Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет164/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169
ҚОРЫТЫНДЫ
Кеше мен бүгін және ертең – осының баршасы түркі әлемі бірлігінің тарихи 
тағдырын қалыптастырған уақыттар сабақтастығы. Ал кей кездерде түрлі 
толқуларды басынан өткеріп тұратын түркі әлемінің кеңістігі ғаламшардың 
аса ұлы құрлығы - Орталық Еуразияның нақ кіндігінде орналасқан. Осынау 
кеңістікте дүниеге келген ұлы түркі тарихы - оның жеңілмейтін, мәңгі 
өлмейтін рухани жылнамасы саналады. Әлем тарихында түркілер секілді ұзақ 
уақыттардан бері осы тақылеттес алып кеңістікті ұстап тұрған бірде-бір этнос 
болған емес. Жаңғыру қисындарынан туындайтын түркі мемлекеттерінің 
ынтымақтасуы мұраттарын жүзеге асыру тұрғысында ұлы түркі өркениетінің 
тарихына үңілу үшін көз алдымызға уақыттар тізбесін жандандырып, елестетіп 
көрелікші. Бұдан біздер түркі дүниесінің бірігуіне кедергі болар бөгеттерді 
көрмейміз және түркілердің ұлттық мұраттарының деңгейіндегі келешектің 
жақындай түскенін байқаймыз. Бұған қоса, түркі мемлекеттерінің өз егеліктеріне 
ұмтылған үрдістерге әлемдік қоғамдастықтың құрметпен көз салып отырғанын 
аңғарамыз.
Бүгінгі Еуразияны әлеуметтік-саяси бірлік ретіндегі ұқсастықта өз 
тарихының өн бойында қалыптастырып келгендіктен, түріктер шындығында 
да өз мемлекеттерімен біте қайнасқандықтарын көрсетуде. Бірегей этнос 
ретінде өсіп-өнген түркілердің тарихы ақиқатында да өз мемлекеттерінің 
өсіп, өнулерімен тамырлас, сабақтас. Соңғы үш мың жылда түркілер құрған 
негізгі мемлекеттер әлемдік тарихтағы Еуразияның этносаяси жағрапиясын 
өзгертіп, оны бүгінгі ақиқатына жеткізген келесі империялардан тұрғанын еске 
оралталық: Олар-Сақтар империясы, Ғұндардың Ұлы Империясы, Батыс Ғұндар 
Империясы, Шығыс Ғұндар империясы, Ақ Ғұндар империясы, Көк түріктер 
империясы, Аварлар империясы, Хазарлар империясы, Ұйғыр империясы, 
Қараханидтер империясы, Ғазнауилар империясы, Ұлы Салжұқ империясы
Әзербайжандық Атабековтер мемлекеті, Ирак Салжұқтары империясы, Сирия 
салжұқтары мемлекеті, Кирман салжұқтары мемлекеті, Анадолы салжұқтары 
мемлекеті, Хорезм шахтарының мемлекеттері, Моңғол-Татар түріктерінің 
мемлекеті, Алтын Орда империясы, Сібір, Қазан, Қырым, Ноғай, Қасым, 
Астрахан хандықтары, Мәмлүктер мемлекеттері, Моғолдар империясы, Дели 
түрік сұлтанаты, Қарақойлы мемлекеті, Аққойлы мемлекеті, Сефивидтер 
империясы, одан соң Әзербайжан хандығы. Осынау аталған мемлекеттерді 
құрған түркі супер этностары әуел бастан-ақ біртекті болмаған. 
Оның ішкі этникалық жүйелері жаңғырумен қанаттас өзге халықтар да оның 
ішкі этникалық болмысына сіңісті болып отырған. Сондықтан әрбір жаңадан 


285
құрылған мемлекеттің де негізгі халқы үнемі түркілер болып қала берген. 
Сондықтан этножүйенің ежелден сақталып келе жатқан «алтын ережесі» 
бұзыла қалғанда, онда түркілер құрған мемлекеттер де ыдырап, күйреп отырған. 
Түркілер өз табиғатында басқа елдерді жаулап алушылар ғана емес, этностарды 
жаңғыртушылар болған. 
Ежелгі дүниеден бастап V ғасырға дейін түркілер өз жаңғыруының негізгі 
кезеңдерін аяқтаған түркілер ғұндар бастаған генеалогиялық бұтақтарында 
антикалық дәуірдегі Орталық Азиядағы этностарды біріктіруші ұлт ретінде 
әлеуеттер қосқан. Бұдан кейінгі тарихи үрдістерде, әсіресе XII-XIII ғасырларда 
ғұн-түріктері суперэтносының ішкі эволюциясында түркілік бастау басым 
болып, сөйтіп, XII-XIII ғасырларда түріктер Кіндік Азиядағы саны мен сапасы 
жағынан басым ұлтқа айналып, осы өңірдегі әскери-саяси күш жағынан жоғары 
тұрды. Тарихи тұрғыдан алғанда Ұлы ғұндар дәуірі Еуразиядағы Ұлы Түркі 
Дәуірімен алмасты. Сонымен 3000 жылдық түркілер тарихы-бұл олардың өз 
мемлекеттерін империялық институттар деңгейіне көтеру кезеңі де болды. 
Еуразия құрлығындағы ғаламдық саяси өзіндік саналылық кезеңінде түркі 
халықтары империялар арасындағы күштер теңгерімдеріне әлеуеттер қосуға 
қабілеттерін таныта бастады. Иса пайғамбар дүниеге келгенге дейінгі тұңғыш 
рет бірнеше ғасыр бұрын, шамамен /400 жыл/ Қытай империясының әлемге 
билік ету ұмтылысы басталғанда, Азиядағы ғұндар империясы алғаш рет 
қытайдың геосаяси мүдделерімен бетпе-бет келді. Жерорта теңізінен Шығыс 
бағытына жылжып, күн өткен сайын күшейе түскен Рим империясы Азияға 
солтүстік пен оңтүстіктен қайсарлықпен Орта Азияның кіндігіне қарай тақай 
бастаған. Дегенмен, түркілер өз тарихтарында өмірі бетпе-бет келіп көрмеген 
Қытай мен Рим империяларын өзара шайқасудан сақтап қалды. Бір сөзбен 
айтқанда, Еуразияның батысы мен шығысынан ғұн түріктері екі ұлы империяны 
ғаламдық қақтығысқа барудан аман алып қалды.
Шығысында ғұндар Қытаймен соғысып, батысында Рим империясымен 
бетпе-бет соғысып, екеуінің де Еуразия кеңістігінде толық билік жүргізуіне 
мұршаларын келтірмеді. Ғұндар шығыста Қытайды, батыста Римді күйрете 
жеңді. Осылайша олар мына мысалдар негізінде Pax Turcica 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет