Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V III тарау. К рзаң философиясы



Pdf көрінісі
бет280/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   305
310
V III тарау. К рзаң философиясы
Жарқанат жек көреді күннің нұрын,
Күншідцің ұқсатамын соған түрін.
Өзге жанға біткенін ұнатпайды,
Әлгі айтылған бақгардың бірде-бірін,143 -
деп адам баласыньщ этикалық және эстетикалық қазынасы - кірсіз ақыл, мінсіз 
сөз, өмірде адал еңбекпен бірлікке, бақытқа жеткізетінін айта келе сол бақытты 
күндейтін күншілдіктің бар екені өзімшіл, күншілдер өзге адамдардың бақыт- 
қа жетуіне күн нүрынан қашып, қуысқа тығылған жарқанатша қызғаныш біл- 
діретініне ашынады.
Оқу, ағарту, білімділік, мәдениеттілік ақыл қабілеттің жетілуі адамзат тәрті- 
бінің, тәрбиесінің сипаты мен қимыл эрекеттерінің өлшемі ретіндс ұсынылады. 
Халық ағарту, оқу, экономикалық жэне рухани дамуға қарсы ескілікті салт-дэстүр 
мен наным-сенімдерді сақгап қалуға тырысқан барлық әрекеттерге ақын аяусыз 
соққы беріп, халықтың мәдени прогреске, ғьшым мен өнердің дамуына сәйкес 
эрекеттерді үлгі тұтарлық ең асыл моральдық қазына деп қарастырады. Шэкэрім 
өлендерінің басым көпшілігі қоғамның әдет-ғұрып сипатын сынаудан басталып, 
сол заман адамдарының бойындағы мінез-құлықтарды талдайды.
Шэкэрім жалқаулық, енжарлық өте зиянды эдст, сипат деп әшкерелеп, 
жастар бойында ғылымды меңгеру, халық ағарту ісімен туған елдің прогрестік 
дамуы жолындағы барлық қиындықтарды жеңу үшін күш-жігер, ерік, еңбек 
сүйгіштік қасиеттердің мол болуын уағыздайды. Қай өлеңін алып қарастырмайық, 
көбінде Дотан адам мұраты адамның жақсы қасиеттері, адал еңбек нэтижесінде 
қалыптасатыньш тұжырымдайды. Мысалы:
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек -
Бұл тортеуін кім қылса шын адам сол.
Шәкәрім бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Жазушының сөздері 
- көркем эңгімесі және даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолу- 
лар, афоризм болып келеді. Мұнда Абай үлгісі, Абай өрнегі сайрап тұр. Шэкэрім 
дүниетанымы Абайдың өмір туралы көзқарастарының заңды жалғасы іспетті. 
Мәселен, «Есті адам тілін тыйа алады. Бірақ ешкім ойын тыйа алмаиды» немесе 
«Мені сен, сені мен жаратқам жоқ қой», болмаса, «Осы өмірден басқа өмір жоқ бол- 
са, жаралыспен жағаласьш, адамдармен араласып өмір сүргенше, жасамаған артык 
емес пе?»144 - деген даналық сөздерінде философиялық ой толғамдар тұньш тұр.
Шәкәрімнің арнайы саяси мемлекет құрылысы тақырыптарына жазған 
шығармалары жоқ. Әйтсе де «Бәйшешек бақшасы» деген қара сөзбен жазылған 
эңгімелерінен саяси ойларының біразын аңғаруға болады. Тамам адам баласы бір 
бауыр, бір дене сияқты, эр адам — сол дененің бір мүшесі. Қоғам мүшесі оған зиян 
келтіретін болса, не істемек керек? Бір мүше аурулы, зиянды болса, тамам денені 
тынышсыздандырады, сондықтан ол не бұл адамдардың ортасынан кетуі керек, 
не болмаса барша жанға тынышсыз болатын залымдықты жою керек. Әйтпесе ол 
мүшені денеден алып тастауға тура келеді.
143 Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 166-167-6.
144 Ш э к э р ім .-Алматы: Жазушы, 1988. - 11-12-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет