Жалғасы 5-Бетте



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата29.12.2016
өлшемі12,61 Mb.
#674
1   2   3   4   5   6   7

Жалғасы Келесі санда

Жоба жетекшісі:

Махмұт НӘЛІБАЕВ

игі шара

Сағадат 


Нұрмағамбетов 

атындағы 

Халықаралық 

қайырымдылық 

Қордың ұйытқы 

болуымен ашылған 

Алматы қаласында 

Батыр атындағы 

мұражай қызмет 

жасайды. 

Келем деушілерге 

есік ашық.

МЕКЕНЖАйы: 

АЛмАТЫ қАЛАСЫ, 

қАСТЕЕв КӨШЕСІ, 

65 «в» үЙ

Ж

алғасы.

 Басы өт

К

ен сандарда

қостанай 

қаласының 

әкімі Базыл 

Жақыпов: «Еліміздің тәуелсіздігі, жеріміздің 

амандығы үшін күрескен ұлы бабалар ерлігін 

дәріптегенде ғана жас ұрпақты елдікке 

тәрбиелейміз. Сонда ғана тәуелсіздігіміз баянды, 

Мәңгілік ел боламыз», – деді. Сонымен қатар, 

ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған ҚР 

Ғылым Академиясының академигі Сағындық 

Сатыбалдин және Сағадат Нұрмағамбетов 

атындағы Халықаралық қайырымдылық 

қорының төрағасы Махмұт Нәлібаев осындай 

игілікті істерге мұрындық болып отырғанын 

тілге тиек етті. Расында Махмұт Нәлібаев, 

Сапар ысқақов, Серікжан Сейітжанов сынды 

атпал азаматтар бастаған қордың бүгінде 

бірнеше облыста бөлімшелері бар. Олар 

демеушілер жинаған қаржының көмегімен 

Қажымұқанға, Иманжүсіпке ескерткіш орнатты, 

көптеген қайырымдылық істер тындырды. 

Міне, Қобыланды батыр ескерткіші де осы 

қор жұмысының арқасында мүмкін болды. 

Қобыланды батыр ескерткішінің бой көтеруі 

үшін көптеген жұмыстар атқарған қордың 

Қостанай бөлімшесінің жетекшісі Серікбай 

Бисетаевқа жиналған жұрт алғысын айтып, 

ақ боз ат мінгізді. ҚР Парламенті Сенатының 

депутаты Серік Ақылбай, демеушілер атынан 

сөз алған кәсіпкер ыбыраш Естаев еліміздің 

шекаралық облысының бірі Қостанайда 

айбынды батыр ескерткішінің ашылуы жас 

ұрпақтың рухын көтеретінін айтты.

Ескерткіш авторлары еліміздің танымал 

сәулетшілері, ҚР Сәулетшілер одағының 

мүшелері – ағайынды Әбдікәрім және 

Әбдімүтәліп Ахметовтер. Олар Қобыланды 

батырдың қайталанбас тұлғасы, қайтпас 

қайсарлығын, өрлігі мен ерлігін шынайы 

бейнелеп бергенін айтуға тиіспіз.

Ескерткіштің ашылу салтанатында белгілі 

эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының 

еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев 

«Қобыланды батыр» атты жаңа әннің тұсауын 

кесті. Оның мәтіні мен әнін жазған белгілі 

дәрігер, медицина ғылымының докторы Төрехан 

Әбіш те арнайы Алматыдан келді. Белгілі 

айтыс ақыны Маржан Есжанова жырдан 

шашу шашты. Ескерткіштің ашылуына 

Қазақстанның бірнеше облысынан 

және Қырғыз Республикасынан келген 

қонақтар, белгілі жазушы, тарихшы, 

ғалымдар да қатысты. Ескерткіштің 

салтанатты ашылуынан кейін Сағадат 

Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық 

қайырымдылық қоры келген қонақтарға 

ақ дастархан жайып, қонақ асын берді.

Ертеңіне қостанайлықтар мен қала 

қонақтары Міржақып Дулатов атындағы 

Қостанай инженерлік-экономикалық 

университетінде өткен Қобыланды батырға 

арналған ғылыми-практикалық конференцияға 

қатысты.

Капитан 

с

ағадат 

н

ұрмағамбетов, Германия, Берлин. 1945 жыл, мамыр

сО

ңы. 

Басы 1-

Б

етте


22-23 [799], 03-10.06.2016

 www.qazaq1913.kz  

6

Қысқа қайырғанда:

алашорда


Түркия Президенті Тайып Ердоған түрік әйелдерін үш баладан кем босанбауға шақырды

Қоғабай 

сӘрсеКееВ

Жалғасы.

 Басы өт

К

ен сандарда

Жалғасы Келесі сандарда

ҰЛТ ҰСТАзы

1913 жылы «ҚАЗАҚ» газетінің бетінде «Қыр баласы» 

деген бүркеншек атпен Әлихан Бөкейханов орыс 

жазушысы Владимир Гладиктионович Короленконың 

60 жасқа толуына байланысты мақала жазыпты. Сол 

мақаласында Әлекең «Короленко Лев Николаевич 

Толстойдан соңғы орыс жұртының бетінің қызылы 

– ұяты» деген. Осындай бағаны Короленко кезінде 

өз Отандастарынан ести алды ма, жоқ па, ал қазақ 

Бөкейханов орыс жазушысының текті мінезін, істеген 

ісін, халқына сіңірген еңбегін аса жоғары бағалап, 

қалай аспандата көтерген, анау-мынау емес – тіпті 

бір халықтың «совесті» дейді.

Қазақ қауымы Ахаң – Ахмет Байтұрсыновты да 

осылай көреді, өзінің рухани көсемі санап бағалаған. 

Басы Әлихан Бөкейхановтан бастап, тұстастары 

Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Смағұл Садуақасов, 

Ғаббас Тоқжанов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, 

т.т. Ахаңды көзі тірісінде-ақ халқымыздың ар-намысы 

десе, Ахмет Байтұрсыновтың ардақты атын құрметтегені 

деп қараған жөн. Ал құрметтің екінің біріне жасала 

бермейтіні және белгілі. Өмір тым қатал. Бәрі екшеледі. 

Бұл – шындық. Ахаң жалпақ елдің сынына толып, 

мейірін қандырған санаулы кісісі танылғанда осындай 

абыройға өзінің жойқын ісі мен ақ адал еңбегі арқылы 

жеткенін аңғарсақ болады.

Жойқын еңбектің аты – ізденіс. Іздену дала 

перзентіне оңайға түсіп пе, тал бесіктен көргені  

жазық сахара, түбектегі жалғыз ауыл. Басқа түк 

жоқ. Көк аспан. Төңірек жым-жырт. Ахмет шыр етіп, 

жарық дүниеге келген Сартүбек жердің шеті дерлік бір 

түкпір. Әйтеуір көлі бар, соған да шүкіршілік, Ақкөлдің 

айдынына ғана көз тоқтар. Әйтпесе мына мекиен құла 

дүзде не бар, көңілге не тоқуға болады. Бәрі тағдыр. 

тұлға


Б

іріншіден, қазанат 

арғымақтың бойынан қазақ қадірлейтін 

«шоқтығы биік, мініске берік, шабысқа жүйрік, 

шымыр, кең тынысты» сынды қасиеттер 

символикалық тұрғыдан мақала кейіпкерінің 

ғылым-білім саласындағы атқарып жүрген 

қажырлы, табанды еңбегі мен тәңірден түскен 

талантының бағасындай көрінеді бізге. 

Екіншіден, бұл тіркесте мерейлік рәсімге 

байланысты туындайтын рәміздік сипат бар. 

«Ер жасы – елу» дегендей, нағыз ердің мінетіні 

– қазанат. Бүгінгі біздің танымымыздағы 

қазанат – еңбегі жанған, ел таныған тұлғаның 

тұғырлы бағасы. 

Ал енді үшіншісі – көңілдегі көрікті ойды 

кеңістікке (сыртқа) шығаратын ақпарат-сөздің 

сыртқы формасы мен ішкі мағыналық мәйегін 

біріктіретін айшықты тіркес. Мұндай тіркестер 

қазақтың ертегілік, эпостық мұраларында 

жиі кездеседі: «Тарлан атты Ер Тарғын», 

«Қара қасқа атты Қамбар», «Керқұла атты 

Кендебай», т.б. Бірақ біздер бейнелі түрде 

«қазанат атқа отырғызған» кейіпкеріміз – 

жауынгерлік замандағы елді жаудан қорғаған 

эпикалық батырлардың жиынтық бейнесі 

емес, бейбіт өмірде ұзақ жылдар отарлық 

кеңістікте өмір кешкен ұлттың рухын қайта 

түлеуіне, оның өрлеп, өркендеуіне өрнекті үлес 

қосып жүрген ғалым-ұстаз, азамат тұлғаның 

ғылыми саладағы қызметінің бағасы. 

Қазаққа Алашты қайта оралту, кеңінен 

таныту, насихаттау арқылы өзі де елге танылған 

тұлға – филология ғылымдарының докторы, ҚР 

Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-

мүшесі Диқан Қамзабекұлы. Ол –  азаттықтың 

ақ таңы арқылы ортаға оралған Алаштану 

сынды ғылыми құбылыстың қалыптасуына ә 

дегеннен-ақ тікелей қатысып, ширек ғасырдан 

бері өзіндік ізденіс, табандылық, қажырлық 

көрсете қызмет етіп келе жатқан ғалым. 

Тәуелсіздік арқасында әу баста қоғамдық 

таным-санамызға баяғы тың көтеру ісіндей 

болып орныққан Алаштану ол кезде жастардың 

арасында, бүгінгі күнгідей іздеушісі мол емес, 

жоқшыға зәру еді. Сол тұстағы жас буынның 

бауында жоқшының қатары аз болғанымен, 

тәуелсіздік рухымен қанаттанған, талабы 

мол бір топ жас өркен буын болды. Сол 

буынның бел ортасын Бауыржан Омар, 

Амантай Шәріп, Сұлтанхан Аққұлы сынды 

талантты жас зерттеушілер құрады. Олардың 

тәуелсіздік орнағаннан кейінгі құндылықтар 

өзгерген, экономикалық қиыншылықтар 

орын алған «тұманды» жылдар керуенінде 

жастық жалын отына орана жүзіп жазған 

еңбектері, зерттеушілік ізденістері, бүгінгі 

таңда өз жалғасын тауып, қазақ әдебиеттану 

ғылымының салмақты, сәулетті сарайының 

төрінен орын алып отыр.

Әлқисса, Алаш қозғалысының тұтас бірнеше 

буыны қалдырған қымбат қазынаға жас буын 

өкілі Қамзабекұлы Диқан кен іздеген кеншідей 

«қазып» кірді, егін баптаған диқаншыдай 

бейнетіне «төзіп, көнді». Соның нәтижесінде 

Алаштанудың әдебиет, руханият саласында 

ұзақ жылдар төккен еңбек пен тердің мәуелі 

жемісіндей болған сүбелі еңбектер жарияланды. 

Ғалым сиясынан шыққан сырлы, құнарлы 

ойлар, тың танымдар қазақ руханиятының 

кеңістігіндегі өз орнын тапты. 

Бәрі пешенеге жазғанға байланысты. Тақыр жерде 

туып-ақ дана болуға болады екен. Оны өмір көрсетті. 

1873 жыл. Сол сайын далада дүниеге нәресте келді. 

Атын Ахмет деп қойған. Бала өсіп жатты, қабілетті 

болып өсті. Айтқанды қағып алады. Зерделі бала. 

1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан 

өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл 

мектебінен сауат ашады. Бұдан кейін Ахмет 1886-

1891 жылдары Торғай қаласындағы екі басқышты 

орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары 

Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 

Мұны, әрине, көп оқу деу қиын. Ахаңның тәртіпті 

мектептен алған барлық оқуы осындай болғанда, 

бұл сол бір тұс үшін аз оқу емес еді. Табиғатынан 

зерек, дарынды түлек былайғы жерде ізденген үстіне 

іздене түседі. Ол өз бетінше сан алуан кітаптар оқиды, 

әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, 

өлең-жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды, 

кемелдене түседі.

Ендігі жол ұстаздық жол еді. Ол осы бағытты 

ұстанды. Ауыл мектептерінде дәріс оқиды.

Ахмет Байтұрсыновтың ұстаздық жолға түсуіне 

дала қоңырауы – ыбырай Алтынсарин еткен әсер

әрине, мол. Мұны алдымен айту әділдікке жатады. 

Бұған оның алғаш бетін ашқан ыбырай әліппесі мен 

хрестоматиясынан тікелей дәріс алуы басты себеп 

болса, ұлы ағартушы ашқан қазақ даласындағы тәу 

мектепте оқу, ұлы ұстаз қалдырған өнеге, тәлімін 

көру, «қазақтың Ломоносовы» саналған Алтынсарин 

ықпалы, оған еліктеу және бір себеп деу орынды. 

ыбырай мектебінің үздігі мен жүйрігі шәкірт Ахметтің 

шапшаң дамып, жылдам өсуіне және бір әсер еткен 

жайт, сол тұстағы Торғай тересіндегі жалпақ жұртқа 

белгілі ақындық мектеп екенін бүгіндері біреу біліп, 

біреу білмейді. Өнегесіз өсу жоқ. Демек, Ахметтің 

дүниетанымы мен ой өрісінің тез қанаттануына бұл 

фактор да зор септігін тигізген. Уақ Жұмабай, Есенжол 

Жанұзақұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Құбаш Шалбайұлы, 

Әбіқай Нұртазаұлы, Күдері Жолдыбайұлы, Қашқынбай 

Қазұлы, Әбдірахман Иманқұлұлы сияқты ақындар 

дүниеге келген Торғай өңірі Ахаңды дүр көтерген еді. 

Тіптен ғажабы, Ахмет Байтұрсынов Тосын болысының 

дүлдүл ақыны, кезінде киелі сөздің атбайлары атанған 

уақ Шалабайдың Жұмабайының тізесінде өскен екен 

дейді. Ал домбыраны жас кезінен Ахаң әрі ақын, әрі 

композитор Есенжол Жанұзақұлынан үйреніпті. Осы 

реттен де Сейдахмет ақын бала Ахметті ерте-ақ танып:

Елетпей көк өрімдей болғандықтан,

Алаштануға араласқан уақытта Диқан 

Қамзабекұлы қылшылдаған жігіттік шақта 

еді. Жас жігітті ғылыми ізденіске баулыған, 

жол көрсеткен көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз 

Серік Қирабаев шәкіртінің жалындаған 

жастығын ескереді ме екен, әйтеуір, Алаш 

зиялыларының ішінде бар-жоғы отыз үш жас 

өмір сүріп, аз ғұмырдың ішінде артына мол 

шығармашылық мұра, елге қызмет көрсетудің 

үлгілі өнегесін қалдырып кеткен Смағұл 

Садуақасовтың шығармашылығын зерделеу 

тақырыбын ұсынады. 

Еңбекқор жас жігіт бас-аяғы үш-төрт 

жылдың ішінде Алматы, Мәскеу, Қазан, 

Ташкент архивтерінің шаңын қағып жүріп 

кеңестік саясат сахнасында «оңшыл-уклонист», 

«ұлтшыл» деп қараланып, оның идеялары 

мен жақтастарына «садуакасовщина» деп 

үрке қарап, ақырында 1933 жылы Мәскеу 

ауруханасында жұмбақ жағдайда қайтыс 

болған Алаш арысының мұрасы туралы 1994 

жылы Қазақ ССР-ы Ғылым Академиясының 

әдебиет және өнер институында «Смағұл 

Садуақасовтың әдеби мұрасы» тақырыбына 

жазған диссертациялық жұмысын сәтті қорғап 

шығады. Осылайша, Алаштану саласында 

жаңа бір арна ашылады. 

Ал енді сол ғылыми зерттеу арнадан 

қандай таным мен тағылым түзелді? Алдымен 

таным тұрғысынан сөз етейік. Алаштану 

«жабық тақырып» болып тұрғанда қазақ 

жұртының тұлға тану мәселелерінен мынадай 

тұстар жасырылынған еді. Атап айтқанда, 

қайраткерлік пен қаламгерлікті қатар (Алаш 

зиялыларының көрнекті тұлғаларының 

барлығы дерлік жұртына осылай қызмет 

етуге ұмтылды) ұстаған С.Садуақасұлы – 

қазақтың рухани қазынасына мол үлес 

қосқан тұлға. 1928 жылы одақ орталығы 

Мәскеуге инженерлік оқуға аттанғанға 

дейін ол ішінде романы, әңгімесі, драмалық 

шығармасы бар ірілі-ұсақты 7 кітап жазып 

шығарған. Мемлекеттік қызметте жүріп қазақ 

қаламгерлеріне ұдайы қамқорлық көрсеткен. 

Қазақ мемлекеттік театрын ұйымдастырып, 

Қазақ педагогика институтын ашуға мұрындық 

болған. Ал қайраткерлік қызметінің бастамасын 

Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік», «Жас 

азамат» атты бірлестіктерді ұйымдастыру 

сынды істерден бастаған ол кейіннен Қазақ 

Автономиясының жастар одағына жетекшілік, 

Халық ағарту комиссары сынды үлкен 

мемлекеттік қызметтер атқарған. Қазақ 

баспасөзін қалыптастыруға өлшеусіз қызмет 

жасап, әр жылдары «Жас азамат», «Еңбекшіл 

жастар», «Кедей сөзі», «Еңбек туы» газеттері 

мен «Балапан», «Трудовая Сибирь», «Жас қазақ» 

журналдарында қосымша қызмет атқарып, 

1924-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» 

(бүгінгі «Ақиқат») журналына, 1925-1926 

жылдары «Еңбекші қазақ» (бүгінгі «Егемен 

Қазақстан») газетіне редактор болған. Бұл 

ірі-ірі танымдар тізбегі. 

Алаштанушы ғалым С.Садуақасұлының 

ұлт алдында атқарған тарихи қызметінің 

маңызынан қазақ жұртына мынадай тағылым 

алуға болады деп түйіндейді: 

1) азамат ретінде ол Алаш зиялылары 

мұраттарын большевизм жағдайында 

дамыта алды;

2) саясатшы ретінде автономиялық 

дербестікке екпін түсіріп, Қазақстанның 

шикізат көзі болып қана қалмауын мәселе 

етіп көтерді;

3) ағартушы ретінде жалпы оқудың, соның 

ішінде экономикалық оқудың (кооперация, 

т.б.), педагогикалық оқудың, саяси оқудың 

негізін қаласты;

4) әдебиетші, тарихшы ретінде 

жалпыадамзаттық рухани құндылықтар 

мен ұлттық идеалдарға табан тіреуді 

қалыптастырып, дамытты;

5) адам ретінде жаратқан талант сыйлаған 

тұлғалардың барлығына дерлік жан-жақты 

жәрдемдесті. 

Диқан Қамзабекұлының зерттеуінше, 

қазақтың азаттығы үшін күрескен С.Садуақасов 

Мәскеуде 1933 жылы 16 желтоқсанда көз 

жұмады. Қазақстанның азаттығы 1991 

жылы 16 желтоқсанда жарияланады. 

Кездейсоқтық па, әлде бір құдірет пе? 

Ғалымның пайымынша, құдірет. Ал құдіреттің 

басты ұғымы – Алланың жазымы. Алланың 

жазымы – ақиқат. Ендеше, түптеп келгенде, 

Тәуелсіздіктің оралуы – ақиқаттың, әділеттің 

орнауы. Дәкең мұрындық болып, шырақ алып 

жолға түскен жоқшысы болуы арқасында 

елге оралған Алаштың Смағұлының өртенген 

күлінің елге оралуы да – әділеттілік, тәуелсіздік 

жемісі. Әсілі, жұмыр басты пендеге қайсібір 

әділдікті орнату үшін үлкен қажыр-қайрат, 

еңбек, төзімділік, қайраткерлік қажет. Бұл – 

Қазанатты Қамзабекұлының қанына сіңген 

қасиет. 

Тағы да тәуелсіздік дегеннен шығады. 

Одақ тарағаннан кейін, енші бөлу процесі 

жүрді. Мәскеуден мүлік, меншік, қаржы бөлу 

жұмыстары жүрді. Енші бөліскен тұста Диқан 

Қамзабекұлы сынды бірнеше жас жігіттер 

мүлік емес, жоқ іздеген жоқшы болып 

Мәскеу, Санкт-Петербург архивтерін аралады. 

Ондағы іздегендері – Алаш зиялыларының 

ізі, қалдырған мұралары. Осы жолдарды 

оқып отырған кісілер «О да тұрған не бар? 

Ғылым жолына түскен үшін барған болар» 

деуі мүмкін. Ол кезде мұндай жанқиярлық, 

адалдық ерлікпен пара-пар болатын. Себебі, 

Тәуелсіздікпен қатар келген экономикалық 

қиыншылықтар аға буын ғалымдардың «қол-

аяғын кесіп» тастағандай болса, жас буынның 

еңсесін түсіріп, есінен жаңылыстырды. 

Қоғамдық санадағы «бұлғақ», әсіресе, ғылым 

саласындағы талантты жастарды «баудай 

қырды». Ғалымдық атақ құнсызданған, 

жалақысы мардымсыз, болашақ бейнесі 

бұлдыр тұста «тепсе темір үзетін» жастар 

бизнеске немесе «май шелпек» мемлекеттік 

қызметтерге жаппай «жылысып» жатты. 

Алаш зиялыларының мұрасынан сусындаған 

Дәкең басқа жолға бұрылмады... Алаш 

тақырыбындағы зерттеуін одан әрі жалғастыра 

берді. 1996 жылы «Смағұл Садуақасұлы» 

атты кітабын, 1997 жылы «Руханият» атты 

ғылыми зерттеулер жинағын шығарады. Сол 

ізденістер 2002 жылы Алаш зиялыларының 

әдебиет, рухани саласындағы  орны мен 

маңызын концептуалдық тұжырым мен бағдар 

сығымдалған «Әдеби тарихи процесс: ағымдар, 

концепциялар» атты ғылыми зерттеуіне сара 

жол салды. Аталмыш тақырыптағы докторлық 

диссертацияны Қазақстан Республикасы 

Ғылым академиясы қабырғасында қорғап, 

филология ғылымының докторы атанды.

Іле-шала докторлық диссертация негізінде 

«Алаш және әдебиет» атты монографиясын 

баспадан жариялайды. Монография Алаш 

зиялыларының әдеби мұрасын танудағы 

маңызы сүбелі еңбек болып табылып, 

әдебиеттану ғылымы ортасында ағартушылық 

әдебиеттің кезеңдері, басты арналары, 

жаңашылдығы мен дәстүр жалғастығы, 

қазақ топырағындағы жәдитшілдік сынды 

күрделі мәселелер кешенді түрде зерттелген 

еңбек ретінде бағаланды. Монографияда ХІХ 

ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында 

Орта Азия мен Шығысқа түгел дерлік тараған 

жәдитшілік ағымды Алаш зиялыларының 

әдеби мұрасымен тығыз байланыстыра 

қарастырады. Ресей империясының 

құрамындағы түркі халықтарының қозғалысы 

болып есептелетін жәдитшілдік реформасы 

ең алдымен білім беру, яғни ағарту саласында 

жаңашылдық орнатуды көздеді. Исмаил 

Гаспыралы бастаған жәдитшілікті Алаштың 

Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы 

сынды оқығандары қазақ топырағында 

жаңғырта білді, оған өзіндік өрнек қосты, 

қазақ әдебиетіндегі ағартушылық кезеңді сол 

тұстың тарихи-қоғамдық құбылыстарымен 

сабақтастыра отырып талдап, тынысы мол, 

пайымы терең танымдар қалыптастыра білді.

Қазан және Қырым татарларының 

оқығандарының көзқарастарынан бастау 

алатын  жәдитшілдік («жәдит» араб сөзі, 

«жаңа» деген мағына береді) профессор 

Д.Қамзабекұлының айқындауынша, ХІХ 

ғасырдың соңында қазақ  ағартушылығына 

негіз болып қаланады. Бұл құбылыс Алаш деп 

ұрандаған қазақ жұртының рухани кеңістігінде 

екі асудан өткен. Бірінші асу – 1890-1911 

жылдар, екінші асу – 1911-1920 жылдар. Сол 

асулар Алаш қозғалысының орнығуына жол 

ашты. Бұл, түптеп келгенде, алаштықтардың 

«Түркі халқы түгел бол» деген ұстанымының 

астарына жәдитшілдіктен туындаған пайым 

орын алған еді. 

Қазақ әдебиетіндегі Алаш ағартушылығы 

мәселесін ғалым үнемі үзбей зерттеп келеді. 

Тынымсыз ізденістің берекелі қайырымының 

көрінісіндей танылатын «Ағартушылық 

және әдебиет» (2003), «Пайым» (2004), 

«Алаштың рухани тұғыры» (2008), «Смағұл 

Садуақасов» (2009), «Түркістан алқасы» (2011), 

«Жәдитшілдік және Алаш: түсіндірме сөздік» 

(2012) сынды кітаптары жыл үстіне жыл қосып 

жарияланып, Алаш қайраткерлері туралы 3 

деректі фильмге («Қазақтың Қошкесі», «Бата», 

«Көздің қарашығындай») сценарий жазып, 

көрерменге жол тартты.

Ғылымның бейнеті ауыр, жолы ұзақ, 

арнасы құмырсқаның илеуіндей қалың 

қатпар қабаттарға толы. Оны жалғыз жүріп 

екшелеу жеке тұлғаға әсте ауыр. Ауыр 

жүкті жұмыла көтерсе жеңіл. Осы қағидаға 

сүйенген Дихан Қамзабекұлы 2006 жылы 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті жанынан 2006 жылы Алаштану 

мәселесімен жан-жақты түбегейлі, жүйелі түрде 

айналысатын «Алаш» мәдениет рухани даму 

институтының негізін қалайды. Бүгінгі таңда 

ғалым «Алаш» институтының құрамына өзі 

тартқан бір топ әріптестерімен және Еуразия 

ұлттық университетінің магистрант, докторант 

шәкірттерімен бірлесе отырып Алаштану 

мәселесін кешенді зерттеуге тынбай, талмай 

елеулі үлес қосып келеді. Атап айтқанда, көрнекті 

дін қайраткері Сәдуақас Ғылманидың 1931-

1934 жылдар аралығында жазылған поэзиялық 

қолжазба мұрасы, Қошке Кемеңгерұлы 

мен Смағұл Сәдуақасұлының үш томдығы, 

Хайретдин Болғанбайдың бір томдығы сынды 

еңбектер «Алаш» институтының тарапынан 

құрастырылып, жарияланды. Сонымен қатар, 

институт «Алаш және жәдитшілдік», «Еуразиялық 

мәдениет сөздігі», «Тарих: түсіндірме сөздігі» 

және Алашты арқау еткен ағылшын, неміс, 

француз аудиториясына арналған оқулық 

сипатындағы еңбектер дайындау, ғылыми 

конференциялар ұйымдастыру сынды келелі 

істерді ұйымдастыруға мұрындық болып жүр. 

Міне, мұның бәрі Алаш рухынан нәр алған 

ғалымның ерен еңбектерінің бір парасы, 

қазанат қаламгердің қарымы. «Халыққа 

қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген 

Әлихан Бөкейханның қанатты сөзін басты 

ұстынға алған Диқан Қамзабекұлы сындарлы 

істер мен «сырғалы» ойға, пайымға сабырлы 

мінез, жігерлі ұстаным арқылы көрік беріп, 

Алаштану сынды таудай істің іргесін қаузап 

жүр. Бұл істе шабысы бөлек, табысы ерекше 

қазанат тұлпарды «ерттеген» азаматтың қазақ 

руханиятын зерттеудегі толайым табыстары, 

алар асуы әлі биік деп санаймыз.

Алмасбек әбСАдыҚ, 

филология ғылымдарының 

докторы,  а.байтұрсынұлы 

атындағы қостанай мемлекеттік 

университетінің профессоры

Танытқан таңғажайып алғырлығын.

Әдейі Ахметке өлең арнап,

Қолыма домбырамды алдым бүгін.

Зейінді зердесінің ұясы бар,

Құдайдың өзі әкеліп құя салар.

Ғылымның жан білмейтін құпиясы,

Басына баянды етіп ұя салар.

Өлеңі бұғалыққа бағынбаған,

Толқындай бұйраланып ағындаған.

Ақыннан Жұмабайдай фатиха алды,

Құранның шындығындай дарынды адам.

Бақ қонды оннан жаңа асқанында,

Асарсың өнердің сан асқарын да.

Жарқырап әлі бір күн тұрарсың сен,

Жұлдыз боп қазағымның аспанында, – десе, 

бала Ахметтің зеректігін танығандығы еді. Дана ақын 

бала ақынның болашақта қазақ аспанында жұлдыз 

боп жанатынына сенген. Талантты талант көреді.

Ақын Жұмабайдан фатиха алған көктал жас 

Ахмет ендігі жерде кең дүние есігін ашады. Дүние 

есігін және өлеңмен ашқан.

Мінсіз таза меруерт

Су түбінде жатады,

Мінсіз таза асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан зат

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады, – Ахмет Байтұрсыновтың 

сырттан аударған осы бір екі тармақ нақыл өлеңінде 

не деген сиқырлы ой жатыр. Қайталай бергің келеді. 

Тұнған философия! Мінсіз таза меруерттің су түбінде 

жататыны да рас. Мінсіз таза асыл сөздің ой түбінде 

тұншығатыны да ақиқат. Су түбінде жатқан заттың 

жел толқытса шығатыны және анық. Тылсым бір ой 

құшағында қалады кісі. Ахмет те өзі туып өскен Ақкөлдің 

иіріміне келіп отырушы еді-ау оңаша,.. айдын көлдің 

жағасы қайраң,.. көлдің түбі бәрі ап-анық көрініп 

жатады,.. сонда әлгіндей көріністер көз алдынан өтетін. 

Кәдімгі ой көшкіні! Жадовскаяны оқып отырғанда осы 

суреттер келе қалды көңілге, әйтпесе аудара қояйын 

деген ниеті жоқ еді, әдемі шықты. Аударма емес

төл шығармадай болып, ауыздан ауызға өтіп, елге 

тарады. Рас, кейде алтын дүние еленбейді. Ондайды 

байқайтын – орта. Ахмет бұл жағынан бақытты еді. 

Жас қанат Міржақып жетілді, сырттай танысқан Әлихан 

адал дос болды. Сұлтанмахмұт нағыз алаштың ұлы 

болып кезікті, Досмұхамедовтар елжанды жігіттер, 

тағы кім бар,.. бәрі-бәрі мына аударманы хош көрді, 

қанаттандырды. Бірақ көңіл қапа, қалай арылар...

Кісінің қапалануы көңілге шер түсіреді. Адам 

көңілі – әйнек, нәзік әйнек, сынуы оңай. Ахметтің 

бала жүрегіне сызат тым ерте түсті.

Оған әкесі Байтұрсынның Сібірге айдалуы себеп 

болған. Шошақтың үш ұлы Байтұрсын, Ақтас, Сабалақ 

уезд бастығы Яковлевті Жыңғылды өткелінде соққыға 

жықты деп тұтқындалды да, айыбы айқындалып, әуелі ату 

жазасына, кейін жеңілденіп 17 жылға жер аударылып, 

Сібірге кете барды. Бір іске үш азамат тартылса да, ел 

іші тыншымады. Осы оқиғаға байланысты Үмбетейдің 

жүз қаралы адамы істі болған. Тергеу көп. Қорқыту 

басым. Ахметтің сүйегі Арғын, оның ішінде Үмбетей. 

Үмбетейдің Аралбайы, одан Таңбай тарайды. Таңбайдан 

Шошақ, Шошақтан Байтұрсын, Ақтас, Сабалақ туған, 

бәрі қуғындалды. Осы уақиғаға байланысты есіл 

ерлерді өбектеп Ақмолда ақын ұзақ жыр жазған. 

Бірақ өкімет құрығы ұзын. Патша ағзамның ұлығына 

қол көтеру ауыр қылмыс. Қараны үркітіп ұстамаса 

басқа шығады. Үркіту аз, тұқырту керек. Тұқыртқан 

соң бүгіледі. Бүгілген жанның көзін жою оңай, көз 

жойылғасын тұқыл қалмайды. Сонда империя тиыш. 

Бұл – бұлжымас заң!

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып кешпесі көп,

Жел соқса, құйын қуса – жылжи беру,

Болғандай табан тірер еш нәрсе жоқ.

Бұл күнге бүгін емес, көптен кірдік,

Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.

Жат жақты жаратқанға күзеттіріп,

Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік...

Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,

Еліріп ерегіске екі-үш күндік...

Кіреді тентек есі түстен кейін,

Мүшкілін халіміздің енді білдік...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет