Жалпы "бесік" атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз


Ши (сабан) – түбекке арналған дөңгелек тесігі бар жұқа сабаннан жасалған төсеніш. Жөргек



бет2/8
Дата18.10.2022
өлшемі124,74 Kb.
#43829
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кіріспе

Ши (сабан) – түбекке арналған дөңгелек тесігі бар жұқа сабаннан жасалған төсеніш.
Жөргек (жаялық немесе матрас) – бұл шидің үстіне төселетін жүннен жасалған төсеме.
Құс төсек (мамық төсек) – бұл да шидің үстінен төселеді.
Жастық – бесіктің еніне сәйкес жасалған аласа жастық.
Көрпе – жазда жабуға арналған жұқа немесе қыста жабатын баланың жылы көрпесі.
Кепіл – (тіреніш) – баланың аяғы мен жамбас бөлігінде тұратын кішкентай жастықтар.
Тартпа бау – (белбеу) – сәбиді байлайтын жалпақ баулар. Бір бау кеуде аймағын, екіншісі – баланың тізе аймағындағы аяғын орап өтеді.
Жабу – (жамылғы) – бұл бесікті толығымен жауып тұрады және баланы жәндіктерден, жел өтінен және бөтен адамдардың көзінен қорғайды. Жабу жеңіл матадан да, тығыз матадан да болуы мүмкін.
Бесіктің артықшылығы мен кемшілігі
Бесік тәтті ұйқының кепілі ғана емес, сондай-ақ тәрбиемен және сәбидің анамен рухани байланыс орнатуының элементі деп саналады. Бала онда жатып, анасы шырқаған бесік жырын естиді. Әуеннің мотиві мен ананың дауысы балаға өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді, ал бесікті тербеу нәрестені тыныштандырып, жүйке жүйесінің дұрыс дамуына көмектеседі.
Баланың қолы мен аяғы мықтылап байланып тұратындықтан, бұл оған қолының сермеуінен ойнып кетпей, ұзақ уақыт бойы тыныш ұйықтап жатуына мүмкіндік береді. Ал, бесікке орнатылған түмек аналарды сәбидің жаялығын уақытында ауыстыру қажеттілігі туралы алаңдаушылықтан босатады. Сонымен қатар, баласы бесікте жатқан аналар әрдайым нәрестені біраз уақытқа жалғыз қалдырып кетсе де, сәби одан құлап кетеді деп алаңдамайтын. Және бесiкте жатқан балалар қыңыр емес, тыныш, сабырлы болып өседі деп саналады.


2. Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайыннан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.

Қазақтар жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген. Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың ені сау, ер-азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен, бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.


Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрігісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Бесік жыры әр халықта әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады.
Бесік жырының басты қызметі – бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 жылы жарияланған.
Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет