Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет161/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
6. Халықаралық саясат пен халықаралық қарым-қатынастардағы өз орны 
мен қызметтерін анық пайымдау /17.177-179б; 5. 183-188б/.
7. Әлемдік шаруашылықтың жүйелеріндегі аса маңызды негізгі міндеттерді 
атқарушы ғаламдық экономикалық жобалардағы трансөңірлік және 
коммуникациялық маңызды буындардың аса маңызды бөлшегіне айналу 
/25.210-213 б/.
Кеңестер Одағының құлаған тоталитарлық жүйесінің қирандысынан 
шығысымен саяси және экономикалық дағдарыстарға тап болған, бірақ 
тәуелсіздігін алған жас түркі тілдес мемлекеттер ұлттық экономиканың аса бай 
табиғи байлықтарының нәтижесінде әлемдік экономиканың жүйесіне батыл 
кіре алар еді. Бірақ, Кеңестер Одағының заңды мұрагері болған Ресей егеменді 
түркі мемлекеттеріне бұл тұста да небір кедергілер жасауға тырысты. Десек 
те, байырғы түркі мемлекеті-Түркияға арқа сүйеген аталған тәуелсіз елдер 
өзінің өңірлік энергетикалық қауіпсіздігін жасап, ұлттық мемлекеттерінің 
мүдделерінен туынған жобаларын іске асыра бастады. 
Қазіргі уақытта Каспий жағалауы өңірлерінің аса бай көмірсутегі орында- 
рымен өз экономикасын байланыстырған түркі мемлекеттері тармақталған 
көліктік жолдарының арқасында энергетикалық жобаларын жүзеге асыра 
бастап, Еуропаның нарықтарына шығып, әлемдік экономиканың тіректеріне 
айналып, мемлекеттераралық ықпалдастықтарға жаңа серпіндер беруде. Түркі 
мемлекеттерінің бірлесіп жүргізген энергетикалық саясаттарының нәтижесінде 
бұл жерлерде жақсы бәсекелестік ахуалы қалыптасып, экономикалардың ырғағы 
қалыпты қарқынға түсуде. Осынау жақсы бәсекелестіктің ахуалы үстінде 
энергетикалық ресурстардың, тұтынушы елдердің және оларды тасымалдаушы 
мемлекеттердің мүдделерін қаамтамасыз етуге жақсы жағдайлар тууда. 
Бакуде тұрақты өтіп тұратын халықаралық энергетикалық саммиттерде 
түркі мемлекеттерінің, халықаралық бірлестіктер мен корпорациялардың 
көшбасшылары экономикаларды құнарландырып тұрған Каспий өңірінің энер- 
гетикалық ресурстары «саяси капитал» екенін де атап өтеді. IV Халықаралық 
Энергетикалық Саммитте осы үрдістердің болашағы мәлім етіліп, оған 
қатысушылар ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аса
маңыздылығына тоқталып, Энергетикалық Хартия жөніндегі шартта тұжы- 
рымдалған ұстанымдардың негізгі тұжырымдарын қабылдады. Осы Саммитте 
сонымен бірге, халықаралық нарықтарға энергияны жеткізушілердің тасымал- 
дау үрдістеріне ғаламдық экономикалық және саяси үрдістердің тұрақты 
болуының ықпалдары аталып өтті. Осынау тасымалдардың әлемдік нарықтарға 
жетуіндегі тұрақты қауіпсіздігін дамыта берудің Еуразиялық мұнай тасымалы 
дәлізі арқылы Каспий өңірінің көмірсутектерін жеткізудегі маңызына ерекше 
мән берілді. Халықаралық нарықтарға Каспий өңірі көлік дәлізі арқылы өнімдер 
апарудың маңыздылығына халықаралық нарықтарда үлкен мән берілуі бұл
істің мәні мен жауапкершілігін де арттыра түседі /22, 568-573 б/.


279
Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...
Жоғарыдағы аталып өткен Энергетикалық Саммитте сөз алған Әзербайжан 
Республикасының Президенті Илхам Әлиев осынау халықаралық шараны 
«бірлескен ықпалдастықтардың маңызды кезеңі» ретінде атай келе, 
«Әзербайжанда басталған энергетикалық жобалар бүгінде аса ауқымды 
ықпалдастықтарға бастайтын мол мүмкіндіктер аясын аша түседі» деп, атап 
көрсетті. Сонымен қатар Президент осы ел салған мұнай құбырларының 
әзербайжан мұнайын әлемдік нарықтарға шығаруын тарихи оқиға деп бағалады. 
Біздің еліміз тарапынан Каспий өңіріндегі ғана емес, сонымен қанаттас Қара 
теңіз және Балтық теңізі өңірлеріндегі елдермен де жемісті ықпалдастық 
жұмыстары жүруде. Президент осының баршасы елдер арасындағы әріптестіктің 
жақсы нышандары деп атап өтті. Бұл дегеніңіз үлкен өңірлердің, оның ішінде 
Әзербайжан, Түркия, Қазақстан мен Түрікменстан секілді елдердің бір-бірлеріне 
жақындай түскенін көрсетеді. Неге десеңіз, қолданыстағы мұнай құбырлары 
бар энергетикалық саясат елдер арасындағы әріптестікті күшейте түседі. Бұл, 
Әзербайжан Президентінің пікірінше қазіргіден де ауқымды ынтымақтастыққа 
әкеліп, оның болашағын айқын болжауға жол ашады және бұдан біздің алар 
пайдамыз да ұлғаятын болады /23.с.574/.
Түркі мемлекеттері мен қоғамдарының достық, туысқандық және 
ықпалдастығының ХІ съезінде сөйлеген сөзінде Түркияның сол кездегі Премьер-
Министрі Реджеп Тайып Ердоған түркі әлемі барша халықаралық мәселелердегі 
ынтамақты бірлігінің өңірлік және ғаламдық көлемдердегі ықпалдастығының 
мызғымас алаңын құрудың маңызына ерекше тоқталды. «Біздің ғасырымыз-
ынтымақтасу ғасыры. Бүгінде ынтымақтасу мен ықпалдастық онсыз да өсіп 
жатқан мүмкіндіктерді өмірге енгізуде оңтайлы жолдар ашып беруде. Біздер 
табиғи қоғамдармыз. Өзіміздің дәстүрлерімізге, тарихымыз бен мәдениетімізге, 
сенімімізге арқа сүйей келе, біздер өз арамыздағы қарым-қатынастардың 
өркендеу әлеуеттерін қозғалысқа келтіруіміз қажет. Бүгінгі замандағы біздің 
жеңістерге жету жолдарымыз негізінен ықпалдастық пен ынтымақтасу арқылы 
өтеді. Егер ынтмақтастықта болмасақ, бізді бөлшектеп құртады.
Әлемнен өзіңді бөлек ұстап, көздеген мақсатыңа жету мүмкін де емес. Осы 
мақсаттан келгенде біздің болашақтағы көзқарасымыздың мақсаттары қоғам- 
ның демократиялануы, мөлдірлігі, жақсы басқарылуы мен адамдардың 
бостандығы, құқықтарын кеңейте түсу, өңірлік және адамдық ынтымақтастық 
аяларын кеңейте беру болуы керек. Еуразияның адамдық және табиғи 
ресурстары барша проблемаларды шешуге әбден жетеді. Бәсекелестікпен 
қанаттас ынтымақтастық рухымыздың мықтылығы мен оның барша істеріміздегі 
көшбастауысы бізге өз пайдасын әкеледі. Бүгінге дейін біздер туысқан халықтар 
арасындағы ынтымақтастықты өрістетуге құтты қадамдар жасауды ұсынып 
келсек, қазірде оның аяларын ғаламдық деңгейлерде кеңейтуді жоспарлаудамыз. 
Осы тұрғыдан алғанда, Түркия мен Әзербайжан мемлекеттерінің арасындағы 
жүргізіліп отырған қарым-қатынастардың маңыздары өте үлкен. Осынау 


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет