Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет106/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132

4. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

      19. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша

бағаланады.

      20. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеру тиіс» аспектілерімен көрсетілген.

      21. 10-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

      1) Теорияларды (классикалық механика, молекулалық – кинетикалық теория);

      2) Ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, кеңістік және уақыт, инерциалды

санақ жүйесі, материялық нүкте, зат, өзара әрекеттесу, идеал газ).

      3) физикалық шамалар (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс,

қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют

температура, жылу мөлшері).

      4) заңдар, қағидаларр және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);

      5) жаңаратын және жаңармайтын табиғи қорларды тиімді пайдалану негіздерін, адамның

белсенді іс-әрекеті арқылы табиғи нысандарда байқалатын физикалық заңдылықтарды; физиканың

дамуына ғалымдардың қосқан үлесін білуі қажет;

      6) физиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі.

      22. 10-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар меңгеру тиіс:

      1) физикадан игерген кинематикалық және динамикалық қоғалыс, газдардың, сұйықтардың және

қатты денелердің жылулық ұлғаюы, қатты заттардың серпімділік қасиеттерінің температураға тәуелді

өзгеруі туралы білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;

      2) бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы.

      23. 11-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

      1) теорияларды (электродинамика, кванттық физиканың элементтерi);

      2) ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, механикалық және

электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, атом, квант,

фотон, атом ядросы, радиоактивтік, планета, жұлдыз, галактика, Әлем).

      3) физикалық шамалар (период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну

көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі,

потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр

кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, индуктивтік, магнит өрісінің

энергиясы, байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды);

      4) заңдар, қағидаларр және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);

      5) жаңаратын және жаңармайтын табиғи қорларды тиімді пайдалану негіздерін, адамның

белсенді іс-әрекеті арқылы табиғи нысандарда байқалатын физикалық заңдылықтарды; физиканың

дамуына ғалымдардың қосқан үлесін білуі;

      6) физиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі.

      24. 11-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар меңгеруі тиіс:

      1) физикадан игерген электродинамика және кванттық физика туралы білімдерін күнделікті

өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;

      2) бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы тиіс.

      25. Тұлғалық нәтижелер:

      1) көрсете білуі қажет:

      1-1) өздігінен игерген жаңа біліммен және практикалық дағдымен қаруланудағы дербестігін

көрсете алуы;



      2-1) өзінің қызығушылығы мен мүмкіндігіне сәйкес өмірдегі жолын таңдауға дайын болуы тиіс.

      26. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

      1) практикалық тапсырмаларды орындауда және оларды рәсімдеуде, білімді тереңдетуде және

толықтыруда қазіргі заманғы ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолдана алуы;

      2) физикадан ақпаратты компьютерлік базадан және «Интернет» желісінен іздеу, өңдеу, ұсыну

үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана алуы;

      3) ғылыми ақпаратты талдай алуы, синтездеу жолымен өңдей алуы тиіс.

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі    

№ 115 бұйрығына      

74-қосымша       



Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін

«Химия»

пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың

мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру,

шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды

сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген

экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

      3. Оқыту міндеттері:

      1) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде

көзқарасын дамыту;

      2) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі

мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;

      3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық

құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

      4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып,

қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

      5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік

бағыттылығын дамыту;

      6) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл

шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері

әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

      2. Химияны жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы

ескерілді.

      3. «Билогия» пәнімен:

      1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;

      2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;

      3) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

      4. «География» пәнімен:

      1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;

      2) негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер;

      3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.


      5. «Алгебра және геометрия» пәнімен:

      1) заттың сандық құрамын анықтауда математикалық есептеулерді қолдану;

      2) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;

      3) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.

      6. «Физика» пәнімен:

      1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиактивтілік, ядролық реакциялар;

      2) зат құрылысының атом-молекулалық ілімі, зат массаның сақталу заңы;

      3) заттардың агрегаттық күйлері, кристалдық торлар.

      7. «Информатика» пәнімен:

      1) электрондық оқулықтар, әдістемелер, виртуалды лабораториялармен жұмыс істеу;

      2) компьютерлік бағдарламаларды қолданып, презентация, жобаларды жасау;

      3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу.

      8. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

      10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;

      11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.

2. 10 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны

      9. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң, химиялық байланыс және зат құрылысы (8

сағат):

      атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық



жүйесі, химиялық элемент, атом, ион, молекула және олардың сипаттамалары, негізгі топша

элементтерінің қасиетінің өзгеруінің периодтылығы, олардың жоғары оксидтері мен гидроксидтері

қасиеттерінің, сутекті қосылыстарының тұрақтылығының өзгеруінің периодтылығы;

      ғылым мен технологияның дамуындағы және қоршаған ортаның химиялық бейнесін түсінудегі

периодтық заңның маңызы;

      химиялық байланыс типтері: коваленттік (полюсті, полюссіз), иондық;

      атомдық, молекулалық және иондық кристалдық торлар, металдық байланыс және металдық

кристалдық тор, сутектік байланыс: молекула-аралық, молекулаішілік сутектік байланыстың түзілу

механизмі мен оның маңызы;

      жай және күрделі заттар қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік

құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі;

      сан есептері мен жаттығулар:

      масса, көлем, зат мөлшері, Авогадро саны, молекулалық формула, қосылыстағы химиялық

элементтің массалық үлесі ұғымдарын пайдалана отырып химиялық формулалар бойынша есептер шығару;

      №1 көрсетілімдер:

      химиялық элементтердің заманауи периодтық жүйесі;

      атомдар құрылысының моделі;

      кейбір металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының үлгілері;

      натрий хлориді, графит, алмаз, көміртек (ІV) оксиді, мыстың кристалдық торының модельдері;

      әртүрлі химиялық байланысы бар зат үлгілері: кремний (ІV) оксиді, натрий хлориді.

      № 1 лабораториялық тәжірибе:

      ІІІ периодтағы химиялық элементтер атомдарының қышқылдық-негіздік,

тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгерісін зерттеу.

      № 2 лабораториялық тәжірибе:

      1) Хлорсутек, су, күкіртсутек, аммиак, метан молекулаларының моделін жасау.

      2) Қыздырудың суға, натрий хлоридіне, кремний (ІV) оксидіне және қантқа әсері.

      № 1 практикалық жұмыс:

      «Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс» тақырыбына

эксперименттік есептер шығару.

      10. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, химиялық реакциялар және олардың жүру

заңдылықтары (8 сағат):

      жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі, жалпы сипаттамасы;



      гидридтер, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздардың химиялық қасиеттері, олардың

арасындағы генетикалық байланыс;

      тұздар гидролизі, тотығу-тотықсыздану реакциялары, химиялық реакциялар және заттардың

табиғаттағы айналымы, олардың маңызы;

      химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар, химиялық тепе-теңдік және

оның ығысуына әсер етуші жағдайлар, Ле Шателье-Браун принциптері.

      Сандық есептер:

      термохимиялық теңдеу бойынша есептеулер және реакцияның жылу эффектісін есептеу;

      химиялық тепе-теңдік ығысуына жаттығулар.

      № 2 көрсетілімдер:

      экзо-, эндотермиялық реакцияларға мысалдар;

      химиялық реакция жылдамдығының әр түрлі факторларға тәуелділігін зерттеу.

      № 3 лабораториялық тәжірибе:

      негіз, қышқыл, тұздардың химиялық қасиетін көрсететін химиялық реакциялар.

      № 4 лабораториялық тәжірибе:

      химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді

концентрациясының өзгеруі бойынша).

      № 2 практикалық жұмыс:

      «Қышқыл, негіз, амфотерлі гидроксидтерді сапалық анықтау, тұздар гидролизі» тақырыбына

эксперименттік есептер шығару.

      11. Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (4 сағат):

      негізгі топша металдары мен бейметалдардың атом құрылысының салыстырмалы сипаттамасы;

      металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы ерекшелігі, металдар мен бейметалдар,

олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі;

      металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі, металдар мен

бейметалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері, металдардың электрхимиялық кернеу

қатары, тірі ағзалар тіршілігіндегі металдар мен бейметалдардың биологиялық маңызы;

      Қазақстандағы металдар мен бейметалдардың негізгі пайдалы қазбалары және оларды өндіру мен

өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау шаралары.

      сан есептері:

      металдарды алу процесінде өнім мен бастапқы заттың массасын есептеу.

      № 3 көрсетілімдер:

      металдар мен олардың қосылыстарының үлгілері;

      № 5 лабораториялық тәжірибе:

      металдар және бейметалдар қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты оқып үйрену.

      12. Маңызды s-элементтер, p-элементтер және олардың қосылыстары (8 сағат):

      s- және p-элементтердің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны, олардың атом

құрылысы;

      І - ІІА топшаның s-элементтері: жалпы сипаттамасы, металдық және тотықсыздандырғыштық

қасиеттерін салыстыру, натрий және кальций: табиғатта таралуы, физикалық және химиялық

қасиеттері, алынуы, қолданылуы және олардың маңызды қосылыстары, судың кермектігі және оны жою

жолдары, Қазақстандағы сілтілік және сілтілік-жер металдарының табиғи қосылыстары;

      алюминий және оның қосылыстары, табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық

қасиеттері, Қазақстанда алюминий және оның құймаларын өндіру, оларды қолдану;

      p-элементтердің жалпы сипаттамасы, олардың бейметалдық, тотықтырғыш қасиеттерін салыстыру;

      бейметалдар және олардың қосылыстары: көміртек, кремний, азот, фосфор, оттегі, күкірт,

хлор, аллотропиясы, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы,

бейметалдардың адам өміріндегі биологиялық маңызы, Қазақстан тұрғындары денсаулығын йод

жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан қорғау шаралары;

      бейметалдардың Қазақстандағы маңызды кен орындары және оларды өндіру;

      Қазақстандағы силикат өнеркәсібі;

      Қазақстанда тыңайтқыштар өндіру және қоршаған ортаны қорғау;

      сандық есептер:

      металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция



теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу;

      №4 көрсетілімдер:

      натрий, калий, кальций иондарын сапалық анықтау (жалын түсі);

      натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі;

      алюминий және оның құймалары, табиғи силикаттар, шыны үлгілерінің жиынтығы;

      еріген заттың активтелген көмірге сіңірілуі (адсорбция);

      көміртек (ІV) оксидін алу және оның сумен, кальций гидроксидімен әрекеттесуі;

      №6 лабораториялық тәжірибе:

      натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен таныс;

      ортофосфор қышқылы және фосфаттардың қасиеттерімен танысу;

      йод ерітіндісінің крахмалға әсері;

      тыңайтқыш үлгілерімен танысу;

      №3 практикалық жұмыс:

      «Катиондар мен аниондарды сапалық анықтау» тақырыбына эксперименттік есептер шығару;

      13. d-элементтердің жалпы сипаттамасы (6 сағат):

      d-элементтердің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны, атом құрылысының

ерекшеліктері;

      мыс, мырыш, темір: табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері;

      маңызды қосылыстары: оксидтері мен гидроксидтері, олардың қасиеттері. осы металдардың

Қазақстандағы кен орындары, құймалар, коррозия түрлері және оның алдын алу шаралары, металдардың

қолданылуы және олардың тірі ағзалар тіршілігіндегі маңызы;

      Қазақстанда түсті және қара металдар мен олардың құймаларын алу;

      сан есептері:

      металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар

реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі)

есептеулер;

      көрсетілімдер:

      темір (ІІ), (ІІІ) гидроксидтерін алу;

      темірдің белсенді металдар (мырыш, алюминий) қатысындағы электрхимиялық коррозиясын

зерттеу;


      № 7 лабораториялық тәжірибе:

      Cu , Fe , Fe , Zn  иондарына сапалық реакция;

2+

2+

3+



2+

      № 4 практикалық жұмыс:

      «Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.

3. 11 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны

      14. Органикалық химияға кіріспе:

      «Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы».

      15. Химиялық байланыстың электрондық табиғаты (7 сағат):

      органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы, органикалық қосылыстардың

табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы, А.М. Бутлеровтің органикалық қосылыстардың химиялық

құрылысы теориясының негізгі қағидалары, изомерия мен гомология, органикалық қосылыстардағы

көміртек атомы орбитальдарының гибридтенуі (sp , sp , sp), органикалық қосылыстардағы химиялық

3

2

байланыс түрі, түзілу механизмі, электрондық табиғаты, коваленттік байланыс, оның ұзындығы,



кеңістіктегі бағыты, энергиясы;

        ,  байланыстар;

      молекулаішілік және молекулааралық сутектік байланыс;

      органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы;

      биосферадағы бейорганикалық және органикалық заттар арасында жүретін химиялық

реакциялардың бірлігі;

      бейорганикалық және органикалық заттар арасындағы генетикалық байланыс;

      сандық есептер:



      органикалық қосылыстардың формулалары бойынша есептеулер;

      органикалық қосылыс құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлесін есептеу және

органикалық қосылыс формуласын анықтау;

      №1 көрсетілімдер:

      су, метан, көміртек (ІV) оксидінің, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол

молекулаларының шарстерженьді модельдері;

      мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш жаңқасы

үлгілері;

      №1 лабораториялық тәжірибе:

      «Метан, этан, этен, этин, пропан, аммиак, су, сірке қышқылы молекулаларының шарстерженьді

модельдерін жасау»;

      №2 лабораториялық тәжірибе:

      «Қаныққан көмірсутектердің шарстерженьді модельдерін дайындау, олардан еселік байланысы

бар оттекті, азотты және күкіртті көмірсутектердің шарстерженьді модельдерін жасау»;

      №1 практикалық жұмыс «Органикалық заттың сапалық құрамын анықтау»;

      16. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (9 сағат)

      алкандар, алкандардың гомологтық қатары, жалпы формуласы, метан және басқа алкан

молекулаларының құрылысы, изомерленуі, физикалық және химиялық қасиеттері, алкандардың табиғатта

таралуы;

      циклоалкандар, циклоалкандар туралы түсінік, циклоалкандардың гомологтық қатары, жалпы

формуласы;

      циклоалкандардың табиғатта таралуы, олардың химиялық қасиеттері: жануы, дегидрленуі мен

гидрленуі;

      алкендер, алкендердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, этилен және басқа алкендер

молекулаларының құрылысы, құрылымдық және кеңістіктік изомерлері, аталуы мен физикалық

қасиеттері, спирттердің дегидратациясы арқылы этилен көмірсутектерін алу, қосылу реакциялары

(галогендеу, гидрогалогендеу, гидратациялау, гидрлеу). Марковников ережесі,. алкендердің

полимерлену реакциясы, полиэтилен, алкендердің қолданылуы;

      алкадиендер, алкадиендер туралы түсінік, алкадиендердің жалпы формуласы, молекуласының

құрылысы, изомерленуі, алкадиендердің полимерленуі, табиғи және синтетикалық каучуктер, каучук

вулканизациясы, резина;

      алкиндер, алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, ацетилен молекуласының құрылысы,

ацетилен көмірсутектерінің аталуы мен изомерленуі, ацетиленді метаннан және карбидтік тәсілмен

алу, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері: қосылу реакциялары (гидратациялау, гидрлеу),

ацетиленнің бензолға тримерленуі, алкиндердің қолданылуы;

      арендер, бензол – арендер өкілі, бензол молекуласының құрылысы, арендердің изомерленуі,

атаулары және алынуы, бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері, бензол қатысуымен жүретін

орынбасу реакциялары: галогендеу, нитрлеу, бензолдың сутекпен, галогенмен қосылу реакциялары,

толуол – бензолдың гомологы, бензол мен толуол қасиеттерін салыстыру, арендердің қолданылуы,

көмірсутектер кластары арасындағы генетикалық байланыс;

      көмірсутектердің табиғи көздері, табиғи газ, мұнай, тас көмір, көмірсутектердің табиғи

көздерінің шығу тегі, пайдалы қазбаларды өндіру, оларды өңдеу мен қолданудың экологиялық

аспектілері, қазақстандағы мұнай, газ және көмір өнеркәсібінің дамуы;

      сандық есептер мен жаттығулар:

      газтектес көмірсутектің салыстырмалы тығыздығы бойынша немесе құрамындағы көміртек пен

сутектің массалық үлестері бойынша оның молекулалық формуласын анықтау;

      көмірсутектің салыстырмалы тығыздығы немесе оның жану өнімдерінің массасы, көлемі, зат

мөлшері бойынша молекулалық формуласын анықтау;

      №2 көрсетілім:

      парафиннің балқуы және жануы;

      метан, этилен, ацетиленнің жануы;

      №3 лабораториялық тәжірибе:

      этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу.

      №4 лабораториялық тәжірибе:



      мұнай өнімдерінің үлгілерімен танысу.

      17. Оттекті органикалық қосылыстар (11 сағат):

      спирттер, қаныққан біратомды спирттер, қаныққан біратомды спирттердің гомологтық қатары,

жалпы формуласы, спирттердің изомериленуі, спирттердің физикалық қасиеттері, алынуы, спирттердің

химиялық қасиеттері, көп атомды спирттер, этиленгликоль, глицерин, көпатомды спирттердің

құрылысы және қасиеттері, спирттердің қолданылуы;

      фенол, фенол молекуласының құрылысы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, фенолдың

алынуы, фенолға сапалық реакция, фенол және оның туындыларының қолданылуы;

      альдегидтер, альдегид молекуласының құрылысы, гомологтық қатары, изомерленуі мен

номенклатурасы, карбонил тобының құрылысы, ерекшеліктері, алынуы, физикалық және химиялық

қасиеттері, қолданылуы,

      карбон қышқылдары, карбон қышқылдарының жіктелуі, жалпы формуласы, қаныққан бірнегізді

карбон қышқылдары, карбоксил тобы, құрылымы, қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарының гомологтық

қатары, изомерленуі, алынуы, карбон қышқылдарының физикалық, химиялық қасиеттері, сірке қышқылы,

қолданылуы, жоғары карбон қышқылдары;

      күрделі эфирлер, құрылысы, алынуы, эфирлену реакциясы, аталуы, изомерленуі, табиғатта

таралуы, күрделі эфирлердің қасиеттері, қолданылуы,

      майлар, майлардың құрамы мен құрылысы, майлардың жіктелуі мен номенклатурасы, майдың

биологиялық функциясы, майлар гидролизі, сабындануы, сабындар және синтетикалық жуғыш заттар,

қазақстанда сабын мен жуғыш заттарды өндіру, қоршаған ортаны синтетикалық жуғыш заттардың

әсерінен ластанудан қорғау;

      көмірсулар, моносахаридтер, глюкоза, оның молекуласының құрылысы, табиғатта таралуы,

глюкозаның физикалық қасиеттері. химиялық қасиеттері. глюкозаның алынуы мен қолданылуы. фруктоза

– глюкоза изомері. фруктозаның табиғатта таралуы, биологиялық маңызы. рибоза және дезоксирибоза

жайлы қысқаша мәлімет;

      дисахаридтер. сахароза, оның молекуласының құрылысы мен құрамы. физикалық және химиялық

қасиеттері сахароза гидролизі. сахарозаны табиғи шикізаттан өндірісте алу. қазақстанда қант

өндіру;


      полисахаридтер. крахмал және целлюлозаның құрылысы, құрамы. крахмалдың биологиялық маңызы.

физикалық қасиеттері. химиялық қасиеттері. полисахаридтердің табиғатта таралуы.

полисахаридтердің қолданылуы. целлюлоза ацетаты мен нитраттары;

      көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.

      сандық есептер:

      органикалық қосылыстың жану өнімдерінің массасы, көлемі бойынша оның молекулалық

формуласын анықтау;

      көміртек, сутек, оттектің массалық үлестері бойынша органикалық қосылыс молекулалық

формуласын анықтау;

      реакция өнімінің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымының массалық

немесе көлемдік үлесін есептеу.

      № 3 көрсетілімдер:

      глюкозаның спирттік ашуы;

      мыс (ІІ) оксидін қолданып, спиртті альдегидке тотықтыру;

      альдегид, құмырсқа қышқылы, глюкозаның «күміс айна» реакциясы;

      сабын және синтетикалық жуғыш ұнтақ ерітінділерінің қасиетін салыстыру олардың индикаторға

әсерін зерттеу;

      сірке-этил эфирін алу.

      № 5 лабораториялық тәжірибе:

      глицериннің суда еруі, мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі.

      № 6 лабораториялық тәжірибе:

      крахмалдың коллоидты ерітіндісін әзірлеу және оның қасиеттерін зерттеу. тағам өнімдерінен

крахмалды анықтау.

      № 2 практикалық жұмыс:

      «оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар» тақырыбына эксперименттік есептер

шығару.


      18. Азотты органикалық қосылыстар (7 сағат):

      нитроқосылыстар, аминдер, анилин туралы түсінік;

      амин қышқылдары, белоктар, азотты гетероциклді қосылыстар туралы түсінік, нуклеин

қышқылдары;

      гендік инженерия және биотехнология туралы түсінік, ферменттер – белок-табиғатты

биологиялық катализаторлар;

      витаминдер туралы түсінік, витаминдермен байланысты аурулар: авитоминоз, гиповитаминоз

және гипервитаминоз;

      гормондар туралы түсінік, тірі ағзалардың химиялық құрамы.

      көрсетілімдер:

      белокты еріту және тұнбаға түсіру, белок денатурациясы;

      белоктардың (жүн немесе қауырсын) жануы;

      ДНҚ, РНҚ молекулаларының модельдері.

      № 7 лабораториялық тәжірибе:

      белоктың түсті реакциялары;

      № 8 лабораториялық тәжірибе:

      мақта және жібек жіптің жануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет