Кіріспе
Бесік жыры – халық тапқырлығы мен даналығы. Ізгі ойдың санаға дарыған мөлдір бұлағының тамшылары. Негізінен аналардың балаға деген мейірін үстемелейді, сезімді тебірентеді. Бөлеуде жатқан баласы бесіктің арқалығына сүйене отырып емізген ана жанын еміренткен арман-тілегенін де, көкейдегі көксегенін де әндетіп айтады. Сол сезімінің бәріне халық сөзі арқау болады.
Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайыннан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.
Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.
Жалпы “бесік” атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз.
Қазақ ұлттық этнология саласына тән – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Бесік – қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі.Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.Қазақта “Есік көргенді алма, бесік көргенді ал”, “Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді”, “Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық”, “Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді” деген ұлағатты сөздер содан қалған екен.
1.Бесік туралы мағлұмат
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде бесік туралы мәліметтер көп кездеседі. Ертегілерде, мақал-мәтелдерде, әндер мен өлеңдерде де бесік туралы айтылады. Өйткені, қазақтар бесікке үлкен мән беріп, қасиетті мүлік деп есептейтін.
Бала өміріңнің жалғасы. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш. Туылған баланы кіндігі түскен соң бесікке салған. Халқымыз қастерлеген бесікті ең алдымен, баланың тазалығына, аяқ-қолы мен денесінің түзу болып қалыптасуына тигізер пайдасы орасан. Нағашы жұрты әкелген бесікке әулет әжелері ерекше ықыласпен қарап, оның жөн-жоралғысын жасаған.
Нәрестені бесікке салмас бұрын «тыштыма» жасалады. Тәттілерді түбектің ойығынан салып, бесік астынан уыстап алынған тыштымаларды жас бүлдіршіндерге таратады.
Кәрі сүйектен жасалған шүмек баланың тазалыққа үйреніп, төсегін былғамауға және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Сәбиді ақ мамығына жатқызған соң, өз атасының шапанын, жібек маталар, ат әбзелдері мен әкесінің зерлі белбауы секілді заттарды бесік үстіне жабады.
Қазақ мұрагерімнің болашағы мықты болсын деген ниетпен түрлі дәстүрді ұстанған. Баланы бесікке салған аналар бесікті алып қашу салтын жасаған. Ілгеріде әжелеріміз немерелерін бесікке салғанда үстіне мініп, Қаратаудың басына қарай алып қашып кеткен екен.
Бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Қазақ баласы бесік жырын тыңдап өскен. Бесік жыры арқылы көркем мінезді қалыптастырып, ұлттық құндылықты бойына сіңірген. Көшпелі өмірге өте қолайлы болғандықтан, балаларымыз баланы бесікке салып өсірген. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.
Бесікті қашан және кімнің ойлап тапқаны белгісіз, бірақ ғасырлар бойы бұл көшпелі қазақтың өмірінің ажырамас бөлігі болып келді. Және бұл үшін нақты себептер болған. Мысалы, бір жерден екінші жерге көшіп жүргенде, бесікті түйемен немесе атпен алып жүру ыңғайлы болды және тиісінше баланы қолда ұстап отырудың қажеттілігі болмады. Ал киіз үйде бесік биік аяғының арқасында, баланы сыз бен желден қорғады. Ал бесікке қойылатын бірегей бөлігі – түбек баланың ұйықтап жатқанда да астының құрғақ болып тұруына мүмкіндік берді.
Бесікті көбіне қарағайдан, қайыңнан немесе басқа да иілгіш ағаш түрлерінен жасайды. Осының арқасында бесік мықты, экологиялық түрде таза және жеңіл болды.
Қазақ бесігінің дизайны бірегей. Бесіктің сыртқы бөлігі оның корпусы. Бесікте сүйектен жасалған шүмек арқылы зәр ағатын түбек бар. Сондай-ақ, бесіктің мынадай құрамдас бөліктер бар:
Достарыңызбен бөлісу: |