Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет158/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
беру және этникалық, мәдени және тілдік тұрғылардан тығыз байланыстағы 
бірлікті нығайту Әзербайжан Республикасы үшін аса маңызды және өзара 
ықпалдастықтағы екі елдің байланыстары уақыт санап кеңейіп, ғаламдық 
деңгейлердегі саясатта екі ел ұстанымдарының сәйкестігі дәлелденіп, аталған 
мемлекеттер арасындағы ықпалдастық жаңа сапалық деңгейлерге көтеріліп 
келе жатқандығы қуантады. Әзербайжан Республикасының трансэкономикалық 
жобаларды жүзеге асырудағы, сондай-ақ, Түркияның армян-әзербайжан 
жанжалын реттеуге бағытталған әрекеттері екі елдің ұстанымдарының бір-
біріне толық ұқсастығын және ықпалдастықтарының сапалық деңгейлерін 
көрсетеді.
Әзербайжан Республикасының бұл тұжырымдамасы мемлекеттің мүдделері 
мен тәуелсіздігін қорғау мақсатындағы мұраттарды мемлекеттік жүйелерге 
арнайы жүктеп, олардың келісілген қызметтерін қажеттілікке ауыстырады /48/. 
Егеменді түркі республикаларының таяу болашақтағы 10-20-30-40 жылдардағы 
дамуын мақсатқа қойған стратегия бар. Ол 2012 жылы Қазақстан республикасы 
қабылдаған ел дамуының жаңа саяси бағыттарын белгілеген «Қазақстан-2050» 
ұзақ мерзімдік стратегиясы. Аталған стратегияда осы жылдарда әлемде жер 
көлемі жағынан 9-ыншы орын алатын және өлшеусіз табиғи байлыққа ие 
Қазақстанды әлемнің дамыған елдерінің сапына шығару көзделіп, Орта Азия 
шеңберінде өзіне өңірлік қауіпсіздіктің жауапкершілігін арта отыра, тиімді 
саяси алаң құрып, көршілес түркі мемлекеттерімен жоғары деңгейлердегі 
ықпалдастыққа қол жеткізу мақсат етіп қойылды /187/. Әлбетте, Өзбекстанның, 
Түрікменстанның және Қырғызстанның да ұлттық стратегияларында ел 
дамуының стратегияларында саяси, экономикалық және мәдени өркендеулерінде 
өңірлік ықпалдастықтың мүмкін деңгейлеріне қол жеткізіп, халықаралық 
жүйедегі өркениетті саяси жүйені қалыптастыру жетекші мақсат етіп қойылған 
/140:141/.
«Әзербайжан-2020: Болашаққа көзқарас» даму тұжырымдамасы осы 
тақылеттес құжаттармен қатар назар аударуға тұрарлық орында/1/. Әзербайжан 
мемлекеті тарихының осынау тұжырымдамасы Әзербайжанның мүлдем өзгеше 
даму кезеңіне көшуінің жалғасы ретінде тіптен бөлек мәртебеге ие. Неге 
десеңіз, Әзербайжан Республикасы дамуының өсе түсуі оның мемлекеттік 
саясатының осынау тұжырымдамадағы мұраттарының дұрыстығын және 
басынан аяғына дейін әр қадамының әбден ойластырылғанын көрсетіп отыр. 
Егер елдің тәуелсіздік жылдарындағы 20 жыл аясындағы өркендеу кезеңдеріне 
қысқаша ғана көз салар болсақ, осынау дамудың тағанында Әзербайжанның 
өзінің лайықты болашағы үшін бүкіл әлеуеттерін қалыптастырып, өркендеудің 
жаңа кезеңіне тас түйін дайындықпен келгенін көреміз. Әзербайжан 
Республикасын алға бастайтын қызметтерін шоғырландыра келе, сыртқы және 
ішкі саясаттары бірін-бірі толықтыра отыра, күшейе түскенін байқаймыз. 
Сонымен, біздің егеменді мемлекетіміз халықаралық қатынастардың қуатты 


273
Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер
сегментіне айналып, ал ұлттық экономика әлемдік экономиканың ажырамас 
бөлігіне айналды. Әзербайжаннан бастау алып, дүниежүзі кеңістігіндегі саяси-
экономикалық саланың бүтіндігін қамтамасыз етуге бағытталған ғаламдық 
жобалар да осы халде қуат ала түсті. Сондықтан Әзербайжандағы Батыс 
пен Шығыс өркениеттераралық үнқатысуға айналып, ал Ұлы Түркі әлемі 
осынау кеңістікте өз өзегін тапты. Халықаралық қауіпсіздікті сақтау ісіндегі 
саясатта өз орны бар Әзербайжан мен түркі мемлекеттерінің арасында жоғары 
сенімділіктің үлкен ахуалдары қалыптасты. Біздің еліміз әмбебап адамгершілік 
құндылықтарына, демократия мен адам құқықтарының негізгі басты 
ұстанымдары мен демократияға адалдығын әлемге дәлелдей алды. Әзербайжан 
Республикасының Президенті Илхам Әлиев ұсынған «Әзербайжан-2020: 
Болашаққа көзқарас» даму тұжырымдамасы – Жаңа Жасамапаздық Бағдар- 
ламасы бұл болашаққа бағытталған бір ғана басшысының прагматикалық 
саясаты ғана емес, ол көшбасшының өз халқына сүйеніп, оның ұлы қуаттарына 
кәміл сеніп жасаған, өз елі мен әлем дамуының үрдістерін жетілдіретін, 
саяси элита мен қоғамның ажырамауын қамтамасыз ететін, күн өткен сайын 
халықтың сенімін ақтап, Әлемнің саяси көшбасшыларының сенімінен шығып, 
өз халқын жарқын болашаққа, әлемдік өркениеттің келешегіне жетелеп, бұл 
саясаттың жақын онжылдықтағы ең келешегі зор саясат ретінде үрдістердің 
стратегиялық заңдылығы ретінде түркі әлемінің бірлігін қалыптастырады. 
Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес стратегиялық Орталықтар егеменді түркі 
республикаларында мемлекеттің ұлттық негізгі тапысырмаларын орындап, 
мемлекет стратегиясында қолдануды қамтамасыз етеді /50/.
 
Әзербайжан Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер Орталығы- 
ның миссиясына осы елдегі болған оқиғаларды саралап, теориялық тұрғыдан 
нәтижелерін үлгілеу тапсырыстары мен зерттеулердің негізінде жасалған 
байламдардан туындайтын болжамдар мен ұсынымдар жасау жатады.Түркі 
әлемі кездескен проблемалардан қорытынды жасап, кең ауқымды зерттеулер 
жасау жатады. Түркі әлемінің заманауи тарихы, саясаты пен мәдениеті 
бойынша жасалған көптеген зерттеулер, сондай-ақ оның халықаралық жүйедегі 
ұстанымдары мен стратегиялық мақсаттарына арналған еңбектер тап осы 
орталықтың қызметтерінің арқасында жарық көрді/11/. Осынау қызметтердің 
тұжырымдамасы; ұлттық стратегияны тиімді және шұғыл мақсаттар негізінде 
келісіп алутүркі мемлекеттерінің жалпы стратегиясынның басты мақсаттарын 
үлгілеп, келесі қорытындыларға бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет