Жалаы саны: 13 Қатысқандар: 12 Қатыспағандар: 1



Дата26.04.2023
өлшемі21,08 Kb.
#87280

«Керімағаш-Арасан ауылындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2020-2021 оқу жылы
«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы»
ата-аналаржиналысы
2-сынып

ХАТТАМА №2




Жалаы саны:13
Қатысқандар:12
Қатыспағандар:1
Өткізу күні:17.09. 2020 жыл
Өткізу уақыты:11:30
Тақырыбы:Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы
Ата-аналар жиналысының мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Өткізу форматы: қашықтан, ватсап.Ата-аналарға сілтемелер алдын-ала жіберіледі.
Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері),ДТІЖО,мектеп психологы Рахымберлина Г.С


Күн тәртібі:



  1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары – сынып жетекші Б.Б.Аміржан

  1. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру, ата-ананың міндеттерін түсіндіру – Б.Б.Аміржан

3 Қашықтықтан оқытудағы қиыншылықтар
4 Жаңа оқу жылындағы білім алушылардың бағалау жүйесі

Тыңдалды:

  1. Бірінші сөз алған сынып жетекшісі Аміржан Балауса Бауыржанқызы– жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу форматтарымен таныстыра отырып, оқушылардың жаңа оқу жылындағы болып жатқан өзгерістермен таныстыра отырып,елімізде болып жатқан індетке байланысты биылғы оқу жылы яғни І тоқсанды қашықтықтан оқыту арқылы ұйымдастырылатынын айтып,таныстырып өтті.Оқыту платформасы «BILIM LAND» қалай қолдану керектігін,қалай жұмыс істеу керектігі туралы оқу платформасын қолданар алдында түсіндіру жұмыстарын жүргізгендігі туралы айтып өтті.

2 Екінші мәселе бойынша сынып жетекші Б.БАміржан қашықтықтан оқыту кезіндегі ата аналардың міндеттерін толығымен түсіндірді.Балалардың қазіргі таңда жандарында болғандықтан сабақтарына да,денсаулықтарына да жауапкершілікпен қарау керектігі маызды екенін айтып өтті.Сабырлық,шыдамдылық таныту керек екендігін,.балаға бағыт-бағдар беру керектігін айтып өтті.



  1. Үшінші мәселеде қашықтықтан оқытудағы қиыншылықтар туралы сөз алғаната-ана Далабаева Сабира–негізі штаттық режимде оқыған оқушыға да ата-анағада ынғайлы еді.Бірақта осы бір індеттің алдын алу үшін де осындай қашықтықтан оқуға мәжбүр болып отырғандығын айтып өтті.Өзінің балаларының жанында үнемі отыра алмайтығын сонда да болса жағдайларын қолынан келгенше жасап бергендігін айтты.

Екінші сөз алған ата-ана Жилкишиева Гүлжан интернет дұрыс ұстаған жағдайда балаларды бұл платформамен оқытқанда ыңғайлы.Өкінішке орай интернеттің дұрыс ұстамауына байланысты көптеген қиындықтар болып жатқандығы туралы айтып өз сөзін аяқтады.
Үшінші сөз алған ата-ана Несіпжанова Назгуль оқушылар уатсап желісі арқылы оқыса жақсы болар еді.Жазуды да жазып,оқыпта жібере алатындығын,мұғалім сұрақ қойса ауызша болсада жауап қайтара алатындығы туралы айтып,уатсап желісі арқылы оқыса жақсы болар еді деген өз ұсынысын ортаға тастады.
4 Жаңа оқу жылындағы білім алушылардың бағалау жүйесі туралы сынып жетекші Б.Б.Аміржан «BILIM LAND» платформасындағы орындаған тапсырмалармен қатар ЖБ тапсырмаларын орындаған балдары арқылы қойылатындығы жайлы айтып өтті.
Төртінші сөз алған мектеп психологі Рахымберлина Гулназ - балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан сақтану керектігін және кибербулинг,антибулингтен сақтау керектігін түсіндіріп өтті.Кез-келген жағдайда ата-ана баласын интернет желісіндегі түрлі жағдайлардан сақтау керектігін айтып өтті.
Шешімі:

  1. Қашықтан оқыту кезінде «мұғалім - ата-ана – оқушы» тығыз байланыста болу.

2.Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге, карантиндік шараларды қатаң сақтап, жұмысын жалғастыру.




3 .Оқушылардың қашықтықтан оқудағыбағалау жүйесін кадағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет