге енгізудің қажеттігіне 
кеңінен тоқталады. Өйткені, жалпыға ортақ құндылықтарды жасаудың қазіргі 
заманғы тәжірибелері үшін үдерістерді кеңейту мен тереңдету, шын мәнінде де, 
түркі әлеміндегі идеология, ғылым, білім, әдебиет, өнер, баспа салаларындағы 
гуманитарлық қатынастарды дамытудың басты шарты болып табылады. Автор 
жалпытүркілік одақты дұрыс дамыту мақсатындағы өте нәзік мәселелерге 
жалған түсініктемелер берілмеуінің алдын алу үшін, түркі мемлекеттері 
арасындағы тұжырымдық идеологиялық одақтастықтың негізгі мақсаттарын 
арнайы атап-түстеп өтеді:
 
«Түркі мемлекеттерінің тәуелсіздігіне титтей де 
залал келтірмейтін, алып мемлекеттің құрылымының қандайда бір үлгісін 
қажетті деліген ықпалдастықпен қоспайтын, тіпті конфедерациялық 
үлгіні де жоспарламайтын, халықаралық жүйенің егеменді субъектісі 
одақтастығының байыпты мәртебесіне сүйенетін одақ құру» (Еуропалық 
одақ секілді).
Бұл тәуелсіз түркі мемлекеттерін егемендік жолынан ешқашан да 
айнымайтын, дамудың келешек жолын нақты көрсететін, шынайы саяси 
прагматиканың пайда болатынын дәлелдейді.
Тәуелсіздік – бұл түркі мемлекеттерінің қазіргі заманғы бірлігінің кепілі, ал 
Бірлік – олардың Тәуелсіздігінің өзара кепілі. Сондай-ақ, Тәуелсіздік пен Бірлік 
одақтастықтың ең жоғарғы талабы саналатын – даму кепілі.
Кітаптың соңғы, қорытынды тарауы «Түркі Мемлекеттері Одағының 
Стратегиясы» аталатын маңызды мәселелерді қамтып отыр. Мұнда да зерттеуші 
тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ұлттық стратегиясының табиғи бірігуін 
құрайтын, жалпы стратегияның негізгі қағидаттарын анықтап беріп отыр.
Автор ұлттық, жалпытүркілік, әлемдік өлшемдер арқылы құрылған 
геостратегиялық тұғырнаманың маңыздылығын алдыңғы қатарға шығарады. 
Түркі Мемлекеттері Одағын құру идеясында тәуелсіз түркі мемлекеттерінің 
түбегейлі стратегиясының негізгі мақсаттары олардың одақтастық базаларында 
жұмыс жасайтынын білдіреді. Сонымен қатар, түркі халықтарының 
диаспоралық ұйымдарының көмегімен халықаралық деңгейде жалпытүркілік 
ұйымдастырушылыққа бағытталған үйлестіру қызметінің де өте қажет екендігін 
сөз етеді.
Джаваншир Фейзиев, қажетті өзгерістерді уәж ететін жетекші үдерістер мен 
факторлардың бүгінгі таңда орын алып жатқан үдерістерін талдай отырып
жаhандық саясаттың жағымды бағытқа өзгеруі мен халықаралық қатынастар- 
дың дамуына Түркі Мемлекеттері Одағының тигізетін әсері мен оның атқарар 
рөлін атап көрсетеді.
Түркі Мемлекеттері Одағын құру алдымен әлемдік қауымдастыққа пайдалы, 
ал әлемдік қауымдастықты нығайтуға септігі күшті ықпалдастық, аталған 
Одаққа да өзара тиімді. Бұл үдерістер бір-бірімен тығыз табиғи байланыста. 
Нақ осы өзара тиімділікке сүйенетін Түркі Мемлекеттері Одағы тарапынан 


16
«Еуразияны барлық өркениет кеңістігіндегі ең үлкен сұхбат кеңістігіне, ал осы 
өркениеттерге тиесілі мемлекеттерді, тұрақты даму полигонына, мызғымас 
әлемге, өзара сенім мен іргелі даму үдерісіне» айналдыру ниеті туындайды.
Егер де қазіргі заманның жаhандық саяси үдерістерін, бүгінгі уақыттың 
үдемелі ой-өрісі болжамдарының барысын, әлемнің даму диалектикасын, 
Жаңа Тарихтың қозғалысының қолайлы конфигурациясы мен бағыттаушы 
күштерін және де осы келтірілген қарсылықтарға сәйкес Түркі Мемлекеттері 
Одағының өзін-өзі таныту шарасының қажеттілігін ескерер болсақ, онда 
автордың парадигмалық идеясынан: 
«ХХІ ғасыр Жеке-даралардың емес, ол 
Одақтастықтардың ғасыры болмақ!» 
– деген ойды түсінуге болады.
 
Джаваншир Фейзиев өзінің «Түркі Мемлекеттерінің Одағы: Жаhандық 
ықпалдастықтың еуразиялық үлгісі» аталатын монографиясын жазу барысында 
түрлі тілдерінде жазылған ғылыми еңбектер мен көптеген материалдарды 
қарап шықты, оларға терең талдаулар жасады, соның нәтижесінде озық ойлы 
ғылыми қорытындылар жасады. Біздің пікірімізше, оның батыстық көптеген 
тілдерде жазылған түрлі-түрлі әдебиеттерді өзінің еңбегіне пайдалана алуын 
терең ізденістен туындаған үлкен жетістік деп бағалауға болады. 
Мен «Түркі Мемлекеттері Одағы: Жаhандық ықпалдастықтың еуразиялық 
үлгісі» атты монографияны үлкен қызығушылықпен оқып шықтым және алғы 
сөз де жаздым, сондай-ақ бұл шығарманы біздің ғылымның аса маңызды 
жетістігі деп санаймын. 
Сөз соңында осы аталған шығарма жөнінде оқырмандарға өтініш жасағанды 
лайық көріп отырмын. 
Құрметті оқырмандар! Сіздерге ұсынылып отырған осы кітап түркі 
әлемін жан-тәнімен сүйетұғын, оның тарихын бағзы заманнан бүгінгі күнге 
дейін ерекше жігермен талмай зерттеген және біздердің түркі әлеміне деген 
сүйіспеншілігімізді оята білген адам еңбегінің жемісі. Бұл кітапты оқи отырып, 
түркі әлемінің кешегісін де, бүгінгісін де және ертеңгі күнін де көз алдыңызға 
келтіріп, Түркі Рухының осыншалық ұлылығын сезіне аласыз!
Джаваншир Фейзиевтің осы құнды еңбегі түркі халықтарының өзге де 
тілдеріне аударылуы тиіс деп ойлаймын, сонда бұл жалпытүркілік оқырмандар 
үшін жасалған теңдессіз үлес болып қала береді!
Авторға жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет