Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
V III тарау. Крзак, философиясы жалғыз дәру деп түсінеді. Ғашық адам — жаралы адам, жар сүйсе жазылады, сүй-
месе өледі, махаббат — бір тэтті у, адамды махаббаттай елтітіп, есеңгіретер күш
жоқ, - дейді.
Мағжан — заман туғызған өз дэуірінің, жаңа заманның ақыны, нәзік, сезімтал
ұлт ақыны. Мағжан ақынның философиялық дүниетанымын, оның өмірге, тірші-
лікке, табиғат пен адамға, махаббатқа деген көзқарасын, лирикалық философия-
сын түйіндей келе айтарымыз: Мағжан Жұмабаев — қазақ әдебиеті мен қоғамдық
ой-пікірінде Абайдан кейінгі күллі ақындар жетпеген шырқау көкке көтерілген
ұлы ақын, ойшыл, сыршыл философ. Ол — өз дэуірін нэзік сезінген, Батыспен
Шығыс ақыл-ойын, рухани құндылықтарын бойына дарытқан, білімдар, терең
ойлы ақын эрі философ.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 ж.) — ұлы ақын, көрнекті қоғам-
дық саяси қайраткер. Философиялық мәселслерге арналған көптеген өлеңдер
жазған. Олардың арасында, атап айтқанда, «Оқуда мақсат не?», «Жан қайда
эділетті іздейтұғын», «Бір адам көп жасады жер бетінде» жэне т.б. елеулі туын-
дылары бар. «Қамар сұлу» романындағы, «Адасқан өмір» дастанындағы филосо-
фиялық ойлары — қазақ философиясына қосқан елеулі үлесі. Адам өмірінің мэні
мен мақсаты, қоғам дамуының ерекшеліктері, болмыстың жалпы негіздемелері,
таным мен адам қызметінің атқаратын рөлі жэне басқа да философиялық ізденіс-
тер, әдеби-көркемдік құралдар мен эдістер арқылы өріледі.
XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ философиясында өзіндік ерек-
шеліктерімен, рухани тың ізденулермен көзге түскен, бірақ кеңес заманында
көзтаса қалған ағым діни-ағартушылар еді. Ақмолла Мұхамедиярұлы, Нұржан
Наушабайұлы, Әбубәкір Кердері, Шэді Жэңгірүлы, Мақыш Қалтайүлы сияқты
осы бір зиялы ақын-ойшылдар мұрасы соңғы жылдары ғана философиялық зерт-
теу объектісіне айналып отыр. Олар дінді уағыздаушьшар емес, дінді ілім ретінде
тиянақты білім алатын жолдардың бірі деп қарастырады.
Сонымен, философия тарихын зерттеу мен насихаттау Қазақстанда XX ғасыр-
дың басынан қолға алынды. Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы
шығармаларында, діни-ағартушылық ағым өкілдерінің еңбектерінде эртүрлі дең-
гейлерде көрініс тауып отырды. Ал өз алдына философия факультеті мен инс
титут ашылғаннан кейін косіби философтар даярланып, философияның көптеген
мэселелері ғылыми түрде жүйелі зерттеле бастады.