Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет107/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   132

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      19. Пәндік нәтижелер.

      20. 10 сыныпты аяқтаған оқушы келесіні білуі тиіс:

      химияның өсіп келе жатқан ролі мен маңызы, химияның эксперименттік негізі;

      атом мен атомдық орбитальдар құрылысы, электрондар күйі, Паули принципі, химиялық

реакциялар жылдамдығы, катализ, реакцияның жылу эффектісі, түзілу жылуы, химиялық тепе-теңдік,

тепе-теңдік константасы, металлургия, электролиз, физикалық шамалардың сандық қатынасы;

      химиялық өндірістің ғылыми принципі, қоршаған ортаның химиялық ластануы, оның салдары;

      зат массасының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылық заңы, авогадро заңы, әрекеттесуші

массалар заңы;

      атом құрылысы, химиялық байланыс;

      практикалық маңызды заттардың құрамы, құрылысы, өздеріне тән қасиеттері;

      бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі мен олардың арасындағы генетикалық байланысты;

      химиялық реакциялардың мәні мен типтері, олардың жүру заңдылықтары;

      металдар коррозиясы және коррозиядан сақтану шаралары;

      қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғаудың химиялық әдістері;

      қышқыл, сілті ерітінділерімен, газдар және қатты химиялық заттармен жұмыс істеудің

қауіпсіздік техникасының ережелері;

      заттарды алудың жалпы әдістері; практикада кең қолданылатын заттар мен материалдар;

      заттарды танып білу және химиялық реакцияларды зерттеудің химиялық әдістері.

      21. Оқушы келесіні атқара алуы тиіс:

      химиялық терминдер мен таңбаларды пайдалану; зерттелген заттарды дәстүрлі және халықаралық

номенклатура бойынша атау;

      қоршаған ортадағы құбылыстарды химиялық тұрғыдан талдау;

      атом құрылысы схемасын, заттар формуласы мен химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;

      заттардың құрамы мен құрылысын және олардың класын анықтау;

      ион алмасу, тотығу-тотықсыздану реакцияларының және электролиздің теңдеулерін құрастыру;

      химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес жүргізу;

      химиялық зақымдану не улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету;

      химиялық формулалар мен химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу;

      химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу;

      химиялық элементтердің валенттілігі мен тотығу дәрежесін анықтау;

      ион заряды, химиялық байланыс типі, молекуланың кеңістіктегі құрылысы, кристалдық тор

типін анықтау;



      қышқыл, негіз, тұздардың судағы ерітінділерінің ортасын анықтау;

      тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотығу және тотықсыздануды анықтау;

      әр түрлі факторлардың әсерінен тепе-теңдіктің ығысу бағытын анықтау;

      атом құрылысы мен Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орны бойынша s-, p-,

d-элементтердің қасиеттерін сипаттау;

      металдар мен бейметалдардың, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының химиялық

қасиеттерін сипаттау;

      химиялық элементтердің және олар түзетін қосылыстар қасиетінің элементтің Д.И.Менделеев

жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орнына тәуелділігін түсіндіру;

      химиялық реакция жылдамдығының әр түрлі факторларға тәуелділігін түсіндіру.

      22. Пәндік нәтижелер

      23. 11 сыныпты аяқтаған оқушы келесіні білуі тиіс:

      химияның ролі мен маңызын; заттар мен химиялық құбылыстарды танып білудің негізгі әдістер,

химияның эксперименттік негізі;

      химиялық құрылым, гомологтар, гомологтық қатар. Изомерия, гомология, изомерлер, құрылымдық

және кеңістіктік изомерлер;

      А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық қосылыстар теориясының негізгі

қағидалары мен маңызы;

      көміртек атомдарының гибридтенуі, оның түрлері,  ,  -байланыстар, дара, қос және үш

байланыс, көміртек тізбектерінің түрлері;

      органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістіктік құрылысы;

      органикалық химиядағы реакция типтері;

      көмірсутектердің табиғи көздері, оларды өңдеу және қазақстандағы кен орындары;

      органикалық заттардың жіктелуі мен номенклатурасы; функционалдық топ;

      көмірсутектер және олардың туындыларының химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын

реакциялар;

      көмірсутектердің және олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс;

      қоршаған ортаның химиялық ластануы мен зиянды әсері;

      биогенді органикалық қосылыстардың биологиялық маңызы;

      органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы, зат массасының сақталу заңы, зат

құрамының тұрақтылық заңы, Авогадро заңы.

      24. Оқушы келесіні атқара алуы тиіс:

      химиялық терминдер мен таңбаларды пайдалану;

      зерттелген заттарды дәстүрлі және халықаралық номенклатура бойынша атау;

      изомерлер мен гомологтардың құрылымдық формулаларын құрастыру және олардың модельдерін

жасау;


      заттардың қасиеттері мен олардың молекулаларының құрылысын түсіндіруге А.М.Бутлеровтың

химиялық құрылыс теориясының қағидаларын қолдану;

      органикалық химиядағы химиялық реакция типтерін ажырату;

      органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру;

      молекулалардағы атомдардың өзара әсерін ескере отырып, органикалық қосылыстың химиялық

қасиетін түсіндіру;

      көмірсутектер мен олардың туындыларының құрамы мен құрылысын және олардың класын анықтау;

      химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес жүргізу, химиялық

зақымдану не улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету;

      игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану;

      сандық анализ нәтижесі мен жану өнімдерінің массасы бойынша заттардың молекулалық

формулаларын анықтауға сан есептерін шығару;

      химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу.

      25. 10-11 сынып оқушылардың тұлғалық нәтижелер:

      күрделі емес химиялық эксперименттер орындау кезіндегі шығармашылық қабілеті;

      химиялық элементтер, бейорганикалық және органикалық заттардың материалдық бірлігі идеясын

түсіну;

      қоршаған орта туралы білімнің шынайылығының ғылымның даму деңгейіне тәуелділігін түсіну;



      адамзат алдындағы жаһандық энергетикалық, азық-түлік, экологиялық проблемаларды шешудегі

химияның рөлін түсіну;

      игерген біліктілігі мен дағдысын заттарды тұрмыста және өзінің денсаулығын күтуде қолдану;

      қоғамда сәтті әлеуметтену үшін кіріктірілген химиялық білімді алу кезінде белсенділік пен

көшбасшылық қабілеттерін дамыту;

      26. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

      27. 10-11 сынып оқушылары келесіні пайдалануы керек:

      химия мен химия білімінің орны мен рөлі туралы қалыптасқан түсінік танымдық әрекеті мен

күнделікті өміріндегі білімі

      таным процесінде ғылыми негізделген икемдер

      өмірлік проблемаға ұқсайтын оқу проблемаларын шешуге жарайтын әмбебап қабілет

      химия тарихы, пайдалы қазбалар кен орындары мен химиялық өндіріс географиясы және

қазақстандық ғалымдардың химияға қосқан үлесі туралы білім.

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі    

№ 115 бұйрығына 75-қосымша 

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін

«Технология» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 

 бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

қаулысымен

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

      2. Білім беру саласы оқушының технологиялық және еңбек мәдениетін, жеке тұлғаны еңбек

етуге, азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеуге, бұйымды жобалау, конструкциялау және

дайындау негізінде, материалдарды, энергиялар мен ақпараттарды қайта өзгертуге байланысты,

практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу үшін оқушылардың бастапқы түсініктері мен

біліктіліктерін қалыптастыруға, нарықтық еңбек жағдайына байланысты кәсіби бейімделуіне

бағытталған.

      3. Оқу пәнінің мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін,

қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

      4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыты қарастырылып

      1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

      2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

      3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

      4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

      5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу

технологиясы;

      6) электротехника және электроника негіздері;

      7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

      8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім бере отырып оқытуды көздейді.

      5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи

өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын

қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық

көзқарасын дамыту.

      6. Оқыту міндеттері:

      1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

      2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша



жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

      3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

      4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың

талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы

түрде анықтауына ықпал ету;

      5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық,

экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

      6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет

көзқарасын қалыптастыру.

      7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

      1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру арқылы сөздік

қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында

ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;

      2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен,

жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;

      3) «Алгебрамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен

есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;

      4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед және тік

призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;

      5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс,

кинетикалық энергия және потенциальды энергия;

      6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін

қалыптастыру;

      7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық революция, экономика

салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;

      8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды,

сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;

      9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде

қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.

      8. Технология пәнінің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген:

      1) 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;

      2) 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

      9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту нәтижелері айқындалып,

оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды (ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндетті

шарты болып табылады.

      10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш көзқарас (аспект) ескеріле отырып:пәндік, тұлғалық,

жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

2. Оқу пәнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны

Технология ер балаларға арналған

      11. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария.

      12. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісі туралы жалпы

мәлімет, өсімдіктер мен ағаштарды күтуге арналған;

      2) жаңа технологияларын пайдалану, өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару барысында

инновациялық технологияларын қолдану;

      3) практикалық жұмыстар: егін шаруашылығындағы көктемгі-жазғы жұмыстары. Бидай, қызылша

және картоп тұқымдарын оқу-тәжірибе учаскесінде егуге дайындау. Жерді қопсыту және арамшөптермен

күрес, өсімдіктерді сиректету және түптеу, суару және қоректендіру, егін дақылдарының өнімін

жинау;


      4) еңбек нысандарының түрлері қызылша, қызанақ, бидай, картоп.

      13. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8

сағат:


      1) негізгі теориялық мәліметтер, балташы, ағаш ұстасы жұмыстарына арналған қазіргі заманғы

табиғи және жасанды материалдары: ағаш, АЖТ, АТТ, орташа тығыздықтағы АТТ(МДФ);

      2) есік және терезе қораптарын дайындау және орнату технологиясы: қорапты жинау, есік және

терезе қораптарын орнату және бекіту әдістері. Терезе алды тақтайы мен жақтауын дайындау және

орнату, есік қораптарын, терезе жақтауларын, терезе алды тақтайларын, терезенің ашпалы көзін, су

ағызғыштарын жөндеу;

      3) топсаны орнату, есіктерде пайда болған жарықтарды бітеу әдістері, жөндеу жұмыстары

барысындағы қауіпсіздік техникасы;

      4) практикалық жұмыстар: жұқа тақтайлардың, фанералардың және тақталардың түрлері. АТТ,

АЖТ, орташа тығыздықтағы АТТ(МДФ) құрамы. Есік құрылымының түрлері, қаңқалы есіктерді жасау

технологиясы, есіктер мен терезе ағаштарын орнықтыру, жармаларды жоңғыштау, терезе және есік

құралдарын өлшеп кесіп беру, жылжымалы есік жасау технологиясы, жағын кесігі бар металл

бұрыштарынан бағыттаушы құралын жасау, есік ілмектерінің құрылымдары;

      5) еңбек нысандарының түрлері: терезенің жақтауын жасау және орнату, тақтай мен ағаш

кесектерінен қораптарды жасау, қораптарды шегемен құрастыру, буат арқылы есік құрастыру,

топсаларды орнату, есіктерді қиюластыру, есіктер мен терезе ағаштарын ілу.

      14. Машинатану элементтері қосылған құрылымдау материалдарды өңдеу технологиялары – 8

сағат:


      1) негізгі теориялық мәліметтер, механизмдермен машиналар теориясы, жалпы мәліметтер;

      2) ғылыми пән ретінде механизмдер мен машиналар теориясының даму тарихы;

      3) механикалық берілістер түрлері және кинематикалық схемаларындағы олардың шартты

графикалық белгілеулері, типтік және арнайы бөлшектер;

      4) металлкесу станоктары үлгілерінің түрлері мен белгілері. станоктарды мақсатына,

автоматтандыру деңгейіне және өңдеу дәлдігіне байланысты жіктеу. Шойыннан, болаттан және

әр-түрлі қорытпаларынан дайындамаларды жасау үшін қолданылатын материалдар;

      5) дайындамалар түрлері, оларды жасап алу әдістері. Кескіш аспаптарын жасау үшін

қолданылатын металлкерамикалық материалдары, өлшеу саймандары, өлшеу дәлдігі және әдістері;

      6) практикалық жұмыстар: механикалық берілістер түрлері және кинематикалық схемаларындағы

олардың шартты графикалық белгілеулері. Типтік бөлшектерді токарлық әдіспен өңдеу технологиясы,

металлдық құрылымдау материалдарын токарлық әдіспен өңдеудің ерекшеліктері, металлдық құрылымдау

материалдарын фрезерлеу арқылы өңдеу;

      7) еңбек нысандарының түрлері: токарлық – бұранда кесу және үстелге орнатылатын

жазықтық-фрезерлік станоктарында қолданылатын қозғалысты өзгерту механизмдерінің жіктелуі.

Бұрандама, сомын, тығырықтарды жону. Конус тәрізді және қалыпты беттерді токарлық-бұранда кесу

станогында өңдеу, кертпеш, дөнеш және ойықтарды фрезерлеу.

      15. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу

технологиясы – 6 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер, ағашты көркем өңдеу ерекшеліктері;

      2) сәндік-қолданбалы бұйымдар жасау кезінде қолданылатын ағаш түрлері, ағаш өңдеуге

арналған жұмыс құралдары мен саймандары;

      3) практикалық жұмыстар: бұйымның және оны көркем безендіру эскиздерін дайындау,

материалдарды таңдау, бөлшектерін жасау және бұйымды құрастыру реттілігін анықтау, құрылымдау

және өндіру материалдарынан қолмен және машинамен өңдеу технологияларын қолдана отырып бұйым

жасау;


      4) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар, асүйлік

бұйымдар, интерьер және әшекейлеу бұйымдары.

      16. Электротехника және электроника негіздері – 2сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер, электр машиналарындағы энергияның өзгеруі, бір фазалық

ауыспалы тоқ туралы қысқаша мәліметтер. Генератордың құрылысы, электрқабылдағыштарды жұлдыз және

үшбұрыш әдістері арқылы жалғау схемалары. Бейсинхрондық үш фазалық қозғалтқыштың жұмыс істеу

қағидаттары, техникалық мінездемесі, оны құрастыру және қосу әдістері;

      2) негізгі жартылай өткізгіш құрылғылары: диодтар, тұрақтандырғыштар, транзисторлар,



олардың мақсаттары, типтері, негізгі параметрлері, принциптік электр схемаларындағы

белгілеулері;

      3) практикалық жұмыстар: электрқабылдағыштарды жұлдыз және үшбұрыш әдістері арқылы жалғау,

бейсинхрондық қозғалтқышты құрастыру;

      4) еңбек нысандарының түрлері, түзеткіштер мен күшейткіштерді құрастыру.

      17. Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер, қазіргі заманғы пәтердің құрылымын жоспарлау және қайта

жоспарлау. Жиһазды бөлгіш аралықтар ретінде қолдану;

      2) практикалық жұмыстар: қазіргі заманғы пәтердің құрылымын жоспарлау және қайта

жоспарлау;

      3) еңбек нысандарының түрлері: пәтер жоспары.

      18. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті – 6 сағат:

      1) практикалық жұмыс;

      2) құрылымдау және өңдеу материалдарынан жеке тұлғалық және қоғамдық маңызы бар бұйымдарды

жоспарлау және жасау.

3. Оқу пәнінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны

      19. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер. Еңбекті қорғау. Еңбекті қорғауға байланысты құқықтық,

нормативтік және заңнамалық актілері.

      20. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 1 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер. ауыл шаруашылық өндірісімен байланысты кәсіптер мен

мамандықтар;

      2) практикалық жұмыстар: агроөндіріс мамандықтарымен таныстыру, жоғары білім алу

мүмкіндіктері туралы мәліметтерді іздестіру;

      3) еңбек нысандарының түрлері: жоғары білім орындары анықтамалықтары, диагностикалық

тесттер жинақтары, компьютер.

      21. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8

сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер, үй жиһазын құрылымдау, қазіргі заманғы жиһаз бұйымдары



және олардың құрамдас бөліктері;

      2) жиһазды құрылымдау негіздері, жиһаз элементтері;

      3) жиһаз құрылымдауында қолданылатын негізгі біріктірулер, корпустық жиһазды құрылымдау,

салмақ түсетін бағандарына көлемді секциялар мен сөрелерді ілу әдістері, бөлгіш

аралықтар-шкафтарын құрылымдау технологиясы, жұмсақ және жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау,

диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван және креслолардың құрылымы.

      4) практикалық жұмыстар: жиһаз бұйымдары және олардың құрамдас бөліктері, құрылымдаудың

негізгі ережелері, жиһаздың жиылмалы емес элементтері, жиһаз құрылымдауныда қолданылатын негізгі

біріктірулер, салмақ түсетін бағандарына көлемді секциялар мен сөрелерді ілу әдістері.

Диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван және креслолардың құрылымы, ағаш ұстасы

орындығының құрылымы, бекіту бөлшектері және орындықтардың біріктірулері;

      5) еңбек нысандарының түрлері: секциялық жиһазды, койлек-көншек шкафтарын, бөлгіш

аралықтар-шкафтарынжасап шығару және құрастыру. Шынтақшаларды жасау, желімделген орындықтарды,

тамақ ішетін үстелдерді, ирек сөрелерді және шкафтарды практикалық түрде құрастыру.

      22. Машинатану элементтері қосылған құрылымдау материалдарды өңдеу технологиялары – 8

сағат:


      1) негізгі теориялық мәліметтер. Токарлық топтағы станоктар: токарлық-әмбебап,

токарлық-револьверлік, токарлық-айналдырғы білдектік;

      2) станоктардың құрылымдық және функционалдық айырмашылықтары, токарь станогының негізгі

тораптары;

      3) цилиндр тәрізді беттерді өңдеу;

      4) айналшақты-бұлғақты механизм, айналшақты-бұлғақты механизмнің қозғалмалы және



қозғалмалы емес бөлшектері, айналшақты-бұлғақты механизмнің негізгі бөлшектері мен тораптары.

Іштен жану қозғалтқыштары туралы қысқаша мәлімет;

      5) практикалық жұмыстар: токарлық-бұранда кесу станогы, токарлық станогының артқы

қысқышының мақсаты, токарлық әдіспен құрылымдау материалдарын өңдеу. Айналшақты-бұлғақты

механизмнің құрылысы және мақсаты;

      6) еңбек нысандарының түрлері: токарлық-бұранда кесустаногының негізгі тораптарымен

таныстыру. Ұзың дайындамларының цилиндр тәрізді беттерін токарлық станогында өңдеу. Іштен жану

қозғалтқыштарындағы айналшақты-бұлғақты механизмінің құрылысы және мақсаты.

      23. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу

технологиясы – 6 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер;

      2) материалдарды көркем өңдеу: теріні, ағашты, сүйекті, металлды, керамиканы, шыныны;

      3) сәндік-қолданбалы өнеріндегі қолданылатын материалдар туралы жалпы мәлімет;

      4) теріні, ағашты, сүйекті, металлды, керамиканы, шыныны және т.б. материалдарды өңдеу

әдістері;

      5) практикалық жұмыстар: теріні, ағашты, сүйекті, металлды, керамиканы, шыныны көркем

өңдеу технологияларын қолдана отырып, сәндік-қолданбалы бұйымдарды жасап шығару;

      6) еңбек нысандарының түрлері: қобдишалар, жәшіктер, сөрелер, орындықтар, ойыншықтар,

моделдер мен ойындар, асүйлік және тұрмыстық аспаптар.

      24. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер. Электр құрылғылары. Коммуникациялық және қорғаушы электр

аппаратурасының мақсаты мен жіктелуі, электрмагниттік және жылу релелерінің, өздігінен

ағытқыштардың, контакторлардың, басқару түймелерінің, магнитті жүргізгіштердің құрылысы,

әрекеті, құрастыру және күтіп-пайдалану ережелері;

      2) электр аппартурасын құрастыру және пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін сақтау.

Функционалдық микроэлектроника ерекшеліктері. Микросхемалардың мақсаттары мен негізгі түрлері;

      3) электресептеуіш машиналар құрылысының негізгі қағидаттары, үздіксіз әрекетті

(аналогтық) және дискреттік әрекетті (цифрлік) есептеуіш машиналары, әр-түрлі ұрпақтағы

ЭЕМ-дердің ерекшеліктері, олардың мінездемелері;

      4) практикалық жұмыстар: қарапайым аналогтық жиынтықтаушы құрылғысының тізбегін құрастыру,

электрмонтаждық және жылу рельстерін құрастыру, өздігінен ағытқыштарды құрастыру және пайдалану;

      5) еңбек нысандарының түрлері: жылу релесі, өздігінен ағытқыш.

      25. Қазіргі заманғы өндірісі және жоғары білім беру – 1 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер. Мамандықты таңдау кезінде жеке тұлға ерекшеліктерін

ескеру, кәсіптік іс-әрекетіне қазіргі заманғы талаптар, жоғары білім беру мекемелері, жоғары

білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары, жоғары білім алу жолдары;

      2) практикалық жұмыстар: аймақтық еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің ұсыныстарын талдау,

әр-түрлі көздерден жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет іздеу, анықтамалық әдебиетпен

жұмыс істеу, өмірлік жоспар мен түйіндемені құрастырып жазу;

      3) еңбек нысандарының түрлері: басшылардың, мамандардың және басқа қызметтердің

квалификациялық анықтамалығы.

      26. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 6 сағат:

      1) негізгі теориялық мәліметтер. Тұтынушылық талдау негізінде бұйым түрлерін таңдау;

      2) ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы бұйымды дизайнерлік тұрғыдан талқылау;

      3) болашақ бұйымның жобасын қорғау, оларды жасауға арналған бөлшектер сызбалары мен

технологиялық карталарын құрастыру, бұйымды жасап шығару;

      4) жұмыс сапасын бақылау, бұйымның өзіндік құнын анықтау, оны тауардың болжамды нарықтық

бағасымен салыстыру, жобаны ұсыну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет