Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық Жалпы ереже


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет7/17
Дата25.11.2023
өлшемі137,04 Kb.
#126558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
СЫНЫП ЖУРНАЛЫ
1-4 сыныптар үшін
________________________________________________________________________
(облыс)
________________________________________________________________________
(аудан, қала, ауыл)
________________________________________________________________________
(мектептің аты)
_________ сынып
_________ оқу жылы _________

Негізгі және орта мектептердегі
1-4 бастауыш сыныптар үшін сынып журанлын жүргізуге арналған
НҰСҚАУ
1. Сынып жураныл мектептің әрбір мұғалімі үшін жүргізуге міндетті меклекеттік құжат болып табылады.
2. Мектеп директоры және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары сынып журналының сақталуын қадағалауға және олардың дұрыс толтырылуын жүйелі түрде бақылауға міндетті.
3. Сынып журналы бір оқу жылына есептелген. Параллель сыныптардың журналдары литермен нөмірленеді. Мысалы, 1»А» сынып, 1»Ә» сынып, 1»Б» сынып және т.б.
4. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары «мектеп директоры) бастауыш сынып мұғалімдеріне оқу жоспарындағы әр пәнге бөлінген сағаттардың санына сәйкес оқушының жыл бойғы үлгерімі мен қатысуын есептеуге арналған журнал беттерін бөлу туралы нұсқау береді.
5. Мұғалім оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеруге және бағалауға, сондай-ақ оқушылардың сабаққа қатысуын әр сабақта белгілеуге міндетті.
Ашылған журналдың сол жақ бетіне мұғалім өткізген сабақтың күнін жазуға, сабаққа қатыспаған оқушыларды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті.
Журналдың ашылған бетінің оң жағына мұғалім өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазуға міндетті.
«Мұғалімнің ескертпелері» бағаны жекелеген оқушылардың тәртібі туралы, олардың оқу барысындағы жетістіктері мен кемшілікетері туралы ескертпелер жазуға арналған.
6. Жазба жұмыстарының бағалары сол жұмыс өткізілген күннің бағанына қойылады.
7. Өткізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың, экскурсиялардың, жазба бақылау жұмыстарының тақырыптары жәнне оған жұмсалған саға саны нақты көрсетілуі тиіс.
8. «Үй тапсырмасы! Бағанына тапсырманың мазмұны және оның орындалу түрі (оқу, әңгімелеу, жатқа айту т.б.), есептер мен жаттығулардың, практикалық жұмыстардың беттері, нөмірлері жазылады. Егер оқушыларға тапсырма қайталауға берілсе, онда оның көлемі нақты көрсетіледі.
9. Әр оқу тоқсанының қорытынды бағаларын мұғалім пәннің тоқсандағы соңғы сабағы өткізілген күні белгіленген жазбадан кейін қояды. Сонымен қатар тоқсандық бағлар оқушылардың үлгерімі мен тәртібін есепке алудың жинақтық тізімдемесіне көшіріледі.
10. Бастауыш сыныптың мұғалімі оқушылардың тегін алфавиттік тәртіппен ынып журналына жазады; жеке іс қағаздарындағы мағлұматтарды пайдалана отырып, «Оқушылар жөніндегі жалпы мағлұматтарды толтырады; «Оқушылардың сабаққа қатысу есебі» деген бөліміне оқу жылындағы және тоқсан бойы әр оқушының және сыныптың жыл бойы және тоқсан бойы босатқан сабақтар мен күндерін ай сайын жазады.
11. «Дене тәрбиесі дайындығының көрсеткіштері» беті дене тәрбиесі мұғалімі жылына екі рет толтырады.
12. «Сынып журналын жүргізу жөніндегі ескертпелер» беті директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.
13. Сынып журналындағы барлық жазбалар анық және ұқыпты сиямен немесе пастамен (мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес) толтырылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет