Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет159/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   169
Түркілердің ұлттық мемлекеттері:
1. Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан 
және Солтүтік Кипр Түрік Республикасы барлық бағыттарда және ең 
жоғарғы деңгейлерде екі тарапты және көп тарапты ықпалдастықтар мен 
стратегиялық одақтастық жұмыстарын жүргізіп, осынау қарым-қатынастар 


274
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
барыстарында пайда болған кез келген көкейкесті жайларды түркілік емес 
мемлекеттердің араласуынсыз, түркі дипломатиясының демократия мен 
икемділігіне басымдық бере отырып, осынау іс жүзіндегі әдістерімен іске 
асыру.
2. Стратегиялық мақсаттардың ұлттық және әмбебап мүдделерін келісуді 
осы ынтымақтастық тұғырынан тауып, жалпы түркілік саяси жүйенің 
басымдықтарын анықтауда түсіністіктерге қол жеткізу.
3. Үнемі өзгеріп отыратын коньюктура мен халықаралық саясаттың құбылып 
отыруына сай бірегей саяси стратегияның параметрлері мен ауқымдарын 
анықтап, осы негізде халықаралық саясатқа ықпал ету жолдарын өз 
мақсаттары тұрғысынан анықтап отыру:
4. Халықаралық ұйымдар шеңберлерінде жалпы ұстанымдық кешендер 
қызметтерін 
қалыптастырып, 
олардың 
реформалар 
жасаудағы 
бағдарламаларын бірлесе және белсенділікпен атқару:
5. Өзара тауар айналымдарын және экономиканы арттырып, инфро- 
құрылымдық жаңғырулар бағытындағы экономикалық қарым-қатынастарды 
дамытып, коммуникациялық аяларды кеңейтіп, «Түркі мемлекеттерінің ішкі 
экономикасы мен саудасын арттыру» кезеңіне көшу, әмбебап экономиканың 
осындай жүйесімен әлемдік шаруашылық саласына кіріктіру.
8. Геостратегиялық және геосяси дамудың ырғақты қалпына сәйкес жалпы 
түркілік стратегиялық алаң құрып, осы өркендеудің қозғаушы күшіне айналу.
9. Түркі геосаяси өңірінде кез келген мемлекеттің немесе мемлекеттер 
тобының көшбастаушылығына жол берілмей, түркі бірлігін бұзуға 
бағытталған ашық та жасырын әрекеттер, жымысқы мақсаттарға жол 
бермей, түркі ынтымағын ыдыратуға күш салатын кез келген әрекеттерге 
тосқауылдар жасап, түріктердің өз тарихи жерлері мен мемлекеттерінде 
саяси еріктеріне шешуші басымдықтар беру.
10. Бір ғана мемлекеттің маңызды шаруасы, мысалға Әзербайжан жерін 
басып алу халықаралық қауымдастыққа жалпы түркілік қасірет ретінде 
хабарланып,оны барша түркілік әрекеттермен шешу, өзге мемлекеттердің 
аумағында тұратын және түрлі мәртебелерге ие түркі қауымдастықтарының 
құқықтарын қорғап отыру, осы қоғамдарды қолдайтын жобаларды жүзеге 
асыру.
11. Жалпы түркілік бірегей стратегиялық тұжырымдама анықталып, 
диаспоралардың барша әлемдік ынтымақтасуы қамтамасыз етіледі.
12. Әлемдік парламентализмнің /оның ішінде еуропалық парламентаризм 
де бар/ ең озық дәстүрлерін игерген Түркі мемлекеттерінің Парламенттік 
Ассамблеясы жалпы түркілік бірлік үшін маңызы үлкен және 
құндылықтарды қорғап, оларды келешек ұрпақтарға тапсыру мақсаттарын 
үстанған ұлттық заңнамаларға сай түркі тілдес елдер тараптарымен саяси, 
әлеуметтік-экономикалық және мәдени, гуманитарлық, құқықтық және 


275
Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер
өзге де салалардағы байланыстарды тереңдетіп, өрістете беретін шаралар 
ұйымдастырады.
13. Түркі мемлекеттері мен қоғамдары тарапынан құрылтайшылық 
етілген түркі Әлемінің Муниципалды Бірлестіктерінің қызметтері одан әрі 
жетілдіріліп, түркі мемлекеттерінің муниципалитеттерімен байланыстар 
кеңейтіліп, оңтайлы басқару жөніндегі тәжірибелер алмасады.
14. Ғылым, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы 
ынтымақтастықтар мен байланыстар ең жоғарғы деңгейлерге жеткізіліп
түркі әлемінің жағрапиясында университеттердің, академиялардың жүйелері 
құрылып, туризмнің жалпыға ортақ картасы жасалып, түркі мемлекеттері 
мәдениет министрліктері тараптарынан әлемнің дамыған елдерінде түркі 
мәдениетінің орталықтарын ашу жөніндегі шешімдері қабылдананды.
15. Бүгінгі заманның талаптарына орай Түркі Мемлекеттерінің Одағын 
құруға бағытталған және жалпы түркілік гуманитарлық саясатты жүзеге 
асыратын түркілік идеологияны дамыту қамтамасыз етіледі.
16. Әрбір түркі мемлекетінің өркендеуі түркілік геосаяси өңірдегі өзінің 
стратегиялық мақсаттарын орындауға бірлесе жұмыс жасаудың кепілі ретінде 
қабылданады және осынау мәртебедегі Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру 
ісі тақылеттес халықаралық мәртебенің жоғарғы деңгейі саналады.
17. Халықаралық саясат пен мемлекеттераралық қатынастардың бүгінгі 
таңдағы ақиқаттарына сай Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру үрдістеріне 
түркі қоғамы мен халықаралық қауымдастықты толық дайындап алған түркі 
мемлекеттері тарихи қолайлы уақытта Жоғары Деңгейдегі Кеңес өткізіп, 
Бірлесу Декарациясын қабылдап, әлемдік қауымдастыққа ұсынады. 
Осылайша, түркі мемлекеттерінің стратегиялық мақсаттарын қарастырып, 
бұл елдердің ешкімнен тәуелсіз стратегияларының ұлттық мақсаттарына 
жету жолындағы мақсаттары екенін атай келе, сонымен қатар, жалпы түркілік 
мұраттарды көксеген стратегиясын алға тартады. Түркі мемлекеттері үшін 
мақсаттарды келісіп отыру нысанаға жетудің басты кепілі бола береді.


276


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет