Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет83/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
негізінде құрылған біріккен унитарлық мемлекет ретінде танытқысы келеді 
(160. 62-69 беттер) . Мұның соңына ала бере ол өзі иланғын идеалдық сеніммен 
«Еуразиялық ортақ үй» жобасын ұсынады, оны ұсынып қана қоймастан осы 
үйге кіруге Азияның – Моңғолия, Қытай, Жапония, Иран, Ауғанстан және 
Үндістан секілді мемлекеттерін шақырады (160. 70-76 беттер). Өздері жүзеге 
асырмақ ниеттегі жұмыстарының «бүкіләлемдік маңыздылығына» ерекше 
аңғалдықпен ессіз сеніп отырған Дугин мырза кітабының соңғы беттеріне
барлық еуразиялықтардың есі кете құмарта оқып және осы ұйымға мүше болуға 
ұмтылулары тиіс Жалпыресейлік қоғамдық-саяси қозғалыстың Ережесін 
орналастырып қояды!
Орыс идеологының өз елі бақылауда ұстап отырған Еуразияшылықтың 
беталысын осыншалықты менмендікпен мемлекеттік саясат деңгейіне 
дейін жеткізіп отырғаны жәй ғана кездейсоқтық емес. Мынаған қараңыз, 
«Еуразиялықтар президент В.В.Путиннің Ресей билігінің геосаяси қуатын 
қайта жаңғырту және Ресей мемлекеттігін күшейту жөніндегі бағытына 
ерекше үмітпен қарайды» (160. 88 бет). Еуразияшылық бүгінгі күндері 
Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатына алып келетін саяси бағыт 
болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелмегендіктен, 
мүмкін, одақ достастығының ресмилігіне сене қоймағандықтан болар, Ресей 
«Еуразиялық Одақты» жүзеге асыру үшін маңызды шараларды бастап кетті 
(«Кеңес Одағымен» ұқсастығы көрініп тұр) (139). Еуразиялық Одақты құру 
туралы 2011 жылдың 12 қарашасындағы декларацияға Ресей, Беларусь және 
Қазақстан қол қойды және осы айтылған одаққа мүшелікке өтуге Қырғызстан 
мен Тәжікстанның кандидатуралары бекітілді. Еуропалық Одақтың құрылуы 
Еркін Сауда Аймағы, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Кедендік Одақ, Бірыңғай 
Экономикалық Кеңістік секілді ықпалдастыру кезеңдеріне бөлінген болуы тиіс. 
Құрастырушылардың пікірінше, мұндай жоба жеткілікті дәрежеде өте «тиімді». 
Егер де мақсат жүзеге асар болса, онда Еуразиялық Одақ жер көлемі жағынан 
(20 030 748 шаршы шақырым) әлемде бірінші орынды, халқы жағынан (169 
315 689 адам) жетінші орынды, ал ІЖӨ (2. 720 трл. доллар) жағынан алтыншы 
орынды иеленген болар еді.
Жоба авторлары, егер де солардың тілімен айтқанда, «өз тәуелсіздіктерін 
жариялаған посткеңестік мемлекеттер, оның ішінде Абхазияны, Оңтүстік 
Осетияны, Днестр бойы мен Таулы-Қарабақ Республикасын» Еуразиялық 
Одақтың жаңа тәуелсіз мүшелері ретінде көріп отыр. Осылай дей отырғанымен 
де, Ресей тәуелсіз республикаларды өздерінің ықпал ету аясынан шығарғылары 
келмейді және де БҰҰ-ға мүше болып табылатын тәуелсіз республикалардың 
ішінде сепаратизмді ашықтан-ашық ынталандыру арқылы оларды «Еуразиялық 
Одаққа» кіргізуге ұмтылыс жасап бағуда. Мұның халықаралық құқықты 
бұзудың өрескел актісі болып саналатыны ақиқат. 


147
Ресей еуразияшылығы
Орыс еуразияшылары Еуразиялық Одақты саяси, экономикалық, әскери 
және кедендік кеңістік бойынша мұраттас болған, тәуелсіз мемлекеттердің 
конфедеративтік ұйымы деп қарайтындықтарын ешкімнен де жасырмастан, 
мұны сондай сенімділікпен мәлімдейді. Сондай-ақ олар, «Кеңестер Одағын 
Еуразиялық Одаққа, ал коммунизм идеологиясын еуразиялық идеологияға» 
айналдыруды осы Ұйымға ауадай қажет деп, ашық мәлімдеп отыр. Ресей 
Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 
Еуразиялық Одақтың мемлекеттік деңгейдегі авторлары аталады. Владимир 
Путин әлі премьер-министр болып отырған кезінде, 2011 жылдың күзінде 
жарияланған «Еуразияның ертеңі үшін – бүгін туындап отырған ықпалдастықтың 
жаңа жобалары» (181) атты мақаласынан кейін-ақ арада көп уақыт өтпей жатып, 
Еуразиялық Одақты құру туралы декларацияға қол қойды. Ресей мемлекетінің 
басшысы Владимир Путин осы Одақтың еуразиялық геосаясатта құрылуы 
барысында мұнда «қазіргі заманғы полюстердің бірінің мүддесін білдіретін» күш 
қалыптасады деп ойлайды (181). Барынша қысқа уақытта «ұлттық» Еуразиялық 
парламент пен Еуразиялық одақ құрылып, олардың толықтай жүзеге асырылуы 
2015 жылға жоспарланды. Одан кейінгі кезеңдерде ықпалдастықтың бұданда 
ауқымды жоспарлары барысында, ол құрамына Қытай, Үндістан, Иран, тіпті 
Еуропаның да бірқатар елдері кіретін «Үлкен Еуразиялық Одаққа» айналмақ! 
Шындығында да қазіргі заманғы халықаралық саясат Ресейдің әлемдік 
үстемдік құруына жол бере қояр ма екен?! Мұндай ықтималдықтың тіпті адам 
сенбестей болып көрінетіні хақ! Классикалық еуразияшылықты білдіретін 
ресей идеологтары Николай Трубецкий, Владимир Ламанский, Константин 
Леонтьев немесе Петр Савицкий секілділердің мұндай Одақтың тіршілік етуі 
үшін, алдымен барлығын тұтастай ұстап тұратын жалпы тарихи-өркениеттік 
тамырдың болуы қажеттігін алдын ала ескермегені немесе оны ескеруді қажет 
деп санамағаны көзге көрініп тұр.
Сонымен қатар «жаңаеуразияшылықтардың» (Александр Панарин,
Александр Дугин) көзқарасына үңілер болсақ, онда Ресейдің жаңаеура- 
зияшылықтың тұғырнамасы арқылы өзінің имперлік саясатын ақтап қалуға 
деген ұмтылысы, адасушылықтан әлі күнге дейін арыла алмағандығы мен 
ұстанымының сындарлы емес екендігінен нақты көріністер береді. Өйткені өн 
бойы имперлік идеологиямен сусындап, соған әбден қаныққан еуразияшылық 
бірінші кезекте Еуразия халықтарына Ресей билігін толықтай мойындатуға 
арналған саясат болып табылатыны сөзсіз. Ал халықаралық саясаттың бүгінгі 
конфигурациясында, мұндай саясаттың жемісті бола қалатынына сену барып 
тұрған аңғалдық, немесе тарих дөңгелегінің кері айналуына илану секілді 
барып тұрған қияли дүние. Еуразияшылық идеологиясын жақтаушылар 
өздері барын салып, жанталаса қорғаштап жатқан айқындамаларының бәрібір 
де Еуразия тарапынан еш уақытта қабылданбайтынына көздері жетулері 
керек және оны өздері мойындаулары тиіс. Өйткені, Ресей өзінің имперлік 


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет