90
III
тарау.
О ртағасы рльщ философия
ден емес, адамдар өмір сүретін географиялық сол элемді жай ғана бейнелеуден
бастайды.
Ибн Халдун көшпенділер өмірі жайлы өте көп айтты. Сонымсн, ол былай
дейді, - көшпенділер өздерінің өмір бақи жиған-тергендерін сақтай алмайды, сон-
дықтан олар қолда барларын қанағат тұтады. Мұның барлығы олардың мекенде-
ген жерлеріндегі табиғи жағдайды бақылауда ұстауға қабілетсіздіктерінен бастау
алады.
Адамның табиғаты былайша қалыптасқан, яғни ол жай ғана өмір сүріп немесе
басқаларына өмір сүруге көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге басқаларынан
асып түсуді де ойлап жүреді. Сонымен бірге көшпенділер өмірі өзара көмек
пен серіктестікті қалайды,
өйткені өз кезегінде, «рөлдерді бөлу» жэне басқару-
шыларды таңдауды жөн көреді.
Онтологиялық жағынан көшпенділік өмір қаншалықты қажетті? Мұндай
қажеттілік жоқ, керісінше, жай ғана орналасқан жерінің трансформациясы туралы
сөз болып отыр, яғни көшпенділік пен отырықшы өмір жиі бірін-бірі алмастырып
отырады. Көшпендінің отырықшы тұрғынға айналуы тіпті де міндетті емес; негі-
j
зінен, сирек болса да, ксрісінше жағдайлар орын алып тұрады. Отырықшы және
көшпенді өмірдің арасындағы байланыс күрделі, көшпенділік өмір барлығының
негізі, ал отырықшы өмір оның негізінде қалыптасқан;
алайда отырықшы өмір
қажетті заттарға емес, сонымен бірге қосымша заттарға мұқтаждықты басынан
өткеруші көшпенділер үшін жиі күтілген мақсатқа айналады. Отырықшылыққа
көшу көшпенді өмірдің заңды аяқталуының бірі болып саналады.
Ибн Халдун бойынша, адам өзінің туысқандарына табиғи жақындықты се-
зінеді, қиын жағдайда оларға көмектескісі келіп түрады. Алайда «туысқандық
байланыс» ұғымы - жалған;
шындап келгенде, бұл жерде ең маңызды рөлді
«қандас туысқан» концепциясы алады. Туысқандық байланыстың мәні бір ата-
анадан туған адамдардың бірігіп өмір сүруі және олардың арасында терең рухани
біртүтастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өркениеттің дамуына климат, географиялық орны, ауаның құрамы, жемісті-
лігі және жердің дымқылдығы секілді бірнеше маңызды факторлар ықпал етеді.
j
Географиялық орны дінге, құндылыққа, парасатқа, тәнге, тері мен көздің тү-
сіне эсер етеді. Философ,
бір-бірінен ең бірінші, температурасы жағынан ерек-
шеленетін Жердің жеті өңірінің бар екендігі (яғни Шалғайдағы Оңтүстік өте ыс-
тық, ал Шалғайдағы Солтүстік өте суық; ортада орналасқан өңірлер барлығынан
қоңырсалқындығымен ерекшеленеді деген ұсыныс) туралы түжырымнан құтыла
алмады. Температура адамдардың темпераменттеріне, киімдеріне, тамақтарына,
ғылымы мен сәулет өнеріне жэне тіпті дінге де эсер етеді, сонымен, «Оңтүстіктің
немесе Солтүстіктің шалғай өңірлеріндегі тұрғындар қандай да бір дінмен таныс
емес, сол уақытгарда көптеген пайғамбарлар ортаңғы үш
өңірде пайда болған
еді». Соңғыларына ибн Халдун Жерорта теңізін, Оңтүстік Араб елін, Ирак, Үн-
дістан, Қытай мен Андалусияны жатқызады.
Ойшыл сол уақыттағы климат адамның мінезіне әсерін тигізеді деген танымал
теорияға көп назарын аударады. Сонымен, суық пессимизм мен негізсіз муңаюға
эуестендіреді, ал ыстық артық оптимизм мен бос қуануға әуес қылады. Сонымен
бірге ойтттыл Джин Бодин мен Монтескье секілді өркениетгің климаттың эсерін