149
Ресей еуразияшылығы
лагерге» қосты. Жаратылысында диктаторлық мемлекет болғандықтан,
Ресей екі полярлық әлемнің бір полярындағы доминанттық елге айналды.
Сондықтан да кезіндегі І Петрдің реформасына ұқсаған күштеу саясатынан
басқа бағытты қолданып көрмеген, ешқандай да
прагматикалық тәжірибесі
болмаған бұл елде КСРО-ның құлауы қарсаңында ықпалдастықты ыдыратудың
үдерісі жедел түрде басталды. Кеңестер Одағы кезінде зорлықтың күшімен
одақтық республика атанған және «адал социалистік лагер» ретінде көрінген
елдер ендігі жерде саналы түрде одан алшақтай отырып, тарихи-саяси қисын
көптен талап етіп келген әлемдік құрылыстың үдерісіне келіп қосылды. Қазір
бұрынғы уақыт емес: тәуелсіз елдерді, соның ішінде Еуразияның тәуелсіз
түркі республикаларын да ендігі жерде Еуразиялық Одақтың «торына» әкеліп
түсіру мүмкін емес. Мұны күштеп жүзеге асыра салатындай Ресейдің бойында
бұрынғы қауқары жоқ.
Ресейлік саяси талдаушы, Мәскеулік Карнеги Орталығының директоры
Дмитрий Тренин Ресейдің бүгінгі таңның халықаралық
өміріндегі рөлін
анықтауға арналған зерттеуінде («Постскриптум: Еуразияның Тарихы»,
«Еуразияның ақыры: геосаясат және жаһанданудың айрығындағы Ресей»), бұл
елдің жаңа экспансиялау көзқарасындағы саясаты болашағының бұлыңғыр
екендігін ашық та шынайы түрде көрсетіп береді, деген пікір айтады. Ол мұны
былайша суреттейді: ХХІ ғасырдың жаңа Ресейі бұрынғы Ресейден мүлдем
өзгеше. Коммунизмнің күйреуі идеология бостандығы мен құндылықтар үшін
игіліктің хабарын жеткізді... Ресейдің 500 жылға (меніңше, 300 жыл – Дж.Ф.)
созылған имперлік тарихы өшті және супердержаваның кеудемсоқтығы да
бірте-бірте жойыла бастады. Сонымен қатар, тап қазіргі сәттерде Ресей сырттай
кеңеюдің орнына іштей тарылып келеді» (310. 9 бет). Империяға қайта оралу
ендігі жерде мүмкін емес. Өйткені халықаралық саяси ахуал «ұлттық мемлекет
құрады және соларға сүйенеді де» деп, ащы шындықты ақтарып салады (310.
13 бет).
Еуразияның тарихи өткені мен оның осы күнгі ахуалын тереңдете талдаған
Дмитрий Тренин еуразияшылық идеяны жақтаушылар мен осы кеңістікті
орыстандыруға ниеттенгендер әуел бастан-ақ қате стратегияны таңдады:
бағытты Еуразиядан Азияға қарай бұрған
олар заңдылықты мойындамау
жолында тарихи қателіктерге жол берді. Алайда «фундаменталдық тұрғыдан
алып қарағанда Ресей еуразиялық емес, ол еуропалық ел болып табылады».
Осындай себептерге қарағанда Ресейдің еуропалық келешегі оған әлдеқайда
мол мүмкіндіктер ашқан болар еді: бәрінен бұрын ол Батыс өркениетінің бір
бөлшегіне айналар еді. Ал қазір Азияның ұшы-қиыры көрінбейтін ұланғайыр
даласының бір бұрышында қалып қойған Ресей, әлі күнге өзін-өзі таба алмай
елес кезіп жүр. Бүгінгі тарихи ахуалда «Еуразияны тартылыс орталығына
айналдыруда Ресейдің рөлі аяқталды». «Еуразияшылықтың күні бітті,
ендігі
жерде ол Еуропада да, Азияда да Ресейдің көзқарасы мен ұстанымын күшейте