5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
54. Пәнді оқытуға оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы
– 102 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан,
барлығы 68 сағат бөлінген.
55. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.
56. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 24/16 сағат. «Мен және менің отбасым», «Отбасы мүшелерінің
сүйікті істері» – 8/6 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: көсемше -а, -е, -й. Ауыспалы осы шақ;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: тақырып бойынша өз ойы. Отбасы мүшелеріне 3-4 сөйлемнен тұратын сипаттама;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған отбасы туралы
шағын диалогтегі ақпараттар;
оқылым: отбасы мүшелері туралы оқу мәтіндері;
жазылым: отбасы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау.
Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтару. Қарапайым этикеттік
орамдарды пайдаланып, пікірлесім жасау;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар,
жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты
үлгілері.
57. «Үйде не істеймін?» – 8/5сағат:
1) тілдік бөлім: грамматика: көпше түрдегі жіктеу есімдігі;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: тақырып бойынша өз ойы. Үйде не істейтіні туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған үй шаруасы
туралы шағын диалогтар;
оқылым: үйде атқарылатын жұмыс туралы оқу мәтіндері;
жазылым: үйде не істейтіні туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау.
Сұрақтарға жауап;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап. Үйде не істейтіні туралы
пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
58. «Менің сүйікті тағамым» – 8/5 сағат:
1) тілдік бөлім: грамматика: сын есім. Септік жалғаулары: ілік септігі, табыс септігі,
шығыс септігі. Қалау райы;
фонетика: қазақ тілінің буын үндестігі;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Өзінің сүйікті тағамы туралы 3-4 сөйлемнен
тұратын мәтін;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған тағамдар
туралы шағын диалогтегі ақпараттар;
оқылым: тамақтың түрлері туралы оқу мәтіндері.
жазылым: өзінің сүйікті тағамы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша
сөйлемдер. Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзінің сүйікті
тағамы туралы пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
59. Әлеуметтік-мәдени ая – 48/32 сағат. «Менің елім – Қазақстан» – 12/10 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: көптік жалғаулары. Шартты рай. Біріккен сөздер;
фонетика: өзге тілден енген сөздердің орфографиясы;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Қазақстан туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Қазақстан
туралы шағын диалогтегі ақпараттар;
оқылым: Қазақстан туралы оқу мәтіндері;
жазылым: Қазақстан туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау.
Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өзінің елі - Қазақстаны туралы пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
60. «Астана – таза қала» – 8/5 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: жалқы есім. Туынды сөздер. Тіркесті сөздер;
фонетика: өзге тілден енген сөздердің орфографиясы;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Астананың қандай қала екендігі туралы 3-4
сөйлемнен тұратын мәтін;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Астана туралы
шағын диалогтегі ақпараттар;
оқылым: Астана туралы оқу мәтіндері;
жазылым: Астананың демалыс орталықтары туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша
сөйлемдер. Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап беру. Астананың көрікті
жерлері туралы пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
61. «Мерекелер» – 10/6 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: Еркін тіркестер. Жалпы есімдер;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын мереке туралы 3-4
сөйлемнен тұратын мәтін айту;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Қазақстандағы
тойланатын мерекелер туралы шағын диалогті ақпараттар;
оқылым: Қазақстандағы мереке түрлері туралы оқу мәтіндері;
жазылым: мерекелер туралы шағын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзіне ұнайтын
мерекелер туралы пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
62. «Спорт. Менің сүйікті спортшым» – 8/5 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: Сөз тіркестері. Сөйлем түрлері;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын спортшы туралы 3-4
сөйлемнен тұратын мәтін;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған спорт түрлері
туралы шағын диалогті ақпараттар.
оқылым: мереке түрлері туралы оқу мәтіндері;
жазылым: спорт, өзінің сүйікті спортшысы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша
сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзіне ұнайтын
спорт түрлері мен спортшылар туралы пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар,
жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты
үлгілері.
63. «Зоопаркке саяхат» – 10/6 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: сын есім, етістіктер;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын аң/құс туралы 3-4
сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған зоопарктегі
аңдар туралы шағын ақпараттар;
оқылым: аң мен құстардың түрлері туралы оқу мәтіндері;
жазылым: зоопарк және өзінің сүйікті аң/құсы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер
бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Зоопарктегі өзіне ұнайтын аң/құс түрлері
туралы пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
64. Оқу еңбек аясы – 30/20 сағат. «Менің мектебім» – 10/7 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: күрделі зат есімдер. Ауыспалы осы шақ;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің мектебі туралы 3-4
сөйлемнен тұратын мәтін;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған мектеп туралы
ақпараттар;
оқылым: мектеп өмірі туралы оқу мәтіндері;
жазылым: өзінің мектебі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау.
Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Мектеп өмірі туралы пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
65. «Менің күнделігім» – 8/5 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: қос сөздер. Күрделі етістіктер;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің күнделігі туралы 3-4
сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі күнделік туралы ақпараттар;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі сөздердің мағынасын ажырата алады. Оқушы күнделігі туралы оқу
мәтіндері;
жазылым: өзінің күнделігі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Оқушы күнделігі
қандай болуы керектігі туралы достарымен пікірлесім;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
66. «Демалыс» – 12/8 сағат:
1) тілдік бөлім:
грамматика: сұраулы сөйлем. Туынды сын есімдер;
лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: Оқушылардың әр тоқсаннан кейінгі
демалысы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі демалыс туралы ақпараттар;
оқылым: оқу мәтіндердегі оқушылардың демалысы туралы ақпараттар;
жазылым: оқушылардың демалысы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем
құрау;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесе алады. Сұрақтарға ауызша/жазбаша жауап
қайтару. Өзінің демалысты қалай өткізгені туралы достарымен пікірлесім.
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері:
санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
67. Пәндік нәтижелер бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) естіген жеке сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс дыбыстауды;
2) әліпбиді және әріптердің графикалық таңбаларын дұрыс жазуды;
3) сөздегі дыбыстардың жуан-жіңішке үндесімдерін айыруды, дыбыс-әріп үйлесімдігін;
4) белсенді қорына енген сөздердің екпінін/дауыс ырғағын дұрыс қоюды;
5) тақырыптар бойынша ұсынылған 100-120 жаңа сөзді;
6) лексикалық бірліктердің мағыналарын;
7) бас әріппен жазылатын сөздерді;
8) грамматикалық құбылыстардың қарапайым үлгілерін;
9) белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты құрудың
жолдарын білуі тиіс.
68. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) дыбыстарды таңбалары арқылы айыруды;
2) тыңдаған сөздерді дұрыс түсіне алуды;
3) тыңдаған мәтін мазмұнына сәйкес суреттерді таңдап, ретімен қоя алуды;
4) тыңдалған ақпараттан түсінгені бойынша сурет сала білуді;
5) әріп пен дыбыстарды сәйкестендіріп оқуды;
6) сөздердің лексикалық мағынасын түсініп оқуды;
7) кім?, не?, қандай? сұрақтарына жауап беруді;
8) затқа 2-3 сөйлеммен қарапайым сипаттама беруді;
9) суретке қарап 2-3 сөйлем құрап айтуды;
10) өзі, досы туралы айтуды;
11) қысқа өлең-тақпақ айтуды;
12) қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс жазуды;
13) қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс жазуды;
14) сөздерді кітаптан, тақтадан көшіріп жазуды;
15) 2-3 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазуды;
16) адамды не затты атап, оларға сандық, сапалық тұрғыдан қарапайым сипаттама беруді;
17) қойылған сұраққа жауап беруді;
18) сұрақ қоя білуді;
19) қарапайым тілдік модельдер бойынша амандасу, қоштасу, танысу, алғыс білдіруді меңгеруі
тиіс.
7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
69. Пәндік нәтижелер бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) қазақ тілінің фонетикалық-фонемалық жүйесін;
2) тірек кестелер арқылы сөздердегі үндестік заңын сақтауды;
3) қазақ тіліне тән тасымалдау (й, у, я әріптерінің тасымалы) ерекшеліктерін;
4) тақырыптар бойынша ұсынылған 110-120 жаңа сөзді;
5) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу
ерекшеліктерін;
6) заттың атын білдіретін сөздер: адамға – кім?, жан-жануарлар мен заттарға – не? сұрауын
қоюды;
7) заттың қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерге сұрақ қоюды;
8) айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратуды;
9) сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын;
10) белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты жаза
білуі тиіс.
70. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) өзінің отбасы, досы, көшесі туралы қысқаша баяндауды;
2) өз іс-әрекеті туралы қысқа, қарапайым түрде баяндауды;
3) адамның/заттың қимыл әрекеттерін сипаттауды, сандық, сапалық мінездеме беруді.
4) иллюстрацияға сүйеніп шағын хабарламаның мазмұнын түсінуді;
5) шағын мәтіндердің мазмұнын түсінгенін кестелерді толтыру және суреттерді орналастыру
арқылы білдіре алуды;
6) шағын мәтіндегі сөздер мен фразаларды дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды;
7) 4-5 жолды өлеңді мәнерлеп оқуды;
8) тыңдай отырып сөз, сөз тіркестері және жай сөйлемдерді жазуды;
9) 3-5 сөйлемнен тұратын мәтін жазуды;
10) өз отбасы мүшелерін таныстыруды;
11) мағынасына қарап сұхбаттың 1-2 сөзін ауыстыруды;
12) қатысымдық тұрғыдан қысқа диалогке қатыса алуды: үлкен кісімен, досымен амандасуды,
танысуды, қоштасуды (өз атын айтады, басқаның есімін сұрайды) меңгеруі тиіс.
8. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
71. Пәндік нәтижелер бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) сөздердің, сөз тіркестерінің дыбысталуын;
2) үндестік заңын тірек кестелер арқылы қолдануды;
3) белсенді қорына енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
4) лексикалық тақырыпқа сәйкес 120-140 жаңа сөздердің мағынасын және оларды қажетіне қарай
орынды пайдалануды;
5) тілдік қатынаста сөзге тиісті қосымшаларды дұрыс жалғауды;
6) баяндауыштың сөйлем соңында орналасатынын;
7) сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыруды;
8) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын ауызша/жазбаша тілде қолдануды;
9) қай? қандай? неше? нешеде? қашан? сұрау есімдіктерін қажет жерінде пайдалануды;
10) соң, кейін септеулік шылауларын дұрыс пайдалануды;
11) грамматикалық құбылыстарды функционалды тұрғыдан игеріп, оларды тірек кестелердің
көмегімен ауызша/жазбаша түрде қолдануды;
12) белсенді сөздік қорына енген сөздерді, сөз тіркестерін естіп отырып, сауатты жазу
нормаларын білуі тиіс.
72. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) таныс сөздер мен сөз тіркестерін, фразаларды қолдана отырып, өзі және отбасы жайлы
айтуды;
2) суреттерді,өзіне таныс заттарды 7-8 сөйлем арқылы сипаттауды;
3) шағын әңгіме құрауды: адамды не затты атап, олардың іс-қимыл әрекеттерін сипаттауды,
сандық, сапалық және мерзімдік мінездеме беруді;
4) орташа көлемдегі әңгіме құрауды;
5) 5-6 өлең-тақпақ пен мақал-мәтелдерді жатқа айтуды;
6) 7-8 жай сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын әрі
қарапайым ақпараттарды түсінуді;
7) суреттер арқылы қазақ халқының ертегілерінің мазмұнын түсініп айтуды;
8) берілген мәтін түрін ажыратуды;
9) мәтіндегі негізгі ойды ажырата алуды;
10) контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді күнделікті өмірмен байланыстырып, өз
пікірін білдіруді;
11) негізгі ойды 1-2 жай сөйлеммен айтуды;
12) ауыз әдебиетінің жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі тәрізді түрлерін ажыратуды;
13) сөздерді лексикалық мағынасымен сәйкестендіре түсініп оқуды;
14) 9-10 сөйлемнен құрылған мәтіндерді мәнерлеп оқуды, іштей оқи алуды;
15) мәтіннің негізгі ойды анықтауды, бөлімдерге бөлуді;
16) 7-8 жолды өлеңді мәнерлеп оқуды;
17) қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
18) отбасы туралы таныс атауларды, сөздерді оқып, түсінуді;
19) нақты үлгі бойынша тапсырмалар орындауды;
20) белсенді лексикаға енген сөздерді сауатты жазуды;
21) лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды;
22) шығармашылық сипаттағы шағын тапсырмаларды орындауды;
23) ашық хатқа қысқа түрде құттықтау сөз, тілекжазуды;
24) өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруді;
25) шағын сұхбатқа қатысуды;
26) баяу, нақты әрі түсінікті жүргізілген сұхбаттарда өз ойын айтуды;
27) жағдаятқа байланысты туындаған сұхбаттарға қатысуды;
28) қарапайым синтаксистік құрылымдарды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды
жағдаяттық тапсырмаларда қолдануды меңгеруі тиіс.
9. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
73. Пәндік нәтижелер бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) қазақ тілінің фонемалық және фонетикалық жүйесі туралы;
2) тірек кестелер арқылы қазақ тіліне тән үндестік заңын қолдануды;
3) белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
4) бастауыш сыныпқа ұсынылған лексикалық минимумның 480-500 сөзін;
5) лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орынды пайдалануды;
6) сөздердің түбірі мен қосымшаларын айыруды;
7) сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды;
8) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын, жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне
қарай пайдалануды;
9) лексикалық минимум көлеміндегі сөздерді көптеуді, тәуелдеуді, септеуді, жіктеуді;
10) сөздің мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті
ажырата алуды;
11) сөйлем түрлерін ажыратуды;
12) сөйлемдегі сөздердің байланысын;
13) үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп отырып, сауатты жазуды білуі тиіс.
74. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) логикалық бірізділікпен әңгіменің сабақтастығын сақтап баяндауды;
2) 8-9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-әрекетті сипаттауды;
3) естіген, оқыған ақпаратты қайта баяндауды;
4) 10-12 сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын
ақпараттарды түсінуді;
5) естіген ақпараттағы негізгі ойды ажыртуды, негізгі мазмұнын түсініп айтуды;
6) тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіруді;
7) шағын мәтінді түсініп оқуды;
8) 10-15 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқуды;
9) іштей оқу дағдысын дамыта отырып, мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды айыруды;
10) оқыған мәтін бойынша: мәтінге тақырып қоюды, қарапайым жоспар жасауды, сұраққа жауап
беруді және логикалық тұрғыдағы сұрақтар құруды, өз пікірін білдіруді, бағалауды, әр азат жолдың
негізгі ойын 1 сөйлеммен айтуды;
11) 9-10 жолды өлеңді мәнерлеп түсініп оқуды;
12) өз бетінше сөздіктен сөздердің аудармаларын табуды;
13) қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
14) көркем мәтіндердің танымдық мазмұнын түсінуді;
15) контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді танып, күнделікті өмірмен байланыстыруды,
өз пікірін білдіруді;
16) белсенді лексикаға енген сөздерді естіп отырып сауатты жазуды;
17) лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды;
18) грамматикалық дағдыларды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауды;
19) қарым-қатынас әрекетін жасауға арналған тапсырмаларды орындауды;
20) өз кестесін құруды (күн тәртібі, сабақ кестесі, т.б.);
21) ашық хатқа құттықтау сөздер мен тілектер жазуды;
22) диалог-сұрастыру жүргізуді, сөйлеу мәдениетін ескере отырып, келісетінін,
келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде білдіруді;
23) күнделікті өмірлік және сабақта жиі кездесетін жағдаяттарда тілдік этикет нормаларын
қолдана отырып, қатысымға түсуді;
24) қатысымдық тұрғыдағы диалогке қатысуды: әңгімені бастауды, әңгімеге кірісуді, қайталап
беруді өтінуді;
25) таныс тақырыпқа шағын диалог құрастыруды;
26) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда тілдесуді меңгеруі тиіс.
75. Тұлғалық нәтижелер 1-4-сынып оқушыларының:
1) Отанына, туған жеріне, мектебіне;
2) Қазақстан Республикасының рәміздеріне;
3) қазақ халқына, қазақ тіліне құрмет көрсетуінен;
4) өзгелермен қарым-қатынастағы сөз әдебінен көрініс табуы тиіс.
76. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша 1-4-сынып оқушылары:
1) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда қазақ тілінде сөйлесім әрекетінің түрлерін қолдана
білуі;
2) қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуі;
3) қазақ тілін үйрену барысында меңгерген сөздер мен тілдік бірліктерді өз ойын жеткізуде
орынды қолдана білуі тиіс.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
17-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |