5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар
24. 11-сынып оқушылары:
1) тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік;
2) Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары;
3) Ч.Дарвиннің қолдан және табиғи сұрыпталу туралы ілімі;
4) тіршілік үшін күрестің формалары;
5) мутациялардың эволюциялық рөлі;
6) Табиғи сұрыпталудың формалары;
7) түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар;
8) эволюциялық процестің негізгі бағыттары,
9) биологиялық прогреске жету жолдары;
10) эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, -параллелизм;
11) архей, протерозой, палеозой, мезозой кайнозой замандарында жерде тіршіліктің дамуы;
12) биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері;
13) адамның биоәлеуметтік қасиеттері;
14) әлеуметтік дарвинизмнің,, кертартпалық рөлі;
15) организм және ортаның қарым-қатынастары;
16) биосфераның құрылымы және оның құрам бөліктері;
17) ортаның биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлары;
18) орта факторлары әрекетінің қарқындылығы, шектеуші фактор;
19) организмдер арасындағы қарым-қатнастардың формалары;
20) антропогендік факторлардың биоценоздарға әсері;
21) экологиялық кешендер түзудің шараларын туралы білуі тиіс.
25. 11-сынып оқушылары:
1) жер бетінде тіршіліктің пайда болу процесін материяның эволюциялық түрөзгерістері
тізбегіндегі табиғи оқиға ретінде материалистік тұрғыда түсіндіру;
2) алуантүрлі организм түрлері шығуының және олардың тіршілік ортасына бейімділігінің
себептерін эволюцияның қозғаушы күштері мен олардың мәні туралы білімге сүйеніп түсіндіру;
3) экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп тіршілік етуге бейімділік белгілерін анықтап
түсіндіру;
4) өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы экологиялық заңдылықтар туралы мәліметтерді
іс-тәжірибеде қолдану;
5) биоценоздың түрлік құрамына талдау жүргізу;
6) биоценоздардағы кейбір өзара қарым-қатынас формаларын айқындау;
7) нақты орта жағдайларындағы қоректік тізбектерді сипаттау;
8) орман шаруашылығы, балық шаруашылығы тағы басқа ұйымдастыру үшін экологиялық білімді
дұрыс пайдалану;
9) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешу;
10) зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін
сақтау біліктігі болуы тиіс.
6. Тұлғалық нәтижелері
26. Оқушылар:
1) ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық
көрсеткіштерді пайдалану;
2) мәтін тезистерін конспектілерді, рефераттар т.б. дайындауда кеңейтілген жоспар құрып
дағдылану;
3) электрондық материалды интернетті пайдалану;
4) оқулықпен жұмыс істеу барысында мәтіндерінің мазмұнына сай кестелер сызбанұсқалар
құрастыру;
5) жер бетінде тіршіліктің дамуы мен адам эволюциясының кезеңдерін бейнелейтін кестелер
құрастыруда оқулықтың және басқа оқу құралдарының мәтіндерін пайдалану;
6) биологиялық нысандармен жұмыс істеу үшін оқулықтың мәтінін пайдалану;
7) «әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдікке дәйекті сын айта білу;
8) практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін
сақтау даярлығын көрсете білуі тиіс.
7. Жүйелі-әрекеттік нәтижелері
27. Оқушылар:
1) органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеу үшін жасушалық теорияны қолдану;
2) будандастыру сызбанұсқасын құрастыруда,зат және энергия алмасуға есептер шығаруда,
генетикалық және молекулалық биологияға есептер шығаруда генетикалық терминдерді және белгілерді
(символдарды ) қолдану;
3) ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атау
көрсеткіштерін пайдалану;
4) мәтін тезистеріне, конспектілеріне кеңейтілген жоспар құрып,рефераттар презентациялар
даярлау;
5) электрондық ресурстарды, интернетті жұмыс барысында қолдану;
6) оқулық мәтінімен жұмыс істеуде тисті кестелер мен сызбанұсқаларды құрастыру;
7) органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеу үшін жасушалық туралы білімін пайдалану
дағдыларын көрсете білу тиіс.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
72-қосымша
Жалпы білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптары үшін «География» пәнінен типтік оқу
бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
Қаулысымен
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. 10-11 сыныптардағы география курсының бағдарламасы географиялық білімнің бірізділігін
және үздіксіздігін көрсетеді, мақсаты – қазіргі әлемді оқып-білуде оқушыларға қиын да жан-жақты
экономикалық-географиялық білімді меңгерту, функционалдық сауаттылықты және оқушылардың
бейінді-мамандану бағдарларын тереңдету.
3. Курс өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:
1) алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар және
идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі
дамыту;
2) дүниежүзі саяси картасының және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерін
оқып-білу үрдісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру;
3) табиғат пен қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі өзара байланысын, қоршаған ортаны
қорғаудың маңызын және табиғатты тиімді пайдалануды, Қазақстан және дүние жүзі масштабында
тұрақты даму проблемаларын түсіну;
4) ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі
елдердің ерекшеліктерін анықтау;
5) табиғи, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау
және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін
меңгеру;
6) дүние жүзінің халықтарын, дүниежүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы,
орналасуы және ерекшеліктері, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық
ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету;
7) толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу;
8) оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде
таңдауға ықпал жасау;
9) карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, интернетпен,
білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына
жағдай жасау, әр түрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және
талдау жасауда сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді
өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту;
10) жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге,
белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу.
4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы
және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен
белгіленген.
5. Пәнаралық байланыстар:
1) математикамен, қаржылық сауаттылықты дамыту, нарықтық экономиканың қызмет атқаруы,
қазіргі кездің биржа қорлары, капиталдың акционерлік формалары және экономиканың түрлері туралы
оқу барысында, есептеуге арналған практикалық жұмыстарды істеу барысында;
2) тарихпен, әр түрлі елдердің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының түрлерін
сипаттайтын ұғымдар мен терминдерді қолдану барысында, дүниежүзі саяси картасының өзгеру
себептерін, дүниежүзі шаруашылығының тарихи кезеңдері туралы оқу барысында;
3) қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және
сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, әндерді, әндердің үзінділерін пайдалану
барысында;
4) химиямен, дүниежүзі елдерінің химия өнеркәсібін, «Ғаламдық проблемалар» тақырыбын оқу
барысында;
5) биологиямен, географиялық қабықтың құрамдас бөліктерінің проблемаларын, өсімдік,
жануарлар және балық аулау географиясын оқу барысында;
6) технологиямен, әлем елдері халықтарының, ұлттарының қолөнерін оқу барысында.
6. Оқу жүктемесі:
10 сыныпта аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;
11 сыныпта аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
2. Оқу пәнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны
7. Кіріспе (1 сағат):
дүниежүзі географиясы пәні және құрылымы, оның географиялық мәдениеттің қалыптасуындағы
рөл, әлемнің экономикалық-географиялық бейнесі жайлы көзқарас, білім беру көздері.
8. «Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы» бөлімін оқуға 14 сағат бөлінген:
1) тарихи-географиялық аймақтар және дүние жүзінің саяси картасы (4 сағат),
тарихи-географиялық аймақтар және дүниежүзінің саяси картасы, қалыптасу кезеңдері, оның мазмұны,
дүниежүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының формалары;
тәуелсіз мемлекеттер, тәуелді аумақтар және қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерінің
көп түрлілігі, дүниежүзілік өркениет, геосаясат, геосаяси жағдай, саяси география және саяси
қарым-қатынас, халықаралық ұйымдар ұғымдары;
№ 1 практикалық жұмыс «Елдердің геосаяси жағдайына баға беру»;
2) дүниежүзінің халқы (4 сағат), дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық
саясат, халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары және көші-қоны;
халықтың орналасуы, тығыздығы, урбандалуы және елді мекендердің түрлері, халықтың
нәсілдік, ұлттық құрамы және дүниежүзіндегі діндер;
3) дүниежүзінің табиғат ресурстары (4 сағат), қоғам мен табиғат арасындағы байланыс,
табиғат ресурстарының жіктелуі, ресурстармен қамтамасыз етілу ұғымы;
дүниежүзінің табиғат ресурстары (отын-энергетикалық, рудалы және рудасыз, дүниежүзі
экономикасының ресурстық әлеуеті, энергияның балама көздері, Астана қаласы ЭКСПО-2017 көрмесін
өткізу орны);
№ 2 практикалық жұмыс «Дүниежүзі елдерінің табиғат ресурстары түрлерімен қамтамасыз
етілуін анықтау»;
4) ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық (2 сағат),
ғылыми-техникалық революция (оған тән ерекшеліктері, құрамдас бөліктері, техника мен
технологияның даму жолдары, шаруашылық дамуының негізгі бағыттары);
дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастыру факторлары, кибернетика ғылымы және ҒТР
жағдайында адам факторының рөлі, қазіргі кезеңде қоғам мен экономиканың ғылыми-техникалық
жаңаруы (семинар).
9. «Дүниежүзілік шаруашылық» бөлімін оқуға 11 сағат бөлінген:
1) дүниежүзілік шаруашылыққа жалпы шолу (8 сағат), дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы,
дамуының негізгі кезеңдері, құрылымы, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық
мамандану салалары, халықаралық экономикалық ықпалдастық (интеграция);
дүниежүзілік шаруашылықтың салалары, орналастыру заңдылықтары, отын-энергетика кешені,
металлургия және машина жасау, дамуының негізгі әлеуеті және проблемалары, конструкциялық
материалдар өнеркәсібі (химия, ағаш, құрылыс);
дүние жүзінің ауылшаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық аулау,
дүниежүзінің тамақ және жеңіл өнеркәсібі, дүние жүзінің көлік географиясы, дүниежүзілік байланыс
тораптары (құрлық, су, әуе), телекоммуникациялық жүйелер, интернет;
№ 3 практикалық жұмыс «Дүниежүзілік шаруашылық саласына сипаттама беру» жоспар бойынша;
2) халықаралық экономикалық байланыстар (3 сағат), халықаралық экономикалық байланыстардың
түрлері, сыртқы сауда, халықаралық туризм, Қазақстан дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық
экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде;
дүниежүзілік шаруашылықты ғаламдандыру, ұлтаралық корпорациялар, дүниежүзілік және ұлттық
экономикалардың тұрақтылық проблемалары;
10. «Дүние жүзінің ғаламдық проблемалары» бөлімін оқуға 7 сағат бөлінген:
1) ғаламдық проблемалардың түрлері, олардың өзара байланысы, дүниежүзінде бейбітшілікі
сақтау проблемасы;
экологиялық проблемалар және ғарышты игеру, энергетика және шикізат проблемалары,
демография, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру проблемалары, дамушы елдердің
проблемалары, бұрынғы отарлық иеліктердің дәрменсіздігі, азық-түлік проблемасы, дүниежүзілік
мұхит проблемалары;
ғаламдық проблемаларды шешудің негізгі жолдары, мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығының қажеттілігі.
2) курсты қорытындылау (1 сағат).
3. Оқу пәнінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны сынып
11. Пәннің базалық мазмұны:
кіріспе (1 сағат), дүние жүзінің тарихи-географиялық аймақтары және ғаламшар елдерінің
типтері.
12. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері (ТМД)» бөлімін оқуға 10 сағат бөлінген:
1) ТМД елдеріне жалпы шолу (1 сағат), ТМД елдеріне жалпы шолу, пайда болуының қысқаша
тарихы, геосаяси жағдайы, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары, қарама-қайшылықтары,
Кедендік Одақ;
2) «Ресей Федерациясы» (5 сағат):
қысқаша тарихи анықтама, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және
ресурстары, халқының негізгі ерекшеліктері;
Ресей шаруашылығының жалпы сипаттамасы, отын-энергетикалық кешені, Ресейдің өнеркәсіп
кешені (металлургия, машина жасау, химия және орман химиясы), агроөнеркәсіп және көлік кешені;
Ресейдің экономикалық аудандары, сыртқы экономикалық байланыстары, Қазақстанмен
қарым-қатынасы;
№ 1 практикалық жұмыс «Ресейдің экономикалық ауданына қысқаша экономикалық-географиялық
сипаттама беру» жоспар бойынша;
3) «Беларусь», «Украина және Молдова», «Кавказ елдері» (3 сағат):
экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, шаруашылығының
жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары,
Қазақстанмен қарым-қатынасы;
4) «Орталық Азия елдері» (1 сағат):
экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, шаруашылығының
жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары.
Қазақстанмен қарым-қатынасы (Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан салыстырмалы
түрде).
13. «Азия елдері» бөлімін оқуға 8 сағат бөлінген:
1) «Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу» (3 сағат), Азияның тарихи-географиялық аймақтары
және саяси картасы: қалыптасу кезеңдері, мемлекеттердің құрамы, елдердің мемлекеттік құрылымы,
халқы, табиғат жағдайлары мен ресурстары;
шаруашылығының негізгі бағыттары (жалпы сипаты, әлеуметтік-экономикалық даму модельдері,
аймақ елдері шаруашылығының мамандану салалары),
2) «Азияның жоғары дамыған елдері» (1 сағат):
Жапония, аумағының құрамы, экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылысы,
табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы
байланыстары, Қазақстанның Жапониямен қарым-қатынасы;
3) «Азияның жетекші дамушы елдері» (3 сағат):
Қытай, Үндістан, Түркия, құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік
құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік
қатынасы, экономикалық аудандары, сыртқы байланыстары, Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасы;
4) «Азиядағы жаңа индустриялы елдер» (1 сағат):
экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен
ресурстары, халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы байланыстары,
Қазақстанның аймақ елдерімен қарым-қатынасы (Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань,
Таиланд).
14. «Шетелдік Еуропа елдері» бөлімін оқуға 6 сағат бөлінген:
1) «Шетелдік Еуропа елдеріне жалпы шолу» (1 сағат), Еуропаның тарихи-географиялық
аймақтары және саяси картасы: қалыптасу кезеңдері, мемлекеттерінің құрамы, елдердің мемлекеттік
құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы;
2) «Еуропаның жоғары дамыған елдері» (2 сағат):
Германия Федеративтік Республикасы және Италия, Ұлыбритания және Франция., аумағының
құрамы, экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен
ресурстары, халқы, өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы байланыстары,
Қазақстанның бұл елдермен қарым-қатынасы.
3) «Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері» (3 сағат):
Орта Еуропа елдері, Солтүстік Еуропа және Оңтүстік Еуропа елдері, Шығыс Еуропа және Балтық
елдері, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, өнеркәсібі,
ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы байланыстары, Қазақстанның бұл елдермен қарым-қатынасы;
№ 2 практикалық жұмыс «Атлас карталарының көмегімен елге кешенді сипаттама беру»
(бағдарламада қарастырылмайтын елге).
15. «Америка елдері» бөлімін оқуға 5 сағат бөлінген:
1) «Американың жоғары дамыған елдері» (3 сағат), Америка Құрама Штаттары (2 сағат),
экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары,
халқы, урбандалуы;
шаруашылығының жалпы сипаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, АҚШ
экономикалық аудандары, сыртқы экономикалық байланыстары, Қазақстанның АҚШ қарым-қатынасы;
№ 3 практикалық жұмыс «Ел аумағына ауызша саяхат жасау арқылы елге сипаттама беру» жоспар
бойынша;
2) Канада (1 сағат), экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен ресурстары,
халқы, өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы байланыстары, Қазақстанның Канадамен
қарым-қатынасы;
3) «Латын Америкасының дамушы елдері» (2 сағат):
құрамы, геосаяси жағдайы, саяси картасының қалыптасу кезеңдері, мемлекеттік құрылымы,
Латын Америкасының табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы (құрамы, саны, урбандалуы);
Бразилия және Мексика салыстырмалы түрде (экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат
жағдайлары мен ресурстары, халқы, өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы
байланыстары, Қазақстанның бұл елдермен қарым-қатынасы).
16. «Африканың дамушы елдері» бөлімін оқуға 2 сағат бөлінген:
құрамы, қазіргі замандағы геосаяси жағдайы, саяси картасының қалыптасу кезеңдері, отарлық
дәуірі және оның салдары, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы (саны, демографиясы,
тығыздығы, еңбек ресурстары, ұлттық және діни құрамы);
шаруашылығының жалпы сипаты, өнеркәсібі, өнеркәсіптік аудандар, ауылшаруашылығы, көлік
қатынасының ерекшеліктері, бірсалалы экономика – отарлау заманының мұрасы, Африканың аймақтары
және ішкі айырмашылықтары, Қазақстанның материк елдерімен қарым-қатынасы.
17. «Аустралия, Мұхит аралдары, Антарктида» бөлімін оқуға 2 сағат бөлінген:
Аустралия Одағы және Жаңа Зеландия, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары
және ресурстары, халқы, өнеркәсібі, ауыл- шаруашылығы, сыртқы байланыстары, Қазақстанның
Аустралиямен қарым-қатынасы, Мұхит аралдары елдері, Антарктида;
№ 4 практикалық жұмыс «Аустралия Одағының Қазақстан Республикасымен ұқсастығын анықтау».
4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
18. Пәндік нәтижелер. 10 сыныптың соңында оқушылар:
1) тарихи-географиялық аймақтарды, дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін;
2) мемлекеттік және дүние жүзі елдерінің әкімшілік-аумақтық құрылымының формаларын,
тәуелсіз мемлекеттерді, тәуелді аумақтарды және қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерін;
3) дүниежүзілік өркениет, геосаясат, саяси география, геосаяси жағдай ұғымдарын;
4) саяси қарым-қатынас және олардың негізгі бағыттары ұғымдарын, Қазақстан Республикасының
көршілес және алыс шетел елдерімен қарым-қатынасын;
5) халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдегі рөлін;
6) Жер шары халқының санын және олардың орналасуын;
7) халықтың ұдайы өсуі, демографиялық саясат, еңбек ресурстары, жастық-жыныстық құрамы,
көші-қон, урбандалуы ұғымдары;
8) дүниежүзі халқытарының жіктелуін, ірі халықтарды, тілдерді, әлемдік және ұлттық
діндерді;
9) Қазақстан Республикасы халықтарының ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа және нығаюға
жетуіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін;
10) Жер шарындағы негізгі нәсілдерді, Н.Н.Миклухо-Маклай зерттеулерінің қорытындыларын;
11) табиғатты пайдалану, географиялық орта, қоршаған орта, ресурспен қамтамасыз етілу
ұғымдары туралы;
12) табиғат ресурстарының жіктелуін (пайда болу, қолданылу, сарқылу деңгейі бойынша),
жекелеген елдер бойынша олардың орналасу және шоғырлану ерекшеліктерін;
13) қоғам мен табиғат арасындағы байланыстың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін;
14) экологиялық проблемаларды шешудің негізгі бағыттарын;
15) ҒТР ұғымы (негізгі белгілерін, құрамдас бөліктерін, техника мен технологияның даму
жолдарын, шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын және ҒТР жағдайында шаруашылықтың салаларын
орналастыру факторларын);
16) Қазақстан Республикасындағы инновациялық-индустриалдық реформалардың бағыттарын және
экономиканың ғылыми-техникалық жаңаруын;
17) ҒТР жағдайында адам факторының рөлін және сапалы білімнің жеке тұлғаның қазіргі
замандағы шаруашылыққа маман ретінде бейімделуіндегі маңызын;
18) дүниежүзілік шаруашылық, оның дамуының негізгі кезеңдері, халықаралық географиялық
еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық ықпалдастық, экономиканың түрлері ұғымдарын;
19) дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастырудың негізгі заңдылықтарын және
факторларын;
20) ҒТР саланың құрылымына, өнеркәсіпті орналастыруға әсерін және оның дамуының негізгі
бағыттарын;
21) дүниежүзілік өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің жетекші салаларын орналасуының негізгі
орталықтарын және аймақтарын;
22) дүниежүзінің негізгі ауылшаруашылық аудандарын;
23) көліктің негізгі түрлерін және дүниежүзілік қатынас жолдарын;
24) халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерін;
25) ғаламдық проблемалардың түрлерін, мәнін, оларды шешудің негізгі жолдарын және бұл
проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызын;
26) ғаламдық және аймақтық проблемалардың оң шешімінің мысалдарын білулері тиіс.
19. 10 сыныптың соңында оқушылар:
1) геосаяси жағдайды сипаттай;
2) қабырға картасынан және кескін картадан дүниежүзі саяси картасының нысандарын көрсете;
3) елдегі және дүниежүзіндегі саяси оқиғаларды, бұқаралық ақпарат құралдарының
басылымдарын, мәтіндерді талдай;
4) дүниежүзі және жекелеген елдерді халқының ұдайы өсуі, жастық-жыныстық құрамы, халықтың
тығыздығы және орналасуы, демографиялық саясаты, нәсілдік, тілдік, ұлттық, діни құрамы,
урбандалу деңгейі ерекшеліктеріне қарай салыстыра;
5) ақпарат көздеріне сүйене отырып, табиғатты пайдаланудың әр түрлі түрлерін сипаттай;
6) Жер шарында минералдық ресурстардың таралуын талдау және әр түрлі елдердің ресурспен
қамтамасыз етілуін анықтай;
7) күнделікті өмірдегі, өнеркәсіптегі, саудадағы, көліктегі, ауыл шаруашылығындағы
ғылыми-техникалық жаңаруды дәлелдейтін нақты мысалдар келтіре;
8) мерзімдік басылымдарға, ғылыми әдебиеттерге талдау жасай және түсініктемелер мен
хабарламалар жасай;
9) дүниежүзілік шаруашылықтың жетекші салаларын орналастыру факторларын анықтай;
10) бұқаралық ақпарат құралдарының дүниежүзі шаруашылығы салаларының жағдайы туралы
материалдарын талдай;
11) әр түрлі ақпарат деректерінің көмегімен дүниежүзі шаруашылығының салаларына және
халықаралық сауда үдерісіне сипаттама бере;
12) қабырға және кескін карталардан дүниежүзі шаруашылығы салаларының жетекші елдерін
көрсете;
13) ғаламдық проблемалар, олардың түрлері және шешу жолдары туралы оқулық, мерзімдік басқа
да басылымдардың, интернет материалдарын талдай;
14) адамзаттың ғаламдық проблемалары туралы баяндамалар дайындай;
15) істелген жұмыстардың нәтижесін көпшілік алдында көрсете алулары тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |