Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V III тарау. К рзаң философиясы



Pdf көрінісі
бет282/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   305
V III тарау. К рзаң философиясы
Шәкәрімнің дін мэселесі туралы айтқанда, ол біржақты көзқараста емес, 
діни соқыр сезімнен мүлдем аулақ, сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда 
«ноқтасыз ойдың», «сау ақылдың» адамы.
Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте орыс мэдениетінен 
шабыт пен күш-қуат алды, өзге халықтардың мэдениеті мен тарихына аса зор 
құрметпен қараған. Бұл оның өміртанымындағы өзгеше бір сипат еді.
Мен ұлтшыл емеспін,
Жақыным мынау демеспін, -
деп түжырымдайды ол бүл жөніндегі өз үғымын. Ол бұл арада адамдар арасын- 
дағы шынайы қарым-қатынастан бастау алатын халықтар достығы мен туысты- 
ғы идеясы тұрғысынан эбден накты ой-толғам жасаған. Сондықтан да оның 
жан-жүрегімен айтқан сөздері біздің бүгінгі күнімізбен толық үндесіп жатқандай.
Ақынның осы ғасырдың басында-ақ бүкіл адамзат қамын ойлап, жер бетінде 
бейбітшілік сақтау керектігі туралы жыр толғағанын тиісінше бағалаған жөн. Ол 
өзінің «Адам туралы» деген философиялық өлеңінде адамдар бойында ар-ұят 
сезімін шақырады.
Қару-әскер тастаудың жөні келмес,
Неге десең біріне-бірі сенбес.
Тэмам адам періште болмай тұрып,
«Ал түзелші» дегенге ешкім көнбес’49.
Шэкэрімнің «Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек» поэмалары идеялық- 
көркемдік мазмұны жағынан XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің үздік 
шығармалары қатарына жатады. Бүларда ақынның демократиялық, халықтық жэне 
гуманистік, философиялық көзқарастары бейнеленген. Ақын жас жүректердің 
жарқын да қайғылы махаббаты туралы жырлай отырып, бас бостандығы идеясын 
алға тартады, оның мұраты үшін күреске шақырады.
Шәкәрімнің өлеңінде кездесетін «Көп білімім жоқ» деген өлең жолдарын, 
ақынның білген білім көлеміне көңілі толмай, қанағаттанбай, місе түтпаудан 
барып айтқаны болар деп ойлаймыз. Керісінше өте жоғары білімдар өз бетімен 
ізденіп, қолы жеткен білімі аз болмағаны біздерге тарихтан белгілі емес пе. 
Әдебиет, өнер жағын былай қойғанда, дүние жүзіне аты әйгілі философтардың 
біразын оқып, білгені анық байқалады. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жарты- 
сында пессимистік философиясы бүкіл Еуропаға кең тарап, етек алған неміс фи­
лософы Шопенгауэрді Шәкәрімнің оқығанын көреміз. Оқып қана қоймаған, оның 
пессимистік философиясын сынап, өзінің батьш ой-пікірлерін айтқан. Шопен­
гауэр: «Дүние тозақ, Дүниеде еш рахат жоқ» - дейді, «Новая философия» деген 
шығармасында. Оны бүкіл Еуропа төбесіне көтерген. Оның жаңа философиясына 
біз танданбаймыз. Неге десеңіз, дүние - тозақ емес, бейіс. Табиғаттың байлығы 
барша жанға жеткілікті. Бірақ сол есіл бейісті тозақ қылып отырған адам. Оны 
Шопенгауэр білмей жаратылысқа жала жапқан. 1
4
9
149 Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 180-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет