Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық Жалпы ереже


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет3/17
Дата25.11.2023
өлшемі137,04 Kb.
#126558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мектептің педагогикалық кеңесі хаттамаларының
КІТАБЫ
________________________________________________________________________
(облыс)
________________________________________________________________________
(аудан, қала, ауыл)
________________________________________________________________________
(мектептің аты)
________________________жылы кітап басталды
________________________жылы кітап аяқталды

Педагогикалық кеңестің хаттамалар кітабын жүргізуге арналған
НҰСҚАУ
Барлық жалпы білім беру мектептерінде пелагогикалық кеңеске арналған хаттамалар кітабы жүргізіледі.
Хаттамалар кітабында педагогикалық кеңеске шығарылған мәселелерді талқылау, педкеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулері тіркеледі. Тоқсандық, жарты жылдық немесе оқу жылындағы мектеп жұмысының оқу-тәрбие процесіндегі жекелеген сұрақтарының қорытындысхаттамамен ресімделеді.
Педагогикалық кеңес қабылдаған шешімдер хаттамаға жзылады. Әрбір хаттамаға педкеңестің төрағасы (төрайымы) және хатшысы қол қояды.
Педкеңестің хаттамалар ктіабы нөмірленеді, бау өткізіліп, директордың қолы және мектептің мөрімен бекітіледі.
Хаттамаға негізінен мынадай реквизиттер кіреді:
1) құжаттың аты және нөмірі;
2) педкеңестің, жиналыстың атауы және т.б.;
3) кеңес өткізілген күн;
4) қатысушылардың саны туралы мағлұмат;
5) жиналыстың, педкеңестің төрағас (төрайымы) және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (немесе аттары);
6) күн тәртібі (қарастыратын мәселелер тізбеленеді, осыған сәйкес әр мәселе жаңа жолға жазылады); күн тәртібінде «Әр түрлі» деген тармақ болмауы тиіс: әр мәселені нақтылау қажет;
7) хаттама мәтіні;
8) жиналыс, педагогикалық кеңестің төрағасы (төрайымы) және хатшысының қолдары.
Хаттама әдетте кірісе және негізгі болып екі бөлімге бөлінеді. Бұл қажеттің кіріспе бөлімі күн тәртібімен аяқталады. Күн тәртібіндегі мәселелер нөмірленеді. Күн тәртібіндегі мәселелердің нөмірленеді. Күн тәртбіндегі мәселелердің жүйелілігі олардың маңыздылық дәрежесіне байланысты. Әр мәселе нақтылануы керек.
Хаттаманың негізгі бөлімнің мәтіні әрбір мәселе бойынша үш бөлімнен тұрады және төмендегі сызба бойынша ресімделеді:
1. Тыңдалды. 2) Сөйледі. 3) Қаулы етті.
Алдымен мәселенің реттік нөмірі қойылып, қасына әтыңдаладыә сөзі, содан соң баяндаманың негізгі мазмұны немесе сөйлеушінің сөзі жазылады.
«Сөйледі» тарауында сөйлегендердің тегі, аты-жөні және сөйлеген сөзінің қысқаша мазмұны баяндалады.
Хаттама мәтінінің «Қаулы етті» деген үшінші бөлімінде талқыланған мәселелер бойынша қабылданған шешімдер жазылады. Олардың стилі барынша қысқа, анық және тұжырым дәлдігімен ерекшеленуі тиіс.
«Тыңдалды», «Сөйледі», «Қаулы етті» сөздері мәтінде ерекшеленуі тиіс, ірі қалың шрифтпен немесе сиретіп жазу – бұл хаттама мәтінін оқуды жеделдетеді және мазмұнын қабылдауды жеңілдетеді.
Хаттамада бір типті нөмірлеу – араб цифрлары пайдаланылады. Егер «Қаулы етті» таруауында бірнеше тармақ болса, онда әрқайсысын араб цифрымен нөмірлеу керек (бірінші цифр педкеңесте қаралған мәселенің реттік нөмірін көрсетсе, екінші реттік нөмір осы мәселе бойынша қабылданған шешімді білдіреді. Екінші шешім алдында осы мәселе бойынша 1.2. араб цифрларын қою қажет (бірінші мәселе бойынша екінші шешім).
Хаттамалардың екі түрі бар: жай немесе резолюциялық хаттама және күрделі.
Жай хаттамаларда тек мәселелер мен олар бойынша қабылданған шешімдер жазылады.
Ал күрделі хаттамаларда жиналыстың, педкеңестің барлық барысы, нәтижесі т.б. қатысушылардың сұрақтары, сөйлеген сөздері, ұсыныстары және резолюциясы тіркеледі.
Хаттамамен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін мәтіні ұзын сөздерді, ұсыныстарды және резолюцияларды хаттамаға жеке қосымша ретінде ресімдеуге болады.
№ __________ хаттама
__________________________________________________________________________________________________________________ мәжілісі (жиналысы)
__________________________________________________________________
(өткізілген күні толық көрсетілуі тиіс)
Қатысқандар: (тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі)
Күн тәртібі:
1.
2.
1. Тыңдалды: 1. (Қаралған мәселенің тақырыбы)
2. Сөйледі: 1. (Сөйлеген адамның тегі және сөзінің қысқаша мазмұны)
3. Қаулы етті: 1. (Аталған мәселе бойынша қабылданған шешім)
Әрі қарай
Төраға _____________________________ (тегі, аты)
Хатшы _____________________________ (тегі, аты)
Жалпы білім беретін мектептерде
мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3 қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет