Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


/ түрік әлемінің  әмбебап үкіметі/, Pax Sinica /



Pdf көрінісі
бет165/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

/
түрік әлемінің 
әмбебап үкіметі/, Pax Sinica

рим әлемінің әмбебап әлемі/, PaxRomana 
/
рим 
әлемінің әмбебап әлемі

Еуразияның нағыз билеушісі кімдер екенін көрсетті. 
Бұдан соң олар ешкімге де Еуразияны толық құқықта билеуге мүмкіндік берген 
жоқ. Келесі екі мыңжылдықта да тек түркілер ғана мен олар құрған бірлестіктер 
өздері дүниеге әкелген мемлекеттері мен империяларын өздері кеңейтіп, 
жетілдіре бастады. 
Көне түркілердің тарихи-этникалық сараланып жіктелуі оны бірден 
Еуразиядағы әскери-саяси үрдістерге тартып, оны әлеуеметтік жіктелудің ішкі 
жаңа сатысына көтеріп жіберді. Осынау үрдістер 552 жылы түрік этнонимін 


286
алған тұңғыш мемлекеттің – Көктүріктер империясының құрылуына әкелді. 
Көктүріктер алғаш рет өз тарихында тұңғыш рет жалпы түркілік саясат пен 
идеологияны көтерген өз мемлкетін құрды.Сонымен олар – Көктүріктер 
империясы түркі мемлекеттерінің алдыңғы және соңғы империяларын 
генетикалық тұрғыдан жалғастырған байланыстырушы буынға айналды. Енді 
бұл мемлекеттер әлеуметтік-саяси жүйенің белгілері мен мүмкіндіктерінен 
құрылған және саясаттарын мәдениет деңгейіне, ал мәдениеттерін саясат 
деңгейіне көтере алған өз міндетті қызметтерін атқарушы мемлекеттерге 
айналды. Сөйтіп, бұл түріктер өз дәуірлерін Шығыстың жаңа тарихынан 
бастады.
Екінші және үшінші мыңжылдықтардың келесі белестерінде негізінен 
Орталық Азия мен оған жақын өңірлерде түркі суперэтносының өкілдері: 
қыпшақтар, бұлғарлар, қарлықтар, ұйғырлар, шуваштар мен жақұттар қалды. 
Осы кезеңдегі Таяу Шығыстың экспансиясы уақытында көктүріктердің 24 
тайпадан тұратын ең пассионерлік тармағы -оғыздар бұл жерлерде жаңа 
түркі мемлекеттерін құрды. Негізінен исламды қабылдаған түркілердің 
үлкен тобының /олардың арасында бүгінгі қазақтардың ұлы бабалары да бар/ 
осылайша Орталық Азияға /негізінен Түркістанға/ қайта оралуы бұл өңірлерде 
осы күнгі түркілік мемлекеттердің пайда болуына себеп болды. PAXTurcica 
мұрагерлері келесі ғасырларда да Орталық Азияда өмір сүрулерін жалғастырып, 
түркі-ұйғырларының /745-840 жылдарда/ және түркі-моңғолдарының /1230-
1310 жылдарда/ империясы ретінде тіршіліктер құрумен болды. 
Дегенмен, PAXTurcica өзінің Азияға қарай беталыстарында, яғни геосаяси 
кеңістікті иелену мүмкіндіктеріне ұмтылыстарында, Еуропа мен Азияның 
түйіскен жеріндегі Түрік-Ислам одағы мен ؛ Pax Turkcica өз жаңғыруларымен, 
Pax Tuarica және Pax Ottomarica болса, түркі суперэтносы империялық жүйесінің 
империялық өмірінің жаңа дәуірімен бастады. Еуропа, Азия мен Африка көне 
құрлықтары құрған өңірлер көлемдерін шектеп, болашақ XV-XVI ғасырларда 
түркілер әлем тұрғындарының үлкен бөлігін құрайтын түріктің үш тамаша 
империясы-Осман түріктерінің /1300-1922/, Сефевидтер /1501-1722/ және 
Моғол /1526-1858/ империяларын құрды. Сөйтіп, түркілердің әскери, саяси 
және азаматтық жеңістерінің үштігін құрды.
Еуразияның бүкіл аумағына жайылған түркі суперэтносы осының нәтижесінде 
ерекше сапаға ие болып, өз тамырларынан үзілмей, оның тағанында Орта 
ғасырларды шаңырақ көтерген түркі-ислам мемлекеттерін аса зор мемлекеттік 
тәжірибелер жинаудың арқасында жаңа түркілік империяларға айналдырды. 
Империяның соңғы тірегі Араб-ислам сұлтанатының тағаны-Аббасидтер 
Хлифаты құлағаннан кейін Таяу Шығыс пен Орта Шығысты жаулап алушылар 
парсылар не византиялықтар емес, ендігі ретте түркілер болды. Егер біздер 
бүгінде жүзжылдықтарды қамтитын түркі мемлекеттерінің өркендеу жолдарына 


287
қарар болсақ, онда олардың арасындағы тарихи-геосаяси ахуалдарының 
оларға өңірлік-геосаяси сырт пішінге пайдалы сабырлы да ұтымды шешімдер 
қабылдауларын қамтамасыз етіп отырғанын байқаймыз. Олардың арасындағы 
тікелей қарым-қатынастар сонау көне замандардан бері қарай мемлекеттіліктің 
дәстүрлерімен алмасуларына қызмет жасаса, ал көлденең қатынастары сол 
заманғы мемлекеттердің түрлі деңгейлері мен мүмкіндіктерінен туындайтын 
шекаралардағы мүдделерін қамтып отырған.
Әлемдік тарихтың жаңғыруы мен әлеуетті түрік империяларының 
құлдырап құлап,олардың ұлттық мемлекеттерге, тіпті хандықтарға айналуы 
қарсаңындағы ахуалдардың көптеген тарихи-саяси себептерден туындағанын 
байқаймыз. Мүмкін осынау себептердің негізінде ғана уақыттар өте келе 
осынау империяларды жаңғырту кезеңдерімен қанаттаса қозғалу керек боған 
шығар. Бұл істерге түркі мемлекеттері тек қана Иса пайғамбар туғаннан 
кейінгі екінші мыңжылдықтың басында ғана қабілетті бола алды. Осы 
тұстарда Еуропаны күшейте түскен себептер керісінше Азияның әлсірей 
бастаған мерзімімен тұспа-тұс келді. Әлемдік империализмнің Азияға өктемдік 
жасап, басып алуға ұмтылуының алдындағы үлкен сілкіністер қарсаңындағы 
ауыр сынақтардың өзінде өз мемлекеттілігін жоғалтқан түркі әлемінде өз 
тамырларынан үзілмеген жеңілмес рух пен адамшылық биік қасиеттер өзге 
ұлттарға қарағанда жоғары тұрған болатын. Тек осынау сөнбес руханилық 
пен адамшылық қасиеттердің арқасында ғана түркілік бірліктің идеясы 
жоғалып кетпей, өмір сүре берген. Бұл өз кезегінде классикалық түркіліктің 
барша әлем бойынша біртіндеп әмбебаптана бастағанын байқатады. Тарихи 
жаңғырудың екінші кезеңі Көктүріктер дәуірінен соң серпінмен басталып
XIX ғасырдың ортасындағы әлсіреуден кейінгі ұлы қайта дәуірлеудің келесі 
толқынына көшкен. Бұл бүкіл әлемдегі түркіліктің әмбебаптануына ауысқан. 
Түркінің саяси мәдениеті де ұлттық біртектіліктің тұрақты бірлік идеясына 
жетіп, оның
 
тұжырымдамалық идеяға айналуына жол ашқан. XIX ғасырдың 
басында түркизм мен исламизмнің үрдістері өз болмыстарында екінші орынға 
кетіп, түркі әлемінің идеялогиялық-саяси-мәдени дүниетанымның түбегейлі 
өзгерістерінен көріністер тапты. Аталған дүниетанымды тұжырымдаудың және 
оны жүйелендірудің кейініректегі үрдістерінде бұл танымдар идеологиялық 
түркизммен,саяси түркизммен, мәдени түркизммен тікелей байланыстары 
көріністер береді. Бүгінгі заманғы түркизмнің классикалық түркизмдегідей 
негізгі мақсаты- тәуелсіз түркі мемлкеттерін конфедерацияға немесе алпауыт 
мемлекетке айналдыру емес, халықаралық жүйедегі егеменді субьектілерге 
ғана жаңғырту. Түркизм-бұл біздің түркілігіміздің айғағы ғана. Біздің 
түркілігіміз-біздің ұлттық санамыздың өзегі, түп тамыры. Ендеше біздің 
түркілігіміз ғаламдық ұлттық санаға кірігіп, түркі дүниесінің жағрапиясы мен 
рухани қырларын, саяси өзгерістерін, талайлы тағдырына апарар есікті ашып, 


288
тарих тербеткен болашағына апарар баспалдақтар болып отыр. Сонымен қатар, 
түркілік мәдениет үнемі жетіліп тұратын жанды болмыс, тамыры тым тереңде 
жатқан солмас қайнарлы қазына. Ол бүгінде де ұлттық түркілік мәденитетті 
өркениетті идеялармен қуаттандырып, табысты байыта түсуде
.
Әлемдік тарихты түркі тарихынсыз елесетету қандай қиын болса, әлемдік 
мәдениетті де түркі мәдениетінсіз елестету сондай қиын. Егер әлемдік 
тарихқа антикалық дәуірден бүгінгі заманға шейін көз салар болсаңыз, одан 
түркі мәдениетінің алған орнын көре аласыз. Таңдаулы өркениеттің үлгісі 
ретінде өмірге келген жалпы түркілік мәдениетті қалыптастырған тарихи-
жағрапиялық жағдаяттарға көз салсақ, әу бастан-ақ онда түркі суперэтносының 
пассионарлық қуаттары мол болғанын байқаймыз. Осынау әлеуеттер бұл 
этностың уақыт санап өз бетімен дамып, толыққанды өркениет ретінде дами 
бергенін аңғарамыз. Алайда түркі өркениеті қанша дамыса да, қаншама кеңейе 
түссе де өзінің түркілік мәдени тамырларынан үзілген жоқ және халықпен 
байланысынан ажыраған емес. Түркілердің ұлттық мәдениеттері болса, осы 
дәуірлерде Еуразия жүйесінде әмбебап этномәдени тұғырға айналумен болды. 
Жекелеген ұлттық түркілік мәдениеттер болса, жалпы түркілік мәдениеттің 
этногенетикалық тағанын қорғай келе, оларда өздерін барша қасиеттерімен 
сақтай алды. Сондықтан түркі мәдениеттері табиғи қалпы мен өзара 
үндестіктерін сақтай отыра, өз бастауларынан әсте де ажыраған жоқ. Осылайша, 
түркі мемлекеттері мен империяларын құрушылар осымен бір уақыттарда 
түркі өркениетін де құрды. Неге десеңіз, осынау саяси құрылымдар түркі 
суперэтносына Еуразияның ұланғайыр аумағында өркениеттер құруларына 
үлкен мүмкіндіктер жасады. Барша тарихи сынақтардан сүрінбей өтіп, тұрақты 
түрде кеңейе түскен түркі өркениетінің жеңілмес үлгісі-Түрік мемлекеті, Түрік 
мемлекеттігі болды. Түрік мемлекеттігі бұл шын мәнінде де түрік өркениетінің 
алтын арқауы, беломыртқасы еді. 
Әлемдік мәдениеттің даму тарихында ең маңызды рөл атқарған түріктер 
болса,олардың құдіреттіліктері мемлекеттік дәстүрлерінде болды.Түріктермен 
тығыз қарым-қатынастарда болған әлем халықтары да осынау мемлекеттік 
дәстүрлерді өздерінің саяси іс-тәжірибелерінде кеңінен қолданды.Көктүріктер 
дәуірінен соң қалыптасқан түркі өркениеті мен ислам өркениеті де пассионарлық 
іргетас бола келе туған түрік тілдерін Шығыстық Исламның өркениет тіліне, 
өзара қарым-қатынастар тіліне айналдырды. Көктүріктер империясының мәңгі 
өлмес туындысы, түркі мемлекеттігінің, түркі бостандығы мен бірлігінің 
ескерткіші Орхон жазбалары да осы тілде жазылған болатын. Мемлекеттік 
саясат деңгейінде көрсетілген түркі бірлігінің идеясы тарихты тұңғыш рет 
осылайша жазба материалы түрінде ұсынды. Бұл құжаттар Орхон жазбаларында 
негізделген аталмыш жазбалар жалпы түркі мәдениетінің, әсіресе жалпы 
түркілік мәдениеттің саяси тағанын қалауда баға жетпес маңызға ие болды. 


289
Орхон ескерткіштерін түбегейлі маңыздандырудың қажеттігі, әсіресе, 
түркі әлемінің саяси-мәденеи тағдыры үшін қажет болды. Орхон жазбалары 
түркілік тұңғыш мемлекеттің тарихи құжаттарының бұқаралық сипатын 
көтеріп, оның бүгінгі заманғы барша түрік тілдерінің түп қазығы, бастау бұлағы 
болғанындығынан және көне түрік тілінде жазылғандығынан, Түрік этнонимін 
алған Көктүріктер империясының әлемдік мемлекеттіліктің қалыптасуына, 
оның этногенезисінің пайда болуына, тіпті жалпы Еуразияның жаңғырып, 
өркендеуіне, оның ұлттық мүдделеріне қызметтер жасағанын көрсетеді. Бұл 
ертедегі Орта ғасырларда түркі этносаяси жүйесінің дамуының нәтижесінде 
пайда болған Көктүріктер империясының кейіннен аса үлкен империяға 
айналуының куәсі. Аталған империя әскери, саяси және дипломатиялық 
жағынан да үлкен империяға айналып, Еуразиядағы бүгінгі барша тарихи-
классикалық идеологияның түркі әлемінің бірігуіне қызметтер жасап отырған 
жолының ең бастауында тұрғанын көрсетеді.
Бүгінгі заманғы түркі мәдениеті «Орхон ескерткіштері», «Оғыз-қаған», 
«Қорқыт ата кітабы», «Манас», «Эмсали Тюрк», «Диуани лұғат-ат түрк», 
«Құтты білік», «Диуани-Хикмет», «Оғызнама», «Мюгайисет-ул- лугетейн, 
«Шеджереи-Тарикиме» секілді ұлы шығармаларды өмірге әкеліп, олардың 
әлемдік мәдениетті өзіндік бояуларымен байытып, құнарландыра түскен, 
ұлттық мәдениеттердің дамуына жол ашқан рухани-эстетикалық қуаттарымен 
адамзаттың адамгершілік, кісілік сезім, жасампаздық ойларына қозғау салып, 
кісілік құндылықтарға таған болған мәдениеттерге іргетас ретінде қаланғанын 
көреміз.
 
Түркі өркениетінің, түркі мемлекеттілігінің және оның саяси 
көзқарастарының әмбебаптана түсуіне Ұлы Жібек Жолының баға жеткісіз 
ықпалы болғанын бөле жара атап өту керек. Ұлы Жібек Жолының ықпалымен 
және өзге де әсерлермен Орта Азияның күре тамыр тіршілігі ретінде Қиыр 
Шығыста Жапон мен Қытай өркениеттерімен және оңтүстік-шығыста Үнді 
өркениетімен, Таяу Шығыста Ислам өркениетімен, әсіресе Арабтармен, 
Ирандықтармен, Батыста Еуропа мен Славян жұрттарымен байланыстар 
орнатты. Дегенмен тарихи себептермен олардан байланыстарын үзіп алған 
түркілер, сайып келгенде, олардың баршасымен мультимәдени кеңістік құра 
алды. Атап айтар болсақ, түркі әлемінің Ұлы Жібек Жолымен біте қайнаса 
жалғасуын үш деңгейге бөлген жөн.
1) Жібек Жолы тарихи кезеңдерде ұзына бойы мыңдаған шақырымдарды 
құрайтын сол маңдағы қапталдас жатқан түркілер мемлекеттерімен қанаттаса 
өткенде;
2) Тарихи мерзімдердің ұзақ жылдарында Жібек Жолының негізігі 
пайдаланушылары әрі жақтаушылары да түркілер болғанда;
3) Түркі мемлекеттері көптеген ғасырлар бойына Жібек Жолының 
трансеуразиялық коммуникациялық байланыс жүйесі ретінде істеп тұруын 
қамтамасыз етті. 


290
4) Түркі мемлекеттері мен елдері осы жолдың 2200 жылдық тарихының 
өн бойында дерлік оны бақылауда ұстап, өңірдің шекараларын назарда ұстап 
отырды. Жібек Жолының саясаты түрік өркениеті мен оның саяси мәдениетінде 
ерекше орын алды. Сондықтан Ұлы Жібек жолының идеясын ғаламдық деңгейге 
көтеру үшін жоғарғы деңгейдегі көліктік замануи технологиялар тағанында оны 
осы заман талаптарына сай қайта өмірге әкелудің игі қадамдары жасалуда.Бұл 
игіліктер /TRASEKA/ Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі жобасы арқылы жүзеге 
аспақшы.
Бүгінгі заманғы халықаралық саясатта Ұлы Жібек Жолының маңызы ай- 
рықша. Бұдан да түркі әлемінің үлкен саясатқа оралуын, оның Еуразия 
құрлығындағы саясаттағы, экономикадағы және мәдени өмірдегі орнын 
аңғарамыз. Тарихи нәтижесі ретінде Еуразияның түркі әлемімен геосаяси 
біртұтастыққа көшуін айтқанымыз жөн. Бұған дейін әр түрлі өркениеттердің 
бөлшектері болып келген Азия мен Еуропа түркілердің бірігуінің нәтижесінде өз 
қарым-қатынастарын бірегей өркениеттің мега жүйесінде құруға бет алуда. Егер 
Еуропа Таяу және Орта Шығыс, Кавказ, Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс 
Азия блоктарына бөлінсе, ендігі ретте түркі дүниесінің біріге бастауының 
нәтижесінде біртұтас болмысқа айналатын болады. Олардың жалпы саяси 
геосипаттық жағдайлары ендігі ретте біртұтас өркениетке ұласады. Былайша 
айтқанда, бүгінде бірде-бір саяси партия, яки болмаса елдер түркі мемлекеттері 
секілді өңірлерде геосаяси жағынан мемлекеттердің мүдделер мен мұраттарын 
үйлестіре алатын мүмкіндіктерге ие емес. Сондықтан Еуразияның тарихи 
геосаясаты жаңа Азия мен Еуропаның арасындағы түбегейлі өзгерістер мен 
жаңғыруларға байланысты болып қала бермек және бұл жердегі табыстар түркі 
мемлекеттеріне тікелей тәуелді. 
Шамамен екі мың жылдан бері жалғасып келе жатқан түркі геосаясатының 
ырғақты дамуы түркілердің тарихи-саяси жағдаяттарынан тұрып, кезінде 
Шығыс Түрікстан мен Батыс Түрікстан болып тармақталған бөліністерінен 
түркі этносаяси жүйесі құрылғаны мәлім. Тиісінше Батыс Түркістан Еуропаны 
бетке ұстап келе жатқан түркі мемлекеттерінің геосаяси жолағын құрып 
отыр. Дегенмен, түркі мемлекеттерінің мұндай бөлініске түсуі олардың 
этногенетикалық жадыларын өшіре алған жоқ. Батысты бетке алған түркі 
диотомиясы Еуропамен байланыстарын нығайта түссе, шығыс түркілері 
Оңтүстік Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастарын күшейтуде. Классикалық 
Азияның бірде-бір империясы жасай алмағанды, яғни Қытай, Үндістан мен Иран 
және Араб елдері жүзеге асыра алмағанды түркілер істеп, қазіргі жаңа уақытқа 
шейін Азия мен Еуропаға қатысты саяси тұрақтылықтарын шайқалтқан жоқ.
Ғаламдық деңгейдегі жақындасудың парадигмасынан қарағанда Еуразияның 
геосаяси дамуының қисындары аясына Орталық Азия мен Кавказ да кіретін 
түркінің құрлықтық геосаяси жүйесінің үрдістерімен тікелей байланысты. 


291
Өңірдегі сегіз түркі мемлекеттерінің бесеуі Кеңестер Одағы ыдырағаннан 
соң өздерінің әуел бастағы құрылған жылдардағы орындалмастай көрінген 
мұраттарына қарай қадам басып, дами бастады.Түркиядан Қазақстанға дейінгі 
барша түркі қауымдастығы өңірлік және халықаралық ұйымдарда жеке 
өздерінің ғана болуынан үлкен маңызға ие бола алмайтындарын жете түсінді. 
Бұлай болмас үшін түркі мемлекеттерінің бірігуі керек және осынау жол аса 
қисынды және де тарихи заңдылық болып табылады. Бүгінде Еуразияның ішкі 
дамуын күшпен реттеу мүмкін еместігі және оның әлеуеттер қайнары тек қана 
түркі әлемінде жатқаны айқын болып отыр. Бүгінде Еуразияның жүрегінде, 
«ішкі жерлерінде» /Маккиндер/ түркілер құрған геосаяси жүйенің қуаттана 
түскен жағдаяттары өңірдің қалған елдерінің мүдделеріне сай келуде /тіпті 
Ресейдің де/ Еуразияның «Түркілік бәтуәсы» болса, осы өңірдегі мемлекеттер 
арасындағы келісімдерге осынау мемлекеттердің әр қайсысының ортақ алаңда 
дамуына оңтайлы жағдайлар жасайды.
«Түркілік бәтуәның» ғаламдық және өңірлік, ұлттық деңгейлері негізіндегі 
салынған келісімдердің артықшылығы бұл жерде қандай да бір саяси субъектінің 
басым болуына мүмкіндіктер бермейді. Әдеттегідей, тұрақты және тұрақсыз 
саяси жүйелері, өркенді немесе дағдарысты экономикасы, демократиясы 
орныққан, болмаса, демократиясы қалыптасып үлгермеген мемлекеттер енжар 
геосаяси кеңістікте өзінің ішкі және сыртқы басымдықтары үшін қолайлы 
ахуалдар табады. Сондықтан, «түркілік бәтуә» Еуразиядағы міндетті кезең 
ретінде өңірдегі осынау «диссонанстық» жағдайды түзетуі керек. Еуразия 
өзінің геосаяси қауіпсіздігі үшін түрлі даму деңгейлеріндегі елдермен, әсіресе, 
Жапониядан бастап Британия, Ресейден Үндістанға дейінгі мемлекеттермен 
ықпалдастыққа көшуі мүмкін. Сондықтан да қазірде түркі мемлекеттері, оның 
ішінде Түркиядан Қазақстанға дейінгі елдер алысты болжай алатын және 
қисынды қалыптасқан саяси мәдениеттерінің арқасында Еуропаның геосаяси 
қауіпсіздігін жақтап, оның бастаушылары да болуда.
Еуразияны қамтыған әлемдік ықпалдасу үрдістеріне көз салар болсақ, онда 
оның түркі мемлекеттерінің ішкі геосаяси ынтымақтастығымен сабақтасып, 
нағыз ғаламдық бүтіндікке көше бастағанын аңғарамыз. Егер Еуразиядағы 
жүріп жатқан қазіргі үрдістерді таразылап, түркі мемлекеттері геосаяси 
кеңістігінің даму болашағын қаперге алар болсақ, онда осынау елдерде, 
әсіресе Түркияда үрдістерге тиесілі қадамдардың саяси маңыздылығы арта 
түскенін және оның ғаламдық мәнінің де өскенін көреміз. Батыстың саяси 
сарапшылары Джордж Фридман мен Збигнев Бжезинскийлердің пікірлерінше, 
Америка Құрама Штатының тұрақты назарындағы бірден-бір шығыстағы 
ислам мемлекеті – Иранға қарағанда Түркия стратегиялық әріптес ретінде 
мақсаттарына өз күштерімен-ақ жетуге болады деп санайтын және осы 
өңірдегі күштер теңгерімін сақтауға қабілетті ел – Иран болса, осыдан барып 


292
Түркиямен қуатты бәсекелестікке жету үшін өзінің стратегиялық қорларын 
онымен бөлісуге мәжбүр. Әлемдегі ең күшті он жетінші мемлекет – Түркия 
келесі он жылда АҚШ-тың өңірде қандай қадамдар жасайтынына қарамастан, 
Таяу Шығыстағы экономикалық жағынан ең өркендеген ел болуға мүмкіндігі 
бар мемлекет. Осыларға қоса, араб елдері шейттік Иранға қарсы тұрар күшті 
іздеп жатқан уақытта бұған ең лайықты ел – Түркия болып отырғанын да атап 
кеткеніміз жөн. Бұл ел өңірдегі, тіпті Еуропадағы да /Ресей мен Ұлыбританияны 
есепке алмағанда/ ең қуатты армиясы бар мемлекет болғандығынан, Иранның 
Араб түбегіндегі өңірге ықпал жүргізу арқылы басымдық танытуына қарсылық 
білдіре алатын әлеуетті ел саналады. 
Таяудағы онжылдықтарда АҚШ-тың араб әлеміне ықпалын арттыруы үшін 
ұстанар мақсаты – Тегеран мен Анкараның одақтасуына мүмкіндігінше жол 
бермеу болмақшы. Алайда Анкара мен Тегеранның Ақ Үйдің алдындағы уақыт 
санап үдей түскен қорқынышы осынау одақтың құрылуын тездете түсетін сыңайы 
бар. Дегенмен, Америкамен жасалған келісімге қол қойылуы ирандықтарды 
белгілі бір мерзімге дейін тыныштандырып отыр. Сайып келгенде, Тегеран 
Анкараның алыс келешекте көздеген мақсатына қарай жылжуын тоқтата 
алмайды да. Анкара болса, өз тарапынан Ақ Үймен ұзақ мерзімдік қарым-
қатынастарын одан әрі жалғастырып, Балқан мен Кавказдағы өзінің маңызын 
жоғалтпауға күш салуда. Осының нәтижесінде Түркия АҚШ үшін осы өңірдегі 
Ресей мүдделеріне тосқауыл болар белдеу қызметін атқаратын ел ретінде 
бағаланып отыр. Бұдан алыс келешекте Тегеранның Анкараны өз мақсаттарына 
жетуден тоқтата алмасын көреміз. Бір жағынан, экономикалық тұрғыдан 
қарағанда Түркия Иранмен салыстырғанда әлде қайда әлеуетті де, ырғақты 
дамып келе жатқан мемлекет. Бұл тұста, жағрапиялық жағынан қарағанда, 
Тегеранның өңірдегі мүмкіндіктері шектеулі де, Анкара одақтар құру арқылы 
өз ықпалын Кавказ, Балқан, Орталық Азия мен Жерорта теңізі мен Солтүстік 
Африкаға қарай ұлғайта түсуде.Тегеранда мұндайлық мүмкіншіліктер жоқ. 
Иранда еш уақытта да қуатты әскери-теңіз күштерінің болмағанын атай келе, 
Джордж Фридман елдің стратегиялық жағдайы мен бұғаздың маңызына орай 
Иран болашақта да мұндай күштерге ие бола алмайды деген пікірлер айтады. Ал 
Түркия болса, Жерорта теңізінде, керісінше, басымдыққа ие және келешекте де 
бұл артықшылығын сақтап қалуға мүмкіндіктері зор. Алдағы онжылдықтарда 
Анкараның аталған өңірдегі басымдығы сақталып қана қоймай, арта түсері 
сөзсіз. Бүгіннің өзінде-ақ Анкара аталған өңірде жеткілікті маңызға ие болып 
отыр.Түркия ешкіммен де шиеленіске бармай, сондығынан да өңірдегі жағдайды 
назарда ұстауда.
Дегенмен, келесі онжылдықтарда Түркияда елдің барша күшін ортақ 
игіліктер жасауға жаппай жұмылдыру жүргізілетін болады. Бұған елдің ішкі 
жағдайы мен экономикасының өркендей түсуі толық жағдайлар жасайтын 


293
болады. Сондықтан АҚШ келешекте Түркиямен жақындаса түсіп, оның еркін 
өркендеуіне кедергі келтімейтін болады. Збигнев Бжезинский де ХХ ғасырда 
Түркия коммунистік Ресеймен салыстырғанда даму жолын сәтті таңдап алған 
деп санайды. 1924 жылы Мұстафа Кемел Ататүрік жүргізген шұғыл реформалар 
болмай қоймайтын жаңғыруларға бастап, Анкара ресми болмаса да батыстың 
деңгейіне жетіп қалды. Бүгінде заманауи Түркия халықаралық аренада 
өзінің өңірлік жағрапиялық басымдықтарын қалпына келтіруде. Осынау оң 
жаңғыруларға діни негіздер емес, тарихи-геосаяси себептер негіз болуда. 
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін оның құрамында болған егеменді түркі 
тілдес республикалар ендігі ретте Түркиямен қанаттас дамудың әлеуеттерін 
иеленді. Энергетикалық тұрғыдан қарағанда, Түркияның байлығы мен түркі 
тілдес мемлекеттердің баршасының даму мүмкіншіліктері өңірдегі шешуші 
демократиялық күшке айналып, геосаяси жағынан алғанда, демократияландыру 
мен сауда және мәдени байланыстарды орнатуға шешуші себептер болуда. Бұл 
тұста Мәскеудің де Орталық Азияның энергетикалық ресурстарын пайдалануға 
деген ниеті мен құмарлығын естен шығаруға болмас

Алайда, Анкараның, 
Баку мен Тбилисидің ықпалдастық қауымдастығының Каспий теңізі арқылы 
қарым-қатынастарының өсе түсуінің нәтижесінде түркі тілдес мемлекеттерден 
және Орталық Азиядан мұнай мен газдың Еуропаға тасымалдануы қамтамасыз 
етілуде. Сондықтан, Батыс Түркиямен байланысты жоғалтуға мүдделі емес. 
Неге десеңіз, Батыс үшін Түркиямен байланыстарды жоғалту, бүкіл түркі 
мемлекеттер өңірін жоғалтумен пара-пар. 
Асылында, Түркияның өркендей беруі трансеуропалық жобаларды 
жүзеге асырып, жалпы өңірдің өркендеуін және оның ғаламдық кеңістіктегі 
белсенді ықпалдастықтарын қамтамасыз ете беру деген сөз /233:234:213/.
 
Егер 
осындай тарихи-саяси жағдайларда түркі әлемінің бірігу идеясы маңызға ие 
бола түссе, онда осынау қисынды ақиқаттың өміршеңдігі айқындалып, түркі 
өркентиетінің өзіне деген нық сенімі барша деңгейлерде беки түсері анық. 
Мультимәденитаным кеңістігінде өзін бірегей түркілік өркениеттің барша 
деңгейлеріндегі орыннан көру, осынау өркениетті тану, түркілік өміршеңдіктік 
өрісінің кеңдігін мойындауға жетелейді. Сондықтан, әлем кеңістігінде түркі 
мемлекеттерінің аталған өркениетінің пайда болуына орай мәдени-саяси өмірдің 
негізгі бағытына Еуразияны қамтуға көшкен бірлік идеясы әлемде басымдық 
таныта бастады. Бұл қозғалыстың басты жолы түркі өркениетін ғаламдық 
өркениеттің даму үрдістерінің жетекші заңдылықтарымен біріктіреді. Мұндай 
бірлестіктің құрылу тарихына байланысты жаңа тарих жағдаяттары егер 
Еуразияның еуропалық бөлігі мәртебе биігіне Еуроодақты көтерсе, онда түркі 
өркениеті өңірлері, әсіресе оның азиялық бөлігі мұндай миссияны өздері-ақ 
жүзеге асырады және оны артығымен орындауға қабілетті. Еуроодақ /


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет