Жалғасы 5-Бетте



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата29.12.2016
өлшемі12,61 Mb.
#674
1   2   3   4   5   6   7

қауымдық шаруашылық 

құтқарады

сОңы. 

Басы 8-Бетте

С

оңғы уақытта әлемнің өзгергені 



соншалықты – кейде алдағы уақытта бізді 

не күтіп тұрғанын көру қиын. Ең өзектісі – 

дағдарыстан қалай шығу, ғаламдық теріс 

өзгерістерден адамзатты қалай құтқару мәселесі 

тұр. Олар: әлемдік климаттың жылынуы, су және 

азық-түліктің жетіспеуі, миграция, әлеуметтік-

экономикалық және саяси шиеленістер, т.б. 

әртүрлі келеңсіз өзгерістер, апаттар және 

теріс үрдістер.

Адамзат алдында бұрын-соңды болмаған 

осындай әлемдік мәселелер бұған дейін 

шешімін таппаған еді. Сол себепті әлі күнге 

дейін АҚШ, ЕО, БҰҰ, G8-нің қай-қайсысы да 

дұрыс шешім қабылдауға қауқарсыз болып 

отыр, тіпті Украинадағы мәселеге де. Тек 

санкциялар арқылы мұндай ауқымды мәселені 

шешуге болмайды. Ал Таяу Шығыс пен Африка 

елдерінде, т.б. аймақтарда жағдай ушығуда.

Мұның себебі экономикалық заңдардың 

сақталмауынан, табиғат заңдылықтарының 

орындалмауынан, сондай-ақ циклді дамуда 

басқару заңдылықтарын бұзу салдарынан 

болып отыр. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар 

Ұйымы (БҰҰ) өз жарғысын өзі орындамайды 

(халықаралық адам құқығы, т.б.). Дүниежүзілік 

қоғамдастықтың ең үлкен билікке, оның ішінде 

G8 мемлекеттеріне сенімсіздігі артуда. Әлемдік 

жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жартысынан көбі осы 

мемлекеттерде және де халықаралық, трансұлттық 

компаниялар дүниежүзінің 50 пайыздан астам 

байлығына ие. Оған қоса АҚШ, Ресей, Қытай, 

Солтүстік Корея жаппай қарулануда. Мысалы, 

дүниежүзі қару-жарағының 50 пайыздан көбі 

АҚШ-тың қолында. Осы жағынан алып қарайтын 

болсақ, біз 3-ші дүниежүзілік соғыстың алдында 

тұрған сияқтымыз. Қазір әлем құрдымға кетудің 

алдында тұр және оның одан әрі даму жолы 

қауіпті жағдайда десе де болады.

Өз заманында данышпан Абай: 

«балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің 

пайдасын тыныштықпенен көрерлік орын 

тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле 

алмай отырмын, не бол деп бағам?» – деп ой 

түйген. Осылардан кейін еріксіз мынадай сұрақтар 

туындайды: «біз өзі қайда бара жатырмыз? 

бізді қайда алып бара жатыр? біз қайда бара 

жатқанымызды неге білмейміз?». Алып бара 

жатқандар да білмейді. (Мен АҚШ-тан бастап 

G8 мемлекеттерін айтып отырмын). Жаһандану 

заманында туындаған проблемаларды жеке 

шешу мүмкін емес. Тіпті алып елдер қатарындағы 

АҚШ-тың өзі де не істерін білмей отырған жоқ 

па? Оны 2001 жылы Нью-йоркте болған, 2015 

жылы кешегі Париждегі жарылыстан да көрдік. 

Сол үшін мұндайда тұтас біріккен күш, идея 

керек, әлемде интеграциялық даму қажет.

Менің ойымша, әлем екі бағытпен жүруі 

мүмкін. Біріншісі жоғарыда келтірілді. Себебі, 

дамыған елдер тек баюды ойлап, бүкіл жер 

ресурстарын, энергияны өндіру, жалпы 

экономиканы дамытуды бұрынғыдай өзгеріссіз, 

тек бір бизнесті жүргізу әдісімен жасап отыр. 

Нәтижесі – дүниежүзілік дағдарыс. Қалғаны 

енді сонымен күресумен әлек.

Екіншісі – уақытында қоғамдық трансформация 

жасау, жаңа түбегейлі өзгерістерге бару жолы. 

Бұл – кезек күттірмейтін іс.

Осыдан соң мынадай қорытындыға келдім: 

Өзгеріс жасайтын уақыт келіп жетті, ең алдымен 

адамдардың ой-санасын, сол арқылы әлемдік 

психологияны өзгертетін, рухани, моральдық 

құндылықтарды қайта жаңғыртатын, адамзатты 

өз отбасында тәртіпке шақыратын жаңа жол табу 

күн тәртібінде тұруы керек. Бұл туралы мен ғалым 

ретінде БҰҰ, G8, G20 мемлекет басшыларына өз 

ойымды ашып жазған болатынмын (09.2014), 

әртүрлі халықаралық конгресстерде де баяндама 

жасадым. Сол ұсыныстардың ішінде әлемдік 

ортақ заң ұйымы ретінде Дүниежүзілік Парламент 

құру керек дедім. Көптеген проблемалармен әр 

мемлекет өздері айналысады. Ал бұл Парламент 

тек дүниежүзілік ең басты проблемаларды 

шешу үшін қажет заңдар шығарады. Оған 

дүниежүзілік дағдарыс, климаттың жылынуы, 

соғысты болдырмау, әсіресе ядролық соғысты, 

азық-түлік қауіпсіздігі, ашаршылықпен күрес, 

әлемді саяси қайта құру, космосты игеру сияқты 

мәселелердің жататындығы белгілі. Келесі 

алда күтіп тұрған міндеттердің бірі – Біріккен 

Ұлттар Ұйымына, оны Азияға немесе басқа 

құрлыққа көшіріп және басқа да халықаралық 

ұйымдарға жаңа реформа жасау мен оларды 

трансформациялау. Бұл құрылымдар әлемдік 

ең басты проблемалармен айналысуы керек. 

Егемендігімізді алғанымызға ширек 

ғасырға жуық уақыт өтті. Қазақ халқы жаңа 

өркениетті заманда өз орнын тауып, Ұлы дала 

тұлғаларынан сабақ алып, Абай өсиеттерін алға 

тартып, тынымсыз өнімді еңбек етіп, дамыған 

елдердің қатарына қосылуға ұмтылуы керек.



Оразалы 

сӘБден,

экономика 

ғылымының 

докторы, 

профессор

Халқымыздың ұлы ойшылы, қазақ поэзиясын шыңына шығарған кемеңгер ақын Абай 

атақты ғұлама көріпкел Нострадамус сияқты бар болғаны 59 жыл өмір сүрді. Абайдың 

көптеген қара сөздері екі ғасыр бойы руханиятқа қызмет етті, қазір де қоғамның тынысымен 

үндес, өміршең, өзекті. Бірақ заман өзгеруде, қазір ХХІ ғасыр, жаһандану процесі алға 

кетті. Дүниеде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың көптігі соншалықты, кейде 

қоғам оларға ілесіп үлгере алмауда. Оларды ғаламтордан, т.б. ақпараттық өзгерістерден 

байқауға болады. Сондықтан, біздің ойымызша, жаңа білім, ғылым, жоғары технология, 

рухани жаңғыру арқылы өркениетке жаңа көзқарас керек. Ол жаңа өркениеттік дамуға 

серпіліс береді. Бұл үшін біз Ұлы Абайдың қара сөздеріне жүгінеміз, ақыл-ой таразысына 

салып болашақ өмір сүру жолдарын болжай аламыз. Өйткені, Ұлы ақын өзіндік бағытты 

ұстана отырып, адам бойындағы қасиеттерді саралап береді.

АВТОР

Дүниежүзі қайда бағыт алды?

дереККөз: «аБаЙ ЖӘне ҚазаҚ елінің БОлаШағы» КітаБы

Жалғасы Келесі санда

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының концерт залында 

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, ақын, жазушы, драматург 

Ақылбек Шаяхметтің 65 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Бұл 

кеште ақынның «Сөз», «Голос степи», «Каскалар мен маскалар», «Нар қазақ – намысы бар 

қазақ» атты төрт бірдей кітаптарының тұсаукесері өтті.

Жиынға келушілер алдымен фойеде кітап көрмесін тамашалады. Келушілер қатарында 

ақынның тұрақты оқырмандарымен қатар жергілікті қаламгер дос-жарандары, билік өкілдері, 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғарин мен жазушы, драматург, 

қоғам қайраткері Төлен Әбдік қатысты. 

мәде

ние


т

шығармашылық 

кеш  өтті

Лондон МэРі 

оРАзАны 

ҚАЛАй ҰСТАйТынын 

АйТып беРді

«Әдетте бәрінен де кофеин көбірек 

жетіспейді. Мен көптеген ұзаққа созылатын 

кездесулерге барамын (әрине, бұл жылы 

емес, өйткені енді менде әлемдегі ең үздік 

қызмет), ал мұндай кезде жұмыс істеу үшін көп 

кофе ішуге мәжбүрмін. Осы жылы Рамазанға 

дайындалып, кофе ішуді азайттым. Тамақ 

жағынан еш қиналмаймын, оған үйреніп 

кетуге болады», – депті 9 миллионға жуық 

халқы бар алып қаланың басшысы.

Өзінің осы әрекеті арқылы батыстық 

көзқарастардың алдында исламдық дәстүрді 

қалай қолдануға болатынын көрсеткісі 

келетін Ұлыбритания астанасының жаңа 

мэрі Рамазан айы – мұсылман қоғамы үшін 

пайдалы нәрселер жасауға және ислам туралы 

теріс түсініктерді жоққа шығаруға мүмкіндік 

беретін сәт екенін айтқан.

Естеріңізде болса, өткен мамыр айында 

Лондон мэрі болып тағайындалған лейборист 

Садық Хан Ұлыбритания астанасын басқаратын 

алғашқы мұсылман ретінде тарихта қалды.  

Тегі пәкістандық 40 жастағы британиялық 

шенеунік қарапайым жұмысшы отбасынан 

шыққан. Әкесі 25 жыл автобус жүргізушісі 

болып қызмет еткен. Мамандығы – заңгер. 

Ол 2008-2009 жылдары жергілікті өзін-өзі 

басқару мәселелері негізіндегі министр, 2009-

2010 жылдары көлік министрі қызметтерін 

атқарды.

жөн е


ке

н!..


М

ен бала кезімнен орыс тілін білдім. Бірақ Лос-Анджелес университетінде 



оқып жүргенде, маған диссертациямның тақырыбын таңдау керек болды. Соңында мен 

Орталық Азияның этникалық музыкасын тақырып етіп алдым. Кейіннен 2005 жылы 

мен осында қазақ тілін үйрену үшін келдім. Содан қобызда ойнауды бастадым. Мен 

қобызда ойнағанда ойымды жинақтаймын. Қобызда тек ойнап емес, сонымен қатар 

әуенді де сезгім келеді. Сондықтан қобыз – рухани аспап, оның ежелгі тарихы бар. 

Қазақстанның қобызды осы күнге дейін сақтап  келгені қандай жақсы. Меніңше, бұл 

фестиваль арқылы Қазақстан өзінің түп-тамырын, тарихын ұмытпайтынын, сонымен 

қатар заманауи музыканы дамытып жатқанын көрсеткісі келеді.

[ақШ-тан қазақстанға The Spirit оf Tengri фестиваліне арнайы келгенде айтқаны]

«2005 ЖыЛы 

Қобызды үйРендіМ»

Сөзбе


өз

меган РАНСиР,

Огайо университетінің профессоры:

Британиялық Guardian газетінің жазуынша, Лондон қаласының басшысы Садық 

Хан өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Ораза ұстайтынын айтыпты.


22-23 [799], 03-10.06.2016

 qazaq1913@nur.kz  

11

Қысқа қайырғанда:

қазақстан мен Ресей түсірген «28 панфиловшылар» әскери драмасы 24 қарашада прокатқа шығады

замандаС


Ж

алпы, Ақылбаев Бағфур Әлімқұлұлының Эрнест, Бауэр және 

Айдар атты үш ұлы болған. Абайдың шөпшектері болып келетін үшеудің ортаншысы 

– Бауэр дүниеден ерте озыпты. Жоғары білімді биолог ретінде кандидаттық 

диссертация жаза бастаған екен. Туыстары Баукен атап кеткен одан ұрпақ жоқ. 

Ал, Айдардан Данияр деген ұл, одан Дана, Камила, Меруерт деген үш қыз бала бар. 

Сонымен қатар, Ақылбайдың Даниярдан басқа тағы бір шөпшегі, яғни Абайға 

немене боп келетін Айдос туралы еміс-еміс қана білетінбіз. Есімінің өзі-ақ асыл тегін 

меңзейтін азаматтың мұражаймен бұған дейін, оның өзі айтқандай, байланысы 

бола қоймаған. Олай болса, Ақылбаев Айдос Эрнесұлы туралы біз не біле алдық?

Сонымен Айдоспен оның ұлы атасының ескерткіші түбінде кездесуге келіскенбіз. 

Ол уағдалы уақыттан кешікпеді. Ұлы ақынның ұрпағын сырт келбетінен-ақ тас 

тұғырдағы хас мүсінге ұқсаттым. Бұл ретте оның Ұлы ақынға қаншалықты 

ұқсайтынын оқырман өзі ажырата жатар. Бірақ, жүзі алғаш жарқ еткенде-ақ 

ол бізді ерекше жылы әсерге бөледі. Қарсы алдымда өтірігі жоқ, сабырлы да 

байсалды азамат отырды. Оның басқадай емес, тап осындай болып шыққанына 

әбден қуанышты едім.

Ең әуелі, Абай ескерткішінің жанында суретке түсе бастадық. Таңертеңгі сағат 

тоғыздар шамасында жарқырай шыққан мамырдағы күн шапағы фотоаппаратқа 

шағылысып, біраз әуреге салса да Айдос қабағын шытпады. Ол фотографтың 

көрсеткен жеріне жеңіл барып, дархандық танытқан. Бұдан соң, әңгімеміз 

дастархан басында жалғасты. Екеуара «ол өзі мен туыстары туралы айтады, 

мен болсам сөзін бөлмей тыңдаймын» деп келістік. 

«1967 жылғы 7 ақпанда дүниеге келіппін, – деп сабақтады Айдос өз естелігін. 

– Әкем Эрнест 1983-ші жылы қайтыс болған, Талғар механизация техникумының 

түлегі. Ал, Бағфур одан төрт жыл бұрын о дүниелік болған екен. Алматының 

іргесіндегі Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Баһфур 

атамыз селекция мектебінің директоры лауазымын атқарған. 

Бала кезімізде Данияр және басқалары бар атамның үйінде жиі бас 

қосатынбыз. Оның әкесі – Айдар аға мұнайшы, қазір ол кісінің кәсібін Данияр 

жалғастыруда. Анам – Ақылбаева Эльнура Ахметқызы осы Алматыда тұрып 

жатыр. Өз басым Алматыдағы орта мектепті бітірген соң, Украинаның Криворожск 

қаласындағы Авиаучилищеге оқуға түскен едім. Бірінші жарым Светланамен де 

сонда табыстым, Тбилисиде Кеңес армиясы қатарында болдым. Аталмыш оқу 

орнында авиақұралдардың техник-электригі мамандығын алған соң, Алматы 

әуежайының Біріккен авиаотрядында қызмет еттім. Кейін осындағы итальяндық 

құрылыс фирмасында жұмыс жасап, әуежайдың қаржылық жағдайы қожырағанда 

жеке кәсіпкерлікті таңдап, құрылыс саласында еңбек етіп келемін. Бірінші 

некеден Александра Старикова – Ақылбаева деген қызым және одан Ника атты 

немерем бар. Олар қазір Саратов облысының Балаково қаласында тұрады. Ал, 

қазіргі жарым Батырбекова Тамара Әуезханқызы (әкесі – қазақ, анасы – татар) 

екеуіміздің ортақ баламыз жоқ. Алланың әмірі солай шығар, жас кезімде барша 

туыстарым бір жаққа шыққандарында сәбилерін ержетіп қалған маған тастап 

кетуші еді. Бұл орайда Абай атамыздың ұрпақ жалғастығын үзіп алмау, бізден 

«тұқым» алып қалу туралы әңгімелерге күлгеннен басқа амалым жоқ. Себебі, 

ең алдымен «адамның баласы болуға, адамзатты сүюге» үндеген Ұлы Адамның 

артында қалдырған асыл мұрасына тең келер ештеңе жоқ». 

Ұлы ақынның ұлағатты ұрпағымен үнсіз келістім.

болат ЖүніСбеков,

абайдың«жидебай-бөрілі» 

мемлекеттік тарихи-мәдени және 

әдеби-мемориалдық 

қорық-музейінің директоры

АбАй ҰРпАғыМен 

ЖүздеСу

ақылбайдың шөпшегі айдос 



туралы біз не білеміз?

біз білмейтін қазақ

жа

Ңа кітап


Республика жұртшылығы бұл күндері 

әлемге әйгілі ақын, түрколог-ғалым, 

тарихшы  Олжас  Омарұлы Сүлейменовтің 

80 жасқа толған мерейтойын кеңінен 

атап өтуде. Елу жыл бойы Олжасқа іні 

Н

ағыз дарын иесі ретінде ол өзін 



кез-келген салада көрсете алар еді, алайда бұл 

жерде адам кәсіпті емес, кәсіп адамды көздеп, 

мергендік танытқан сияқты. Сәулетші кәсібі 

Тоқтар Ералиевті таңдағанда мүлт кетпепті – 

«KAZGOR» үшін де, қазақ елі үшін де, әлемдік 

сәулет өнері үшін де бұл сәтті таңдау болды десек, 

артық айтпаймыз.

Тоқтар Ералиев 1946 жылы дүниеге келді. 

Сәулет өнеріне 1970 жылы Алматы қаласындағы 

Қазақтың политехникалық институтының сәулет 

факультетін бітіргеннен кейін келді. Бұл қала 

құрылысының кезекті даму сатысына көтерілген 

кезеңі еді: қалаларда ансамбльдік құрылыс қайта 

өрлеп, заманға сай жаңа құрылыс материалдары 

мен технологиялары пайда бола бастады. Дәл 

осы кезде елімізде ауқымды құрылыс жұмыстары 

қарқындап жүрді. Алматыда болған өзгерістерді 

еске алсақ та жеткілікті – шағын ғана қаладан 

ол Қазақстанның ең ірі мегаполисіне айналып 

шыға келді. Бұған сәулетшілердің қосқан үлесі 

орасан еді. Солардың ішінде сәулет ісінде буыны 

бекіп үлгірмеген жас Тоқтар да жүрді.

Тоқтардың жобаларында батылдық, ауқымдылық 

пен жаңашылдықтан басқа жасқа бітпеген ерекше 

бір кемелдік пен көрегенділік менмұндалап тұратын. 

Оның бойындағы бұл қасиет аталарының қанымен 

берілгендей. Бақыт құсы кез-келгеннің басына 

қонбайды. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, 

Тоқтар Ералиев өзінің үзеңгілестерінен асқан 

еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Бір жоба үшін 

ол бір-біріне мүлдем ұқсамайтын он шақты нұсқа 

дайындайды, олардың әрқайсысы өз алдына бір 

дүние. Оның жұмыстарында басқаларда 

кездесе бермейтін бір ерекшелік бар, ол 

– біздің ұлттық дәстүрлерімізді қазіргі 

жоғарғы жаңа технологиялық 

жетістіктермен сәтті үйлестіре 

білуінде. Оны Стратегиялық 

зерттеулер институты 

(Алматы), Ақпараттық 

технологиялар паркі 

(Алматы), «Рахат 

Тауэрс» бизнес 

орталығы (Алматы), 

Атырау қаласының 

жаңа орталығының 

қ ұ р ы л ы с ы н а 

жарияланған конкурсқа 

жасалған жобаларынан 

көруге болады. Тіпті, 

индустрияландырудың 

жоғарғы үлгісі болып табылатын 

«Нұрлы тау» жобасының өзінде 

қазіргі заманның сәулет бедеріне 

ежелгі Түркістанның қала құрылысындағы 

әсем өрнектердің өрнектелгенін сезінесің.

Ертедегі Қазақстанның «ежелгі өркениетіндегі 

қала құрылысы белдеуінің» (Арқайым, Сарайшық, 

Отырар, Түркістан, Шаш, Тараз, Баласағұн, Суяб, 

Шырақ, Талхиз, Шауғар, Құлан және т.б.) осы жердегі 

бұрыннан қалыптасқан құрылыс мәдениетінің 

жетістіктерінен туындағанын сәулетші Ералиев 

жақсы біледі. Осы өнер туындылары туралы нақты 

жазба деректердің болмауы сәулет өнерінің біздің 

жерімізде жақсы дамып, өркендегенін жоққа 

шығара алмайды, өйткені ілім-білімсіз өркениет 

құру мүмкін емес, бұны сәулет өркениетіне де 

байланысты айтуға әбден болады. 

Жер бетінен жоғалған ежелгі қазақ қалаларының 

алып кеткен құпиялары қаншама! Көне мұра 

тек зерттеуші археолог, тарихшы, сәулетші 

мамандарды ғана емес, сонымен бірге жалпы 

халықтың санасында да түрлі ойлар туғызып, талай 

қиялға жетелеп келеді. Қандай да бір ерекше, 

тосын, бірегей сәулет туындысы өмірге келгенде, 

ол сол елді мекеннің келбетімен үйлесім тауып, 

қала өміріне кірігіп кетеді, сол себепті қауым 

туындының авторынан нақты деректермен 

дәлелденген сәулеттік шешімінің жауабын 

күтетіні анық. Соған байланысты дүние жүзіне 

аттары танымал сәулетшілер объектіні жергілікті 

жерге үйлестіру үшін оның көп ғасырлық бедер-

қатпарларын ақтарып, сол өңірдің ерекшелігін 

зерделейді, бұл сәулетшілердің бүгінгі еңбегін 

болашақпен байланыстырады, қазіргі туындысын 

келешек ұрпақтың бағалауына жол ашады. Әр 

жобасын нобайлау кезінде Тоқтар Ералиев те 

осы ұстанымды алдына қояды.

Жоғарғы оқу орнында жұмыс істеу қай 

кезде де беделді болып саналады ғой, әйтсе 

де кафедрада қызметке қалдыру ұсынысын 

Тоқтар қабылдамады, өйткені ол сәулетшілік 

тәжірибеге мойын бұрғысы келді, сондықтан 

«Казгорстройпроект» институтына жұмысқа 

келіп, осы істе өзінің жас болса да бас бола 

алатынын бірден көрсетті. Басқа сәулетшілермен 

ұжымдаса жұмыс істей жүріп, ол бәрі бірауыздан 

келіскен ірі жоба нобайының түйінді ойын бұзбай-

ақ жобаға әр кіргізетіндей жаңа ұсыныстарын 

жасап отыратын. Оның осындай кәсіби шеберлігі 

Владимир Ким, Лев Ухоботов, Юрий Ратушный 

сынды белгілі сәулетшілермен үзеңгі қағыстырып 

жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Олар бірлесе 

отырып, Офицерлердің округтік үйі, Республикалық 

Саяси ағарту үйі, Сочи қаласындағы шипажай, 

«Алатау» шипажайы, Париж қаласында өткен 

Тет Дефанс халықаралық конкурсына арналған 

жоба, Атырау облысындағы Құлсары қала типтес 

кентінің құрылысы, Алматыдағы Оперетта театры 

сияқты басқа да көптеген жобаларды әзірледі.

Меніңше, Тоқтар Ералиевтің дарыны мен 

жетістігінің көзі оның адами қасиеттерінде 

жатыр. Ол – кәсібилігімен қатар парасатты әрі 

адал, таза адам. Шығармашылық топта болатын 

жобаны талқылау кезінде ұшырасып жататын 

дауларда ол басқа мамандарды тыңдап, олармен 

санаса біледі, жобаның негізгі тұжырымын сақтай 

отырып, қандай да бір өзгерістер жасауда ымыраға 

келуден қашқан емес.

Объектінің өзі орналасатын ортаға үйлесімді 

орнын табуы үшін Тоқтардың оны егжей-тегжейлі 

зерттеп отыратын әдеті бар. Бұл – оның сол 

ғимаратты тұтынатын халыққа деген құрметі 

мен қамқорлығы. Сәулетшінің осындай кәсіби 

әрі жанашырлық қасиеті оны қоғам өмірінен тыс 

қалдырмай келеді.

«Талап таудан да асырар» дейді, Тоқтар Ералиевтің 

тума дарыны көлденең келген кедергілерді жеңіп, 

тіпті идеологиялық тосқауылдарды да бұзып өтіп 

жатады. Партия мүшесі болмай-ақ ол қиын-қыстау 

кездердің өзінде еліміздегі Сәулетшілер одағының 

төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып 

сайланып, Қазақ КСР-нің Алтын кітабына аты 

жазылып, оған түрлі атақтар берілді, құрмет 

грамоталарымен, дипломдармен марапатталды. 

КСРО-да төс қалтасында коммунистік билеті болмай 

тұрып, бұндай жетістіктерге жетудің қиындығын 

аға ұрпақ өкілдері жақсы біледі.

Қиындықтарға төтеп беру бұнымен біткен жоқ. 

Кеңес одағы тарап, шаруашылық байланыстар үзіліп 

қалды, соның салдарынан құрылыстың құлдырауы 

сәулетшілерді біраз жыл шығармашылық ортадан 

алыстатты. Тапсырыссыз қалған жобалаушы 

мамандар басқа салалардан нәпақа іздеп 

кетті. Сол кезде де Тоқтар өз ісіне адалдығын 

сақтап қалды – болашақтың жобасын жасауды 

жалғастыра берді. Қиындыққа мойып көрмеген ол 

бұл кезеңнің де өтпелі екеніне, сәулетші еңбегіне 

мұқтаждықтың қайта жанданатынына сенімді 

болды. Сенімі ақталды: тәуелсіздігімізбен бірге 

экономикамызды да аяққа тұрғыздық. Жаңарған 

елге жаңа астана керек болды, оның тұңғыш бас 

сәулетшісі болып Тоқтар Ералиевтің тағайындалуы 

да көп нәрсені аңғартады.

Астанадағы қарқынды жұмыс бүкіл еліміздегі 

құрылысқа жан бітірді. Алматы, Атырау, Ақтау, басқа 

да қалаларда тоқтап қалған құрылыс крандары 

мойындарын көкке созды. Отандық тапсырыс 

берушілермен қатар шетелдік инвесторлар да 

бой көрсете бастады. «Талғамға талас жоқ», 

әрқайсысы өз ойымен, өз қиялымен келді. Міне, 

осы кезде Тоқтар Ералиевтің дарыны жаңа қырынан 

жарқырай түсті. Ол Алматыға қайтып келіп, өзі 

еңбек еткен академияда тың құлшынысымен, 

соны ойларымен жұмысқа кірісті. 

«Су жерді көгертеді, еңбек ерді көгертеді» 

дейді қазақ. Еңбегімен көгерген азаматтарды 

дәріптеп, «Ер» дейді, «батыр» дейді. ықылым 

заманнан келе жатқан осы үрдіске еріксіз ден 

қойсақ, елі үшін, жері үшін күрескен ұлдарына, 

мәселен, Ер Тарғын, Қобыланды батыр, Ер Есім, 

Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр деп есімдерін 

сүйіспеншілік сөзімен үстеді. Кейін кеңестік 

дәуірде Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ 

берілді. Шынында, еңбек ер атандырады екен. 

Өнер саласының суырылып шыққан саңлақтары 

Ғабит Мүсірепов, Серәлі Қожамқұлов, Ермек 

Серкебаев және басқа да тұлғаларды жақсы білеміз. 

Тәуелсіз ел атанған кезімізде Әбіш Кекілбаев, 

Олжас Сүлейменов, Еркеғали Рахмадиев, Айман 

Мұсақоджаева секілді танымал тұлғалар Еңбек 

Ері атанды. Олардың бәрі жазу өнерінің, сахна 

мен музыка саласының дарабоздары. Сәулет 

өнері де үлкен даму жолынан өтті. Т.Бәсенов, 

М.Меңдіқұлов, Н.Рипинский, Ш.Уәлиханов, Л.Ухоботов, 

А.Қапанов, Ю.Ратушный секілді сәулетшілер ел 

мақтанышына айналды. Араларында Мемлекеттік 

сыйлық иегері атанғандары да, Жоғарғы Кеңес 

депутаты болғандары да бар. Бірақ, бүгінге дейін 

сәулетшілердің бірде-бірінің Еңбек Ері атанғандары 

ұшыраспайды. Біздің кейіпкеріміз Тоқтар Ералиев 

осылардың көзін көрген, үзеңгілес жұмыс істеген

бірегей туындыларымен бәрі-бәрін тамсандырған 

тарлан. Ең қиын объектілерді жобалау ісінде ғана 

дара шықпай, сонымен бірге қоғам өміріне де 

белсене араласып, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Халық 

депутаты болған. Астана қаласын еліміздің бас 

қаласы ретінде бой түзету міндеті алға тартылып, 

оның келбетін жаңаша етіп жасап, әлемге танытар 

көрік беру жағы Үкімет назарына алынған кезде 

Тоқаңды Астананың бас сәулетшісі қызметіне 

лайық көреді. Ең қиын да күрделі кезеңде 

Қазақ КСР Сәулетшілер одағының төрағасы 

болып сайланады. Қараңызшы, осының бәрінде 

елдік, мемлекеттік, халықтық мүдделер тоғысып 

жатыр емес пе!? Тынымсыз еңбегі мен біртуар 

дарынының арқасында ол кәсіби тұрғыда берілетін 

ең жоғарғы атақ – «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген 

сәулетшісі» атағын алып, «Парасат», ІІІ дәрежелі 

«Барыс» ордендерінің иегері атанды.    

Көптеген игі істердің бас қасында жүрген, 

талай шетелдік әріптестерін туындыларымен 

таңдандырып келе жатқан және ізінен ілескен 

жас сәулетшілердің талаптарына қанат бітіріп, 

шабыт сыйлап жүрген Тоқтар Ералыұлы, әлбетте, 

Еңбек Ері атануға әбден лайық тұлға. 

Оның жобалары жаңашылдығымен, өжеттігімен 

тағы да таңдай қақтырды. Өзгермей қалғаны – 

оның кәсіби талабы – талай жылдар бойы оны 

қазіргі заманымыздың көрнекті сәулетшілерімен 

қатарластырып келе жатқан таудай талабы. Сол 

талабымен өмірін нұрландырып келеді. Бұл – 

тағдырын адаспай тапқан бақытты жанның өмірі.

әбдісағит  ТәТіғҰЛов,

мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты, академик

Құрылыс 

ісінің табиғи, техногендік немесе басқа 

да апатты жағдайларға қарамастан 

баяу болса да үнемі жүріп отырғандығына  адамзат  тарихында 

келтірер дәлелдер көп. Демек, құрылыс жұмысының негізін анықтайтын 

сәулетші де тек ежелгі ғана емес, сонымен бірге мәңгі кәсіптердің 

бірі болып табылады. Адам баласы үшін бұл кәсіп әрдайым бағалы 

және оның бағасын арттыратын сәулет өнеріне адал қызмет ететін 

сәулетші мамандар. Солардың бірі – Тоқтар Ералиев.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет