Жалғасы 5-Бетте



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата29.12.2016
өлшемі12,61 Mb.
#674
1   2   3   4   5   6   7

«н

ұрлы 

тау» көпқызметтік 

орталығы, 

а

лматы, 2003 жыл

а

т спорты паркі, халықаралық 

конкурс, Yeongcheon, Корея, 2016 ж.

Қазақ драма театры, халықаралық

конкурс, 

а

стана, 2010 ж.

уАҚыТ САРАЛАғАн

Бұған дейін абайтанушыларға, соның 

ішінде Абай мұражайының шырақшыларына 

да Ұлы ақынның ұрпақтары дегенде ойымызға 

алдымен оралары Ақылбайдың немересі 

Бағфурдан тарайтын Айдар мен оның ұлы 

Данияр болатын. Екеуінің де қазір Алматыда 

екенінен және нәпақасын мұнай саласынан 

тауып жүргендерінен хабардармыз. 

болып соңынан ерген, дос болып болып 

иықтасып қатар жүрген көрнекті жазушы, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 

«Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» 

Халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит 

Досанов Олжас жайлы «Наркескен» 

атты роман жазып, Алматыдағы 

«Арда»  баспасынан жарыққа шығарды. 

Автор романның бас кейіпкері, әлемге 

әйгілі ақын, түрколог-ғалым, көрнекті 

мемлекет және қоғам қайраткері Олжас 

Сүлейменовтің  күрмеуі қатты күрделі 

тағдыры жайлы ой өрбіте отырып, арда 

тұлғаның бейнесін ел өміріндегі елеулі 

кезең, халық бастан кешкен басты 

оқиғалармен байланыстыра бедерлі 

бейнеленген. 

Кестелі тілмен кестеленген қуатты 

ой, шуақты сезім, он екі өрім қамшыдай 

шебер өрілген лирика мен трагедия 

шығарманы абаттандырып, тарту күшін 

арттыра түскен.

«қазақ»-ақпарат


22-23 [799], 03-10.06.2016

 

qazaq1913@nur.kz  



12

спорт  айнасы



ҚҰрылтаЙШысы: «GAUHAR» ғылыМи-өндірістіК, пОлиГрафиялыҚ Баспа КОМпаниясы

атҚарУШы диреКтОр:  Гүлбаршын  МҮТАЛАПҚЫЗЫ

Бас редаКтОр:  Жасұлан  МӘУЛЕНҰЛЫ

Бас редаКтОрдың ОрынБасары:  Гүлмаржан  ТОРҒАУЫТҚЫЗЫ

КөрКеМдеУШі редаКтОр:  Айнұр  ҚАЙРАТБЕКҚЫЗЫ

редаКция алҚасы: 

Қоғабай СӘРСЕКЕЕВ, Кенжеғали САҒАДИЕВ, Серік ҚИРАБАЕВ, 

Махмұт НӘЛІБАЕВ, Уәлихан ҚАЛИЖАН, Сейітбек НҰРХАНОВ, 

Сайлау БАЙЗАҚОВ, Әбдісағит ТӘТІҒҰЛОВ, Жүрсін ЕРМАНОВ, 

Хұсайын УӘЛИЕВ, Кеңес ҮШБАЕВ

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркеліп, есепке қою туралы №6897-Г куәлігі 2006 жылдың 7 ақпан айында берілді. 

Мақала авторларының пікірлері редакцияның көзқарасын білдірмейді, авторлардың мақалалары қысқартылып, редакцияланады. Редакция авторлар мақаласы мен 

жарнама мазмұнына, тіліне жауап  бермейді. Газетте жарияланған материалдарды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды. Газетте интернет 

сайттарының фотолары мен nur.kz, tengrinews.kz,  inform.kz, baq.kz ақпараттық агенттіктерінің мақалалары мен деректері қолданылды. Газет «GAUHAR» ғылыми-өндірістік 

полиграфиялық баспа компаниясының компьютер орталығында теріліп, беттелді. Газет әр аптаның жұма күндері жарық көреді. Газеттің қаржылық қоры жоқ 

болғандықтан авторларға қаламақы төленбейді. Қолжазба авторларға кері қайтарылмайды. Газет Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында таралады.

таралыМы:

 

10 900



тапсырыс: №295         

инде

Кс

Баспахананың мекенжайы: алматы қаласы, егізбаев көшесі, 7 «В», 

«Кредосс-Б». Байланыс телефондары:  8 (727) 391-10-06, 391-10-70

редаКцияның МеКенЖаЙы: 

050000, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 

№410 (Мәметова к-нің қиылысы), 5-қабат, 

505-кеңсе, «Senim Capital» бизнес орталығы



тел./фаКс:  8 (727)

  

278-00-98

қанда

Стар тыны



Сы

Бетті  әзірлеген:  Мадияр  ӘЗИЗҰЛЫ

«бАҚыТТы бокСшыМын 

деп еСепТейМін»

– «Сені теледидардан көрсетпейді, Генаны көрсетеді» дейді халық. 

Мен айтамын: «Генаның кәсіпқой боксқа барғанына 10 жыл болды, 

маған үш-ақ жыл болды. Ол да 7-8 жылын қарапайым болып, атақсыз 

өткізді», – деп. 2012 жылы мен шетелге кетейін деп жүрген кезде, 

Генаның өзі Астанадағы бір ағаларымыздан көмек сұрап жүрді. Ол да 

өте көп қиындықтарды өткерді. Елін, жерін сағынды, тіпті соттасты. Ал 

Гена көрген қиыншылықтардан өтпей сондай атақ-абыройға лайықпын 

деп ойлау әбестік, – дейді боксшы.

2012 жылдан бері кәсіпқой шаршы алаңда жолын бастаған Қанат 

та бірқатар кедергілерді басып өтіп келе жатқанын айтып өтті. Тіпті, 

шетелдерге шыққан кезде, жолын кес-кестеп, қастандық жасауға 

ұмтылғандар да аз болмапты.

– Колумбия, Доминикан сияқты елдерге де бардым бокстасуға. Ол 

жақта жүріп-тұру өте қиын. Өміріңе қауіп төнеді. Сырт жақта промоутерім 

мен бапкерлерім тіпті керісіп те қалып жатты. Сенің атағыңды күшпен 

болсын тартып алғысы келетіндер болады. Қастандық істеуі де мүмкін. 

Мені тіпті қонақүйге апарып, одан бір нөмірден екінші нөмірге ауыстырып 

әуреге түскен кездері де болды. Қауіпсіздік үшін ғой. Боксшы соның 

бәрінен өту керек, – дейді ол.

Әлем чемпионы боксқа қалай бет бұрғанын, балалық шағы туралы 

да сөз қозғап өтті.

– Менің боксшы болуым – ағам Ерланның арманы еді. Ол менің 

чемпион болуымды қатты армандады. Ал әкем болса мені молда қылмақшы 

болыпты. Бірақ, тентектеу болып өстім де, спортқа кетіп қалдым. Ағам жігіт  

мынадай болу керек деп, ақылын аямай миыма құйып өсірді. Алғашқы 

бапкерім Дамир Буданбеков, одан соң Нұрғали Сафиуллиннен, Ғалым 

Кенжебековтен тәлім алдым. Өзімді бақытты боксшымын деп есептеймін. 

Егер осы кісілер ұстаз болмағанда ауылда қарадомалақтардың бірі болып 

жүретін едім, – деп бапкерлеріне алғыс білдірді.

«ЖігіТ біР ЖеңіЛіСпен 

ЖеРге кіРіп, біР ЖеңіСпен 

АСпАнғА шыҚпАуы ТИіС»

Қанат Америкада кәсіпқой боксқа деген көзқарас ерекше екенін, 

олар әуесқой боксты көбіне дайындық мектебі ретінде қарастырып, негізгі 

күшті кәсіпқой рингке сақтайтынын, Олимпиада ойындарына да өз бабын 

келтіріп алу үшін қатысатынын, ал біздегі жүйе мен түсінік мүлде басқаша, 

спортшылардың барлығына «Олимпиададан соң мансабың аяқталады» 

деген түсінік кіріп қалғанын, осы тәрбиеге қынжылатынын жеткізді.

– Бізде «Ең биік шың – Олимпиада, одан кейін бітті, құлайсың» 

деген ұғым сіңіп қалған. Олимпиада чемпионы болған жігіттер өздерін 

жоғалтып жатады. Егер Ермахан, Мұхтархан ағаларымыз кәсіпқой 

боксқа бет бұрғанда, онда күллі әлем қазір қазақты бокстан мойындап 

отырар еді. Олардан жеңілген талай боксшылар қазір кәсіпқой бокста 

атой салып жүр. Жасыңның 30-дан асқаны еш кедергі болмауы тиіс. 

Мен қазір 32-демін. Кезінде ата-бабаларымыз жауға шапқанда: «Қой, 

30-дан асып қалыппыз, енді сендер шабыңдар», – деген жоқ қой. 70-

ке дейін жекпе-жекке шыққандар болды. Шалмын десең отызыңда шал 

боласың. Америкада 50 жасқа дейін бокстаса береді. Бізде боксшылардың 

барлығы әуесқой боксқа қатты берілген. Қай жасқа келсең де бірқалыпты 

жағдайды ұстауға тырысу керек. Жігіт бір жеңіліспен жерге кіріп, бір 

жеңіспен аспанға шықпауы тиіс, – деді Қанат Ислам.

Спортшының өзі АҚШ-та тұрғанымен, отбасы Қазақстанда екен. 

Бар уақыты тек жаттығу, спорт зал, сосын режим бойынша тынығумен 

өтетінін алға тартқан боксшы отбасының елде тұрғаны оған да, өздеріне 

де пайдалы екенін айтты.

– Шетелде тұру маған өте қиын. Бірақ, жұмыс сонда болғасын 

бәріне шыдау керек. Негізі өмірім жаттығу, спорт зал, демалыспен өтеді. 

Бос уақытымды ағылшын тілін үйренумен өткіземін. Майамиде тұрып 

жатқаныма 3 жыл болса да, Майамидің орталығына барып көрмеппін. 

Аллаға шүкір, төрт балам бар. Отбасым Қазақстанда тұрады. Менің 

дайындалып қиналған түрімді көріп олар шыдамайды. Ондай қиындықты тек 

спортшының өзі ғана біледі. Марқұм әке-шешем боксымды көрмей кетті. 

Жүректері толқып қарамайтын. Басында қарсы да болған. Өзім спортпен 

айналысатындықтан туыстарымды қасыма жолатпауға тырысамын. Олар 

спортшының ішкі жай-күйін түсіне бермейді. «Жеңсем де, жеңілсем де 

сырттан күтіп алыңдаршы» деймін, – дейді боксшы.

Қанаттың арманы – кәсіпқой бокста биік шыңға жетіп, кейінгі 

ерген боксшы інілерінің жағдайын жасау. Қазақ спортшыларына жол 

ашу. Қазіргі таңда мықты боксшыларға өтініш жіберіп жатыр екен. Тіпті 

Сауль (Канело) Альварестің өзі спаррингке шақырған. Бірақ, Қанаттың 

бапкерлері ол спаррингке жібермей қойыпты. Келешекте жолдары түйісіп 

қалуы әбден мүмкін болғандықтан, сыралғы қарсыласқа сыр алдырмау 

керек деп шешкен.

– Қазір командам келіссөздер жүргізуде. Мейлінше мықтылармен 

қолғап түйістіруге тырысамыз. Бұрын енді Мейвезер, Пакьяомен шыққым 

келетін, олар енді бокстан кетіп жатыр. Канело, басқа да чемпиондармен 

шықсам деймін, – деді боксшы баспасөз жиынында.

«АМеРИкАғА бАРып 

біР ТИын 

ТАуып көРМеппін»

Қанат Ислам залдан қойылған сұраққа орай, ұлттың бүгінгі жай-

күйіне қатысты да өз пікірін білдіріп, жігіттердің намысы жоғалмау керек 

дегенді баса айтты.

– Марқұм ұстазым айтатын: «Жігіт адам сылтау айтпау керек», – деп. 

Қателессең мойында, болмаса қателеспе. Жігіт бірінші өзіне жауап беру 

керек. Сосын барып, жарына, отбасына жауап береді. Ұлт үшін ештеңе 

істемей-ақ қойсын, өзін дұрыс ұстаса болды. Қарындастарға дұрыс 

тәрбие бере алсақ, олар да ешқайда кетпейді. Еркек бос болса, әйел 

бытырай бастайды жан-жаққа. Кезінде, тіпті, басқа ұлттармен жүрген 

қазақ қызын көрсе, жігіттер шапалақпен бір тартып, қызды үйіне қуып 

жіберген ғой. Қазір бірдеңе айтсаң, ізіңнен арыз жазып шыға келеді. 

Жігіттер әр қызға, ана, қарындас, жар деген көзқараспен қарау керек. 

«Ертең үйленсең өзіңнің де қызың болады, ол да бойжетеді» деп кеңінен 

ойлану қажет, – деген боксшы кәсіпқой боксқа араласқалы бері қалтасына 

ақша түспегенін де жасырмай айтып берді.

– Мақсатым – дүние табу болса, талай мүмкіндік болды. Бизнесмен 

болып кетуге де жолдар шыққан. Бірақ, менің мақсатым ол емес, мақсатым 

өзім армандаған биікке жету болды. Америкаға барып бір тиын тауып 

көрмеппін. Дүние жисаң жия бересің. Бірақ, қазақ та өзінің ұлдары, 

атақты адамдары арқылы мақтанғысы келеді. Мен сол үдеден шыққым 

келеді. Мен арқылы ұлт кеудесін мақтаныш кернеп жатса бұдан асқан 

байлық жоқ. Әу баста кәсіпкер Бауыржан Оспанов ағамыз қолдап, 

айлық қойып берген. Сол айлықпен күнімді көріп жатырмын. Енді-енді 

боксшылардан қаржылық келісім-шарттар келіп жатыр, – деген Қанат 

халықтың көңілінен шыға аламын ба деген қорқыныш үнемі болатынын

осы кездесудің өзі үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтып, жиналған 

қауымға үлкен алғысын білдірді.

Жиын соңында кәсіпкерлер мен жанкүйерлер батырға шапан жауып, 

сыйлық беріп, құрметтерін көрсетті. Ал, боксшы жанкүйерлеріне қолтаңба 

таратып, естелік суретке де түсті.

– елжан, біріккен араб әмірлігінің 

астанасы абу-дабиде өткен бразилиялық 

джиу-джитсудан әлем чемпионатында күміс 

медаль иеленген екенсің (15-17 жас аралығы). 

құтты болсын! жалпы, жер-жаһанның кіл 

мықты спортшылары қатысқан бұл дүбірлі 

дода қалай өтті? қай спортшыға есе жібердің? 

қарсыластарың кім болды? 

– Абу-Дабиде өткен бразилиялық джиу-

джитсудан әлем чемпионаты жоғары денгейде 

өтті. Әлем біріншілігіне алғаш қатысуым 

болғандықтан біраз қобалжығаным рас. Бұл 

дүбірлі додаға әр елдің  «сен тұр, мен атайын» 

деген кіл мықты спортшылары келіпті. Демек, 

қарсыластарым да өте мықты болды. Қазақ 

елінің көк туын желбірете көтеріп келген 

соң ел намысын қолдан бермеу керектігін 

жақсы түсіндім. Жаттықтырушым Нұрсұлтан 

Орынбасаров өзінің ақыл-кеңестерін айтып, 

барынша қолдау көрсетті. Жарысқа осылай өз 

бабымда шықтым. 81 кг салмақ дәрежесінде 

алғашқы қарсыласым – жергілікті спортшыны 

жеңдім. Артынан ресейлік қарсыласымды да 

тізе бүктірдім.  Одан кейінгі қарсыласым – Араб 

әмірлігінің спортшысын жеңіп, ақтық сынға 

да шықтым. Алайда финалда ұлыбританиялық 

спортшыға есе жіберіп қойдым. 

«Генерал болуды армандамайтын солдат 

жоқ» дегендей, спортты жанына серік еткен 

спортшылардың бәрінің арманы – бәсі биік 

бәсекелерде қатарынан оза шауып, бәйге 

алып, елінің мәртебесін асқақтата түсу екені 

баршамызға мәлім. Мен де кәсіпқой спортшы 

ретінде елімнің тек биіктерден көрінуі жолында 

тер төккім келеді. Алда әлі талай асқаралы 

асулар тұр. Алла қаласа, байрақты бәсекелерде 

үнемі байрағымызды көкке көтергім келеді. 

Ол бәріміз үшін серт қой. Өйткені, онда елдің 

намысы сынға түседі. 

Аталған біріншілік менің спортқа деген 

қызығушылығымды одан әрі арттыра түсті. Бірінші 

кезекте жаттықтырушым Нұрсұлтан ағайыма 

алғыс айтқым келеді. Себебі, бразилиялық 

джиу-джитсуға қатысу бұрын тек қалада 

ғана болатын. Мен Іле ауданына қарасты 

М.Түймебай ауылында тұрамын. Айтайын 

дегенім, бұрын Алматы қаласына барып бұл 

спорт түріне қатысу мен сияқты қаланың шетінде 

тұратын балаларға қиынға соқты. Нұрсұлтан 

ағайым осы ауылдан бразилиялық джиу-джитсу 

А

лматы қаласында кәсіпқой 



бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe 

нұсқалары бойынша Әлем чемпионы 

Қанат Ислам баспасөз мәслихатын өткізіп, 

журналистер мен жанкүйерлердің біраз 

сауалдарына жауап берді. Сұхбат еркін 

форматта өрбіді.

Боксшы елге келгеннен кейін бірқатар 

телеарналардағы түсірілімдерге қатысып, 

аймақтарда түрлі кездесулер өткізіп 

жүр. Батырын алақанына салған Алматы 

жұртшылығы да онымен кездесуге асықты. 

Баспасөз мәслихатына тілшілер қауымынан 

бөлек жанкүйерлер де көп жиналды.

Қанат ИСЛАМ, 

кәсіпқой бокстан 

WBA Fedelatin және 

WBA FideCaribe 

нұсқалары бойынша 

әлем чемпионы:

«Мен АРҚыЛы ҰЛТ кеудеСін 

МАҚТАныш кеРнеСе

бҰдАн АСҚАн бАйЛыҚ ЖоҚ»

ж

ұмадағы жүзде



Су

елжан ЖҰМАдіЛ, бразилиялық джиу-джитсудан 

әлемнің вице-чемпионы

грэпплингтен екі дүркін қазақстан жеңімпазы:

«Мен бАйРАҚТы 

бәСекеЛеРде 

бАйРАғыМызды 

үнеМі көкке 

көТеРгіМ кеЛеді»

және грэпплинг спорт залын 

ашып, талай қара домалақтарды 

жарысқа алып шықты. 

Ағайымның арқасында екі әлем 

чемпионы, бірнеше Халықаралық, 

Республикалық жарыстардың 

жеңімпаздары мен жүлдегерлері 

шықты. Ауыл балаларының спортқа 

құлшынысы артты. Осы орайда әлем 

чемпионатында ел намысын қорғау үшін 

қолдау көрсеткен, еліміздегі джиу-джитсу 

спорт түрінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген 

«Бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг» 

федерациясының президенті Төлеген Құмаров 

мырзаға алғысымды айтсам артық болмас. 

– Спортқа қызығуыңа басты не себеп 

болды? ең алғаш спорттың табалдырығын 

аттаған кезің есіңде болар? 

– Алғаш рет грек-рим күресіне 5-сыныпта 

бардым. Ал, спортқа келуімнің басты себебі 

– алдыңғы буын ағаларым секілді ұлттың 

намысын қорғап, Қазақ елінің көк туын көкке 

көтергім келді. Кешегі Жақсылық Үшкемпіров, 

Шәміл Серіков, Серік Қонақбаев, бертін келе 

Бақтияр Артаев, Бекзат Саттарханов, тағы 

да басқа ел намысын абыроймен қорғаған 

спорт саңлақтарындай қазақтың атын әлемге 

паш етсем деймін. 

– елжан, неге бразилиялық джиу-джитсу? 

елімізде бокс, күрес, ауыр атлетика сияқты 

спорт түрлері кеңінен дамыған ғой... 

– Жоғарыда айтқанымдай, спорттағы 

жолымды грек-рим күресінен бастадым. 

Нұрсұлтан ағай ауылымызда бразилиялық 

джиу-джитсу секциясын ашқаннан бастап 

осы спорт түрімен айналыса бастадым. 

Джиу-джитсумен қатар грек-рим күресінен 

де жарыстарға қатысып тұрдым. Облыс 

чемпионы болдым. Қазақша күрестен Қазақстан 

чемпионы атандым. Arlan Grip джиу-джитсу 

және грэпплинг халықаралық жарысында 

төрт мәрте топты жардым. Негізінен күрестің 

барлық түрі ұнайды маған. Ал, бразилиялық 

джиу-джитсуға тоқталған себебім, бұл спорт 

түрінде барлық күрестің тәсілдері бар. Жеңіске 

жету үшін жылдам ойлану қажет. Жалпы өте 

қызықты спорт түрі. Мен бразилиялық джиу-

джитсу арқылы жаныма жақын өз спортымды 

таптым деп ойлаймын. 

– Спортшының жетістіктері, әрине, 

бапкерлерге де байланысты болады. 

бапкерлерің туралы айта отырсаң? 

– Грек-рим күресінен алғашқы 

жаттықтырушым Сембаев Серік. Ол кісі 

менің екі жылдай бапкерім болды. Қазіргі 

бапкерім – Орынбасаров Нұрсұлтан. Ол мені  

бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг 

спортының айла-тәсілдерін үйретіп, үнемі 

қолдау көрсетіп, түрлі жарыстарға апарып жүр.

– осы ретте отбасың туралы айта кетсең... 

– Ата-анам қарапайым кісілер. Үйде үш 

ағайындымыз. Ағам және әпкем бар. Үйдің 

кенжесімін. 

– елжан, спортта үлкен жеңістер мен 

сәттіліктер тілейміз!



Бапкері н.Орынбасаровпен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет